Презентация Тақырыбы: Мейіргердің функциялық міндеттері. Орындаған: Наурызбаева А. Е. Тараз 2022ж Жоспар


Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығын сипаттау



бет4/6
Дата22.04.2022
өлшемі1,16 Mb.
#140450
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығын сипаттау
3-кезең Мейірбикелік көмекті жоспарлау
Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.
Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:
  • жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;
  • қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

  • Мақсат қоюдың талаптары
  • мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
  • әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.

  •  Жоспар түрлері:
  • Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.
  • Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған.

  • Әр мақсат 3 компоненттен тұрады
  • іс-қимыл;
  • белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы;
  • шарты – кімнің (ненің) көмегімен.

Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.
Стандарт дегеніміз – берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.
Стандарт медбикеге көмек ретінде жасалады, ол оның «шпаргалкасы» сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға болмайды.
Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет