Психология ғылым ретінде. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері. Психологияның даму тарихы



бет4/8
Дата06.05.2020
өлшемі1,03 Mb.
#66285
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 дәріс

Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарын көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі.
  • Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи.
    • Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.
    • Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады. Мұнда зерттеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады.
    • Табиғи экспериментті алғаш рет А.Ф.Лазурский қолдана бастады. Әрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан оның нәтижесі дәл болмауы да мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет