Проективті әдістер



бет5/9
Дата09.04.2022
өлшемі62,64 Kb.
#138609
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
da70b3623252e04d240782ab1f65b01b, Учебные материалы
Үй және ағаш салынып оның интерпретациясының берілуі
• үй басқа суреттерден үлкен – жанұядағы тұйықтық
• басқа суреттерге қарағанда кіші – жанұялық байланыстардың бәсеңдігі, «үйге деген сезімнің» жоқтығы
• көп түзетулер мен штрихтар – жанұялық тауқыметтер
• сарай (мешіт, шіркеу, вилла) – қыр көрсетушілік
• көрініс үйдің үстінен салынған – үйге деген сезімнің жоқтығы немесе отбасылық атмосфераны көз алдына елестете алмау
• қағаздың төменгі шет жағына қарай салынуы – жанұялық немесе сырластық, ашыналық сезімде қауіпсіздіктің жоқтығы
• кем дегенде нормада бір есік, бір терезе, бір қабырға, бір шатырмен труба, ал оларға қосымша элементтері (қоршау, бұталар, соқпақ) – қауіпсіздік сезімінің жоқтығы немесе өзаралық дау жанжалды бақылау ынтасы
• өте үлкен соқпақ - “қол жеткізу” шектеулі
• үйдің маңында тар соқпақ, соңында кең – адам татулыққа үстіртін қарайды
• үйдің фундаментінде баспалдақ жоқ – өзара қатынастар оңайлықпен болмайды
• ашық есіктер – сыртқы дүниеден жылылық алуды қатты қажет етеді
• өте үлкен есіктер – басқаларға шектен тыс тәуелділік
• құлыппен немесе тұтқамен есіктер – қорғаныш ұстанымы
• есіктің жоқтығы - адамдармен шектен қиын байланыс
• терезе тек бірінші қабатта – нақтылықпен қиял арасындағы бөлініс
• форточкамен терезе – өз-өзін бақылау, қор (резерв)
• пердесіз терезе – ашық, тікелей мінез-құлық
• терезелерде тор бар – тәуелділік агрессия қорқынышы, сезіктенушілік
• терезе қақпағының жабық болуы – шектен шыққан қорғаныш позициясы
• терезе қақпағының ашық болуы – коммуникабельность
• бос терезе (рамасыз) – аутизация, байланыстардың немқұрайлылығы
• терезенің жоқтығы – өшпенділік, қашуға бетбұрыс
• кішкене терезе үлкен есік, әсіресе ашық есік — қалай болса солай қарым-қатынас
• үлкен терезелермен кішкене есік немесе терезе жоқ – байланыстарды абайлап қарау, созерцательность
• жазық шатыр (екі қабырға арасындағы бір түзу сызық) – елестетудің жоқ болуы немесе көңіл-күйдің тежелуі
• үлкен шатыр – қиялдан қанағаттанушылық іздеу
• шатырды қарындашпен қатты басып салу немесе сызықтары көп – қорғанышты қажет етуі, алаңдаушылық, аса қамқорлық, интеллектуализация, арманшыл, қорғанышты қиялдау
• мұржа – жылы сырласты, ашыналық қатынастың белгісі, кейде фаллос белгісі
• мұржаның жоқтығы – көңіл-күйде жылулықтың жоқтығы немесе маңызды бір ер адаммен жанжалда
• үлкен мұржа (труба, дымоход) – сексуалды алаңдаушылық, қамкөңілділік, эксгибиционистикалық бетбұрыс
• түтіннің көп болуы – ішкі шиелініс
• мұржаның үстіндегі бір ғана сызық – отбасылық өмірде көңіл-күйдің бостығы
• су ағатын темір науа – сенімсіздік
• көрнекті қабырғалар – эго күшімен байланысты
• қабырғалар қарындашпен қатты басылып салынған немесе сызықтары көп – қорғаныш қажеттілігі, мазасыздық, өз өміріндегі өзінің жағдайына сенімділікті сезіну
• үйдің айналасындағы шартақ – көңіл-күйге қорғаныштың қажеттігі
• үйде қарт адамдар немесе тек бір ғана адам тұрады – басушылық
• үлкен адамдарсыз балалар немесе бір бала - ата-аналардың қамқорлығынан құтылуға ұмтылу
• өте үлкен ағаш – агрессияға бейім
• кішкене ағаш – төмен бағалаушылық
• экзотикалық (ерекше) тектес ағаш – қыр көрсетушілік
• жіңішке сызықтар – ештеңеге ебі жоқтық, батылсыздық сезімі
• жіңішке үзік сызықтар – сабырсыздықты айқын көрсету
• өте қаралау немесе қатты қоршалып сызылған жаpықтық – өшпенділікпен қорғаныш немесе агрессиялық міне-құлық
• діннің (екі) сызықпен және қыртыстың дөңгелекпен белгіленуі – өзгергіштік, серпімділік
• шектен тыс сызылған дің – көңіл-күйдің жетілмегендігі, «осы жерде және қазір» принципімен өмір сүру, бүгінгі күн проблемаларымен өз-өзімен болу
• қисық дің – шегініс (регрессивное) және серпімділік мінез-құлық
• ағаш қыртысының егіжей-тегіжейлі бейнелеу, діңді штрихтау – агрессиялық қорқыныш, қорғану қажеттілігі, ипохондрия
• шектен тыс сызылған қыртыс – көңіл-күйдің тежелуі, пайымдауға бейімділіктің шектелуі
• жерге қарай өскен тамырдың шектен тыс сызылуы – өткенге бағдар, тірек болу мен байлану (привязанность) қажеттілігі, жанұялық байланыстың маңыздылығы, қауіпсіздік сезімінің жоқтығы немесе қиындыққа қатты тамырлануы
• жерсіз салынған тамыр немесе жердің үстінде ілініп тұрған тамыр – әдеттегідей бір жолға қойылмаған
• ауада ілініп тұрған тамырсыз ағаш – тәжірибесіздік, әлеуметтік бейімделудің жеткіліксіздігі, үй мен жанұяға байланудың әлсіздігі
• жер белгіленген, бірақ та тамырдың жоқтығы – көңіл-күйдің басылып қалғандығы
• жерді белгілейтін сызықтың жоқтығы – күйзеліске (стреске) берілушілік
• ағаш бұтақтары жан-жақты шашыраңқы – экстравертированность
• ағаш қыртыстарының жабықтығы – тұйықтық
• егжей-тегжей құрастырылған – реттелген қарым-қатынас, іс-әркеттің егіжей-тегіжейіне дейінгі жоспарлануына бейімділік
• құрастырылмаған (не структурированы) – кез келген байланыстар, серпімділік, жоспарланған іс-әрекеттің жоқтығы
• ағаш бұтақтары ұшы мен бітісуі – агрессиялық
• бұтақтары жоғары қарай қараған – белсенділік
• как у плачучей дивы, бұтақтары төмен қарай қараған – алқынушылық (астения) немесе жабығушылық
• қыртыстардың төбелерінде кенеттен үзіліп кетуі – басыңқылық немесе ауру қиялдарды жоққа шығару
• қыртыстардың (крона) жоқтығы – жеке болашағының елестете алмауы, өзінің перспективасын саналы түрде сезінуі
• жіңішке крона – интревертированность
• үлкен, егжей-тегіжейіне дейін өңделген крона – жоспарлау жақсы дамыған
• үлкен, өңделмеген крона – арманшылдық, қорғанышты қиял
• кепкен, сынған немесе кесілген жапырақсыз ағаш - басылушылық, психикасы жараланған
• сынған бұтақ, қуыс – жарақаттану, қазалы жағдай, зорланушылық
• айқын көрсетілген қуыс – психосоматикалық шалдығу
• қуыстың қатты белгіленген контуры – жарақаттың қатты әсері
• қуыстың ішкі концентрлік дөңгелектері – өткен шақта қалдырылған «жазылған» тәжірибе
• қуыстың қараға боялуы, штрихталуы – белгілі тәжірибеге байланысты ұят
• үлкен қуыс – жаңғырту идеясын бірден ұғып алу
• қуыстағы ақ тиін немесе құс – қорғануды және қолайлы жағдайды қажет етушілік, әкелік немесе аналық амбиваленттілік .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет