Психология


бітістерді біріктіре әсерлену



Pdf көрінісі
бет95/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   322
бітістерді біріктіре әсерлену 
құбылысы. Оның 
мәні мынада: эрбір адам сан қилы тұлғалармен көп мәрте кез- 
десе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт 
көрінісі, психологиясы жэне әрекет-қылығы туралы пайымдау 
бекітеді. Көп кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде 
бірі, мысалы, адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық 
ішкі қасиетпен ұштасады. Осы біріккен кейіп негізінде екінші 
бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішініне қарап, 
өзіміздің санамызда орныққан осы пішінге сәйкес қасиетті 
іздестіреміз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбіне түйык, 
ауыр мінезді келеді. Міне осы жалпылай, біріктіре түзген ішкі 
бейнемізді қабағы түксиген адамдардың бәріне бірдей балама- 
лай саламыз. Адамдардың психологиясындағы ортақтық олар- 
дың іс-әрекетінде жалпылай кездеседі, ал іс-әрекеттегі баршаға 
бірдей тән қасиеттер адамдардың жалпы сырт гұлғалык бей- 
несінен көрінеді. Осылай жалпылай біріктіріп, кейіп жасау 
қасиеті жас өспірімдік шақтан орнығып, кейін өмір бойы 
түзетулермен реттеліп барады. Осы тәсілді жақсы игеруден адам 
психологиясы құрылымының бір белгісі; әрекет-қылыгы, дү- 
ниетанымы немесе мінезі — бойынша сол адамның басқа да 
қасиетгерін бағалаушы адам өзінде калыптасқан бірікпе кейіп 
арқылы ашуга бейімделеді. Егер осы бірікпе кейіп жасау тәсілі 
адамнын сырт көрінісі мен ішкі дүние арасындағы байланыс- 
тың шындыққа жақын екенін дэлелдей алса, онда бұл адам- 
дарды бағалауда, олардың әрекет-қылығын күні бүрын бол- 
жастыруда таптырмас кұралға айналады, ал кері жағдайда 
жаңсақ әңгімелерге тап қылады.
Бөгде адамның тұлғалык ерекшеліктерін тануда жеке-дара 
жэне кәсіби ерекшеліктер көп мэн ойнайды. Қайырымды, мейір- 
ман, әсерлі адам басқаларды жеңіл түсінеді, кабылдайды, себебі


мұндай тұлғалар, эдетте үлкен де бай қатынас тәжірибесіне ие 
болумен, басқалардан эрқашан жақсылық қасиетгерді іздесті- 
руге бейім келеді, ал өз өмір жолы сәтсіздіктен қаланып, көп- 
шілікпен тіл табыса алмаған адам басқалардың да онды кейіпін 
жасауға кабілетсіз келеді.
Кең элеумет ортасында жүрген кәсіп, қызмет иелері (педагог, 
дәрігер, экономист, саясаткер, эдебиетші, өнер адамы) төңіре- 
гіндегілерді дұрыс бағалап, қасиеттеріне сәйкес қабылдай біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   322




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет