Программа оларды орындауға арналған қарапайым шаршы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата29.09.2023
өлшемі196,35 Kb.
#183042
түріПрограмма
  1   2
Байланысты:
3-4 дәріс



LEGO Education WeDo 
LEGO мектептердегі робототехника үшін ең көп қолданылатын 
конструктор болып табылады. Education WeDo (158 деталь) және 
Education WeDo 2.0 (280 деталь) (сурет 5), екі конструкторлар 7-10 
жасқа және 2 оқушының пайдалануына бағытталған. Конструктор 
модельді программалауға қарағанда шығармашылыққа арналған, 
өйткені бағдарлама редакторында тек екі алгоритмдік құрастрыу бар: 
есептеуішпен жүру және цикл. Бұл жинақ баланы модельдерді жасауға 
және программалауға үйретуге бағытталған. 
Бұл конструктордың артықшылықтарын айтатын болсақ, модельді 
программалауға арналған кроссплатфорлы бағдарламалық қамтамасыз 
(ПҚ) етуді атап өтуге болады, онда оқушыға өзінің алғашқы 
модельдерін жасауға мүмкіндік береді және оларды программалауға 
көмектесетін тапсырмалар кітапханасы бар, Физика, Экология, 
Биология, дүлей зілзалалар мен болмыстың заңдарын зерттеу 
міндеттерін қояды. Бұл ПҚ-да базалық модельдер кітапханасы бар
олар үшін кезең-кезеңмен құрастыру нұсқаулығы мен бағдарлама 
сызбасы ұсынылады. 


5-сурет. LEGO Education WeDo конструкторы 
Әрбір базалық модель үшін оны жетілдірудің екі нұсқасы, 
фотосурет түрінде ұсынылған. Бұл балаларға суреттегі сияқты қалай 
істеу керектігін ойлануға және осы модель үшін программаның 
құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Бұл кезеңдердің барлығы оқушының сындарлы ойлауын және жеке 
модельдерді жасау дағдыларын қалыптастыру, қойылған міндеттерге 
сүйене отырып оларды программалай білу үшін қажет. 
LEGO WeDo жиынтығымен өз бетінше оқып, жұмыс істеуге 
болатын бағдарламалық жасақтамадан басқа, жиынтықтың ресми 
бетіне кіріп, ары қарай өтуге болатын электрондық қашықтықтан 
оқыту курстары бар екенін атап өткен жөн. 
Программа оларды орындауға арналған қарапайым шаршы 
блоктарды және шарттарды біріктіруден құрылады (сурет 6). Бұл 
конструктор бастауыш сынып оқушыларына бағытталған. Модель 
құру процесі және оны программалау процесі барынша қарапайым 
болуы тиіс. Осыған байланысты ПҚ-да тармақтаудың күрделі 
блоктары жоқ, олардың жоқтығы дұрыс емес программа жасау 
мүмкіндігін төмендетуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл көп жағдайда 
бірден оң нәтиже алуға мүмкіндік беріп, бұл жасалынып жатқан 
робототехниканы зерттеуде қызығушылық тудырады. 


6-сурет. LEGO Education WeDo-дағы бағдарламаның мысалы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет