Программалау тілдері туралы


Жинақтауыш ( компоновщик )



бет22/40
Дата15.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#101004
түріПрограмма
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
ишпей куатындар ушин. Таратпандар-1
ЛЕКЦИЯ каз, ББЦ(срсп-1), 2 5206453506189301141, ЖБ Математика 4 сынып каз
Жинақтауыш ( компоновщик ) немесе байланыстар редакторы бір объектілік модульге басқа объектілік модульдерді және де кез келген программада болатын ( мысалы , экранға мәлімет шығаруды жүзеге асыру үшін ) кітапхана функцияларын қамтитын модульдерді біріктіре отырып , программаның орындалатын модулін қалыптастырады . Егер программа бірнеше бастапқы файлдардан құралатын болса , олар жеке - жеке түрлендіріліп , осы жинақтау сатысында біріктіріледі . Осының нәтижесінде шығатын атқарылатын модульдің кеңейтілуі .exe болады және ол әдеттегі тәсілмен орындауға жіберіледі .

Мәліметтер типтерінің тұжырымдамасы кез келген программалау тілінде орталық болып табылады . Шаманың типімен үш қасиет байланысты : ішкі көрініс формасы , қабылданған мәндердің жиынтығы және рұқсат етілген амалдар жиынтығы . Мәліметтер типі бойынша төмендегілер анықталады : мәліметтердің компьютер жадындағы ішкі бейнесі ; осы типтегі шамалар қабылдай алатын мәндер жиыны ; осы типтегі шамаларға қолдануға болатын операциялар мен функциялар . Осындай сипаттамаларға байланысты программадағы нақты объектілерді бейнелеу үшін қолданылатын әрбір шаманың типі алдын ала таңдалады . .

Типті міндетті түрде сипаттау арқылы компилятор программаның әртүрлі конструкцияларының жұмыс істеу мүмкіндігін тексере алады . Мәліметтерді өңдеу үшін қолданылатын машиналық командалар шамалардың типтеріне байланысты жұмыс атқарады . Сн тілінің барлық типтері негізгі және құрама болып екіге бөлінеді . С + тілінде бүтін , нақты , символдық және тіркестік шамаларды бейнелеу үшін алты негізгі мәліметтер типі анықталған . Осы типтерді негізге ала отырып , программалаушы құрама типтер сипаттамасын енгізе алады . Оларға жиымдар , тізбелер , функциялар , құрылымдар , сілтемелер , нұсқауыштар , біріктірмелер және кластар жатады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет