Презентация тақырыбы : Педагогикалық технологиялар және олардың түрлері



бет2/2
Дата17.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#153474
түріПрезентация
1   2
Байланысты:
пед технологиялар
педагогика 3апта (копия)
Негізгі бөлім
1. Педагогикалық технологиялардың жүзеге асу жолдары
Кейс технологиясы
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен. Кейс стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады. Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
Кейс әдісінің 5 кезеңі:
1 кезең – жағдаятпен танысу, оның ерекшелігі;
2 кезең – мәселені анықтау, әсер ететін факторлар мен объектілер;
3 кезең – ой доданы ұйымдастыру үшін тұжырымдаманы, ойларды ұсыну;
4 кезең – шешім қабылдау алдындағы талдау жұмысы;
5 кезең – кейстің шешімі – бірнеше нұсқадағы шешім, шешімдерге байланысты туындайтын мәселелерін ескеруді атау.
2. Педагогикалық технологиялардың түрлері
2.1. Кейс технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпаратты технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін - өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды.
«Жалпы педагогика»пәні бойынша тақырыптарды осы технологияны негізге алып, модульдерге бөлемін:
1-ші модуль.Педагогиканың теоретикалық-әдіснамалық негізі;
2-ші модуль. Біртұтас педагогикалық урдістің теориясы мен тәжірибесі;
3-ші модуль. Мектептің біртұтас педагогикалық урдісін басқару.
2.2. Модуьдік оқыту технологиясы
  • 3. Оқытудың компьютерлік және презентациялық технологиялары
  • Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
  • Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға информатика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдынала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын информатика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталыЬььььььлығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет