Профилактикалық тексерулер. Профилактикалық тексерулердің түрлері



Дата18.10.2023
өлшемі29,53 Kb.
#186360
Байланысты:
ЖТД онкология бойынша сурактар
1580410070, 1603163052 1

  1. Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмек құрылымы. ҚР онкологиялық көмекті ұйымдастыру принциптері. ҚР онкологиялық көмектің мақсаттары.

  2. Клиникалық топтар туралы ұғым. Онкологиялық науқастарды есепке алу және диспансерлік бақылау. Онкологиялық науқастардың есептік-тіркеу құжаттамалары.

  3. Онкологиялық қызметті ұйымдастырудың диспансерлік принципі. Қатерлі ісіктердің біріншілік және екіншілік профилактикасы.

  4. Ісікалдылық дерттер. Облигатты және факультативтік предрак туралы ұғым. Обыралдылық дерттерді анықтау.

  5. Профилактикалық тексерулер. Профилактикалық тексерулердің түрлері.

  6. Онкологиялық қырағылық туралы ұғым. Негізгі онкологиялық синдромдар.

  7. Онкологиялық науқастардың диспансеризациясы Тіркеулік үлгілер. Қатерлі ісіктерге күдік болған жағдайдағы жалпы емдеу мекемесі дәрігерлерінің тактикасы.

  8. Онкологиялық диспансер. Онкологиялық диспансердің негізгі мақсатттары.

  9. Аудандық (қалалық) емхананың онкологиялық кабинеті. Онкологиялық кабинеттің мақсаттары.

  10. Қарау кабинеттері. Қарау кабинетінің мақсаттары.

  11. Аудандық онкологтың қатерлі ісктерді ерте анықтаудағы ролі. Визуалдық локализациялы катерлі ісктер туралы ұғым.

  12. Визуалды негізгі қатерлі ісіктер. Визуалды қатерлі ісіктердегі «дерттің меңдеген түрлерінің» анықтамасы.

  13. Тері обыры. Меланома. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары.

  14. Тері обырының клиникасы және диагностикасы.

  15. Меланома. Клиникасы және диагностикасы.

  16. Тері обыры мен меланомасының емі. Профилактикасы.

  17. Терінің обыралдылық дерттері. Невустар: Невусы: меланомақауіпті және меланомақауіпсіз невустар.

  18. Қатерлі лимфомалар – лимфогранулематоз, ходжкиндік емес лимфомалар. Қатерлі ісіктердің сатылар бойынша клиникалық жіктемесі (I-IV) TNM жүйесі бойынша жіктемесі.

  19. Сүйек ісіктері. Клиникалық сатылар бойынша (I-IV) және TNM жүйелері бойынша жіктемесі.

  20. Көмей ісіктері. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары.

Клиникасы. Диагностикасы. емі. Профилактикасы.

  1. Қалқаншабез обыры. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Профилактикасы.

  2. Қалқаншабез обырының клиникасының ерекшеліктері.

  3. Қалқаншабез ісіктерінің жіңішкеинелік аспирациялық биопсиясы. Биопсияның түрлері.

  4. Қатерлі ісіктердің диагностикасындағы биопсияның ролі.

  5. Визуалдық ісіктердің асқынулары. Олармен күрес әдістері.

  6. Қалқаншабез обырының негізгі гистолгиялық типтері.

  7. Өңеш обыры. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары. Өңеш обырының Халықаралық жіктемесі.

  8. Өңеш обырынң негізгі гистологиялық типтері. Баррет өңеші.

  9. Өңеш обырының клиникасы және диагностикасы.

  10. Өңеш обырынң саралау диагностикасы.

  11. Өңеш обырының таралу жолдары. Лимфогендік метастаздануы.

  12. Өңеш обырын емдеу әдістері.

  13. Дисфагия. Жіктемесі. Емдеу әдістері.

  14. Өңеш обырындағы симптоматикалық және азинвазивті операциялар.

  15. Асқазан обыры. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары.

  16. Ісікалдылық дерттердің асқазан обырының пайда болуындағы ролі.

  17. Helicobacter pylori. Оның асқазан обырының даумындағы этиологиялық ролі.

  18. Асқазан обырының таралу жолдары. Лимфоегндік метастазданудың ролі.

  19. Асқазан обырына тән алыс метастаздар: Айриш, Вирхов, Шницлер, Крукенберг, мейірбике Джозеф метастаздары.

  20. Асқазан обырындағы Савицкийдің «кіші белгілер синдромы».

  21. Асқазан обырының клиникасының ісіктің орналасқан жеріне байланысты ерекшеліктері.

  22. Асқазан обырының асқынулары.

  23. Асқазанның шығар бөлігінің стенозы. Жіктемесі. Емдеу әдістері.

  24. Асқазан обырының диагностика әдістері. Асқазанның обыралдылық дерттері мен асқазан обырын анықтаудағы гастробиопсиялардың ролі.

  25. Асқазан обырын емдеу әдістері. Лимфодиссекциялар туралы ұғым.

  26. Асцит және емдеу әдістері.

  27. Жуан ішек обыры. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары.

  28. Обыралдылық дерттердің жуан ішек обырының даумындағы ролі.

  29. Жуан ішек обырының дамуындағы тұқымқуалаушылықтың ролі.

  30. Жуан ішек обырының клиникасы. Жуан ішек обырының негізгі клиникалық түрлері.

  31. Жуан ішек обырының диагностика әдістері. Онкомаркерлердің ролі.

  32. Жуан ішек обырын анықтаудағы ирригоскопияның ролі.

  33. Тоқ ішекті жасалатын тексерулер мен операцияларға дайындаудың заманауи әдістері. Колопроктологиядағы азинвазивті эндоскопиялық операциялар.

  34. Жайылмалы полипоздың тоқ ішек обырының дамуындағы ролі.

  35. Тұқым қуалайтын полипозды емес тоқ ішек обыры (Линч синдромы).

  36. Жуан ішек обырын емдеу әдістері. Негізгі оперативтік араласулар.

  37. Жуан ішек обырында жасалатын симптоматикалық және паллиативтік операциялар.

  38. Сүтбез обыры. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары.

  39. Сүтбездің ісікалдылық дерттері. Мастопатиялар.

  40. Гинекомастия. Ер адамдардағы сүтбез обыры.

  41. Тұқым қуалаушылық және гормоналдық бұзылыстардың сүтбез обырының дамуындағы ролі.

  42. Сүтбез обырының клиникалық түрлері.

  43. Сүтбез обырының негізгі гистологиялық түрлері.

  44. Сүтбез обырының клиникасы және диагностикасы.

  45. Сүтбез обырын ерте диагностикалау әдістері. Маммография. Пункциялық биопсия. Трепанобиопсия.

  46. Әйелдердің өзін-өзі тексеру әдісінің сүтбез обырын ерте анықтаудағы ролі.

  47. Сүтбез обырын ерте анықтаудағы маммографияның ролі.

  48. Онкомаркерлер мен иммуногистохимиялық зерттеулердің сүтбез обырын анықтаудағы және емдеудегі ролі.

  49. Сүтбез обырын емдеу әдістері.

  50. Сүтбез обырының хирургиялық емдеу әдістері. Ағзасақтаушы операциялар. Реконструктивтік-калпына келтіруші операциялар.

  51. Сүтбез обырын емдеу әдістері. Химиотерапия. Гормонотерапия. Сәулелік терапия.

  52. Өкпе обыры. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары. Өкпе обырының дамуындағы шылым шегудің этиологиялық ролі.

  53. Өкпе обырының клиникасы және диагностикасы.

  54. Өкпе обырының саралау диагностикасы.

  55. Өкпе обырының клиникалық-анатомиялық жіктемесі (Савицкий).

  56. Өкпе обырын диагностикалау әдістері.

  57. Өкпе обырының Халықаралық жіктемесі.

  58. Өкпе обырының атипиялық түрлері. Өкпе обырының медиастиналық түрі. Біріншілік карциноматоз. Панкост ісігі

  59. Паранеопластикалық синдромдар. Бамбергер-Мари синдромы.

  60. Өкпе обырын ерте анықтаудағы флюорографияның ролі.

  61. КТ және МРТ өкпе обырының таралуын бағалаудағы ролі.

  62. Трансторакалдық пункция өкпе обырының диагностикасында.

  63. Өкпе обырының асқынулары.

  64. Ісіктік плевриттер. Симптоматикалық емдеу әдістері.

  65. Көкірекорта ісіктері. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары.

  66. Көкірекорта ісіктерінің клиникасы және диагностикасы.

  67. Көкірекорта ісіктерінің саралау диагностикасы.

  68. Көкірекорта ісіктерінің жіктемесі.

  69. Жоғарғы куыс көктамырдың компрессиялық синдромы. Жоғарғы куыс көктамырдың компрессиялық синдромынадағы жедел көмек.

  70. Тікішек обыры. Эпидемиологиясы. Этиологиясы. Қауіпті факторлары.

  71. Тікішек обырының клиникасы және диагностикасы.

  72. Тікішек обырының саралау диагностикасы.

  73. Тікішектің обыралдылық дерттері.

  74. Тікішек обырының диагностика әдістері. Тікішекті саусақпен тексеру. Ректороманоскопия. Ирригоскопия.

  75. Тікішек обырын емдеу әдістері. Ісіктің орналасқан жеріне байланысты оперативтік емнің түрлері.

  76. Тікішек обырының сәулелік емі және химиотерапиясы.

  77. Симптоматикалық операциялар. Меңдеген тікішек обырындағы нәжісті шығару әдістері.

  78. Колоректалдық обырдың скринингі.

  79. Қатерлі ісіктердің негізгі қауіпті факторлары.

  80. Қатерлі ісіктердің қауіпті факторларының жіктемесі.

  81. Қоршаған ортаның ластануының қатерлі ісіктердің дамуындағы ролі.

  82. Тұқымқуалаушылықтың қатерлі ісіктердің этиологиясындағы ролі.

  83. Тамақтану ерекшеліктерінің асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісіктерінің дамуындағы ролі.

  84. Зиянды әдеттер мен кәсіби зияндылықтардың қатерлі ісіктердің дамуындағы ролі.

  85. Гормондық бұзылыстардың қатері ісіктердің дамуындағы ролі.

  86. Вирустар мен ифнекциялардың қатерлі ісіктердің дамуындағы этиолгиялық ролі (Эпштейн-Барр, Адамның папиллома вирустары, геликобактер пилори и др.).

  87. Крипторхизм атабез обырының қауіпті факторы.

  88. Қатерлі ісіктердің дамуындағы радиацияның маңызы. «Радиоиндуциирленген ісіктер» ұғымы.

  89. Ісікалдылық дерттердің қатерлі ісіктердің дамуындағы маңызы.

  90. Қатерлі ісіктердің біріншілік және екіншілік профилактикасы.

  91. Қатерлі ісіктердің алдын-алудағы витаминдердің маңызы. Қатерлі ісіктердің химиопрофилактикасы.

  92. ҚР-дағы қатерліс ісіктерді ерте анықтауға бағытталған Мемлекеттік скринингтік бағдарламалар.

  93. Сүтбез обырының маммографиялық скринингі.

  94. Жатыр мойыншасы обырының және обыралдылық дерттерінің цитологиялық скринингі.

  95. Колоректалдық обырдың скринингі.

  96. Онкологиядағы реабилитация. Реабилитацияның түрлері. Реабилитацияның мақсатары және мәселелері. Реабилитацияның кезеңдері.

  97. Медициналық реабилитация. Мақсаттары және оларды жүзеге асыру жолдары

  98. Әлеуметтік реабилитация. Мақсаттары және оларды жүзеге асыру жолдары. Онкологиялық науқастардың реабилитациясының әлеуметтік тұстары (аспектілер).

  99. Кәсіби реабилитация. Мақсаттары және оларды жүзеге асыру жолдары. Онкологиялық науқастардың реабилитациясының еңбекке қатысты жақтары.

  100. Санаторлық-курорттық емдеудің онкологиялық науқастардың реабилитациясындағы маңызы.

  101. Онкологиялық науқастарға симптоматикалық және паллиативтік көмек. Оның мақсаттары және сұрақтары.

  102. Онкологиялық науқастарға паллиативтік көмектің түрлері. Паллиативтік көмек орталықтары. хоспистер. Ауырсыну сезімімен күрес әдістері.

  103. Дәлелді медицинаның онкологиядағы ролі. Қатерлі ісіктердің дианостикалау және емдеу әдістерінің дәлелдік деңгейлерінің маңызы.

  104. Ситуациялық есеп: Науқас 69 жаста. Дәрігерге маңдай терісінде жараланған түзіліс пайда болғанына шағым айтып келген. Науқастың сөзіне қарағанда түзіліс бірнеше жылдан бері бар. Соңғы 4 ай ішінде көлемі өсіп, жара пайда болған. Түзіліс өсіп бара жатыр. Қараған кезде: Маңдай терісінде тері деңгейінен көтеріңкі, өлшемі 1,5х2,5 см, ортасында жара бар түзіліс анықталады. Мойын лимфатүйіндері өзгермеген. Өзіңіздің алғашқы диагнозыңызды негіздеңіз. Қосымша қандай зерттеулер жүргізу қажет. Өзіңіздің пациентке қатысты тактикаңызды анықтаңыз. Емдеу принциптерін атаңыз.

  105. Ситуациялық есеп: 55 жастағы шылым шегетін ер адамда құрғақ жөтел күшейіп, ентігу пайда болған. Оң жақ бұғанаүстілік аймақта өлшемі 2x2 см, тығыз лимфатүйін сипағанда анықталады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз және тактикаңыз қандай?

  106. Ситуациялық есеп: Олшемі 4 см-ден кем емес, плевраға енген, бұғанаүстілік аймақта метастазы бар өкпенің перифериялық обыры қанадай сатыға жатады?

  107. Ситуациялық есеп: Өлшемі 2 см-ден кем емес, плевраға енбеген, лимфатүйіндерде метастаздары және алыс метастздары жоқ перифериялық өкпе обыры қай сатыға жатады?

  108. Ситуациялық есеп: Профилактикалық флюорографиялық тексеру кезінде сол жақ өпкеде өлшемі 1,5 см дөңгелек дақ табылған. Науқас шағым айтпайды. Тактика қандай?

  109. Ситуационная задача: Шылым шегетін науқаста құрғақ жөтел күшейіп, арасында, қақырықта қан жолақтары көрінетін болған. Сіздің болжамдық диагнозыңыз қандай?

  110. Ситуациялық есеп: 55 жастағы ер адамда 3 ай бұрын дисфагия пайда болған. Рентгеноло­гиялық зерттеу кезінде өңештің қуысының ортаңғы кеуде бөлігінің ұзындығы 3,5 см тарылуы анықталған. Эзофагоскопияда өңеш қуысы 0,5 см-ге тарылған. Гистологиялық зерттеуде — жазық жасушалы обыр. Метастаздар жоқ. Науқасқа қандай ем жүргізу қажет.

  111. Ситуациялық есеп: 65 жастағы ер адамда 2 ай бұрын дисфагия пайда болған. Рентгеноло­гиялық зерттеу кезінде өңештің қуысының жоғарғы кеуде бөлігінің ұзындығы 3,5 см тарылуы анықталған. Эзофагоскопияда өңеш қуысы 0,5 см-ге тарылған. Гистологиялық зерттеуде — жазық жасушалы обыр. Метастаздар жоқ. Науқасқа қандай ем жүргізу қажет.

  112. Ситуациялық есеп: Науқас 40 жаста. 1 жыл бойы қатты тамақ жегенде төссүйек артында ауырсыну сезімі мазалайды. Екі ай шамасында дисфагия күтпеген жерден жойылып, тамақ еркін өте бастаған. Дегенмен, аз уақыттан соң жағдайы қайтадан нашарлай бастаған. Сол бастапқы шағымдары қайталанған. Әлсіздік, арығу қосылған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?

  113. Ситуациялық есеп: 65 науқаста асқазанның дисталды бөлігінің экзофитті карциномасы анықталған. Ісіктің өлшемі 2 см-ге дейін. Метастаздары жоқ. Емдеу жоспары қандай?

  114. Ситуациялық есеп: Науқас 67 жаста, асқащзан обыры анықталған, диаметрі 4 см, бұлшық ет қабатына енген, маңайлас лимфатүйіндерде және алыс жерлерде метастаздар жоқ. TNM жүйесі бойынша жіктеңіз.

  115. Ситуациялық есеп: Науқасқа 5 жыл бұрын асқазан обырына байланысты түбегейлі операция жасалған. Бақылаулық қарау кезінде шағымы жоқ. Дерттің рецидивтері немесе метастаздары анықталмаған. Оған келесі бақылаулық қарауға қашан келу керек.

  116. Ситуациялық есеп: Науқас созылмалы атрофиялық гастритке байланысты 10 жыл бойы терапевтің қарауында диспансерлік есепте тұр. Бақылаулық қарауға келген. Науқас шағым айтпайды. Оған тексеру жүргізу қажет пе?

  117. Ситуациялық есеп: Науқас 65 жаста, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну сезіміне, дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына шағым айтады. Сырқаттанғанына 2 ай болған. Дерт біртіндеп басталған. Оң жақ мықын аймағында өлшемі 6 см-ге дейін, тығыз түзіліс анықталады, контуры айқын емес, қозғалмайды. Сипаған ауырмайды. Ирригографияда соқыр ішектің бүйірлік қабырғасында ортасында барий депосы бар, толу (кемістігі) дефектісі көрінеді. Сіз қандай диагноз қоясыз?

  118. Ситуациялық есеп: Науқас әйел 60 жаста, стационарға ішінара ішек түйнелісі диагнозымен келіп түскен. Консервативтік шаралар көмегімен ішек түйнелісі жойылған. Ирригоскопияда: жуан ішектің құлдилау бөлігінің жиектері айқын, ұзындығы 10 см циркулярлық тұрақты тарылуы анықталады. Ішектің осы телімдерінің жылжымалығы шектелген, қабырғалары, қасаңданған (ригидті). Осы рентгенологиялық көрініске қарап қандай дерт туралы ойлауға болады?

  119. Ситуациялық есеп: Науқас 63 жаста. 3 ай бойы оң жақ мықын аймағында іштің кебуін, ішектің шұрылдауының күшеюін, дене қызуының субфебрильді цифрларға дейін жоғарылауын байқаған. Бір айға жуық уақыттан бері ішқатпа, арасында сұйық нәжіс, қошқыл түсті қан кету мазалайды. 3 күн бұрын іш қуысындағы ауырсыну сезімі күшейіп, толғақ тәрізді сипат алған, жел шығуы да тоқтаған. Науқастың жағдайы ауыр, тамыр соғу жиілігі минутына 94 рет. Іші үрленген, пальпация кезінде жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырсыну анықталады, осы жерде тығыз, жылжымалылығы шектеулі инфильтрат байқалады. Іш қуысының шолу рентгенографиясында көптеген Клойбер тостағандары, горизонталды сұйықтық деңгейлері анықталған. Сіз қандай клиникалық диагноз қоясыз?

  120. Ситуациялық есеп: Науқас 62 жаста, тік ішектің дертіне байланысты нәжістегі қанды қосындыларға, ішқатпаға, әлсін-әлсін іш кебуіне шағым айтады. Сырқаттанғанына 2 айдай болған. Тік ішектің қандай дерті туралы ойлауға болады?

  121. Ситуациялық есеп: Науқас 65 жаста, 15 жыл бойы көтеумен (геморрой) ауырады, ұзақ жыл бойғы үзілістен соң, нәжісте қан жолақтары пайда болған. Ауырсыну сезімі жоқ. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Қандай тактика таңдайсыз?

  122. Ситуациялық есеп: Созылмалы көтеумен (геморрой) сырқаттанатын науқаста нәжісте қан, іштің кебуі, ішқатпа пайда болған. Артқы тесік маңында қышу, ауырсыну сезімі жоқ. Ректороманоскопияда сәл ғана үлкейген тік ішектің каверналық денешіктері анықталады. Ректороманоскоптың тубусы 13 см-ге дейін енгізілген. Қаралған телімдерде патология табылмаған. Сіздің тактикаңыз қандай? кишки.

  123. Ситуациялық есеп: Науқаста тік ішекті саусақпен тексеру кезінде төменгі қампайма бөлігінде түбі тығыз, жиектері валик тәрізді жара анықталған. Сіздің диагнозыңыз қандай?

  124. Ситуациялық есеп: Созылмалы көтеумен (геморрой) сырқаттанатын науқаста нәжісте қан, іштің кебуі, ішқатпа пайда болған. Артқы тесік маңында қышу, ауырсыну сезімі жоқ. Ректороманоскопияда сәл ғана үлкейген тік ішектің каверналық денешіктері анықталады. Ректороманоскоптың тубусы 13 см-ге дейін енгізілген. Қаралған телімдерде патология табылмаған. Сіздің тактикаңыз қандай? кишки.

  125. Ситуациялық есеп: Созылмалы көтеумен (геморрой) сырқаттанатын науқаста нәжісте қан, іштің кебуі, ішқатпа пайда болған. Артқы тесік маңында қышу, ауырсыну сезімі жоқ. Ректороманоскопияда сәл ғана үлкейген тік ішектің каверналық денешіктері анықталады. Ректороманоскоптың тубусы 13 см-ге дейін енгізілген. Қаралған телімдерде патология табылмаған. Сіздің тактикаңыз қандай? кишки.

  126. Ситуациялық есеп: Науқас әйел 50 жаста, сүтбезінде ауырмайтын, тығыз, беткейі бұдырлы, өлшемі 2x3 см түзілісті кездейсоқ тауып алған. Қолтықастылық ойықта ауырмайтын, өлшемі 1,5x1,0 см лимфатүйін анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

  127. Ситуациялық есеп: Науқас әйел сүтбезін алып тастау оның жеке өміріне зиянын

тигізеді деп ойлайды. Түбегейлі мастэткомияның орнына ағзасақтаушы операция
жасауға бола ма?

  1. Ситуациялық есеп: Науқас әйел 27 жаста. Сүтбездің жоғарғы шаршыларының шекарасында өлшемі 2 см-ге дейін, терімен байланысы жоқ екі тығыздану анықталады. Етеккір келер алдында олар қол тигізбей ауырады. Кениг симптомы теріс мәнді. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?

  2. Ситуациялық есеп: Науқас әйел 55 жаста. 1,5 ай бұрын сүтбезінің теріі қызарып, ісіне бастаған. Сүтбезінің көлемі өсіп, ауырсыну сезімі пайда болған. Объективті қарағанда: сүтбезі инфильтрирленген, терісі қызарған, сипаған кезде сәл ауырсыну сезімі бар. Қолтықаастылық ойықта үлкейген, сәл ауырмалы лимфатүйін анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

  3. Ситуациялық есеп: 35 жасар науқас әйелде түбегейлі мастэктомиядан кейін екінші сүтбезінде шекарасы айқын емес, ауырмайтын тығыздану пайда болған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай?

  4. Ситуациялық есеп: 38 жасар науқасқа 4 ай бұрын косметологиялық клиникада оң жақ білегінің терісіндегі пигментті түзіліс оперативтік жолмен алынған. Қазіргі кезде операциядан кейінгі тыртық аймағында қара түсті өлшемі 4 мм тығыздану анықталады. Оң жақ қолтықастылық ойықта тығыз, өлшемі 1,5 см-ге дейін лимфатүйіндер бар. Сіз алғашқы диагнозыңызды жасақтаңыз. Және тактиканы анықтаңыз.

  5. Ситуациялық есеп: Науқас Р, 35 жаста. Дене қызуының 38°С-қа дейін көтерілуіне, түнде терлеуге, арығу, терінің қышуы, мойын тұсында түзілістер барына шағымданады. Қараау кезінде мойын және желке түсындағы лимфатүйіндер ұлғайған. Өкпесінде тыныс везикулалы, барлық жерінде естіледі. Іші жұмсақ, ауырмайды. Қана анализінде: ЭШЖ - 30 мм/сағ, фибриноген 570 мг%, лимфоциты 27%.

Сіздің алғашқы длиагнозыңыз қандай? Науқасты тексеру әдістерінің көлемі қандай?
Морфологиялық зертеу кезінде қандай жасушалар табылуы тиіс?

  1. Ситуациялық есеп: Науқас әйел 50 жаста, сүтбез емізікшелерінен шығатын қанды бөлінділерге шағым айтады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай? Тексеру жоспары қандай? Негізгі емдеу әдісі қандай?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет