жоғарғы жиілікті магнит өрісі ұлпаларда құйынды электр тогын тудырып, энергиясы жылуға айналады.
Индуктотермия кезінде бөлінген жылу мөлшері магнит өрісінің индукциясына В, жиіліктің квадратына және ерітіндінің электрөтімділігіне тура пропорционал:
Электромагниттік тербелістер биологиялық жүйеге әсер еткенде ағзада жылу бөлініп шығады. Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу және өткізу токтарыпайда болып, зат алмасу үрдісі жақсарады.
Осы мақсатта медицинада ультражоғары жиілікті аппарат көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Физиотерапевтік бұл әдіс - УЖЖ-терапия әдісі деп аталады.