Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет199/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКАНЫҢ

ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

Мораль – күнбе-күндiк өмiрге жақын көпшiлiктiң дүниетанымның формасы. Қоғамдық сана формасына жататын мораль – адамдардың бiр-бiрiне деген қатынасын белгiлеп, тарихи өзгерiп отыратын нормалардың, ұстанымдардың, ережелердiң белгiлi жиынтығы. Мораль адамдардың қатынасын белгiлi мөлшерде қалыптастырады, яғни олардың өз ортасына және басқа орталарға, мемлекетке, Отанға, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейдi. Мораль құқықтан бұрын пайда болады және онсыз да өмiр сүре бередi. Мораль – қоғамдық сананың ең көне формаларының бiрi, өйткенi, адам қоғамдық жан ретiнде қалыптасып, қоғамда ғана өмiр сүре алатындықтан, өзара белгiлi бiр моральдық қатынас формаларын сақтауы тиiс. Мораль ұстанымдары мен ережелерiн орындау қоғамдық парыздылыққа негiзделген десек жаңылмаймыз. Күнделiк өмiрде оның ұстанымдарын бұзғаны үшiн, ешкiм оны заң бойынша жауапқа тартпайды. Бiрақ, оның әсерi құқық талаптарынан кем емес. Адам санасы дамыған сайын моральдiң тигiзер әсерi күшейе бермек. Келешекте адамға көпшiлiктiң мадақтауынан, қолдауынан, не олардың наразылығынан артық әсер ететiн еш нәрсе болмақ емес. Қазiрдiң өзiнде де кейбiр қылмыс жасаған адамдар өзiн көпшiлiктiң талқысынан гөрi заңмен сотталғанын оңай көретiнiн айтуда. Бiздiң елiмiзде заң жүзiнде жазаланған адамдар мораль жағынан да қолдау таппайды. Олай болса, бұл құбылыс екеуiнiң арақатынасының жақындап бара жатқандығының айғағы (2,221).

Педагогикалық мораль ұстаздың барлық iс-әрекеттерiне енушi адамгершiлiк қатынастың көрiнiсi болып табылады. Ол мұғалiмнiң қылықтарын педагогикалық iс-әрекеттiң сипатына сәйкестендiрудiң объективтi қажеттiлiгi ретiнде пайда болған. Баланың өмiрлiк тәжiрибесiнiң жоқтығынан ол үлкендер тарапынан әдiлетсiздiк құрбаны болып қалуы мүмкiн. Баланың жаны мен тән әлемiн сақтап қалуға деген қоғамның ұмтылысынан педагогикалық мораль туындап отыр.

Педагогикалық моральдi басқа кәсiптiк мораль түрлерiнен ерекшелiгi – жоғары белсендiлiгi. Педагог өзiнiң адамгершiлiктi тәжiрибесiн балалар мен ересектерге, яғни осы тәжiрибеден сусындағанын басқа бiреуге қалдырады, олар – басқаларға т.с.с. Егер осы алып-беру тiзбегi қысқа болса, педагогтың моральдық заряды шамалы дегендi бiлдiредi. Бiрақ моральдық реакция тiзбегi күрделеенген сайын педагог моралiнiң белсендiлiк деңгейi жоғарылайды. Бұл педагогикалық этиканың құбылыстарының өзара байланысқан диалектика заңдарының әсерi көрiнетiн арнайы кәсiби ерекшелiгi.

Негiзгi моральдық категориялар: шарапат, кесепат, ар-ождан, мiндет (парыз), абырой, әдiлеттiлiк, адамгершiлiк, әдептiлiк, өмiр мақсаты т.б.

Моральдың синонимы ретiнде тәжiрибеде “этика” деген сөз қолданылады. Ал этика шындап келгенде – мораль туралы, оның теориясы туралы ғылым. Бұл ғылымның рөлi әлеуметтiк-практикалық қолдану аясында өте маңызды, өйткенi ол адамға өнегелi тәрбие беру мәселелерiн қамтиды. Этикаға қоғамдағы белгiлi бiр топ, не белгiлi бiр саладағы мамандар, кәсiпкерлер ұжымының моралi, олардың мiнез-құлық, жүрiс-тұрыс нормалары мен әдептiлiгiн анықтайтын тәртiп ережелерiнiң жиынтығы жатады.

Мораль – этиканың зерттеу объектiсi деп қорытуға болады.

Моральдық тәрбие – жан-жақты және үйлесiмдi дамыған адамды қалыптастырудың пәрмендi құралы. Адамгершiлiкке тәрбиелеу iсiнiң тек өзiне ғана тән ерекшелiктерi мен заңдылықтары болғандықтан, оның ғылыми негiзделген жүйесi жасалуға тиiс. Бұл маңызды да құрметтi мiндет педагогика және этика ғылымы өкiлдерiнiң ынтымағы нәтижесiнде ғана орындалуы мүмкiн. Қазiргi кезеңде жас ұрпаққа рухани тәрбие берудiң мәселелерiн анықтау басты педагогикалық мiндетке айналуда. Педагог этикасын жасау iсi осы талапты жүзеге асыру қажеттiгiнен туып отыр. Бұған қосымша ретiнде бiздiң педагогикалық әдебиеттерде балаларға арнаулы пәндер саласында бiлiм беру методикасын зерттеу iсi бiршама дұрыс жолға қойылған болса, жас ұрпақты жан-жақты жетiлдiру мәселесi әлi де толық зерттелмегенiн айта кеткен жөн.

Соңғы жылдар iшiнде оқушыларды тәрбиелеу туралы және оларға эстетикалық тәлiм-тәрбие беру туралы, олардың шынайы әсемдiк жөнiнде ұғымдары мен талғамдарын қалыптастыру мәселелерiне арналған бiрталай еңбектер, құнды зерттеулер мен пайдалы оқу құралдары жарық көрдi. Бiрақ осы әдебиеттердiң арасында балаларға этикалық тәрбие беру мәселесi туралы ебектер әлi де болса өте аз екендiгi мәлiм. Осыған орай, мұғалiмнiң этикасы, оның балаларды моральдық жағынан жетiлдiру iсiнде қоданылатын әдiс-тәсiлдерi, оқушылар ұжымы мен ұстаз арасындағы қатынастардың сипаты жөнiнде қазақ тiлiнде жазылған арнаулы еңбектер жоқтың қасы. Сонымен қатар, педагог этикасының кейбiр мәселелерi жалпы педагогикалық әдебиеттерде жол-жөнекей айтылып кететiнi бұл күрделi тақырыптың шешiлмеген проблемалары көп екендiгiн аңғартады.

Оқырмандар қауымына ұсынылып отырған еңбекте педагог этикасының барлық мәселелерi қаралмағаны сөзсiз. Жоғарыда көрсетiлгендей авторлар ұжымы өзiнiң алдына бұл тақырыптың кейбiр өзектi мәселелерiне назар аударып, осы салада игерiлмеген проблемаларды анықтау мәселесiн қойып отыр.

Кәсiптiк этика деп бiз еңбектiң бөлшектенуiне байланысты пайда болып, тарихи қалыптасқан күрделi кәсiптiк топтардың өз ара қарым-қатынастарын реттеп отыратын, белгiлi салада еңбек ететiн адамдардың ерекшелiктерiн есептейтiн нормалар мен ережелер жиынтығын атаймыз. Жалпы адамзаттық моральдық нормалардың әрбiр кәсiптiк салада ерекше мән алуының себебi еңбек түрлерiнiң өзгешелiктерiне, олардың даму процесiндегi қалыптасқан өзiндiк әдет-ғұрып, дәстүрлерiнiң болуына байланысты. Кәсiптiк моральдық нормалар – жалпы этикалық принциптердiң ерекше формасы.

Кәсiптiк этика дербес ғылым емес, ол этика ғылымының бөлек саласы ғана. Сондықтан да кәсiптiк этиканы қамтитын принциптер мен ережелер этиканың жалпы қағидалары, категорияларын еңбектiң белгiлi бiр түрiмен шұғылданатын адамдардың қарым-қатынастарына сәйкес қарайды. Кәсiптiк этиканың объективтiк материалдық негiзi – еңбектiң бiрнеше түрге бөлшектенуi және осының нәтижесiнде әр салада қызмет ететiн адамдардың өздерiне тән кәсiптiк мүдделерiнiң болуы. Осы мүдделердiң әр түрлiлiгiне сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастар да ерекше сипатқа бөленедi. Осы ерекшелiктердiң мәнiн анықтап, кәсiптiк моральдың принциптерiмен ережелерін тұжырымдау кәсіптік этиканың мәнін құрайды. Кәсіптік этиканың ережелері мен принциптері бiрнеше кәсiптердi қамтуы да мүмкiн. Мәселен, педагог этикасы мектептерде, арнаулы және жоғары оқу орындарында iстейтiн адамдардың қарым-қатынастары ұқсастығына байланысты оларды реттейтiн жалпы нормаларды қарастырады. Әрине, бұдан жоғары оқу орнында қызмет ететiн педагог пен мектептегi мұғалiмнiң қолданатын әдiс-тәсiлдерi, әрекеттерiнiң толық тепе-теңдiгi туралы ұғым тумайды. Дегенмен, олардың әрекеттерiнде жалпы негiз, сонымен қатар жетекшi принциптер болуы мүмкiн.

Белгiлi бiр кәсiппен шұғылданатын адамдардың өз ара қатынастары сол шеңберде ғана сақталатын моральдық нормаларға бағынуы, моральдың таптық мәнiн жоққа шығармайды, ал кәсiптiк мораль осы қоғамда қабылданған этикалық нормалардан дербес әрекет етедi деген ұғымды бiлдiрмейдi. Жалпы қоғамдық мораль кәсiптiк этикада ерекше әрекет етедi. Демек, кәсiптiк мораль – белгiлi бiр қоғамда үстемдiк ететiн моральдық қағидалардың шектелген сферада өмiр сүруi. Ал бұл сияқты бөлшектелген туындылардың болуы кәсiптiк этиканың мәселелерiн зерттеудi талап етедi.

Кәсiптiк этика еңбектiң бөлшектенуi салдарынан ерте заманда қалыптасты да, жеке меншiктiң үстемдiгi нәтижесiнде еңбек процесi дамуының антагонистiк қайшылықтарға ұшырауына байланысты оның негiзгi сипаттары айқындала бастады. Таптық қоғамда үстемдiк етушi таптардың санасында “бiз еңбекшi бұқарамен салыстарғанда ерекше адамбыз”, “тәңiрiнiң таңдаулыларымыз” деген пасықтық соқыр сенiмдер орын тебе бастайды. Сөйтiп, антагонистiк таптарға бөлiнген қоғамда кәсiптiк моральдың өзi таптық мазмұнға иеi. Осыған орай еңбектiң түрлерi де моральдық және әлеуметтiк тұрғыдан қарағанда әр түрлi бағаланады. Ой еңбегi – үстем таптардың монополиясына айналады. Ой еңбегiнiң көптеген түрлерi (ғылым саласындағы еңбек, қоғамдық тұрмысты басқару iсi, әдебиет және өнермен шұғылдану т.б.) үстем таптың үлесiне тиедi, бұл кәсiптер қасиеттi және таңдаулы адамдардың iсi болып есептеледi, ал дене еңбегiнiң түрлерi – қарапайым адамдарға лайық деген ұғым тарайды. Осыған байланысты еңбектiң әр түрлi салаларында iстейтiн адамдардың қарым-қатынастары да бiрiне-бiрi ұқсамайтын болады. Даму процесiнде бұл алшақтықтар ұлғая түседi де, әрбiр кәсiптiң өзiндiк моралi қалыптасады.

Таптық қоғамда кәсiптiк мораль қоғамның антагонистiк құрылымын бейнелейдi, мұнда таптық айырмашылықтар кәсiптiк айырмашылықтарды өзiне бағындырып отырады, кәсiптiк ерекшелiктердiң өзi таптық моральдың өмiр сүретiн әдiсiне айналады.

Кәсiптiк этика еңбектiң әр түрлi салдарында қызмет ететiн адамдардың моральдық әрекеттерiне байланысты, олардың адамдар арасындағы қарым-қатынастар туралы ұғымдарының қалыптасу ерекшелiктерiне байланысты мәселелердi қарайды.

Кәсiптiк этика мәнiнiң артуы осы әлеуметтiк құбылыстарға байланысты. Адамның моральдық жағынан жетiлуi өте күрделi, сонымен қатар қоғам тұрмысының ерекше түрде өмiр сүретiн рухани бейнесi. Адамның қоғамдық құбылыстарға, еңбекке қатысты, өндiрiстiк және өнлiрiстен тыс тұрмыста бiр-бiрiне қарым-қатынасы моральдық санада ерекше түрде бейнеленедi. Адам өзiнен тыс қоғамдық құндылықтарды бағалау процесiнде өзiнiң iс-әрекеттерiн де бағалайды, өзiнiң күнделiктi қызметiне қоғам жасап шығарған моральдық нормалар мен принциптер тұрғысынан қарайды. Алайда, әр түрлi жағдайларда, белгiлi бiр қоғамдық топтың немесе ұжымының құрамында адамның жоғарыда көрсетiлген моральдық нормалар мен принциптерге қатысы бiркелкi болып келмейдi. Мұның себебi нақтылы жағдайларда адамның әрекеттерi осы жағдайда оның алатын орны мен әлеуметтiк қызметiне байланысты. Сонымен бiрге адамның жеке басының ерекшелiктерiне, оның алатын орны мен әлеуметтiк қызметiне, оның әлеуметтiк тәжiрибесiне байланысты. Яғни, қандай да болмасын тұрмыстық ситуацияларда адам белгiлi қоғамда үстемдiк етушi моральдық ұғымдар мен принциптердiң әсерiнде болатын объектi және сонымен қатар олардың субъектi, яғни жасаушысы рөлiн атқарады. Атап айтқанда, адам – моральдық қатынастардың объективтiк және субъективтiк бiрлестiгi.

Моральдық құндылықтар – жеке адамның емес, бүкiл қоғамдық өмiрдiң туындысы. Жалпы қоғамдық туынды болғандықтан мораль жеке адамға қарағанда, объективтiк құбылыс ретiнде қарама-қарсы тұрады. Ал жеке адам осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болғандықтан қазiргi дәрежедегi моральдық сананы меңгерiп, оны өзiнiң рухани дүниесiнiң байлығына айналдыруы қажет. Осы процесте қоғамдық моральдық сана адамның iс-әрекеттерi арқылы қоғамдық қызметке араласады. Сөйтiп мораль жеке адамның тек қана субъективтiк табысы болып қалмай, ол үнемi объективтiк мағынаға бөленiп отырады. Демек, моральдың қоғам саласының формасы ретiнде бiршамада дербес өмiр сүруi, сонымен бiрге оның жеке бастың рухани табысы болуы объективтiк пен субъективтiктiктің диалектикалық ара қатынасын көрсетеді.

Қарым-қатынасты әлеуметтiк бақылаудың тағы бiр басты амалы – құқық, яғни үкiмет тарапынан анықталатын, адамдардың жүрiс-тұрысындағы құқықтық ережелер. Бұл көпшiлiктiң заң ретiнде қабылданған ықтияры, елде, қоғамға және оның мүшелерiне зиян келтiретiн тәртiпке, мiнез-құлыққа тосқауыл қояды. Бiрақ, заң қандай қатал болса да, адамдар арасындағы қарым-қатынасты толық қамти алмайды. Әрбiр айтылған сөз, iстелiнген iске заңды бақылау жүргiзу мүмкiн емес.

Сонымен адамгершiлiктi – этикалық сана сезiмсiз, моральсiз ешқандай заң, тағы басқа қарым-қатынасты әлеуметтiк бақылаулар, құқық қорғаушылары адамдар арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя алмайды.

Практикалық iс-әрекет объективтi болмыс пен прогрессивтiк, гуманистiк (iзгiлiктi) мұраттардың арасындағы жалғастырушы буын түрiнде қарастырылады. Адам қызмет етедi, осы қызмет ету барысында қажеттiлiк, мүдде, мақсат, мұрат туындайды. Мұның өзi – адамның тарихи дамуындағы заңды жағдай. Және тағы бiр ақиқат – адам кешегiнi, бүгiнгiнi, келешектi бiртұтас процесс ретiнде байланыстырады, осы арқылы қызмет атқарады.

Мемлекет, әлеуметтiк орта өз азаматынан қызметiне сәйкес бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн талап етедi. Ол талаптар әлеуметтiк заңдардың талаптары, оларды соның iшiнде қоғамның және жеке адамның қажеттiлiктерiн өнегелiлiк (құлықтылық) мiндеттену арқылы бiлдiредi. Мiндеттену әр түрлi болуы мүмкiн: дербес бұйрықты, жалпы нормалар жиынтығын, тәртiптiң жалпыланған ұстанымдарын, адамгершiлiк қоғамдық мұрат, т.б. орындау түрiнде. Сол мiндеттенудiң түрлерiн және олардың ара қатысын, іс-әрекеттiң белгiлi бiр нормалар жүйесi тұрғысынан сипаттамасын этикалық модальдық деп атайды.

Этика педагогикалық, психологиялық тұрғыдан жан-жақты зерттелмеген. Адамгершiлiк әлеуметтiк заңдар талабын, соның iшiнде, қоғам мен адамның қажеттіліктерiн бейнелейтiн борыштылық (бiр нәрсе жүзеге асырылуға немесе жасалуға тиiс) жеке мiнез-құлықта, жалпы нормада, мiнез-құлықтың жинақталған ұстанымдарында, моральдық және қоғамдық мұратта әр түрлi формаға ие болады. Борыштылық саласын қазынадан ажыратып алатын көптеген философиялық теорияларға (интуитивизм және т.б.) қарама-қарсы жаңа этика олардың арасына тығыз байланыс орнатады, оларды бiр ғана моральдық қатынастың екi жағы ретiнде қарастырады. Сондықтан, олар этиканың ерекше теориялық түрi немесе дербес саласы емес, этикалық зерттеулердiң кейбiр өзiндiк мiндеттерi бар белгiлi бiр саласы деп санайды. (7)

Осының бәрiн қорыта келе, этика – парыздың, моральдық талаптар мен нормативтердiң және әлеуметтiк қажеттiлiктiң адамгершiлiкке тән бiлiнуi түрi ретiнде жалпы мiндеттенудiң мәселелерiн қарастырады. “Педагогикалық этика” деген сөзтiркес мұғалiмнiң қызметiне байланысты парыздылық ұғымын құрастыратын этикалық ережелер, нормалар, ұстанымдар жиынтығы деп айтуға болады.

Сонымен педагогикалық этика – ұстаздық парыз туралы ғылым. Бұл ұстаздың iс-әрекетiнiң саналы, адамгершiлiктi компонентi. Педагогикалық этика мұғалiмнiң парызына адалдығы мен кәсiбiне сәйкес саналы әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешенi жатады. Жоғарыдағы келтiрiлген философиялық, психологиялық ой-тұжырымдар мен педагогикалық топшылауларға қарағанда, жеке мамандыққа тән педагогикалық моральдiң ұстанымдары мен нормаларын, ерекшелiктерiн қарастыратын бөлiгi болып, ұстаздық қызмет аясында практикалық iс-әрекеттi реттеушi рөл атқарады, - деген тұжырым шығаруға болады.

Педагогикалық этика – мамандыққа тән моральдiң ұстанымдары мен нормаларын, ерекшелiктерiн қарастыратын ғылым. Сондықтан, педагогикалық этиканың жалпы ұстанымдары мен нормаларының мазмұндары өзгерiп, адамгершiлiктiк нормалар аталып түрленiп, белгiлi бiр педагогикалық қызмет аясында практикалық iс-әрекеттi реттеушi рөлiн атқарады. Педагогикалық этика – педагогика, психология, философия ғылымдарының түйiсуiнде туған ғылым. Сонымен, педагогикалық кәсiптiң өзiндiк моралi, этикасы бар екендiгi айқындалады деуге болады.

Педагогикалық этика болашақ мұғалiмдердiң кәсiби-адамгершiлiктiк сана-сезiмдерiн қалыптастыруды педагогикалық этика негiздерiнен бастаған жөн. Педагогикалық этиканы пән ретiнде оқыту студенттердi кәсiптiк этиканың осы саласының негiзгi мәселелерiн түсiне-бiлуге жетелейдi.

Педагогикалық этиканың психологиялық проблемаларына келсек, мұнда санадағы рационалдық (ұтымдылық) пен эмоционалдық қатынастығы (сезiмдiлiк) ерекше орынға ие.

Қазiргi мұғалiм (қандай тарихи кезеңде де) саясаттан тыс болуы мүмкiн емес. Олай деуге негiз, ұлттық-саяси тұрғыдан оның қателiк жiберуге ешқандай қақысы жоқ. Сол себептi де, ол педагогикалық жоғары оқу орнында қалыптасатын дүниетанымдық көзқарасын тұрақтандырып, одан әрi жетiлдiрiп отыруы тиiс. Өйткенi бiлiм берудiң әлi түпкiлiктi ұлттық бағдары нақтыланбай тұрғанда Қазақстан үшiн шығармашылықпен жұмыс iстей алатын бiлiктi де қабiлеттi мұғалiмдер ауадай қажет. Ал азаматтық және кәсiби бағдары таңдау көпұлтты Қазақстан қоғамына сай жүйеленiп, жоғары ұлттық-мемлекеттiк тұрғыдан бағдарланса, көмегi көп болатыны даусыз.

Болашақ мұғалiм үшiн жоғары оқу орнындағы арнайы даярлық кезеңi жаттығу алаңы iспеттес. Өйткенi, онда жас маман бастапқы шеберлiгiн жинақтап, шыңдайды, оны iс жүзiне асыруға талпынады, бұдан оның өз халқына деген сүйiспеншiлiгi артады, өзге ұлттарға деген құрметi қалыптасады.

Мұғалiмнiң кәсiби жеке тұлғалық этнопедагогикалық мәдениеттiлiгi өз-өзiнен пайда бола қоймайды. Ол этнопедагогикалық бағыт-бағдардың, жоғары оқу орнында алған педагогикалық бiлiгi мен кәсiби дәрежесiнiң негiзiнде орнығады. А.Н. Леонтьевтiң бұл мәселе төңiрегiнде жүргiзген зерттеулерiне сүйенсек, қателеспесiмiз анық.

Қазiргi заман жағдайында мұғалiмнiң этнопедагогикалық мәдениетiнiң мәнi күн санап өсiп келедi. Өйткенi, этномәдениет пен этнопедагогиканың күрт өсуi қоғамының барлық әлеуметтiк-саяси және рухани өмiрiнде өзiнiң рөлiн арттыра түсуде. Мұғалiм осы энопедагогикалық мәдениеттiлiк арқасында этнопедагогика және этномәдениетке бейiмделудiң қабiлеттерi мен кең ауқымды мүмкiндiтерiне ие бола алады, оның қызықты мәлiметтерi мен ақпараттарының сақтаушысына айналады, ең бастысы – этнопедагогиканы өзi үйренiп қана қоймай, Қазақстан халықтарының этномәдениетiн өскелең ұрпаққа жеткiзушi тұлға дәрежесiне көтерiледi. Этнопедагогикалық бiлiмдердiң толық пiсiп-жетiлмеген, этномәдениет пен этнопедагогиканың әлi жүйелене қоймаған қазiргi кезеңiнде оның негiзiнде орта және жоғары оқы орнында, отбасы тәрбиесiнде, көпшiлiк ортасында, т.б. жерлерде бiлiм берудiң маңызы айрықша.



Сондықтан, студенттердiң этнопедагогикалық даярлығының теориялық негiздерiн жасауда, сондай-ақ, болашақ мұғалiмнiң жеке тұлғалық этнопедагогикалық мәдениетiн қалыптастыруда мынадай жағдаяттар ескерiлуi қажет, әсiресе:

  • “сапа” түсiнiгiнiң өзi – философиялық категория, ол объектi не пәннiң өн бойындағы тұтас жиынтықтарынан көрiнуi ықтимал;

  • “мәдениет” дефинициясы, толығымен алғанда, жиынтық қабiлетi не адам iс-әрекетiнiң өнiмi, яғни “этнопедагогикалық мәдениет” – бұл қабiлеттер жиынтығы мен мұғалiмнiң жеке этнопедагогикалық iсiнiң өнiмi;

  • “этнопедагогикалық мәдениет” категориясы өмiрлiк iс-әрекетiнің бiр сала – педагогикаға бағыштанған адамның жеке тұлғасын айқындауға қолдануға лайық;

  • “этнопедагогикалық мәдениет” категориясы жеке тұлғаның байытылған көптеген қасиеттерi (элементтерi) болып табылады, олар: а) этнопедагогика теориясы мен практикасы ауқымындағы бiлiмi; ә) этнопедагогика мәдениетiнiң дүниетанымдық дәрежесi; б) әсерлену (тезаурус) және иландыру (мотив) деңгейi қатынасы; в) арнайы дағдысы мен қабiлетi;

  • этнопедагогикалық мәдениеттiлiк кiрiктiрiлген бiлiм және әлеуметтiк феномен ретiнде оқушыларды этномәдени даярлау үрдiсiнде – жоғары педагогикалық оқу орнында алған бiлiмi мен бiлiгiн көпұлтты қоғамның әлеуметтiк өмiрiнде практикада пайдалана бiлуiн қамтамасыз етедi;

  • “этнопедагогикалық мәдениет” мұғалiмнiң жеке кәсiби сапасы ретiнде өзектi де басты және қазiргi заманғы ерекше үздiк белгiлерiнiң бiрi болып табылады;

  • “этнопедагогикалық мәдениет” – мұғалiмнiң тұлғалық құрылымының элементi ғана емес, оның кәсiби педагогикалық құрылымын байытудың және қалыптастырудың ең қажет факторы;

  • “этнопедагогикалық мәдениет” – бұл этнопедагогиккалық iс-әрекеттердi ойдағыдай орындаудың негiзi қаланған алғы шарты;

  • “этнопедагогикалық мәдениет” мұғалiмнiң жеке тұлғалық қасиетiн танытып қана қоймай, оның кәсiптiк-әдiстемелiк жағынан одан әрi жетiле түсуiне жағдай туғызады.

Сонымен, этнопедагогикалық мәдениет болашақ мұғалiмнiң жеке iс-әрекетi құрылымында қалыптаса бастайды. Оны жүзеге асыру үшiн қажет басты мәселелер мыналар:

  • бiрiншiден, жеке тұлғаның психологиялық даярлығы, оған педагогикалық жоғары оқу орындарын бiтiрушiлердiң қалай игергендiгi және олардың педагогикалық қызметке жалпы даярлығы кiредi. Сондықтан, қандай жұмыста болсын, оның iшiнде этнопедагогика оны ойдағыдай орындаудың алғы шарты даярлық дәрежесiне байланысты екендiгi белгiлi.

Бұл күнде ерекше орын алып отырған этнопедагогикаға оң көзқарасты ескере келе, мұғалiм жұмысының маңызды бөлiктерi аспектiсiне оның психологиялық даярлығын айтуға тура келедi. Ендеше этнопедагогикалық iс-әрекеттiң психологиялық даярлығын мақсатты бiлiм беру (мiндеттi және даралық дәрежеде) тұрғысынан талдап қарап, оның мән-мазмұнын мына түрде көрсетуге болады: а) этнопедагогика және этномәдениет мазмұны тапсырмаларын бiлу; ә) бастауыш және орта мектептер жағдайында этнопедагогикалық үрдiстердi ұйымдастыру негiздерi бойынша қажеттi бiлiмдердiң болуы;

- екiншiден, қабiлеттердiң аса қатаң құрылымы (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, В.Н. Крутецкий). Бұл этнопедагогикалық iс-әрекеттiң табысты iске асуына әсерiн тигiзiп, психикалық үрдiстердiң ену ерекшелiктерiне ықпал етедi. Мұның нәтижесiнде болашақ педагог жұмысты ұйымдастыру мен оны жүзеге асырудың тәсiлдерiн терең де тиянақты игерiп кете алады, атап айтқанда:

а) оқуды ойша жоспарлау деңгейi – этнопедагогикалық бағдарланған тапсырмаларды беру қабiлетi; оқушылардың сыртқы қимыл келбетiнен олардың iшкi жан дүниесiн сенiмдi түрде тез танып, ажырата бiлуi (түсiндi-түсiнбедi дегендей); әдейi не заңдылық негiзде кездесетiн проблемалық жағдайларды алдын ала сезiнуi және оны бақылау; қандай да бiр мәселенi кәсiбилiкпен айқын, терең және кең ауқымда байқап көре бiлуi (жалпы және ерекше, басты және екiншi қатардағы, күрделi және жай, т.с.с.); сонымен бiрге педагогикалық үрдiстiң одан арғы барысын алдын ала болжап, барлық нәрсенi қамтуы (ойша эксперимент, бейне, т.б.);

ә) этнопедагогикалық жүйелi ойды iске асыру деңгейi – проблемалық, эвристикалық тапсырмалар және идеяларды шешудегi қабiлетi; шешу жолдарын алдын ала табу және талдау; өз iс-әрекетiнде позитивтi таңдау жасай бiлу үшiн тиiстi ақпараттарды жедел қабылдап, жүзеге асыру; нәтиженiң оптималды бағалылығын енгiзе отырып, өз жұмысын жүйелi және толыққанды құру; оқыту мен тәрбиелеудiң этнопедагогикалық мiндетерiн шешу үрдiсiнде бiрыңғай қажеттi қозғалысты iске асыратын көп бейнелi тәсiлдердi қолдану;

б) шешiмдi реттеу мен түпкiлiктi орындау деңгейi - өзi үшiн де, оқушылар үшiн де тұрақты көңiл-күй ерекшелiктерiн тудырып, адекватты жолмен тапсырмаларды орындауға бағыттау және оны соңғы нәтижесiне дейiн жеткiзу, өнiмдi еңбектi тиiмдi әрi пайдалы етiп ұйымдастыру;


  • үшiншiден, жеке тұлғалық, кәсiби бағдарлы сапалы қасиеттерiнiң болуы, олар: педагогикалық бiлiмi; ғылыми бiлiмдiлiгi; этномәдени бiлiмдi оқушыларға қалыптастырудың теориясы мен практикасы; этнопедагогика теориясы мен практикасынан ғылыми эрудициясын; әр түрлi халықтар мен ұлттардың этномәдени субъектiсiне объективтi қатынасы; озық педагогикалық тәжiрибелер мен қажеттi әдебиеттердi оқып-үйренудегi зерделiлiгi; бастамашылдығы; жұмысқа кәсiби қабiлеттiлiгi; мақсатқа жетудегi табандылығы; тәрбиеленушiлердiң iшкi жан дүниесiне ену қасиетi мен олардың ата-аналарын өзiне тарта бiлуi; абырой-беделi; педагогикалық үрдiстегi шынайы шығармашылығы; көңiл-күйiн және өзiн ұстауы және тағы тағылар;

  • төртiншiден, этнопедагогикалық көңiл-күйдiң қамтамасыз етiлуi. Бұл аспектiде этнопедагогикалық түп қазық – мұғалiм iс-әрекетi. Оның мәнi мен мазмұнынан объективтiлiгi, тиiмдiлiгi, құндылығы, бейтараптылығы, т.б. ерекше көрiнедi. Осыған байланысты болашақ мұғалiм бойында: әлеуметтiк және көңiл-күй жағдайының әр түрлi танымдық сезiмдерi; барлық халықтар мен ұлттардың туысқандық тұтастығын адамзат әлемiнде тану үрдiстерiне қызығуы; әрбiр халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ұлтаралық қатынастардың өркениеттi мәдениетiн сыйлап түйсiнуi; Қазақстанда тұратын барлық халықтардың (тарихын, мәдениетiн, дәстүрiн, логикасын зерттеу және оны насихаттау) тең құқықтылығын қадiрлеуi; қол жеткен жетiстiктерге қанағаттанғандық сезiмнiң болуы; халықтар дәстүрлi мен ғұрыптарының, тарихы мен мәдениетiнiң, фольклоры мен қолөнерiнiң, т.б. даму элементтерi құндылықтарын “жандандыруды” кәсiби шеберлiкпен жетiлдiру секiлдi айрықша қасиеттер орнығып, елеулi орын алады;

  • бесiншiден, мотивациялық ауанның болуы. Ол мына жәйттерде ғана мүмкiн: а) әлеуметтiк-саяси; ә) кәсiптiк-педагогикалық. Бұл мотивтiк жинақтардың танымдық бағыты этнопедагогикалық iс-әрекеттiң даралығы және оның қайнар көздерiн анықтайды (В.А. Сластенин, Ю.Н. Кулюткин, Ю.Д. Шелухин).

Жоғарыда аталған сапалық қасиеттер жаңа сипаттағы мектеп маманы – этнопедагог – мұғалiмнiң жеке бейнесiн көрсетедi әрi оның бүкiл педагогикалық жұмыс ауқымын белгiлейдi.

Осылайша, “этнопедагогикалық мәдениет” туралы зерттеу мұғалiмнiң жеке басының сапалық қасиетiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Ол мынадай:

а) жалпы педагогикалық жұмыстың этнопедагогикалық iс-әрекеттерге мамандандырылған құрылымы;

ә) бұл құрылымның ерекше стилi (өз пәнi, сұранымы, мотивi, т.т.).

Егер ақиқатты мойындасақ, осы таным шеңберiндегi белгi – қасиеттердiң адекваттығын, ғылым мен iлiмнiң өзiндiк бейнесiн “этнопедагогикалық мәдениет” дефинициясынан бөле-жара қарауға болмайды. Бұл жерде этнопедагогикалық мәдениеттiң критерийлерiне объективтi түрде сүйену керек, сонда ғана қазақстандық мектеп оқушыларын азаматтық басқаруға тәрбиелеуге және адами өлшеммен педагогикалық ынталандыруға болады.

Этнопедагогикалық мәдениет туралы түсiнiктi талдап әрi оны ашық көрсете алсақ, оның мiндеттерiн мейлiнше анықтауға жол ашылмақ. Сондықтан, мұғалiм атқаратын мiндеттердiң өзара байланысын, тұтастығын анықтап, ажырата бiлудiң маңызы айрықша (Н.В. Кузьмина, А.И. Щербаков, В.В. Сластенин, Н.Д.Хмель).

Этнопедагогикалық мәдениеттiң басты функцияларын анықтап алудың әр түрлi жолдары бар. Мәселен, “этнопедагогикалық мәдениет” дефинициясының бiздегi жалпы теориялық және қолданбалы екi заңды функциясын iске қосуға болады және ол жеңiл.

Жалпы теориялық функция болашақ мұғалiмнiң этнопедагогикалық пәндердiң барлық бөлiмдерiн игеруiн көздейдi; оқыту мен тәрбиелеудiң ұлттық-этникалық қалыптасу заңдылықтары мен жалпы негiздерi; мiндеттерi, формалары, әдiстерi мен категориялары; объективтi-субъективтi қондырғылары, бағыт-бағдарлары, ұстанымдары мен нормалары; этниканың көпсалалық қызметтерi – халықтық педагогика, дәстүрлi педагогика, дәстүрлi мәдениет тәрбиесi, халықтық педагогикалық мәдениет, педагогикалық даналық, тәрбиелеудiң дәстүрлi формалары, педагогикалық сана, фольклорлық педагогика және т.б. (Г.Н. Волков).

Бұл мәселелердi қамтитын оқу материалдары қазiргi заманғы педагогикалық ой-пiкiрлерге, нормаларға, ережелер мен практикалық ұсыныстарға сәйкес келуi тиiс. Сондықтан, болашақ мектеп мамандарының бiлiмдерiн жүйелi түрде тереңдете отырып, студентке этнопедагогикалық мәдениет негiздерiн қалыптастыру аса қажет. Мұның өскелең жас ұрпақты этномәдени тұрғыдан тәрбиелеуде бiлiк пен дағдыны жетiлдiре түсерi сөзсiз.

Ал қолданбалы функция практикалық жұмыс бағдарын айқындайды. Яғни, болашақ мұғалiмдердi даярлау кезiнде классикалық және дәстүрлi педагогиканың тарихи жиынтықтарын iске қосу ұтымды әрi орынды болмақ. Өйткенi, мұғалiмнiң этнопедагогикалық бiлiктiлiгi мен дүние танудағы зерделi зеректiгi көбiне-көп оның кәсiптiк-саяси мәдениет дәрежесiнiң жалпы деңгейiне тiкелей байланысты. Ол үшiн этнопедагогикалық мәдениеттiлiктiң мынадай мiндеттерiн жүзеге асыру мақсаты алға қойылады:



  • бiрiншiсi, дидактикалық функциясы: қоғамының әлеуметтiк сұранысын қамтамасыз ететiн Қазақстан халықтары этнопедагогикасын зерттеу пәндерiн бiлiм беру жүйесiне енгiзу арқылы орындау мен үйренудiң нормативтi өлшемi; қоғамдық сана мен халықтық педагогика дәстүрi негiзiнде этнопедагогиканың бiлiмдiк-тәрбиелiк әлеуетiн анықтау; жеке тұлға қалыптастыруға негiзделген шарттар шеңберiндегi бiлiм беру мен дамыту үрдiсiне халықтық педагогиканың қайнар көзiн, әдiс-тәсiлдерiн тиiмдi пайдалана бiлу; полиэтникалық педагогикалық мәдениеттiң прогрессивтiк идеяларын пайдаланудың формалары мен жолдарын белгiлеп нақтылау, т.б.;

  • екiншiсi, менталитет түзушi функциясын: этнопедагог – мұғалiмге жалпы әдiснамалық этнопедагогика көпұлтты Қазақстан мемлекетiнде тұратын әрбiр халықтың тұрмыс-салтын, мәдениетi мен тарихын зерттеуге; адамзат қауымдастығының менталитеттiк мiнез-құлқын үйрену негiзiнде оның өлшемiн көре бiлiп, ұғынуға; педагогикалық үрдiсте қолданылатын халықтық педагогика материалдарының менталдық құндылықтарын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Соның арқасында дүниенi қабылдау мен сезiнудiң, дүниенi танудың сонау тереңде жатқан “тамырлы” негiздерiн нақты зерттеуге болады;

  • үшiншiсi, мұғалiм-этнопедагогтiң сараптамалық тапсырмаларды жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн эвристикалық-танымдық функциясы. Ол этнопедагогикалық оқу материалдары мазмұнын адекватты түрде “бейнелеп” қоймай, мұғалiмнiң этнопедагогикалық мәдениетiн жаңартудың және мектеп жастарын оқыту мен тәрбиелеудiң басты құралы болып табылады;

  • төртiншiсi, конструктивтi-басқару функциясы: ол оқушылардың жас және жеке ерекшелiктерiне сәйкес этнопедагогикалық оқу материалдарын таңдау мен ерекшелiктерiне сәйкес этнопедагогикалық оқу материалдарын таңдау мен композициясын қамтамасыз етiп, оны бағалаудың тиiстi шарттары мен кртерийлерiн құрайды;

  • бесiншiсi, сын функциясы: онда мұғалiмнiң этнопедагогикалық материалдар жиынтығын жүзеге асыру мүмкiндiгi; көпұлтты Қазақстан халықтарының мәдениетi мен тарихын зерделеп құрметтеу және осы этникалық құндылықтардың тарихи-мәдени-адамгершiлiк шынайы жетiстiктерi қамтамасыз етiледi;

  • алтыншысы, диагностикалық функциясы: бұл жүйелi мiндеттiң кәдуiлгiдей еместiгi және қиындығы сол, болашақ мұғалiмнiң этнопедагогикалық мәдениетiн қалыптастыру мәселесi бiр сәттiк, бiр күндiк үрдiс болмауы дер едiк. Сондықтан, зертеу жүйелерiн толыққанды ұйымдастырып, қысқа мерзiм iшiнде этнопедагогика мен этномәдениет құндылықтарын үзiлiссiз жетiлдiретiн ұзақ мерзiмдi стратегиясын мониторингтiң әр түрлi деңгейлi жүйесiнде қайта өңдеу қажет. Өйткенi, бiздiң зерттеу аспектiмiз қазiргi таңда қаралып жатқан этномәдени және этнопедагогикалық бiлiм берудiң моделi мен тұжырымдамаларын дер кезiнде енгiзуге жағдай жасайды;

  • жетiншiсi, әлеуметтiк-генетикалық функциясында әр халық бойынша жинақталған деректер iске асырылады, атап айтқанда, этнос және оның халықтық педагогикасының құрылуы мен дамуының әлеуметтiк-гендiк факторларын үйрену; көпұлтты елдердi мекендейтiн этностарды арнайы оқып-үйренуге айналатын объектiлердi әлеуметтендiрудiң жолдары мен шарттары; Қазақстан халықтарының педагогикалық дәстүрлерiнiң жүзеге асуын салыстырмалы түрде талдау.

Егер осы этнопедагогикалық мәдениет функцияларын бiр мақсатты бiлiм беру деп қарастыратын болсақ, онда бұл конгломерат өзiндiк бейнесi бар құнды да бағдарлы фактор болып саналады. Оның көмегiмен мұғалiм мынадай жұмыстарды жүзеге асыра алады:

  • Қазақстан халықтарының өзiне тән құндылықтарының кейбiр ескiрген этнопедагогикалық бөлшектерiн оқыту мен тәрбиелеу iсiнде байыту;

  • нақты педагогикалық iс-әрекетте этнопедагогикалық iс-әрекеттiң кейiнгi бағдарларын iздеп табу, сондай-ақ, сараптамалық тапсырмаларды iске асыру;

  • мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу iсiнде этнопедагогикалық нормаларды пайдаланау үрдiсiн негiздеу және оған сын тұрғысынан талдау жасау, т.б.

Ең бастысы, этнопедагогикалық мәдениеттiлiк мұғалiмнiң кәсiбилiгiне, оның ойлау және педагогикалық iс-қимылына “жол көрсеткiш” iспеттес. Өйткенi, ол мұғалiмге республика азаматтарына бiлiм беру мен тәрбиелеуде тiкелей азаматтық борышын ойдағыдай, орындауына игi ықпалын тигiзедi. Дегенмен, этнопедагогикалық мәдениет мiндеттерiнiң перспективасы осымен тұйықталады деуге болмайды. Бiрақ мынау анық: мұғалiмге оны игеру этникалық – мәдени-тарихи аспектiлерiнiң проблемаларын қоғамдық негiзде реттеуiне белсене қатысуына жағдай туғызады, сөйтiп, бүгiнгi күн талабында педагогикалық зерттеу мен “халық”, “ру”, “”этнос , түсiнiгi (оған бiлiм, мәдениет, өнер, қолөнер, кәсiпшiлiк, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар және т.б. кiредi) бөлшектерiн өскелең ұрпаққа ұғындыру қанағатандырылады.

Болашақ мұғалiмге этнопедагогикалық мәдениеттi қалыптастырудың басты маңызы сол, ол жеке тұлғаның кәсiби-педагогикалық құрылымының барлық бөлшектерi мазмұнын құрайды, көпұлтты Қазақстан қоғамы талабындағы прогрессивтi дәстүрлер, нормалар және практикалық ұсыныстарды iске асыратын этнопедагогикалық “жанды бастауын” байытып, толықтыра түседi. Сондықтан да жоғары педагогикалық оқу орындарының дидактикасы мен әдiстемесiне “мұғалiмнiң этнопедагогикалық мәдениетi” түсiнiгiн енгiзу маңызды. Өйткенi, ол педагогикалық ғылым мен бiлiмдi дамытудың озық бетбұрыстарына толық сай келе алады.

Қазiргi қоғам қатынастарындағы болып жатқан өзгерiстер педагогиканы жанамай өтуi мүмкiн емес. Әсiресе, ұстаз тұлғасын адамгершiлiктiк тұрғысынан қалыптастыру көп көңiл аударарлық мәселе. Ұстаздың қызметiне байланысты қарым-қатынасында оның жеке басты ерекшелiктерiмен қатар адамгершiлiктi – психологиялық қасиеттерi және тұлғалық санасының түрлi құрылымдық дамуы байқалады.

Адамның даралық санасының құрылымдық элементтерi – ақыл мен сезiм делiк. Бұл екеуiнiң қатынасын зерттеуi өте ұзақ уақыт бойы ғалымдардың ойларын меңдеген. Осы мәселенiң шешуiне антикалық философтардың еңбектерiнен бастап көп көңiл бөлiнген. Адам санасындағы рационалдық пен сезiмдiлiктi қатынасын талдау төмендегiдей тұжырым тудырды: бұл екеуiнiң арасындағы айырмашылықтар мен қатар олардың құндылығында және адам санасының сезiмдiлiк сипатында белгiлi бiр ортақтық бар екенi көрiнедi.

Адам санасының керемет күштерi бүкiл әлемдi және оның өзiнде түрлендiре алады деген пiкiрдi XVII-XIXғасырлар рационалистерiнiң утопиялық иллюзиялары тудырды. Бұл пiкiр дүниенi ғылыми тұрғыдан тану iсiндегi бұрын болмаған жетiстiктердiң туындысы.

Бiрақ сол кездiң өзiнде-ақ Жан жак Руссо бiлiм мен адамгершiлiктiң арасындағы қайшылықты атап өттi: адам табиғатынан мейірбан, ал ғылыми таным залалдыққа бейiмдейдi, адамгершiлiктi жетiлдiруден де адамның азып-тозуына көбiрек мүмкiншiлiк тудырады. Сонымен, сол кездегi идеологияда рационализмге қарата бетбұрыс, адамның болмысындағы саналыққа деген сенiмнiң төмендеуiне әкелiп соқтырды.

Қазiргi кездегi батыс философиясындағы тұжырымдардың негiзiн құрушы идея – сезiмдiлiктi адам болмысының ең маңызды аясы деп анықтау. З. Фрейд өзiнiң өмiрлiк iс-әрекетiн психиатр ретiнде бастап, аңғарғаны:заманауи өркениетте невротиктер саны тасыған тасқындай көбеюi. Бұл құбылыс төмендегiдей пiкiр тудырды: рационалды болмыс адамнан өзiнiң сезiмдерiн, әуестiгiн, құштарлығын басып отыруды талап ететiн өркениеттi моралi. Мұндай мораль өмiрдiң “табиғи массаттану” ұстанымына әлеуметтiк статусты “реалдық ұстанымды” қарсы қойып, жекелiк “Менiң” патологиялық түрiнiң тууына себепкер болды. Психоанализдiк көзқарас бойынша адам болмысының мәнi, санасының нақтылығының негiзi – сезiмталдық, ал саналы “Мен” сезiмталдықтың бiр түрi.

З. Фрейд рационализммен салыстырғанда, сезiмдiлiктiң өзiндiк ерекшелiктерi, оның интеллектiден сапалық айырмашылығы, иррационалдығы (рационалдықпен қайшылығы) бар екенiн атап айтып кетекен. Фрейдтiң айтуы бойынша, сезiмдiлiк қатаң қажеттiлiкке бағынады, олардың дамуы заңды, логикалық тұрғыдан дұрыс. Дегенмен Фрейд сезiмдiлiктi абсолюттiк категорияға шығарып, бүтiндей сананы иррационалдық деген пiкiрге тоқталады.

Сонымен, рационалдық пен сезiмдiлiктiң арасындағы қатынастық туралы рационалистiк және иррационалистiк тұжырымдамаларының абстрактiлi-меңзеушiлiк пен метафизикалық шолақ ойлығына байланысты сананың нақты ғылыми тұрғыдан және оның iшiнде моральдiк сананың түсiнiктерiне жол ашылмады.

Бұл құбылыс өзiнiң қолдануын дәрiгер мен сырқат адамның арасындағы қарым-қатынас ретiнде медицинадан тапты. Мысалы, Дюбуа жеке тұлғаға психологиялық әсер етуде негiзгi назарды оның ақыл-парасаттылығына аудару керек деген көзқарасты жақтаған. Оның ойы бойынша, дәрiгер мен сырқат адамның арасындағы қарым-қатынас логикалық дәлелдер мен аргументтерге сүйену арқылы iске асуы керек. Дежерин болса керiсiнше – адам жүрегiне жол табуды сезiмдiлiк күшiне негiздеген. Оның пайымдауы бойынша ең тиiмдiсi – сырқат адамның сезiмдерiне саналы әсер етiп, дәрiгерге деген сенiмiн арттыру, соның негiзiнде қажеттi емдеу әрекеттерiн жүзеге асыру. Ол рационалды медицинаға түбегейлi қарсы болған адам. Бұл екеу де сыңар жақты бағыттағы рационалдық пен сезiмдiлiктiң арасындағы қатынастыққа деген көзқарастар болып табылады.

Бүгiнгi күндегi философиялық, психологиялық пiкiрлерден мынандай пайым құрастыруға болады: рационалдық пен сезiмдiлiктiң, сезiм мен интеллектiң ара қатынастарын тек қана жеке дараның санасын объективтi реалдықпен ынталы әсердiң түрi ретiнде, практикаға сүйенген рухани әрекет ретiнде философиялық диалектика негiзiнде түсiнiп ашуға болады.

Бiздiң iзденiсiмiз соңғы тұжырымға негiзделедi. Адамның пратикалық iс-әрекетiнiң ерекшелiгi – оның мақсаттылығы, яғни санасында туындаған болашақ iсiнiң идеалды моделi мен саналы ой-пiкiрлерге негiзделген. Адамның iс-әрекетiнiң табысты болуы көзделген мақсаттың саналылығына, әрекеттiң идеал моделiнiң нақтылыққа сәйкестiгiне тәуелдi.

Сонымен, практикалық iс-әрекет теория және оның қажеттiлiгiн тудырады, дамытуды, адамның санасын шексiз жетiлдiредi. Ал адамның санасының сипатының маңызды құрастырушы элементi – интеллект.

Бiрақ адамның iс-әрекетiнiң табысы субъектiнiң қойылған мақсатқа жетуге ынталылығына, құштарлылығына да тәуелдi. Яғни, жеке тұлғаның iс-әрекетi қажеттiлiгiмен, қызығушылығымен, өмiрлiк тәжiрибесiмен мәселденедi. Басқаша айқанда, адамның саналы iс-әрекетi тек қана объективтi нағыздылықтың бейнесi емес, ол субъектiнiң сол нағыздылыққа деген қатынасын да ұйғарады. “Сана – қоршаған ортаның бейнесi ғана емес, адамның соған (қоршаған ортаға) қатынасы. Жалпы сананың теориялық абстракциясында жатыр, яғни ол әрқашан практикалық сана”.(10) Кертаева

Бұл дара түрдiң ынталылығын, қызығушылығын сипаттайтын нағыздылық объектiсiне қатынасы тұлға санасының сезiмдiлiк (эмоционалдық) аясын қалыптастырады. Өзiнiң қоршаған дүниеге деген қатынасын адам әртүрлi сезiмдерiмен бiлдiредi. Егер геносеологиялық көрiнiсте көп түрлi заттар мен құбылыстардың әртүрлi қасиеттерi, сапасы, қатынастары мен байланыстары орын алса, адамның сезiмдерi мен эмоциясында оның өз әрекетiне, қызметiне және тәртiбiне деген танымдық қатынасы көрiнiс табады. Сонымен, сана құрылымы таным мен түсiну немесе парасат пен сезiмнен тұрады. Таным дегенiмiз – құбылыстардың шын объективтi мәндерiнiң бейнесi болса, субъект үшiн оның маңызы эмоция арқылы берiледi. Таным процесiнде эмоцияның (сезiмталдық) орны ерекше. Эмоциясыз ешбiр дүниенi тануға талпыныс, iзденiс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшелiктерiне таңдану, таңырқай бiлу, үңiлiп қарау осылардың бәрi танымның бастамасы, көзi.

Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын түйсiнуi, оның әртүрлi эмоционалды жағдайларын айқындайды (аффектi толқуы, прострация, стресс, фрустрация, көңiл-күй) және тұлғаның өзiне тән эмоционалдық қасиеттерiн қалыптастырады (әсерленгiштiк, ықыластық, қатыгездiк, қаттылық). Адамның күрделi сезiмдерi ақиқатқа деген эмоционалдық қарым-қатынастың ең жоғары формасы болып келедi. Мазмұнына қарай психологияда адам эмоциялары альтуристiк, коммуникативтiк, глориялық, праксикалық, романтикалық болып, ал сезiмдерi жағынан моральдық, интеллектуальдық және эстетикалық болып бөлiнедi. Түйсiну күшiне байланысты сезiмдер құмарлық және әуестiк болып жiктеледi.

Сезiм қызметiнiң өзiндiк психологиялық заңдылықтарының қатарына олардың фазалық ауысымдылығы (қысылудың босаңсумен алмасуы) полярлы қайшылығы (қарама-қайшы сезiмдердiң бiрлестiгi: қуаныш – мұң, сүйiспеншiлiк – жеккөрушiлiк, жұғымдылық - жұғымсыздық) жатады. Эмоционалдық даму заңдылықтары мен танымның даму заңдылықтары бiр-бiрiмен тең мәндi емес, яғни эмоция мен сезiм таным логикасынан өзгеше, өзiнiң iшкi логикасын құрайды. Таным мен эмоцияның қарым-қатынастары олардың конфликтiк формадағы iшкi қарама-қайшылықтарын ашады (стресс, фурстрация, ығыстырылған аффект). Адамның парасаты мен сезiмдерiнiң қоғамдағы жалпы адамзаттың белсендi қызметiнiң жемiсi болуы сананың рационалды және эмоционалды түрлерiнiң ортақ екендiгiн айқындайтын негiзгi сипаты. Ал, бұл дегенiмiз, таным логикасы мен сезiм логикасы - әлемнiң даму логикасының, бұл әлемге деген адамның көзқарасы мен қатынастарының объективтi бейнелерiн көрсетедi деген ұғым. Мазмұны мен формасы жағынан бөлектенгенiмен, таным да, түйсiну де объективтi дүниенiң субъективтiк бейнелерi болып табылады.

Сонымен, таным мен түйсiну – тұлғаның рухани дамуының бiр-бiрiмен байланысқан қырлары болып табылады. Ақыл-парасат дамуының дәрежесiнiң тұлғаның эмоционалды даму аясын кеңейтуiне тәрiздi, эмоция өзiнiң мотивациялық және эвристикалық қызметi кезiнде танымдық әрекеттi не қарқындатып, не тежейдi. И. Харди айтқандай, “…бастан кешкен қорқыныш сезiмi жалпы психикалық тежеушi бола тұра – сындық, логикалық ойлау әрекетiн де тежейдi”.

Психика санадан гөрi кең, ауқымды ұғым. Сана психиканың бiр бөлiгi. Психика жан-жануарларда да бар, бiрақ оларда сана жоқ. … Адам өмiрде болып жатқан сан қилы жағдайларды санамен ойлап жатпайды. Көп нәрсе жаттыққан, дағдыланған түрде жасалады.

Әрбiр адамның психикасында санасыздық (иррационалдық) әрекеттер бар, оның диапазоны кең. Адам әрбiр iсiн, қадамын ойлап, сана елегiнен өткiзiп жатпайды. Көп нәрсенi адам дағдылы әдiспен, ойламай-ақ дәлме-дәл жүргiзедi. Мұндайда кейде ойлап жатудың өзi де кедергiлiк жасайды… “Не iстеу керек?” деген сұрау туады. Бүгiнгi қайта құру процесi де, жаңаша ойлау дегенiмiз осындай өмiр талабын түсiнiп, ұғынғандықтан пайда болды. Бiрақ осындай өмiр талабына жауап беру үшiн көп бiлу, өмiрдi терең ұғыну қажет. Сөйтiп, сана – объективтiк дүниенiң адам миында пайда болған субъективтiк бейнесi, сәулесi. Бiрақ, ол жай бейне емес, творчестволық бейне. Ал санасыздықтың бала дамуына зиянды мысалы болып кейбiр педагогикалық тәжiрибесi мол мұғалiмнiң сезiм көнбестiгiне ұшырауы, яғни баланың қасiретiне деген белгiлi бiр көзқарастағы әдеттiлiк, таптаурын пайда болуы жатады. Мұндай эмоционалдық жағдаятты болжап, оңтайлы әрекет жасауға, яғни жалпы тәлiм-тәрбиеге кедергi келтiредi.

Жоғарыда көрсетiлген, сананың рационалды және эмоционалды арақатынастарының жалпы қағидалары, бiрқатар аса маңызды мәселелерiн ғылыми тұрғыдан шешуде үлкен мәнi бар. Ең алдымен, дара түрде сананың бұл түрлерi олардың күнделiктi өмiрiнде саналуан қисын, күш және маңызбен араласып iске асатынан әр педагог өзiнiң қызмет тәжiрибесiнде естен шығармағаны абзал. Бiздiң байқауымызша, салмақты мiнездi балалар (сангвиниктер мен флегматиктер) сананың рационалды және эмоционалды үйлесiмнiң салыстырмалы түрiн, немесе парасаттың салмақтылығын қалайды. Холериктер мен меланхоликтер логикалы естi iс-қимылдарын эмоцияларымен айқын түрде басып тастауларымен сипатталады. Сондықтан оқушылардың жасқаншақ, өзiне-өзi сенiмсiз, өкпешiл болуы осыған байланысты. Мұндай балалар орынсыз мұғалiм айтқан әрбiр сөзiн өзiнше түйiп, жан қысылуына тап болады.

Осыған орай педагогикалық этикадағы ең бiр қиын, ең бiр жауапты мәселе – тұлғааралық эмоционалды қарым-қатынас (коммуникация) мәселесi. Оқушының ерекшелiгiн ескерген қарым-қатынас, оған еркiн таңдау мен даму жолдарын ұсына бiледi. Педагогикалық этика мен элементарлы педагогикалық әдiстердi жетiк меңгеру – мамандық тұрғысынан оқушыларға дамытушы әсер ететiн психоэмоционалды және психоэстетикалы амалдарды зерттеп, қолдануға жол ашады. Қазiргi кезеңде бала жанына сауатты, “зиян келтiрмей” әсер етуге бiлiм беру жүйесiнде салғырттық байқалады. Мұғалiм мен оқушылардың арасындағы нақты рухани, соның iшiнде эмоционалды байланыс сауатты қарым-қатынастан басталады. Қарым-қатынасты бiлiктiлiкпен жасау – этикалық әрi танымдық шығармашылық жұмыс. Баланың жан дүниесiн түсiне отырып ұстаз оның жан-жақты даму жолын бiлуге ынталанып, соған сәйкес әрекет жасауға бағытталады. Оқушының мiнезiн, әуестiгiн, алыс-жақын мақсатын, көңiл-күйiн бiлу ұстазға баланы жеке тұлға ретiнде терең танып, оның жанына жайлы педагогикалық әсер етуге көмектеседi.

Эмоционалды және рационалды сананың өзара қатынасының бiр көрiнiсi – моралдық сананың қалыптасуы мен қызмет етуiнiң туындауы, педагогикалық психология мен этиканың мәселелрiне талдау жүргiзу үшiн, осы мәселелердегi рационалды және эмоционалды сананың арақатынастарының қаншалықты екендiгiне көңiл аударады. Объективтi шындық дегенiмiз, адам тәуелсiз, әрi тысқары жағдайда болып жатқан заттардың, процестердiң, құбылыстардың арақатынастары ғана емес, ол адамның қарым-қатынасынан туындайтын әлем. Өздiгiнен өмiр сүрiп жатқан бұл әлемдi, адам танып қана қоймай, оның адам қызметiндегi адам мен адамзат қоғамына әсер ететiн ролiн бағалайды. Ақиқат құбылыстарының – iзгiлiк пен зұлымдық, әсемдiк пен ұсқынсыздық тәрiздi түрлерi жеке тұлға, қоғамдық топ үшiн, адамгершiлiк пен эстетикалық сананың өзегi болып табылады.

Жеке тұлғаның басқа адамдармен арақатынасына және оның осымен байланысты адамгершiлiк реакциясына беретiн бағасы – эмоционалды өткiрлiгiмен сипатталады. Жеке тұлғаның моральдық санасының деңгейiнен алып қарағанда, белгiлi жағдаяттағы адамның көңiл-күйiнiң толқуы адамгершiлiктiк қатынастың ең маңыздысы болып саналады. Өзiнiң кез келген қылығына адамның адамгершiлiк тұрғыдан беретiн бағасы ретiнде оның ой елегiнен өткiзген көңiл толқулары жатады: өткенге ой жүгiртiп, болған iске объективтi түрде мән берiп, көңiл толқуларын тудырған моральдық сипаттардың маңызын анықтайды. Адамның нақты адамгершiлiк қабiлетiнiң реакциясынан, өзiндiк моральдың интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып, оның жанына зиян келтiрмей әсер етуге жетелейтiн жоғары деңгейдегi адамгершiлiк мәдениетi қалыптасады. Педагогтың кәсiби қызметiнде нақты адамгершiлiк реакциясын тудыратын қабiлет – педагогикалық парыздылық. Педагогикалық парыздылықта ұсақтық жоқ, ол кез келген қателiкке қатаң да, кешiрiмсiз, ол бала жүрегiн, жан дүниесiн жаралайтын шөгiрдi байқамай өтпейдi. Сондықтан ар мен тәртiптiлiк, кеңпейiлдiк пен iзгiлiк, тектiлiк пен ықылас, өнегелiлiк пен әдептiлiк тәрiздi баланың өмiрi мен денсаулығына, жан саулығына тiкелей әсер етушi қасиеттер мұғалiмдердiң мiнезiнде әрдайым болуы қажет. Мораль тұлғаның қоғамдағы бағыт-бағдарлануының ең икемдi тәсiлдерiн қарастырады. Оның көмегiмен адам өмiрдiң беймәлiм тұстарында әрекет ете алады. Тiптi рационалды бiлiм мен жинақталған тәжiрибе тұрғысынан алып қарағанның өзiнде, өмiрлiк жағдаяттардың қалай дамып өзгеретiнiн алдын ала болжаудың мүмкiндiгi болмаған жағдайда, мораль адамға нақтылы нысандарды ұсынады. Оларды таңдау кезiнде адамгершiлiк сезiм мен моральдық интуиицияның алатын ролi ерекше зор. Ал педагог қызметiнiң бiр ерекшелiгi – беймәлiм жағдаяттардың көбiнде. Көп күрделi жағдайларды шешуде педагогқа кәсiби тәжiрибесiнен басқа адамсүйгiштiк iзгiлiктi сезiмдерi де үлкен көмек көрсетедi. Бiрақ педагог тұлғасының санасы рационалды сана феноменiнiң қатынсуынсыз өркендемейдi. Жеке тұлғаның адамгершiлiгi қоғам жасақтаған адамгершiлiк нормалары мен талаптарын бiлмей қалыптаспайды және моральдық рефлексия мен өзiндiк рефлексияны шеттетпейдi. Сонымен педагогикалық кәсiп мағынасын ұстаздың қоғамдық функцияларының мақсаты мен мәселелрiн адамтану проблемаларын түсiнудегi рөлiн анықтайтын жоғары дамыған парыздылық санасы енедi. Педагогтың адамгершiлiк санасының рационалды мазмұны тек дербес мәнге ғана емес, сол сияқты педагогикалық қызметте айқындалатын эмоционалдық процестерге де әсер етедi. Бұл әсерлер барлық бағыттарда жүредi. Ең әуелi, бiрыңғай мақсаткерлiк пен моральдық санасының қалыптасу процесiнде рационалды бiлiм мен адамгершiлiк көңiл-күй әрқашанда қарым-қатынаста болады. Бұл күрделi процеске:



  • бiрiншiден, адамгершiлiк қатынастар тәжiрибесiнiң көңiл күй мен тәлiм-тәрбие беру саласындағы күнделiктi араластық кiредi. Осының салдарынан педагог тұлғасының санасының сана асты деңгейi қалыптасады;

  • екiншiден мұғалiмнiң өзiндiк адамгершiлiк санасы, қоғамдағы әр түрлi қолданыс тапқан нормалар мен ұстанымдарды рационалды түрде бiлуден қалыптасады. Iзгiлiк пен зұлымдық, әдiлеттiк пен әдiлетсiздiк, парыз, ар туралы бiлуi педагог қызметкерлердiң санасы мен мiнез-құлқында маңызды рол атқарады. Адамгершiлiк бiлiмнiң тереңдiгi мен кемелi әр педагогта әр түрлi болады.

  • Үшіншіден, тұлғаның жан-жақты дамуы ретінде білімнің сенімге айналуы болып табылады. Бұл процесс адамгершілік талаптарының және олардың өзіндік мәнін түйсіну қажеттілігін әрі қарай саралайтын құбылыс. Басқаша айтсақ, сендіру дегеніміз білім мен сезімнің қорытпасы. Педагог қызметінде қоғамдық моралдың нормалары мен ұстанымдарын білу педагог үшін өзіндік мәні бар маңызды қағида болып табылады. Педагогтың мінез-құлқының тұрақты қасиетінің бірі – сене және сендіре білу қасиеті. Педагогтың ішкі сенімінен, жүрек әмірінен туындайтын парыздылық сезімі, яғни этикалық нышаны оған баламен қарым-қатынас жасауына, оның көңіл-күйін түсініп, бар күшін соның тұлғалық дамуына жұмылдыруына көмектеседі.

  • Педагогикалық этика түсінігіне толықтырма болатын өткен ғасырлар ойшылдарының ақылдарын келтіре кетейік. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесін бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы, біздің жерлесіміз, әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт - әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілеті бар. Ол: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ой парасаты.Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде түгелдей жақсылық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін оңдап, дұрыс ілгері дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой парасатын оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже тудыратын дәрежеге көтеру. Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті.

Жоғарыда айтылғандарды бағамдай, қортындылай келе оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамтыу үшін жеке мұғалімдерге мынандай талаптар қойылады:

  • интеллект шыңына ұмтылу;

  • ғылым, техника жаңалықтарынан сауатты болу;

  • өз пәнiнiң аясында жоғары бiлiмдi, бiлiктi болу;

  • ғылыми-iзденiстiң тетiгiн игерiп, сол бағытта айтарлықтай жұмыс атқару;

  • оқушыларды ғылыми iзденiс-зерттеу жұмысына құлшындырып, елiктетiп, жетелеу;

  • кәсiби шеберлiгiн жүйелi түрде ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан жетiлдiру;

  • оқушының психологиясын жете бiлу;

  • кез-келген әсер етуде оқушылардың психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiн ескеру; әрбiр оқушының жүрегiне жол табуды мiндет санау; т.с.с.

Бұл қажеттiктердiң бәрiне жетелеушi күш бола алатын – бүкiл педагогтар қауымдастығының, жеке педагогикалық ұжымының, әрбiр мұғалiмнiң кемелденген парыздылық сана сезiмi, рухани байлығы.

Сонымен, Қазақстан мектебiнде бiлiм беру деңгейiн халықаралық дәрежеге жуықтату үшiн оны кәсiби парыздылылығы, кәсiби шеберлiгi дамыған, бiлiмдi де, бiлiктi кадрмен қамсыздандырып, өркениеттi ғылыми-әдiстемелiк бағытқа ынталандыру қажет.

Осы жолда тасадан тыс қалтырмай, көп көңiл бөлiнер мәселенiң бiрi: оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу және мұндағы мұғалiмнiң этикалық потенциалының рөлi.

Қоғам өмiрiнде, жасөспiрiмдi тәрбиелеу iсiндегi, кез келген маман даярлау iсiндегi бiлiм мен адамгершiлiктiң ара қатынасына байланысты пiкiрталас философтардың арасында көп уақыттан берi байқалады. Философтардың пiкiрлерi бойынша, адамгершiлiк деңгейi қашан да болса бiлiм деңгейiнен кенже қалып отырған, ал қазiргi кезде бұл ары қарай құлдырауда. Сонымен қатар, бiлiм мен адамгершiлiк арасында жiк бар, яғни бұлар бiр-бiрiне сәйкес келмейтiн категорияларға жатады деген пiкiр де өмiршеу. Әрине құрғақ бiлiм адамгершiлiк бiлiмнiң орнын толтыра алмайды. Жалпы қоғам дамуының философия тұрғысынан алғанда – ғылым мен мораль егiз.

Қазiргi кезеңде саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзелiс, ұлтаралық қатынастардың өзгеруi, адамгершiлiк құндылықтардың құлдырауы, дүние-мүлiк құндылығына көзқарас рухани байлықтан қаржы-қаражат, қарын толтыру байлығына ауытқуы, адал аңбекке деген ұмтылыстың бойында адамгершiлiк қасиетiн тәрбиелеуге ерекше назар аударуды талап етедi. Осы орайда, мұғалімнің беделіне ерекше тоқталғанды жөн көрдік

Көкiрегi ояу, көзi ашық, бiлiмдi жан әманда күштi. Жақсылығы жеке басынан артылып, әулетiне, айналасына, қоғамға шарапатын тигiзедi. Бiр кiсiлiк орны бар еңбеккер.

Десек те, сол еңбеккер өздiгiнен қалыптасқан жоқ. Сан түрлi тәрбие мектептерiнен өттi. Әрине, ондағы ата-ана тәлiмi – басты шарт. Ал бұл iске мұғалiмдердiң сiңiрген еңбегiн жоққа шығаруға, ұмытуға хақымыз жоқ. “Ұстаздық еткен жалықпас”. Арғы-бергi үрдiстерге көз салып қарасақ, тектi жұрт әрқашанда мұғалiмдi қадiрлеп, сыйлаған. Неге? Өйткенi, адам баласы рухани байлыққа жарымай тұрып, материалдық байлықты түбiрлi ұстап тұра алмақ емес екен. Атасынан кете туған бiлiмсiз бала – сор. Оның кесiрi отбасы тұрмақ, күллi көпке тиедi.

Өткен ғасыр басындағы қазақ зиялылары бала оқытуды ұлы iске балады, парыз санады. Олар елге қара таныту жолында аянған жоқ. Тiптi, сол заманның қалталы “бизнесмендерi” – маман байлар қаражатын мектеп үшiн жұмсағанын бәрiмiз бiлемiз. Бұл – ұлтының келешегiн ойлаудан туған қайраткерлiк тұжырым.

Сондықтан, қазақ арасында мұғалiм деген сөз қастерлi ұғым ретiнде қалыптасты. Жолы үлкен, оның орны төр деп есептелдi. Жас өсiп, жарлы байығандай халге жетсе де, тiзгiн ұстап, атқа мiнiп, айдарынан жел ессе де, ешкiм тәубасынан танған жоқ. Мұғалiмiн көргенде иiлiп жол бердi, жымиып қол бердi. “Анаңды арқалап жүрiп Меккеге жетi рет апарсаң да ақ сүтiнiң қарызын өтеу қиын” дегендей, мұғалiмнен алғанның да нарқын танып, қарымтасын қайтару оңай емес.

Сондықтан да “Мұғалiм бәрiнен қымбат, өйткенi мұғалiм – мектептiң жүрегi”, - дейдi Ы. Алтынсарин. “Мұғалiм – зор тұлға, ол күннiң құдiреттi сәулесi сияқты” – дейдi К.Д. Ушинский. “Мұғалiмге сенiм бiлдiрмесе, оқу игi жемiс бере алмайды”, - дейдi Д.И. Менделеев. Мұғалiм хақындағы мұндай аталы сөздiң жалғаса беруi бәрiмiзге де көп жайды аңғартса керек.

Тiптi елуiншi, алпысыншы жылдары мұғалiмнiң жұртшылық арасындағы беделi зор едi. Қарапайым әр оқытушыға ауыл тұрғындары үлгi тұта қарайтын. Барлық жағдайда олары ақылшы ретiнде бағалайтын. Мұндай құрметтi бiлген мұғалiмдер де шыққан биiктерiнен төмендемеуге тырысатын.

Институт бiтiргендерi некен-саяқ. Соған қарамастан зиялылығы басым. Ойлары орнықты, сөздерi сақпанның тасындай серпiндi. Бiз үшiн дүниедегi ең көп бiлетiн адамдар солар сияқтанатын. Тiптi бiр ағамыздың ұғымы нашар колхоз бастығының баласын үлгертпей, билiкке бас ұрмай, қасқайып тұрғаны әлi есiмізде. Есесiне, қолы қысқа шаруаның баласы мектептi медальмен бiтiрдi. Кейiн сол үздiк оқушы үлкен ғалымға айналды. “Жақсы мұғалiмдер жақсы оқушыларды жасайды” деген осы екен ғой.

Шерхан Мұртаза ағамыз Иранда бастауыш сынып мұғалiмiнiң айлығы бiздегi шенеунiктер айлығының неше есе көп екенiн айтып тамсанды. Дамыған, өркениеттi елдерде де бұл мәселе түбегейлi шешiмiн тапқан. Қанша жамандасақ та кешегi Кеңес өкiметi халыққа бiлiм берудi ерекше ескердi ғой. Мұғалiмдерге көптеген жеңiлдiктер жасады. Мұны айтып отырғанымыз, тәуелсiз ел жағдайында мұғалiм мен мектеп ажырағысыз тұлға ретiнде қарастырылғаны жөн сияқты.

Себебi, мұғалiм өз кәсiбiн шығармашылық жұмыс ретiнде сезiнгенде iс iлгерi басады. Ол – ертеңгi ғалымды, қайраткердi, ғарышкердi, жазушыны өсiрiп, жетiлдiрiп даярлайтын тұлға. Менiңше, ақпараты мол бүгiнгi жағдайда оған мүмкiндiк кең. Iзденсе, тынымсыз оқыса, адамнан адамның несi артық.

Сонымен қатар, шығармашылықпен алаңсыз айналысуға мұғалiмнiң жеке тұрмыстық жағдайы да керек. Ол да iске әсер етедi. Мұғалiм жарытып ақша алмаса, баспанадан тарықса, басқа жайларға алаңдай беретiнi анық. Осының өзi жергiлiктi әкiмдердiң мұғалiмге ерекше қарауының қажеттiгiн көрсетедi. Кешеден қалған кейбiр таптаурын түсiнiктер ендiгi жерде жарамсыз.

Мұғалiм беделiнiң төмендеп кеткенi жасырын да емес. Саралап көрсек, оның да түрлi себептерi бар сияқты.

Бiрiншiден, мұғалiмдiк қызметке деген қасаң көзқарас кешегi ғасырдың сексенiншi, тоқсаныншы жылдарында жазылмаған заңдай пайда болды. Бұл мамандық жастар үшiн өсуге, басқару iсiне араласуға жол ашпайтын тұйықталу сияқтанды. Басқару iсiне көбiне-көп ауыл шаруашылығы мамандары тартылды. Соның салдарынан, әсiресе, ер балалар, мұғалiмдiк кәсiптi таңдауды азайтты. Осының өзi оның ықпал, қауқарын бұрынғы деңгейден төмендетуге әсер еттi.

Ал шаруашылықтан келген мәртебелi басшылар ағарту саласының өзектi мәселелрiн терең бiлмегенi де даусыз. Басқаны былай қойғанда, олар өз баласының сабағына қатысып, оның жайымен танысу үшiн уақыт таппағанын қайтерсiз. Оны талай рет көрдiк. Мектепке бас сұқпағандар, мұғалiмнiң жай-күйiн сондайлық бiлiп отырды деуге аузымыз бармайды. Есесiне кеңесшiлерiнiң айтуымен ғана үстiрт құлақтанған олар, алыстан қарап әртүрлi нұсқаулар бердi, науқандық шараларды көбейттi, бұйрықтарын орындатты. Осы дағды әлi күнге толық жойылған жоқ.

Мұғалiмдiк әдептi қатаң сақтай алмайтын босбелбеулер де шықты. Ата-ана қонаққа шақырса, ол барып, оқушысының көзiнше тентек суды сылқитады. Есепсiз “өнер” көрсетедi. Емтихан жақындағанда, бұл үрдiс тiптi қарқын алады. Күнде думан, күнде той. Бара-бара дастарқан мектептiң iшiнде жайылатын болды.

“Алаған қолым береген”, “алмақтың да салмағы бар”. Содан барып “үздiк оқушы” “үздiк аттестат” қаптады. Ертеректе бiр ауданда кiлең беске бiтiретiндердiң саны мықтағанда екеу-үшеуден артылмайтын. Ендi ондайлардың қатары жүзге жетiп жығылатын болды. Ұсталмаған ұры емес. Кiмдi кiнәлайсың? Сол қаптаған “үздiк аттестаттардан” елге, қоғамға келiп жатқан тырнақтай пайда жоқ.

Мұғалiм беделiн көтерудегi шешушi тұлға мектеп директоры. Ол, ең алдымен, ағартушы, адамтанушы, әдiскер болуы шарт. Осындай талап орынбасарларына да қойылуы тиiс. Мәселен, кез келген уақытта тұра қалып сабақ өткiзiп, оның озық үлгiсiн басқаларға көрсетуi керек. Содан кейiн әрiптестерiмен әрқашан iлтипатты жағдайда қарым-қатынас жасағаны жөн.

Бәрiн десем күнә болар, кейбiр директорларымызда мұндай өрiстi түсiнiк аз. Мектеп басқару дегендi қарауындағыларды бiр шыбықпен айдау деп ұғады. Балалардың көзiнше мұғалiмдерге дүрсе қоя беретiндерi де бар. Өзiнiң қой емес, адам бағып жүргенiн байқамайды-ау, шiркiндер!

Сол сияқты, “ұлығы соқыр болса көзiн қысатындар” көп кой. Сабақ кезiнде баламен дөрекi сөйлесу, үйдегi келеңсiз әңгiмелердi осында әкелiп қоңырсыту, боқтампаздыққа салыну, сыпыра балағаттау тәрбиешiнiң қасиетiн кетiретiн әрекеттер екенiн ескере бермедiк. Мәселе, өзiм бiлетiн бiр мұғалiм болды. Бiлiмдарлығында, әдiскерлiгiнде шек жоқ. Бiр басында жетi өнер. Ең басты кемшiлiгi - әдептен жұрдай. Ерулiге – қарулы, ақыры, оны балалар да сыйлаудан қалды.

Ақиқатты қорғай алмаудан туындаған жосықсыздық. Бұра тарту. Баланың еңбегiн дұрыс таразыламай, оны көкпарға салудың сиықсыз қылығы. Айталық, бiр бала өзiнiң дайындығы және дарынының арқасында “бестiк” баға алады. Ал екiншi бала маңдайы терлемей-ақ оңай олжаны қанжығаға байлады. Әдiлетсiздiктi, теңгермешiлдiктi байқаған жас, жалпақ шешейлiкке салынып отырған мұғалiмiн қадiрлеп, құрметтейдi деп айта алмаймын.

Бiрде мынадай әңгiменi естiдiк: бiлiмi “үшке” әзер жететiн балаға “бестiк” қоясың деп мектеп директоры пән иесiне дiгерлеп отырыа алады. Себебi, жаңағы оқушының қалталы әкесi мектепке компьютер сыйлапты. Амал жоқ, солай болды. Бiрақ осы әрекеттi күллi оқушы қалай көредi деген сауалға салиқалы жауап iздеген ешкiм жоқ. Мәселенiң одан әрi қалай өрбитiнi түсiнiктi ғой.

Ортақ көрсеткiштердi көтерiп, көрiнiп қалуды немесе марапаттарға ие болуды мақсат тұтқандар “үздiк аттестаттар” санын көбейту үшiн алашапқын жүрiске кiрiседi. Мұнда да “бармақ басты, көз қысты” ойыны сценарий бойынша сәттi жүредi. Мектеп театрға, мұғалiм әртiске айналған соң не шара?

Мектеп өмiрiн бүге-шiгесiне дейiн этикалық қалыпқа бағындыратын заң немесе қағидалар жасап, соны басшылыққа алатын мезгiл жеттi ғой деймiн. Ешқашан да мұғалiм құқын аяқ асты етуге болмайды. Және мектептi басқа мекемемен, өндiрiс орындарымен салыстыруға келмейдi. Бiлiм ордасының өз ерекшелiктерi ұшан-теңiз. Бұл – жер бәрiнiң бастауы. Тұнықтық керек.

Олимпиада, конкурстарда, жарыстарда ақиқат пен әдiлет қатаң қорғалып, оған қатысқан балалардың көңiлiне қаяу түсiрмесе екен деймiн . Қазiргi кезде “ауылдастың тайы озсын” дегендей, әрбiр ата-ана баласы үшiн жүгiретiнi белгiлi. Ал осындай жүгiрiстiң арғы жағында “бармақ басты, көз қыстылар” да болмай қалмайды. Соның салдарынан баланың иеленуге тиiстi бағасы дұрыс қойылмай, бұра тартулар орын алады. Жас баланың меселi қайтуы мүмкiн. Оның мұғалiмге деген көзқарасының өзгеруi, оған деген құрметтiң азаюы кәдiк. Сондықтан оқушылар арасында өтетiн жарыстарға бақылауды күшейтiп, “қара қылды қақ жаратын” әдiлеттi орнықтырса деймiн. Әрбiр қорытынды жариялы, ашық жүрсе, тiптен жақсы.

Мәселен, әкесi мектепке компьютер сыйлаған бизнесменнiң баласы мiндеттi түрде жүлдегер болуы шарт емес шығар. Өкiнiшке қарай, кейде солай болып та жүр. Және бiр мысал, өткен жылдары мектепте өткен мүшәйрада өнер жұрт алдында анық асып тұрған жас қыз сүрiндi де кеттi. Көпшiлiк қап деп санын соқты. Сол кезде бiр ақын ағамыздың, ол қызға өз қалтасынан шығарып, жүлде бергенi бар. Қорыта айтқанда, мұғалiм жолының жiңiшкелiгi сол, ол барлың жерде ақиқатты қорғайтын тұлға болса екен деп армандаймын. Сонда ғана “iстегенiн iстемесе, айтқанын iсте” деген мақалдың мәнi өзгерер едi.

Қазіргі уақытта шетелдік тәжірибелерді бiздiң топыраққа аудандастырып жүрген жайдарда аз емес. Мына биiкке шықтым-ау деп тоқмейiлсiп отырғанын да көрмейсiң. “Қазаққа бей-жай болу жараспайды. Әлемдiк бәсекеге түсу арқылы кешегi алынбай қадған үлестердi түгендеуге мiндеттiмiз”, - дейдi олар. Тынымсыз дегенге ұшқалақ, сабырсыз деп қалмаңыздар. Нағыз мұғалiм деген атқа лайық маман иелерi көп. Бiлмегендi бiлдiруден шаршамайды. Ол кiсiлер жайында соншама жақсы лебiз бiлдiргенiме қарап, етіндері де баршылық.

Елiмiз, мектептерiмiз сондай жақсы адамдардан кенде емес. Сондайлардың бiразында марапаттай құжаттары да жоқ. Орден, медаль, мақтау қағаздарына тiрелiп тұрған не бар? Есесiне оларда мұғалiмдiк бедел бар. Кез келген оқушысы “менiң ұстазым” деп емiрене айта алады. Жауынгер жетекшiсiн командир“ деп атауға құқылы. Ал “әкем (батька)” деп айту үшiн жүрегi әмiр беру керек. Бiзде де сол, мұғалiмдiк – мамандығың, ұстаз атану шәкiртiнiң саған деген iлтипатына байланысты.

Мағынасы ортақ болғанмен мұғалiм және ұстаз деген сөздердi бөлiп қараймын. Кейде баспасөзде “бұл кiсi институтты биыл ғана бiтiрген жас ұстаз” деген сөйлемдер кездеседi. “Ұстаз” деген ұғымның ауқымы үлкен ғой. “Әл-Фараби – екiншi ұстаз” деймiз. Сонда осы сөздi мұғалiммен шатастырамыз ба? Бәрiне ой жүгiртiп, байыппен қараған жөн сияқты.

Мысалы, жасы алпысқа таянған бiр әрiптесiміз өз өмiрiнде ресми марапатқа ие болмапты. Бiрақ мұғалiмдiк қызметiне дән риза. Қалай дейсiз ғой. Шаруа қожалығының иесi атанған жiгiтке шөп жеткiзуiн өтiнiп барады. Ол iс орындалады. Нарық талабы бойынша, құрғақ рахметке қанағаттанатын кiм бар. Мұғалiм одан ақысының мөлшерiн сұрап, ақшасын төлеуге дайындалғанда, жаңағы жiгiт: “Әуре болмаңыз. Бiздiң елге капитализм он жерден орнаса да, сiзден ақша алмаймын Өз пәнiңiз бойынша сiз маған бойыма дарыған тиянақты бiлiм бердiңiз. Бiреуге ала, екiншiге құла қараған кезiңiздi тағы бiлмеймiн. Мен сiзден “бес” алдым. Және лайықты бағама өзiм сендiм. Шiркiн, барлық пән иесi тура осылай оқытқанда, кiм бiледi, мына шәкiртiңiз тым биiкке самғар ма едi? Сiз менiң мұғалiмім ғана емес, ұстазымсыз”, - деген екен.

Бұл қарапайым адамның қарапайым адамға берген боямасыз бағасы. Сонысымен қуанышқа бөлейдi. Кейде беделi асыру үшiн марапаттарға тым әуестенiп кететiн кезiмiз бар. Марапатты керексiз деуден аулақпын. Оның қол жеткiзген нақты нәтижеңе лайық болғаны қандай жақсы! Мәселен, бiр ғана ашық сабақты алайық. Соны өткiзу үшiн оқушыларды әуреге түсiретiн мұғалiм жоқ емес. Оны күнi бұрын дайындаған сценарий бойынша өткiзiп, көз алдайды. Осыдан адамға келетiн мадақтың құны қаншалық екенiн өз басым түсiне алмаймын Керiсiнше, кез келген сабағы ашық сабақтың дәрежесiнде өтетiн әрiптестерiм де бар. Көбiнесе, солар марапатсыз қалады. Ал оларға айтылған шәкiрт алғысы шындық. Жоғарыда айтылған оқиға соның бiр мысалы.

Талғардағы қазақ-түрiк лицейiндегі назарға шалынған екi баланың ерекше киiмi болды. Костюм, шалбарларының әдемiлiгi көз тартады. Себебiн сұрасақ былай екен: жаңағы екi бала республикалық олимпиадада жарыс жүлдегерi болып, лицейдiң даңқын шығарған. Сонда оқу орнының директоры оларға өз қаржысы есебiнен осы киiмдердi тiктiрген. Және оларға “Ал, балалар, сендер бiздiң аламан бәйгеде сөреге жеткен құлагер сияқты жүйрiктерiмiзсiңдер. Сондықтан жарқырап, ерекше боп жүргендердi қалаймын. Басқалар қызықсын. Қатарларына қосылсын. Лицейдi бiтiргенше осылайша киiну менiң есебiмнен болады да отырады. Бұл қатарға кiмдер қосылса, оған да арнайтын сыйым осындай”, - дептi. Таланттарға қамқорлық жасаған директордың беделi қалай аспандамайды.

Мектеп iсiне, оқу тәрбие жұмыстарына реформа жасап жатырмыз деймiз. Сол реформа нәтижесi мұғалiм беделiн көтеруге ықпалын тигiзсе нұр үстiне нұр. Бастамалар, iзденiстер, ең алдымен жас ұрпақтың тәуелсiз елiмiздiң шынайы қамқоршысы болып өсуiне, батыл, адал, жаңашыл болып ержетуiне жол ашуын қамтамасыз етуге тиiс қой. Бұл шараларды жүзеге асыру үшiн сан алуан шаралармен бiрге мұғалiм беделi де керек. Және өте керек. Осы тұрғыдан қарай алсақ, сөз жоқ, iсiмiз iлгерi басады.

Мұғалiмнiң әрбiр қадамы, оның әрбiр сөзi, қолданған тәсiлi оның еркiне тәуелсiз белгiлi бiр психологиялық мәнге толы және оқушылардың жүрегiнде, жан дүниесiнде соған сәйкес психологиялық резонанс тудырады. Сондықтан мұғалiмге өзiнiң оқу-тәрбиелiк әрекетiне психологиялық талдау, таразылау, таңдау жасау үшiн қажет болатын жалпы мағлұматтар мен дағдылардың игеру өте маңызды.

Педагогика қажеттi дағдылардың ең маңыздысы – психологиялық көрегендiк. Оны дамыту үшiн белгiлi бiр жағдайда оқушы қылығының динамикасын болжай бiлiп, жағымды жаққа өзгерте отырып, жағымсыз себептер мен әрекеттерден сақтап қалуға жағдай жасау шеберлiгiн меңгеруi қажет. Ал бұл үшiн оқушының сыртқы көрiнiсi арқылы iшкi жан дүниесiнен қажеттi “хабар” ала бiлу қабiлетi керек. Мысалы, психологтардың айтуы бойынша “iшкi шиеленiсушiлiктi психомоториканың бұзылуынан байқауға болады – дене қимылы тежелiп, басқару тетiгi қысылады. Мұндай жағдайға түскен кiсiнiң қимылдары өкпек, қисынсыз, орынсыз, қарастырылған жағдаятқа үйлеспей қалады”.

Көтерiңкi көңiл-күй есте сақтау процесiн арттыра түсiредi. Сезiмталдықты жады арқылы бұрынғы бастан кешкен уақиғалар мен соған байланысты ақпарат та есте берiк сақталады. Осыдан сезiм күйiмен ойлау сапасы арасындағы белгiлi бiр заңдылықтар байқалады: психологиялық комфортты жағдай танымдық мәселелердi шешуге мүмкiндiк туғызады. Ал психологиялық дискомфортты жағдай оның орындалуын тежейдi. Мейiрiмдi, көтерiңкi көңiл-күймен iстеген жұмыс қыза түседi. Психологтардың байқауы бойынша көтерiңкi көңiл-күй еңбек өнiмдiлiгiн арттыратын құдіреттi фактор болып табылады.

Кез келген кiсiнiң көңiл-күйiн бұзу оп-оңай, қалпына келтiру қиын. Мәселе бұл процестер мен адам көңiл-күйiнiң физиологиялық тетiгiнде. Жағымсыз күйлер организмнiң биохимиялық қорын “жейдi”. Ал жағымды эмоциялық күйдi қайта қалыптастыру үшiн сол ысырап болған биохимиялық қордың орнын төлеу қажет… Бұл үшiн уақыт керек! Сол уақыт iшiнде басқа адамдарға ызалы наразылықты, ашуды жұқтырудың тiзбектi реакциясы жедел өтiп жатады…

Жағымсыз эмоциялық күйлердi агрессивтi күйлер деуге болады: олар бiр адамнан екiншiге оңай ауысып көпке дейiн жоғалмайды. Сондықтан бiр кiсiнiң жұғымсыз күйi басқа кiсiлермен контактқа келген кезде тек қана оның iсi болып қалмайды.

Өзiнiң эмоциялық күйлерi мен сезiмдерiнде жауапкершiлiктiң мөлшерiн сезiнген адам бiрнеше есе күшейедi: ол құлдықтан босайды, өз сана-сезiмiне өзi қожа бола алады. Даналық қасиеттер пайда бола бастайды, ал өзiнiң сезiмiн, көңiл күйiн өзi басқара алмайтын кiсiге даналық жұқпайды. Сезiмталдықты жүгендей бiлу сезiм әрекетiн жүдетпейдi, не оның азаюына да себепкер бомлайды, ол керiсiнше, кез-келген психологиялық қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдес және сырттан келген жағымсыз әсерден қорғаушы болады.

Оқушы жанына зиян келтiрмей қарым-қатынас жасау, оңтайлы әсер ету үшiн мұғалiм осындай мәлiметтердi естен шығармауы қажет.

Сонымен педагогикалық этиканың талаптары бойынша оқушының денсаулығына, жансаулығына зиян келтiрмей әсер етiп, табиғатына үйлесiмдi жан-жақты дамуына жәрдемдесу үшiн мұғалiм оқушылардың психологиялық жағдайларын қажеттi күйге келтiру, бiлiмдi белсендi қабылдауға бағытталған белгiлi сезiмдiлiк қатынас туғызуды мiндеттенiп, сол бағытта өзiн-өзi жетiлдiруi қажет.

Осыған орай педагогикалық ғылымның қарқынды дамуына, әлеуметтiк ортаның бiлiм беру қызметiне сұраныс талаптарының жоғарлауына байланысты бiлiм беру саласындағы заңдылықтарға негiзделетiн, ресми нұсқаулар мен басқа да нормативтi құжаттарға сәйкестендiрiлген. Қосыша құжаттарды қарастыру заман талабы.

Педагогтың балаларға тәлiм-тәрбие беру ең алдымен оның жан-жақты да терең бiлiмдi болуын талап етедi. Мұғалiмнiң бiлiмi, сонымен қатар оның рухани дүниесi қазiргi адамзат озық мәдениетiнiң дәрежесiнде болуы керек. Бiлiмдiлiк пен мәдениеттiлiктi бiр-бiрiнен ажыратып қарауға болмайды. Бiлiмдi бомай, мәдениеттi болу қиын, ал әрбiр мәдениеттi адам бiлiмсiз болса, реалдық шындықта болып жатқан алуан түрлi құбылыстар мен өзгерiстердi терең түсiнбесе, ондай адам мәдениеттiң тек сыртқы көрiнiсiн меңгерiп, iшкi мазмұнынан тысқары қалуы мүмкiн. Мұғалiмнiң мәдениеттiлiгi тысқары қалуы мүмкiн. Мұғалiмнiң мәдениеттiлiгi оқушыларға зор әсерiн тигiзедi. Тәрбиеленушi, - деп көрсеттi А.С. Макаренко, - тәрбиешiден оның ойын, iшкi сезiмiн, рухани дүниесiн қабылдайды, бiрақ та олардың барлығын қабылдаған мезгiлде сiздiң iшкi сезiмiңiздi бiлгеннен емес, сiздi көргеннен, тыңдағаннан.

Мұғалiмнiң рухани дүниесiнiң құрамындағы ең негiзгiсi оның адамгершiлiк қасиетi, жоғары моральдық мiнез-құлқы болып табылады. Сондықтан да мәдениеттiлiк мұғалiмнiң сыртқы көрiнiсiнiң ұнамды, үйлесiмдi болуын ғана емес, сонымен қатар бiз мәдениеттi адам дегенде оның сыртқы киген киiмiне, тәртiбiне, адамдармен қатынас жасағандағы сыпайлығына - әрбiр жағдайға байланысты iске қосылатын қарым-қатынастардың лайықты жолдарын табуына мән беремiз. Бұл айтылғандардың бәрi де мұғалiм мәдениеттiлiгiнiң элементтерiне, олардың эстетикалық талғамдарына жатады. Олардың оқу-тәрбие жұмысында белгiлi қызмет ететiндiгi сөзсiз. Сондықтан да, республикамызда жұмыс iстеп жүрген көпшiлiк мұғалiмдер оқытушының сыртқы тәртiбiне, мәнерiне мән беру керек екендiгiн өте орынды қозғауда.

Мұғалiм қарапайым әрi мәдениеттi киiне бiлуге тиiс. Өмiрдiң қыры мен сырын әлi топшылай қоймаған, қызарғанға елiктегiш жеткiншек үшiн мода қуудың зияны сөзсiз. Оған елiктеген оқушының сабаққа ынтасы азайып, елден ерекше көрiнiп жүрудi қалайды. Тiптi, содан барып кейбiр оқушы мектеп формасын киюге намыстанады. Мектеп тәрбиесiнiң аясы тар. Менiң айтарым, әр ұстаз эстетикалық талапты алдымен өзiне, сонан кейiн оқушыларына қоя бiлгенi жөн.

Сондықтан да мектеп қабырғасында, мектептен тыс уақытта да мұғалiм өзiнiң жас ұрпаққа өнеге болуы керек екенiн, басқа адам болуы қажеттiгiн, әсте, естен шығармау керек. Мұғалiмнiң сырттай көрiнетiн киiну мәнерiнiң жүрiс-тұрысының, адамдарға қарым-қатынасының оқушылар үшiн тәрбиелiк мәнi зор.

Мұғалiмнiң рухани мәдениетiнiң мазмұны, оның iшкi жан дүниесiндегi моральдық қасиеттерiне байланысты. Шын мәнiсiнде балалар жұртшылыққа ең алдымен сүйкiмдiлiк деген не, оны қалай қалыптастыруға болады деген сұрақ қояды. Содан кейiнгi қызыға оқыған әдеби кiтаптар, оларда кездесетiн алуан түрлi кейiпкерлердi өмiрмен салыстыру – мiне, осының бәрi адамда белгiлi бiр адамгершiлiк мiнез-құлықты қалыптастырады.

Маман болу үшiн, мәселен, инженер болу үшiн, бiрнеше жыл жетедi, ал адам болу үшiн өмiр-бақи оқуға, үйренуге тура келедi. Өзiн-өзi тәрбиелеу өзiн-өзi танудан басталады. Әрине, адам өзiн-өзi тану үшiн, өзiн сырттан көру керек. Ал ол өте қиын. Бұған адамгершiлiк қасиеттiң шыңына жеткен белгiлi адамдардың өмiрiнен көп үйрену арқылы ғана жетуге болады. Олардың өмiрi, жанып тұрған шам-шырақ сияқты адам жүрегiнде берiк орын тебедi. Осыған қарап, адам өзiне-өзi сұрақ қояды, сен кiмсiң, неге қабiлеттiсiң, не үшiн өмiр сүресiң? Мiне, осыдан келiп адам жақсы болуға тырысады. Ал әдеби кiтаптардағы өте күрделi әлеуметтiк қақтығыстардың iшкi сырын әлi түсiнбей, ондағы кейiпкерлердiң жағымды немесе жағымсыз мiнездерiне, қасиеттерiне әлi де болса өз бетiмен терең талдауға қабiлетi аз жас бала адамгершiлiк қасиеттi, мәдениеттi ең алдымен өмiрдiң реалдық жағдайларында кездесетiн адамдардан әсiресе мұғалiмдерден қабылдайды. Бұл – мұғалiм жоғары моральды адам болуды мiндеттейдi. Егер де тәрбие дегенiмiз тәрбиеленушiнiң психологиясына үнемi белгiлi бiр системаға бағынған жағымды, ұнамды қасиеттердi қалыптастыру арқылы, оның бүкiл iшкi рухани дүниесiне әсер етуi болса, онда оқушыға ең тамаша адамгершiлiк қасиеттi сол адам ғана қалыптастыруы мүмкiн. Бұл үшiн сол адамның бойында осындай қасиеттер болуы шарт. Оқытушы деп осындай адамдарды айтамыз да, тек солардың ғана балаларды тәрбиелеуге моральдық правосы бар дей аламыз.

Мұғалiмнiң мәдениеттiлiгi мен адамгершiлiгiнiң тағы да бiр ерекшелiгi оқушы тәрбиенiң объектiсi және субъектiсi бола отыра, өзiн-өзi оқытушы арқылы ғана танитындығында. Н.А. Добролюбов “Мұғалiм – оқушы үшiн адамгершiлiктiң ең жоғары шыңына дейiн жетiлген үлгiсi, сондықтан да, жүрегiнде ұмытылмас iз қалдырады”, - деген болатын. Олай болса, мұғалiм оқушылардың көзiнше оларға ұнамсыз әсер ететiндей қылықтан аулақ болуға тиiстi. Оқушының өз мұғалiмiн жай адамдардан жоғары қойып, оның беделi арта түседi. Егер, мұғалiм ұқыпсыздықтың салдарынан өзiнiң оқушылар алдындағы беделiн түсiрiп алса, онда олар мұғалiмнiң айтқанын тыңдамай кетуi ықтимал. Мұны көпшiлiк мұғалiмдер жақсы түсiнедi.

Бұл мұғалiмнiң алдына өте күрделi талап қояды. Яғни ол өзiне-өзi әр уақытта да мән берiп, өзiнiң жүрiс-тұрысының, тәртiбiнiң оқушылар тарапынан әр уақытта да бақылауда екендiгiн сезулерi шарт. Сыртқы әсер, үлгi-өнегенi қабылдағыш балалар мұғалiмге үнемi назарларын аударады. Мұндай жағдайда мұғалiм оқушыларға әр уақытта да кiршiксiз таза, адал және әдiл болып, ұқыпты да бiр мiнездi болуды талап етедi. Педагогикалық этика балалардың түрлiше талаптарын орындау жолында әдiлеттiлiктi, шыншылдықты керек қылады. Жақсы мұғалiм балалардың мұндай кодексiне өте ұқыптылықпен қарайды, олардың жолдастық борыш, әдiлеттiлiк, шыншылдық жөнiндегi ұғымдарын бiлуге тырысып, сол тұрғыдан оларға әсер етедi. Егер де олардың ұғымдарында кемшiлiктер болса, оны өзiнiң ұстаздық ықпалы арқылы түзетуге тырысады.

Әрбiр мұғалiм өз оқушыларының алдында қадiрлi болуға талаптанады. Мұндай қадiрге ие болу үшiн, педагогтың оқушыға деген қатынасы әр кезде гуманистiк мазмұнда болуға тиiстi.

Балаларды сүймейтiн, олардың жан дүниесiн ұғынбаған адам жақсы мұғалiм бола алмайды. Олай болса, оқытушылардың мәдениеттiлiгi мен адамгершiлiгiнiң өзi балаға деген сүйiспеншiлiгi арқылы айқындалады.

Мұғалiмнiң балаларды сүюi оларға қойылатын қатаң талапты әлсiрету деп ұғынуға болмайды. Оқытушының оқушыға деген сүйiспеншiлiгi оқушыларды бiлудi, түсiнудi, әр түрлi жағдайларда даму ерекшелiктерiн аңғаруды қажет етедi. Бұл педагогтың ең негiзгi адамгершiлiк қасиетiнiң бiрi болып табылады.

Мұғалiмнiң балаларға деген сүйiспеншiлiгi сырттай қарағанда оларды тәрбиелеу мен оқытуға тiкелей байланысы жоқ сияқты болып көрiнгенмен, шындығында олай емес. Мұғалiмнiң салқындық бiлдiруiн жас буын тез аңғарады. Мұндай мұғалiмдi балалар iштей ұнатпайды. Ал балалар өз ұстазын жек көрген жерде нағыз тәрбиелiк ықпал болуы мүмкiн емес. Мұғалiм мен мектеп оқушыларының арасындағы қатынас бiр-бiрiн сыйлаушылық пен сүйiспеншiлiк негiзде құралмаса, бiлiм беру мен тәрбие iсi жемiстi болуы мүмкiн емес.

Мұғалiм мен оқушының арасында, сол сияқты мұғалiм мен педагогикалық ұжымының арасындағы шынайы адамгершiлiк қатынастардың орнауы әрбiр педагогтың бiлiмi мен мәдениеттiлiгiнiң даму сатысына байланысты. Шынында да, мұғалiм қызметiнiң ерекшелiгi оның рухани байлығын, асқан адмгершiлiгiн қажет етедi. Ол әр уақытта да творчестволық инициатива көрсетiп, тәлiм-тәрбие жұмысындағы формальдық әдiстердiң орын алуына жол бермеуге тиiстi. Қазiргi заманның өскелең талаптарына сай азаматтарды тәрбиелеу күрделi де жауапты, сонымен қатар творчестволықты қажет ететiн мiндет екендiгiн ешкiм де жоққа шығармайды. Педагог нағыз зерттеушi, творчестволық қабiлетi барынша жетiлген адам болуға тиiстi, өйткенi ұстаздық қызметтiң өзi басынан аяғына дейiн қандай да болмасын стандартқа төзбейтiн, творчестволық процесс. Мұғалiм әр уақытта, әр сағатта үйренуде, iзденуде болуы шарт. Сол сияқты мұғалiм музыкадан, әдебиеттен, өнерден хабардар болуға тиiс. Өзiн-өзi жетiлдiру, өзiнiң мәдени дәрежесiн үнемi ұлғайтудың мұғалiм еңбегi үшiн мәнi зор. Онсыз мұғалiмнiң балалар қауымы алдында жеткiлiктi моральдық беделi болмайды. Оқушылар мұғалiмдi шын көңiлмен сыйламайды, тек қана сырттай қадiр тұтады. Мұндай мұғалiмнiң рухани дүниесi балалар санасында елеулi iз қалдырмайды. Ал мұның өзi тәрбие жұмысындағы орны толмайтын олқылық болып есептеледi. Есею жолындағы жас буынның алуан қырлы қабiлеттерiнiң көптеген потенциалдық мүмкiндiктерi дер кезiнде ашылмай, оянбай, томаға-тұйық күйiнде қала бередi. Бұған ұстаз жауапты. Жас баланың рухани дүниесiндегi кейiннен жалын шашпақ ұшқынды таба бiлу мұғалiмнен мол мәдениеттiлiктi, нәзiк сезiмдiлiктi, бiлiмдiлiктi талап етедi.

Тынымсыз iздену, жаңалыққа жету мұғалiмнiң өзiне қызғылықты болып, ол осы сапарда ләззат алса ғана, өзiнiң алдына қойған мақсатына жете алады. Мiне, осыдан өте маңызды этикалық принцип келiп шығады, ол – мұғалiмнiң шәкiрт жан дүниесiн түсiну жолында кездесетiн қандай да болмасын қиындыққа төзiмдiлiгi, жастардың түбегейлi мүддесi мен алға қойған мақсатын, неге ұмтылатындығын бiлiп, сол үшiн аянбай қызмет жасау, олардың титтей де болсын белгiлi бiр iске бейiмджiлiгiн табу. Сөйтiп, балаларды оптимисше тани бiлiп, үнемi осыған баулу..

Әрине, мұғалiм психикасы мен бала рухани өмiрi арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылықтар бiр-бiрiне қайшы келмейдi, керiсiнше, бiрiн-бiрi толықтырады. Оқушы өмiрден алған тәжiрибесi жеткiлiксiз болуына байланысты және психикасының қалыптасу ерекшелiгiне қарай, көбiнесе өзiнен үлкен, көптi бiлетiн адамның яғни мұғалiмнiң жетегiнде болып, оның айтқанын ұғынуға тырысады. Ал мұның өзi мұғалiмнiң тәрбиелiк әдiстерi бала көңiлiне қонымды болғанда сәттi нәтиже беруi мүмкiн. Өмiрджен алған тәжiрибесi және бiлiмi бiркелкi мол мұғалiм өзiнiң қабiлеттiлiгiн оқушыларға үйрету, түсiндiру арқылы жеткiзуге тырысады. Ол үшiн мынадай үш маңызды қасиеттiң болуы қажет. Бiрiншiден, балаларға бiлiм беруге ынтазарлық, екiншiден, баланың психикасын жақсы түсiну, үшiншiден, керек жағдайда, баланың өзiне айналуға қабiлеттi, яғни баланың орнына өзiн-өзi айналуға қабiлеттi, яғни баланың орнына өзiн-өзi қоя бiлуi қажет. Мұны кеңестiк педагогика әдебиеттерiнде “педагогическое перевоплощение” деп аталған.

Бiлiм мен өзiнiң тәжiрибесiн оқушыларға беру жолындағы ынтазарлықты мұғалiмге тәрбие арқылы қалыптастыру өте қиын. Мұндай қасиет көбiнесе адамдардың қалыптасу және жетiлу ерекшелiктерiне тән. Кейбiр адамдарда өте ерте жастан бастап өз бiлiмiн басқа адамға беруге ынтазарлығы байқалады. Егер мұндай адамдар кейiннен педагогикалық жұмыспен шұғылданса, олардан жақсы мұғалiм шығуы мүмкiн.

Оқытушының психология саласында жеткiлiктi бiлiмi болуға тиiстi деген мәселе бiздiң педагогикалық әдебиеттерiмiзде бiркелкi шешiлген. Сондықтан да бұл – дәлелдеудi қажет етпейдi. Ал педагог қажеттi жағдайда өзiн-өзi оқушының орнына қоя алуға қабiлеттi ме деген мәселе тәрбие процесi және педагогтың кәсiптiк шеберлiгiне тiкелей байланысты болғанымен, әлi де шешiлмеген проблемалардың қатарына жатады. Мұғалiм қажеттi жағдайда артист сияқты баланың бейнесiне көше бiлуi керек деген пiкiрдi жоғарыда айттық. Сонымен бiрге, ол баланың толық сенiмiне ие болып, оның қатарласы ретiнде қалтықсыз сөйлесуге, сырласуға қабiлеттi болуы қажет.

Педагог жұмысы мен актер жұмысының арасында ұқсастық та, айырмашылық та бар. Баланың жан дүниесiн егжей-тегжейлi игеру нәтижесiнде онымен қатарлас ретiнде қатынас жасау әрбiр мұғалiмнiң қолынан келмейдi.

Шын педагог өзiнiң эстетикалық сезiмi жағынан әр кезде де өте сүйкiмдi болмақ. Керек жағдайда ол өзiнiң көңiлсiз күйiн жасырып, қуанышты, жайдары мiнез-құлықты көрсетуге қабiлеттi болуы керек.

Шындығында да, сыртқы көрiнiс адамның iшкi мәнiне көбiнесе сәйкес келмейдi, сондықтан да мектеп оқушылары да мұғалiмнiң жасанды эмоциясына алдануы әбден мүмкiн. Демек, тәрбиелiк ситуация қажет ететiн жағдайда мұғалiмнiң артист әреукетiне ұқсас қимыл жасауы педагог этикасы тұрғысынан қарағанда пайдалы да орынды.

“Тәрбиешi өзiн-өзi дұрыс ұстай бiлуге тиiстi, - деп жазды А.С. Макаренко, - ол өзiнiң әрбiр қозғалысының тәрбиелiк роль атқаратындығын және нақтылы жағдай ненi қажет ететiнiн немесе ненi қажет етпейтiнiн бiлуi шарт”. Мұны iске асыру үшiн мұғалiмнiң шеберлiгi жоғары дәрежеде болуы қажет. Мұғалiмнiң қандай да болмасын жағдайда баланың iшкi дүниесiн түсiнiп, дүниедегi құбылыстарды бала тұрғысынан қарауға қабiлеттiлiгi оның маңызды моральдық сапасының бiрi болып табылады. Ол мұғалiмге балалардың iшкi сезiмiне әсер етуге мүмкiндiк бередi, оның өзi жасөспiрiмнiң рухани дүниесiнiң қалыптасуына және ой өрiсiнiң дамуына ойдағыдай жағдай жасайды.

Ал шындығында, iшкi сезiмдi тәрбиелемей жаңа адамды қалыптастыру өте қиын. Педагог этикасы мұғалiм өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн үнемi жетiлдiрiп отыруы негiзгi мiндет екендiгiн атап көрсетедi, сонымен қатар ұстаз өз сезiмiн мейiрiмдi, қайырымды болу бағытында тәрбиелеу қажеттiгiне көп көңiл бөледi. Мұндай сезiмдi мұғалiм оқушыда да қалыптастыруы шарт. Мұғалiм баланың жан дүниесiндегi игi қасиеттердi барынша жетiлдiрiп, оның өмiрде тек жақсыны, болашақ жарқын арманды iске асыруға, сөйтiп өмiрдегi бүкiл ұнамсыз, жағымсыз нәрселерден өзiн аулақ ұстауға тәрбиелейдi.

Сабақ беру процесiнiң өзi мұғалiмге оқушыларды сол пәндi түсiнуге, жақсы көруге үйретiп қоюмен шектелмейдi. Бiрақ мұның бәрiн iске асыру үшiн белгiлi бiр жағдайлар керек. Атап айтқанда, мұғалiм оқушының эмоциясына, көңiл күйiне күштi әсер етiп, оларды жiгерлендiредi.

Барлық жастағы оқушыларға, мұғалiмнiң аз да болса көңiл күйiнде, эмоциясында болған өзгерiстер бiрден өзiнiң әсерiн тигiзiп, кейбiр жағдайда мұндай өзгерiстер оқушылардың оқу қабiлеттiлiгiне ғана емес, тiптi оның бүкiл өмiрiне ықпал жасайды. Мұғалiмнiң оқушымен сөйлескенде дөрекiлiгi, ұрсып-зекiруi, ызғарлы ашуы баланың нерв жүйесiне елеулi зақым келтiредi. Психологтардың оқытушыдан сабаққа әзiрлену барысында “сабақ процесiндегi тәртiбiне, эмоциясына” мән берулерiн талап етуi кездейсоқ нәрсе емес, өте орынды. Мiне, мұның бәрi педагогтың жоғары моральдық қасиеттердi, шынайы адамгершiлiк мiнез-құлықты, қоғам алдында тұрған өз мiндетiн дұрыс түсiнушiлiктi ең негiзгi мәселелердiң бiрi етiп қойып отыр.

Мұғалiмдiк қызмет атқару – озық ғылым мен мәдениеттiң жетiстiктерiн жас буынның санасына жеткiзу жолында жан аямай жұмыс iстейтiн қоғам қайраткерi болу деген сөз. Оқу бағдарламасында қамтылған материалдармен ғана шектелiп қоймай, балаларды ғылымның ең соңғы жаңалықтарымен таныстырып отыру мұғалiмнiң ең маңызды азаматтық борышы деп жоғарыда айтылған. Осындай қоғамдық мүдденi дұрыс түсiнiп, оны iске асыру жолында қажырлы қызмет ету мұғалiм санасының қазiргi мәдени дамудың талабына сай екендiгiн көрсетедi.

Педагог этикасы оқытушылар ұжымының және әрбiр мұғалiмнiң қоғамға (таптық қоғамдарда өз табына) қатынасын белгiлейтiн болғандықтан, бұл қатынастардың моральдық жақтары, ең алдымен, мұғалiмнiң қоғамдық мiндетi және намысы мен абыройы арқылы көзге түседi.

Барлық мамандықтарды мораль мәселесiне қатынасын, мазмұнына, түрiне қарай екiге бөлуге болады. Бiрiншiсiне кәсiптiң объектiсi адамдар болатын қызметтер (мәселен, дәрiгер мен мұғалiмдер), екiншiсiне белгiлi бiр мамандықтағы адамдардың қоғамының материалдық игiлiктерiн өндiру саласында да адамдар арасында моральдық мазмұны бар қатынастар болады. Бiрақ бұл саладағы мораль туралы ұғымдардың мәнi өзгеше. Мұғалiмдiк қызметте моральдық сананы қалыптастыру негiзгi мiндеттердiң бiрi, ал өндiрiстiк қызметте адамдардың рухани дүниесiн жетiлдiру iсi негiзгi жұмыстан туынды және оның мазмұнына бағынып отырады.

Өз мамандығын терең меңгеру арқылы қоғам алдындағы мiндетiн түсiнiп, оны iске асыру барысында белгiлi бiр кәсiптiң өкiлi қоғамдық жалпы мүдденi орындауға өзiндiк үлесiн қосады.

Педагог этикасында ең күрделi мәселенiң бiрi – қызмет барысындағы қоғамдық мiндеттi дұрыс атқару маңызды роль атқарады. Кәсiптiк мiндет жұмыс бабындағы негiзгi талаптарды орындаумен қатар, басқа да қоғамдық тапсырмаларды қамтиды. Ол мiндеттер көбiнесе адамдардың моральдық жауапкершiлiгiн түсiнулерiмен тығыз байланысты. Кәсiптiк мiндеттi атқару iсiн тар көлемде, тек осы мамандық шеңберiнде ұғыну мүлдем жеткiлiксiз. Қандай да болмасын кәсiптiң өкiлi өзiн ең алдымен қоғам қайраткерi екендiгiн, оның еңбегi жалпы қоғамдық мүдденiң белгiлi бiр функциясын орындауға арналатындығын есте сақтауы керек. Кәсiптiк мiндеттi тек қызмет барысындағы мiндет деп қараушылық кеңiнен дамыған. Оның ең басты себебi адамдардың еңбек нәтижесiнен шыққан қорытындыны өздерi пайдаланбай, бөтен адамдардың, атап айтқанда, үстемдiк етушi таптың мүдделерiне пайдалануының нәтижесiнен болады.

Кәсiптiк мiндет деген ұғым мен мамандық намыс және абырой деген ұғымдар тығыз байланысты. Бұл этикалық категориялар арқылы белгiлi бiр мамандықта жұмыс iстейтiн адамдардың қоғам, ұжым алдындағы намысы мен абыройдың қалай анықталатыны белгiленедi. Сонымен қатар, бұл ұғымдар арқылы мамандық қоғам, ұжым алдында өзiнiң жеке абыройын сақтау үшiн күресi қажеттiгiн, сөйтiп өз мамандығының қоғам алдындағы мiндетiн терең түсiну керектiгiн бiлдiредi. Сонымен, бұл ұғым мұғалiм еңбегiн кәсiптiк мораль тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк бередi, сондықтан да кәсiптiк намыс пен абыройды түсiну және оның мәнiн сезiну адамдардың iс-әрекетiнiң iшкi түрткiсi қызметiн атқарады.

Педагог абыройы әр түрлi моральдық сапа арқылы анықталады. Солардың iшiнде ең негiзгi орын алатындары педагогтың жақсы маман болуы, сабақ беру әдiсiн терең меңгеру, оның адамгершiлiк қасиетiнiң жоғарылығы, халық алдындағы беделiнiң болуы т.б. яғни сол өзi таңдап алған мамандығына лайықты болуы жатады. Бұлардың iшiнде, педагогтың абыройын көтеруде ең негiзгi рөл атқаратыны өз мамандығын терең меңгерiп, сол мамандықтың майталман шеберi болуы. Әр уақытта да iскер болуға ұмтылу педагог абыройының ең негiзгi компонентi. Бұған қарап мұғалiмнiң абыройы педагогикалық этиканың түпкi мақсаты деп түсiнбеу керек. Өйткенi, өз мамандығын терең меңгеруге талпыну кейбiр жағдайда моральдық сана-сезiмiнiң жоғарылығының, қоғам алдындағы борышты терең түсiнгендiгiнiң нәтижесiнен емес, жеке бастың мүддесiн көздегендiктен iске асуы мүмкiн. Сондықтан да оқытушының абыройы және сол абыройды сақтау жолындағы оның iс-әрекетi әрқашан да мұғалiмнiң қимылының iшкi түрткiсi арқылы, қандай мақсатты көздеп қимыл жасағанына байланысты көрiнiп отырады. Бұл жерден педагогтың абыройын оның борышынан бөлiп алып қарауға болмайтындығын көремiз.

Өзiнiң оқытушылық мамандығын терең меңгеру жолындағы ерiктiлiк, мұғалiмнiң бағалы творчестволық бастамаларын қоғам тарапынан қолдап отыру – мiне, мұның барлығы оқытушының абыройы мен намысын өзiне тәуелдi етедi, тек өзi талпынып, болашақ ұрпақтарды тәрбиелеуде кездесетiн қиындықтарды жеңiп, бiлiм дүниесiнiң мұхитына белiн бекем байлап түскен адам ғана шын намысын сақтап, өте жоғары абыройға ие болады. Мұның өзi мұғалiм абыройының моральдық қозғаушы күшi ретiнде оның еңбекке деген ынтазарлығын көтеруге ықпалын тигiзетiндiгiн көрсетедi.

Республика өмiрiндегi жүздеген, мыңдаған оқытушыларымыздың өздерiнiң қоғам алдындағы мiндеттерiн терең түсiнулерi, сол жолдағы қажырлы еңбектерi бұған толық дәлел бола алады.

Бұл зор сенiм педагогқа өте жоғары талап қояды. Мiне, сондықтан да өз шеберлiгiн арттыру мұғалiмнiң алдында тұрған негiзгi мiндет. Бiрақ та кеңес педагогы өз шеберлiгiн арттыруымен шектелмейдi, сонымен қатар өзiнiң жолдастарына көмектеседi, сөйтiп, жұмыс iстейтiн ұжымының жаңа жетiстiктерге жетуi жолында күреседi. Бұл ретте де мұғалiмнiң абыройының атқаратын рөлі орасан зор екендiгiн көруге болады.

Педагог кадрларының тұлғасына тән ең негiзгi қасиеттiң бiрi интеллигенттiк. Жалпы интеллигенттiк дегенiмiз не? Бұл ұғымның мазмұнын, оны мұғалiмдердiң қалай түсiнетiндiгiн анықтау үшiн бiз кейбiр мұғалiмдер арасында анкет таратқанбыз. Көптеген мұғалiмдер жауаптарында негiзiнен интеллигенттiлiк деген ұғымға мынадай мағына белгiлендi. Интеллигент болу үшiн қажеттi қасиеттер: саяси белсендiлiк, жан-жақты бiлiмдi болу, өз мамандығын терең меңгеру, еңбек мәдениетi, еңбекке деген творчестволық қарым-қатынастың болуы, искусствоны бiлу және оның терең мағынасын түсiну, адамдарға деген көзқарастың дұрыстығы, өз басының ар-намысын сақтай бiлуi.

Ескерте кететiн нәрсе, интеллигент адам дегенiмiз бұл жай қиялмен ғана белгiлi бiр принциптер жасап отыратын кабинет адамдарды емес, керiсiнше, ол қиялдың өзiн өмiр туғызып, миллиондаған адамдардың күнделiктi практикалық қызметiмен бiте қайнасып, әрбiр жеке адамның мақсаттарына сәйкес келулерi қажет.

Мiне, осындай яғни өзiнiң жеке мақсатын қоғамдық мiндетпен саналы түрде ұштастыра бiлетiн адамдар мектепте алған тәрбиеге байланысты қалыптасып, кейiннен адамның мiнез-құлқына, адамгершiлiк қасиетiне айналады. Ондай адамдар тек өздерiнiң тар көлемдегi мамандықтарын бiлумен ғана шектелмейміз, өз айналасына басқа адамдарды да топтастырып, жұмыстан бос уақыттарында түрлiше мәдени жұмыстар ұйымдастырумен шұғылданады. Ондай адамдар дүние жүзiлiк мәдениеттi, әдебиеттi, музыканы бiлiп қана қоймай, оларды басқа адамдардың да меңгеруi үшiн өзiнiң күшiн аямай жұмсауға ат салысып, күреседi, сөйтiп, өз айналасында мәдени ошақ ұйымдастырады.

Бiрақ өмiрде кейбiр жағдайда керiсiнше де жағдайлар кездеседi. Өндiрiс орындарында ондаған жоғары дәрежелi бiлiмi бар адамдар бола тұрса да, халықаралық жағдай туралы немесе басқа да тақырыптарға лекция, семинар жүргiзетiн адамдардың саны кейбiр реттерде әлi де өте аз. Мұндай жағдайда ұжымда интеллигент адамдардың барлығы байқалмайды. Кейде дипломы бар адамдардың өздерi де, өз мамандығынан басқа ештеңенi бiлуге тырыспайды. Бұның өзi, шындығында, адамдардың бiр жақты дамуына әкелiп соғады.

Қазiргi кезде жоғары оқу орындарының алдына қойған ең негiзгi мақсаттары – студенттерге өзi таңдап алған мамандықтан терең бiлiм беру. Сондықтан да, олардың алған дипломдары осы талапқа негiзiнен алғанда, сәйкес келедi. Бiрақ олардың дипломынан олардың жалпы мәдениетiнiң дәрежесiнен, адамгершiлiк қасиеттерiнiң сипатын аңғару қиын. Оның үстiне кейбiр оқытушылар болашақ мамандардың жалпы мәдениетiнiң дамуын мойындай отыра, оны iске асыруда көп еңбек сiңiрмейдi: ал, шындығында, бiлiм мен тәрбие бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Оларды бiрiнен бiрiн бөлiп қарауға болмайды. Ал бұл кемшiлiктердi жою жолында сабақтың, әсiресе, қоғамдық пәндердiң идеялық, теориялық жақтарының дәрежелерiн биiк деңгейге көтеру iсi әлi де болса жеткiлiксiз. Сондықтан да, жас мамандар бiлiмдерiнiң терең болуына мән бере отыра, олардың шын мәнiсiнде интеллигент болуларына да жеткiлiктi көңiл бөлген жөн. Жоғары оқу орнын бiтiрушiлер тек белгiлi бiр мамандықтың ғана иесi емес, өндiрiс орындарының, түрлiше еңбек ұжымдарының тәрбиешiлерi, басшылары. Мәдени дәрежесi төмен деңгейдегi маман шын мәнiндегi маман болып есептелмейдi. Сол сияқты, жас маманның iскерлiгi, жұмыста нәтижелiлiгi де оның жалпы мәдениетiне байланысты. Мәдениетi жоғары дәрежедегi адам өзiнiң қызметiнен лайықты моральдық қанағат алады, нағыз еңбектiң қуанышы мен бақытына бөленедi. Бұл жөнiнде А.С. Макаренко былай деген болатын: “Адамды бақытты болуға үйретуге болмайды, ал оны бақытты болатындай етiп тәрбиелеуге болады”.

Халық алдындағы моральдық жауапкершiлiктi түсiну педагогтың жұмысын мазмұнды етiп, оны белгiлi бiр күрделi мақсатқа бағындыруға жол ашады. Сонымен қатар кеңес адамдарының мұғалiмнiң қызметiн жоғары бағалап, оны қадiрлеуi оқытушылардың өз жұмысынан моральдық қанағат алып, жас ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа жолдар мен әдiстердi iздестiрулерiне, сөйтiп, өз жұмыстарында творчестволық жетiстiктерге жетулерiне мүмкiндiк бередi.

Мiне, сондықтан жаңалық ашу, творчестволық белсендiлiк, бiлiм берудiң алуан түрлi тәсiлдерi мен әдiстерiн iздестiру, тәрбиелеу ықпалының терең әсер етуi үшiн күресу көптеген мұғалiмдерге тән қасиет.

Педагогтың қызметi идеясымен рухтандырылған, сондықтан да оқытушының моральдық тұлғасының ең негiзгi белгiсiнiң бiрi жұмыста немесе тұрмыста тамаша үлгiсiн көрсету, ал қызмет етудi терең түсiнiп, оны өзiнiң арманына айналдыру жоғары саналылық пен дүниеге ғылыми көзқарастың ажыратылмас бiрлiгi арқылы көзге түседi.

Жас буынның моральдық жағынан дамуы көп мәселелердi қамтиды. Қоғам мүшелерiнiң рухани тiршiлiгiнде моральдық көзқарастардың қалыптасып жетiлуi – мейлiнше көп салалы, құрылымы жағынан әр қилы процесс. Бұл мәселенiң қиындығы моральдық сананың ең түпкiлiктi өзегi – қоғамның материалдық тұрмысы болғанымен, оның қалыптасу заңдылықтарының бiршама дербестiгiнде. Моральдық сана қоғамдық қатынастардың рухани бейнесi бола тұра, тек оның өзiне ғана тән ерекше заңдылықтардың әрекетi арқылы дамиды. Сонымен қатар мораль қоғам санасының басқа түрлерiмен (философия, құқық, искусство, ғылым т.б.) тығыз байланысты, моральдық сана әрқашанда олардың әсерiнде болады. Адамның моральдық ұғымдары мен принциптерi қоғамдық тұрмыста кiршiксiз таза күйiнде кездеспейдi. Ол жоғарыда айтылған көптеген қоғамдық құбылыстармен ұштасып, бiрлесiп, бiте қайнасып жатады. Мiне, сондықтан да балаларға моральдық тәрбие беру iсi белгiлi бiр этикалық шаралар қолданумен тынбайды. Бұл мiндет оқу-тәрбие жұмысының бiртұтас жүйесi арқылы iске асырылады. Бұл жұмыста ұстаздық үлгi-өнегенiң, мұғалiмнiң дүниеге көзқарасының атқаратын рөлi мейлiнше зор.

Моральдық құбылыстар қоғам дамуының бүкiл тарихында қалыптасып, осы процесте үнемi жетiлiп, өзгерiп, жаңа мазмұнға бөленiп отырады. Ал қоғамдық тұрмыста өмiрге жаңа келген буындар олардан бұрын жасалған моральдық мұраларға кездеседi. Осы рухани мұраны меңгеру олардың моральдық тұлға ретiнде қалыптасуының қажеттi алғы шарты. Материалдық игiлiктермен қатар осы рухани байлықтар – жаңа буынның сана-сезiмi қалыптасуының қажеттi рухани қоры. Жаңа қоғамның мүшелерi осы рухани мұраларды өздерiнiң қалыптасу жолында белгiлi дәрежеде пайдаланады. Алайда, ескi моральдық мұраның әсерiн бiр жақты түсiнуге болмайды. Олар белгiлi бiр материалдық тұрмыстың туындысы болғандықтан, қоғам өмiрiнiң қазiргi әлеуметтiк сипатына сәйкес болмауы мүмкiн. Демек моральдық құндылықтармен қатар өмiр сүредi.

Моральдық сананың даму заңдылықтары қоғамның әлеуметтiк құрылымына байланысты. Мүдделерi бiтiспейтiн, бiрiне-бiрi қарама-қарсы таптарға бөлiнген қоғамда моральдық сана қажеттi түрде таптық сипат алады. Белгiлi моральдық нормалар мен принциптер өндiрiстiк тұрмыста әр түрлi орын алатын жеке таптардың материалдық мүдделерiн моральдық қағидалар арқылы қорғайды. Сонымен қатар әрбiр таптық моральда жалпы адамзаттық қағидалар болуы мүмкiн. Жалпы адамзаттық мораль әлеуметтiк даму сатысының нақтылы дәрежесiндегi қоғамға қызмет етедi. Әлеуметтiк тұрмыстың туындысы бола тұра мораль осы қоғам құрылысындағы адамдар санасына әсер етедi. Бұл әсер өздiгiнен болуы мүмкiн емес. Оны жүзеге асыру үшiн әлеуметтiк болмыстың әр саласында еңбек ететiн немесе тәрбиеленетiн адамдар қоғамдық мораль туралы жүйелi бiлiм алуы қажет. Бұл мiндет оқу-тәрбие жүйесi арқылы iске асырылады. Осы жүйеде мұғалiмдер қауымы жетекшi орын алады.

Этика ғылымында ең негiзгi проблемалардың бiрi – жалпы мүдде мен жеке мүдденiң арақатынасы. Осылардың өзара байланысы мен өзара тәуелдiлiгi жеке адамның санасында, оның iс-әрекеттерiнде моральдық сезiм, ар, ұят, борыш туралы ұғымдар туғызады.

Педагогтық этика мұғалiмге кәсiптiк мораль туралы бiлiм берудi көздейдi. Осыған орай мектептегi шешушi тұлға – мұғалiмнiң моральдық дайындығы мен мәдениетi қазiргi кезеңде қандай дәрежеде болуы керектiгiн анықтау, оның мазмұны мен ерекшелiктерiн талдау – педагог этикасын алдында тұрған аса маңызды мiндеттердiң бiрi.

Мұғалiмнiң, сол сияқты басқа мамандардың, кәсiптiк этикасы қалыптасуының объективтi негiзi – еңбектiң табиғи-тарихи бөлшектенуiнде дедiк. Ал бұл әлеуметтiк құбылыс бiздiң елiмiзде барған сайын дами түсуде. Еңбек түрлерiнiң бөлшектене түсуiне байланысты мамандықтар саны да көбейе түседi. Сөйтiп, белгiлi бiр салада нәтижелi қызмет ету үшiн осы кәсiптiң өкiлi өз мамандығын толық және терең меңгеруi қажет. Өйткенi қандай да болмасын мамандықтың халықты тәрбиелеуге тiкелей немесе жанама қатынасы бар екендiгi даусыз. Бұл қағиданың әсiресе педагог мамандығына қатысы орасан зор. Әрбiр кәсiптiң моральдық жағы бар. Осының негiзiнде педагогтың, дәрiгердiң т.с. мамандықтардың кәсiптiк этикалары қалыптасады. Жалпы кәсiптiк этика адамдардың мамандықтарына, олардың қоғамда алатын орнына, қызмет ерекшелiктерiне, әлеуметтiк айырмашылықтарына, өскен және өмiр сүретiн ортасының өзгешелiктерiне байланысты қалыптасады. Алайда, бiздiң қоғамымыздың әлеуметтiк, экономикалық, саяси идеологиялық, рухани негiзi бiр болғандықтан, түрлi мамандықта жұмыс iстейтiн адамдардың мақсаты мен, мұраттары да бiрдей. Түрлi мамандықта жұмыс iстейтiн адамдардың моральдық тұлғасының арасында бiтiспейтiн қарама-қайшылық жоқ.

Кәсiптiк этиканың iшiнде педагогтық этика дербес орын алады.

Осы жауапты да құрметтi сенiмдi атқаруда педагог кадрларымыздың алдында күрделi мiндеттер тұр. Мұғалiмдерге деген бүгiнгi талап өте жоғары. Олардың бiлiмi, оқытушылық әдiсi, жеке бастарының рухани және моральдық бейнесi болашақ ұрпақтардың жан-жақты дамуына тiкелей әсер етедi. Бұл арада мұғалiмдердiң жеке басы моральдық тұлғасының, олардың мiнез-құлықтары мен тәртiптерiнiң, оқушылар мен жұртшылыққа тигiзетiн тәрбиелiк ықпалын зор екендiгiн естен шығармауымыз керек.

Мектеп жеке адамның жан-жақты дамуының негiзiн қалайды. Ал мектепте ең негiзгi тұлға – мұғалiм. Олардың бiлiмiне, педагогтық шеберлiгiне, жұмысқа деген сүйiспеншiлiгiне байланысты бiздiң болашақ жастарымыздың бiлiмге, еңбекке деген қабiлетi, рухани және моральдық қасиеттерi жетiледi. Олай болса, мектептiң негiзгi мақсаты – балаларға бiлiм берумен қатар, олардың дүниеге деген көзқарасын, кiршiксiз таза адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастыру, сөйтiп, жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Ұстаздардың бiлiмдiлiгi жастардың моральдық қасиеттерiн өзiнен-өзi қалыптастыра алмайды. Адам бiлiмдi болуы мүмкiн, бiрақ оның мiнез-құлқы, адамгершiлiк қасиетi кейбiр жағдайларда оның бiлiмiне қайшы келуi де ықтимал. Өмiрде кейбiр бiлiмдi адамдар арасынан моральдың нормалары мен принциптерiне қайшы келетiн, сөзi мен iсiнiң арасында алшақтық бар адамдар да кездесiп отырады. Оның себебi алған бiлiм адамның жан дүниесiне, iшкi сезiмiне айналмағандығында. Әрине, терең бiлiмдi болу, өмiрдiң, сыртқы дүниенiң және қоғам дамуының заңдылықтарын түсiну мұғалiмнiң әлеуметтiк құндылығын арттыра түседi. Бiрақ бiлiмдi мұғалiм сонымен қатар жоғары моральдық қасиеттердiң иесi болмаса, тәрбие iсiне зиянын тигiзедi. Сондықтан педагогикалық ұжымдарда этиканың теориялық мәселелерiн үнемi талдап отыруды тұрақты дәстүрге айналдыру қажет. Iс жүзiнде педагогикалық ұжымдарда мораль туралы мәселелер кейбiр мұғалiмдер этиканың нормаларын сақтамаған жағдайларда ғана әңгiме болады. Бұл сияқты кездейсоқ шаралар кәсiптiк педагогтық этиканы мұғалiмдер арасында кеңiнен тарату iсiне айтарлықтай көмек бере алмайды, қайта, олар бұл маңызды жұмыстың дұрыс жолға қойылмағандығын көрсетедi.

Педагог этикасын тағы бiр ерекшелiгi – мұғалiм жас ұрпаққа белгiлi бiр салада жүйелi бiлiм берумен қатар, өзiнiң iс-әрекетi, дүниеге көзқарасы, адамгершiлiгi мен гуманистiк қасиеттерi арқылы да оларды тәрбиелеуге тиiс.

Мұғалiмдер арасында моральға жатпайтын әрекетер мен қылықтарды түбегейлi жою – тәрбие жұмысының нәтижелi болуының ең шешушi шарты. Мұны орындау үшiн әрбiр мұғалiм өзiнiң iс-әрекеттерiн моральдық кодексi тұрғысынан бағалауы қажет.

Оқушылар арасында мұғалiмге елiктеу жиi кездеседi. Көп жағдайда мұғалiмнiң сабақ процесiнде беретiн бiлiмi мен тәрбие жұмысының мазмұны ғана емес, сонымен бiрге оның өз басының адамгершiлiк және интеллектуалдық қасиеттерi де оқушылардың сана-сезiмiне күштi әсер етедi. Мұндай жағдайда мұғалiмнiң өзiнiң моральдық қасиеттерiн жоғары ұстауының тәрбиелiк зор мәнi бар. Шынайы моральдың иесi болған мұғалiмдер шәкiрттер санасынан өмiрлiк орын алады, олардың өмiр сынынан өтеудегi ең жақын серiгi болады.

Мұғалiмдердiң жұмысында алуан түрлi қиындықтар бар. Сол қиындықтардың iшiнде елеулi орын алатыны – олардың дүниеге көзқарасы, әрбiр құбылысқа шешiмi, жеке басының тәртiбi. Бұл жағдайлар көбiнесе адам көзiне онша түсе бермейдi, елеусiз қалады. Мiне, осы елеусiз жағдайлар, әлбетте, оқушыларға өзiнiң әсерiн тигiзiп, олардың мiнез-құлықтарының, моральдық сана-сезiмiнiң қалыптасуына жағдай жасайды. Мiне, сондықтан мұғалiм өзiнiң тәртiбiне, мiнезiне сын көзбен қарап, әрдайым оқушыларға өнеге болуы қажет. Бұл арада өзiн-өзi тәрбиелеудiң атқаратын маңызы орасан зор.

Соңғы уақытқа дейiн педагогика және этика ғылымдарында тәрбие жұмысын бiр жақты түсiнушiлiк орын алып келдi. Тәрбиенi сырттан әсер ететiн процесс деп түсiнiп, оның әдiсi мен мазмұнына көп көңiл бөлiнiп, жеке адамдардың өз басының, өскен ортасының, психологиялық ерекшелiктерiнiң, қабылдау қабiлетiнiң айырмашылықтары бар екендiгiне, ал бұл факторлар әр адамға әр түрлi жағдайда iске асатындығы жеткiлiктi ескерiлмей келдi. Қоғам жеке адамдардың алдына белгiлi бiр талап қояды. Қоғамның жеке адамға қоятын талабының бiрi - өзiнiң жеке мақсатын қоғамдық мақсатқа бағындыруы, өз мүддесiн қоғамдық мүддемен ұштастыруы, тәрбие саласында қоғамның қоятын талабына қарай, өзiн-өзi тәрбиелеуi, өзiне-өзi сын көзбен қарап, ескiлiктiң шырмауынан құтылудың жолын табуы болып саналады. Бұл арада айта кететiн бiр мәселе, мұғалiм әрдайым кiршiксiз таза, әдiл, шыншыл болуы қажет. Егер де ол сабақ процесiнде, қызметтен бос уақытта моральдың нормаларына сай келмейтiн қылықтармен шұғылданса, оның бүкiл еңбегi зая кетуi ықтимал.

Мұғалiм этикасының тағы да бiр ерекшелiгi – шәкiрттерiне сүйiспеншiлiгi. “Балаларды сүймейтiн адамдар мұғалiм болуы мүмкiн емес”, - дейдi, А.С. Макаренко. Мұғалiм мамандығы қайткен күнде де балалрды сүюдi басты талап етiп қояды. Бiрақ оқушыларға деген сүйiспеншiлiк қарапайым сентиментальдық сезiм емес, мұғалiм әрбiр оқушының қабiлетiн түсiне бiлуi, яғни олардың рухани дамуының неғұрлым тиiмдi әдiстерiн табуға бағытталуы қажет. Сондықтан, мұғалiм балаларды еңбек құмарлыққа, алға қойған мақсатты қайткен күнде де орындау рухында тәрбиелеуi қажет. Әрине, оқушыға қойылатын талап құр айқай, қорқыту, зекiру түрiнде болмай, ол әр уақытта ақылға сыймайды, шыншыл, әдiл болуы шарт, әйтпесе, қатаң талаптың тәрбиелiк маңызы жойылады. Оқушыға деген сүйiспеншiлiк пен қатаң талап бiр-бiрiн бекерге шығармайды, керiсiнше, бiрiн-бiрi толықтырады, оларды әдiлеттi, шыншыл, еңбек сүйгiштiк рухта тәрбиелейдi.

Балалар психикасы әр нәрсенi тез қабылдауға бейiм, әсiресе, көркем образдар, адамның ойына қатты әсер ететiн кездейсоқ оқиғалар оларды көп қызықтырады. Кейбiр жағдайларда, оқушылар жағымды қылықтардан гөрi жағымсыз қылықтарды тез қабылдайды. Жағымсыз нәрселер адамдарға әсерiн тез тигiзедi деушiлiк құр сөз емес, өмiрден алынған жайлар. Мiне, сондықтан да мұғалiмдер бұл жағдайларды әр уақытта ескергендерi жөн.

Педагог этикасын қалыптасуында педагогикалық ұжым көрнектi орын алады. Педагогикалық ұжым белгiлi бiр құрылымы бар, маңызды қоғамдық мiндеттi атқаратын ұжым мүшелерiнiң арасында дағдылы формаларда жүзеге асатын арақатынастары шыңдалған және үнемi дамуда болып тұратын бiртұтас әлеуметтiк организм. Педагогикалық ұжым әрбiр мүшесi әркелкi қатынастар жүйесiне тартылған. Өйткенi, ол бiрсыпыра қоғамдық функцияларды атқарады. Бұл функцияларды орындау жолында жеке мұғалiм оқушылармен белгiлi қарым-қатынаста болады. Сонымен қатар, ол ата-аналармен, басқа мұғалiмдермен, мектеп директорымен қатынас жасасады. Мiне, осы көптеген қатынастардың қосындысы, системасы педагогикалық ұжымды құрайды. Педагогикалық ұжым балаларға моральдық тәрбие беруде бiртұтас және бiрыңғай күш ретiнде әрекет етуi қажет. Егер бұл талап орындалмаса, моральдық тәрбие iсiнiң дұрыс жолға қойылуы мүмкiн емес. Педагог этикасының өзектi мәселелерiн зерттеу қажеттiгi де осы жағдайдан туып отыр. Кейбiр педагогикалық ұжымдарда барлық мұғалiмдерге бiрдей, ортақ талап қойылмағандықтан, әр мұғалiм оқу-тәрбие жұмысын өзiнше жүргiзедi. Мұндай ұжымда кейбiр мұғалiмдерде индивидуалистiк, өзiнiң ғана жұмысын көрсетуге тырысушылық, менмендiк басым болады. Тек ынтымақты ұжымда ғана бiр-бiрiмен адамгершiлiк қарым-қатынас орнайды, осыған байланысты мектептiң алдында тұрған күрделi мәселелердi уақытында дұрыс шешуге мүмкiндiк жасалады. Мұндай педагогикалық ұжымды бiздiң республикамызда көптеп кездеседi.

Моральдық борыш, мiндет – этиканың негiзгi категориялары. Ол адамдардың алдында тұрған мiндеттi түсiнуiне байланысты белгiлi бiр әрекет, тәртiп, мiнез-құлықты қалыптастырады. Әрине, әр адам өз алдында тұрған мiндеттi өзiнше түсiнуi мүмкiн. Ол түсiнушiлiк кейде терiс те болуы ықтимал. Оның себебi қоғамдық сана жекелеген адамға әсер еткен мезгiлде, сол адамның жеке санасының ерекшелiгiне байланысты өзiнше орын тебедi. Әрбiр адамның санасы, жалпы алғанда, қоғамдық сана бола тұрса да, ол адамның өскен ортасына, алған тәрбиесiнiң ерекшелiгiне байланысты әр түрлi болады. Сондықтан да жеке адамдардың моральдық мiндетiнiң дұрыстығы немесе бұрыстығы олардың қоғамының объективтiк даму заңдылықтарына сәйкес келуiне байланысты.

Ұжым, мектеп алдындағы мiндет – бұл жiберiлген қателiктi немесе алдындағы мiндет – бұл жiберiлген қателiктi немесе ұжым кездесетiн кемiстiктердi бүркемелеу емес, керiсiнше, осы кемiстiктердiң туу себебiн ашып, олардан тез құтылу жолдарын iздестiру. Ұжым, мектептi ұятқа қалдырмаймын деген сезiммен сабақ үлгiрмейтiн балаларға үштiк баға қоятын болса, онда мұғалiм өзiнiң моральдық борышын қате түсiнгендiгi. Осындай себептiң салдарынан оқу жылының қорытындысын шығарғанда, емтихандарда кейбiр мұғалiмдердiң бағаны жоғары қойып жiберуi соңғы мезгiлде де аз кездеспейдi. Ал мұның өзi жасөспiрiмдердi тәрбиелеуге, ой өрiсiн кеңейтуге, әртүрлi құбылыстың сырларын терең меңгеруге ынталандыруға зиянын тигiзедi.

Сонымен, педагог этикасының қоғам өмiрiнде атқаратын маңызы орасан зор. Шындығында, болашақ жастарымыздың жан-жақты дамыған адам болып өсуi мұғалiмдердiң оқу-тәрбие жұмысын моральдық тәрбие iсiне бағындыруына, олардың өз бастарының, iшкi сезiмдерiнiң, моральдық бейнесiнiң бiртұтас боуына байланысты. Сондықтан мұғалiмдер этикасының ерекшелiктерiн ескеру, соған байланысты болашақ педагог кадрларды дайындауда оларға этикадан жүйелi бiлiм беру, педагогтық жоғары оқу орындарында этика пәнiн мiндетi түрде оқыту бүгiнгi таңның талабына айналып отыр.

Педагог кадрлардың терең бiлiмi және рухани моральдық iшкi дүниесiнiң байлығы – болашақ ұрпақты тәрбиелеп шығарудың бiрден-бiр кепiлi.

Жас ұрпақтың адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастыру мұғалiмнiң ең басты мiндеттерiнiң бiрi екендiгi сөзсiз.

Педагогикалық этика мұғалiмiнiң жеке басындағы моральдық қасиеттердiң жас буынға әсерi арқылы осы принциптердi балалардың сана-сезiмi мен iс-әрекеттерiнiң құрамдас бөлшегiне айналдыруды жетекшiлiкке алады. Педагогикалық этика жалпы этикалық iлiмнiң негiзiнде оқытушылық еңбектiң ерекшелiктерiн талдай отырып, мұғалiмнiң өз әрiптестерiмен, балалар ұжымымен қарым-қатынасын зерттейдi. Бұл күрделi мәселенi зерттеу үшiн мұғалiмдiк қызметтiң қоғамдық мәнiн, қоғамда атқаратын ролiн анықтау қажет. Өйткенi этика ғылымы зерттейтiн моральдық қатынастар белгiлi бiр қоғамдағы адамдардың арасындағы объективтiк байланыстарды бейнелейдi. Осыған орай мұғалiм еңбегi қоғамдық сипатқа бөленедi.

Педагог этикасы этиканың негiзгi ұғымдары мен категорияларын да қарайды. Бiрақ педагогикалық этикадағы категорияларды талдау мен жалпы этикалық зерттеудiң елеулi айырмашылығы бар. Жалпы этикалық iлiмде моральдық ұғымдар этикалық категориялар ретiнде талданады. Олардың арасындағы қарым-қатынастар зерттеледi, олардың тарихи процесте қалыптасуы және дамуы қаралады. Сонымен қатар, этика ғылымы этикалық категориялардың жалпы адамзаттық және таптық мәнiн жан-жақты зерттейдi.

Педагогтық этикада күрделi қоғам тұрмысының бiр ғана саласы, атап айтқанда, тәрбие процесiнiң моральдық аспектiсi ғана талданады. Сондықтан оның мiндетi этикалық категориялардың оқытушылық қызметте алатын орнын анықтау, мұғалiмдердiң өз ара қатынастарында, оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастарда қандай түрге бөлiнетiнiн талдау. Мәселен, этиканың ар, ұят, намыс, ұждан, борыш сияқты негiзгi категориялары бар. Сол сияқты этикада моральдық қасиет, моральдық қылық, бағалау, моральдық сезiм туралы ұғымдар бар. Олардың этикалық мазмұнын , шығу және даму тарихын, моральдық тұрмыспен, қоғамдық сананың басқа түрлерiмен байланысын этика ғылымы зерттейдi. Ал осы категориялар мен ұғымдардың тәрбиелiк қызметте кездесетiн ерекшелiктерiн педагогикалық этика зерттейдi. Мәселен, борыш туралы ұғымды алатын болсақ, қоғамдық борыш туралы жалпы этикалық категория ұстаздық борыш ұғымы арқылды анықталады.

Адамның қоғам алдындағы борышы, ұстаздың өз шәкiрттерi алдындағы борышы ретiнде нақты мазмұнға ие болады.

Этикалық ғылым моральдың жалпы шығуы мен даму заңдылығын талдайды. Ал педагогикалық этиканың алдында бұл сияқты жалпы мәселе тұрған жоқ. Бүкiл адамзатқа бiрдей моральдық құндылықтарды жасөспiрiмдердiң санасына сiңiру, олардың iс-әрекеттерiне қазiргi қоғам талап етiп отырған тiлектерге сәйкес бағыт беру – оның басты мiндетi. Әрине, жас буынның моральдық қалыптасуы жанұяның, балалар және мәдениет мекемелерiнiң, мектептiң, бүкiл қоғамдық тұрмыстың бiрлескен ықпалының нәтижесi. Алайда, жеке адам өмiрде кездестiретiн алуан түрлi құбылыстардың барлығы бiрдей оған мораль туралы ұғым бере алмайды. Жасөспiрiмдерге моральдық тәрбие беру iсiн реттелген жүйеге келтiру – педагогикалық этиканың мiндетi.

Жас ұрпақ, көбiнесе, көптеген қоғамдық құбылыстардың iшкi мәнiн, заңдылығын өз бетiнше түсiне алмайды. Олардың сыртқы дүниенi эмоционалды түрде қабылдауына байланысты педагог өз жұмысында балалар өмiрiнiң ерекшелiктерiн бiлуi қажет.

Моральдық ұғымдар оқушылар санасында берiк орын алуы осы ұғымдарды эмоционалды түрде сезiнуi арқылы жүзеге асады.

Моральдық сезiмнiң адам өмiрiнде атқаратын рөлi зор. Олар – адамның iс-әрекеттерiнiң, қозғаушысы. Адам сезiмiнде орын алған моральдық ұғымдар белгiлi бiр әрекеттердi орындауға тiлек қана болып қалмай, сонымен қатар жағымды iстерге айналуы қажет. Мiне, осы жерде оқытушының ұстаздық қызметiнiң атқаратын ролi өте зор.

Оқушыларға моральдық тәрбие беру iсiне қойылатын басты талаптардың бiрi – бұл жұмыстың балалардың жас айырмашылықтарына қарай жүргiзiлу қажетттiгi. Бұл жөнiнде мына жайларды ескеру қажет. Төменгi ережелердi бiледi. Ал жоғары сынып оқушылары моральдық ережелер мен нормаларды саналы түрде ұғынып, оларды орындау процесiнде белгiлi бiлiмдер мен талаптарға сүйенедi. Басқаша айтқанда, оқушылардың моральдық жағынан дамуы белгiлi сатылардан өтедi. Демек, оқушылардың жас айырмашылықтарын ескеру моральдық тәрбие берi iсiнде маңызды рөл атқарады.

Жан-жақты дамыған адам ретiнде қалыптасу процесiндегi баланың дүниеге қатынастары алуан түрлi болғанымен, осы байланыстардың сипатын анықтайтын объективтi негiздерi бар. Осы объективтiк процесс балаға әсер етушi сыртқы күштер мен жас буынның бұл ықпалдарды қалай қабылдайтындығының реттеушiсi болып отырады. Осындай негiзгi реттеушi күштi табу қажеттiгiнен бала мен сыртқы дүние, оның iшiнде шешушi күш болып отырған педагогикалық әсерлердi бiрнеше топтарға бөлу мұғалiм этикасының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi. Мiне, осы қатынастарды жiктеудiң яғни олардың мазмұндас болуына байланысты топтарға бөлудiң критерий, өлшемi неде? Бұл күрделi де қиын мәселенi шешкенде көптеген қарым-қатынастардың жас ұрпаққа ететiн педагогикалық ықпалын ескеру қажет.

Баланың өсу, жетiлу процесiнде оның сыртқы дүниеге қарым-қатынасы да соғұрлым күрделi де көлемде бола бастайды. Ең алдымен, жанұяда ата-анасымен, үлкендермен, сондай-ақ өз қатарластарымен ұдайы қарым-қатынаста болудың нәтижесiнде жас буын жеке адамдар арасындағы және ұжымда байланыстар туралы қоғамда қабылданған ережелер мен әдет-ғұрыптар туралы ұғымдарды кездестiрiп, оларды өз сана-сезiмiнiң елегiнен бiрте-бiрте өткiзе бастайды.

Баланың жасы өскен сайын, оның сыртқы дүниемен байланыстары ұлғая түседi, ол қоғамдық тұрмыстық күрделi құбылыстарын түсiнуге тырысады. Бұл сәтте баланың дүниеге қатысы тек қана бiр жақты қабылдау, сыртқы әсерлердi пассивтiк түрде мақұлдау ғана емес, сонымен қатар болмысқа белсендi араласу, өз бетiмен ойлау, түсiну формаларында жүзеге асады.

Басқа адамдардың, әсiресе үлкендердiң және педагогтардың өмiрге, қоғамдық мiндеттерiне қатысын бақылаудың нәтижесiнде балалардың ұжымы және жеке адамдар арасындағы қатынастардың қандай негiзде, қандай ережелер арқылы реттелiп отыратындығы туралы қарапайым ұғымдары қалыптаса бастайды. Бұл ұғымдар жанұяда ойындарда стихиялық түрде пайда болады да, тұңғыш рет мектеп қабырғасында белгiлi бағыт алып, жүйелi бiлiмге айналады.

Сөйтiп, адамдар арасындағы қарым-қатынастар араласу баланың дүние танудағы, оның iшiнде моральдық бiлiм алудағы негiзгi өзегi болып табылады. Бала адамдар арасында қалыптасып, дағдыға айналған қоғамда, оларды өзiнiң күнделiктi тұрмысында басқа адамдармен қарым-қатынас процесiнде қолдана бастайды.

Баланың туралы ұғымдары, бiрiншiден, адамдар арасында орын алатын моральдық құндылықтарды меңгерiп, игеру арқылы, екiншiден, осы ережелер мен нормаларды өз өмiрiнде пайдалануы нәтижесiнде қалыптасады. Осы объективтiк процестердiң дамуы белгiлi заңдылықтарға тән ерекшелiктердiң бiрi -–олардың бiр-бiрiне өз ара талап қоюы. Онсыз адамдардың бiрi өмiр сүруi мүмкiн емес. Адамдардың өз ара талаптары оларды орындау объективтi қатынастарды реттеу қажеттiлiгiнен туатын құбылыс. Осыған байланысты тәрбие жұмысының тәжiрибесiнде елеулi орын алатын балаларға қойылатын талаптар жүйесi бала өмiрiнiң ұйымдастырушы негiзi болып табылады. Педагог пен балалар арасындағы жұмыстың мазмұнын анықтайтын объективтiк процестер де осыған байланысты. Тәрбие жүйесiндегi бұл маңызды құбылыстарды талдау – педагог этикасының мiндетi.

Қатынастар жүйесi баланың моральдық ұғымдарының пайда болуына көмектесетiн себептердiң бiр тобы ғана. Осылармен қатар әрбiр жеке бала, сондай-ақ балалар ұжымы әлеуметтiк тұрмыстағы күрделi қоғамдық өзгерiстерге өзiнше қатынаста болады. Бұл қатынастарда қоғамдық болмыс баланың санасында бейнеленiп отырады. Қоғамдық өмiрдiң мәнiн балаларға бiрте-бiрте түсiндiру барлық педагогикалық қызметтiң мазмұнын құрайды. Баланың сыртқы дүниеге қатынастар жүйесi оны бiрте-бiрте қоғам алдында жауапкершiлiгiн сезiнетiн, өзiнiң қоғамдық мәнiн процесс баланың бiрнеше ұжымдар құрамында: алғашқы кезде жанұяда, кейiн балалар ұжымында, ал соңынан бүкiл қоғамның толық праволы мүшесi ретiнде, ол қоғам алдында белгiлi борышы, сонымен қатар мiндеттерi бар адам ретiнде өсiп жетiледi.

Балалардың өзара қатынастары жалпы қатынастар жүйесiнде елеулi орын алады. Бұл қатынастарда тәрбиелiк мәнi бар бiрталай себептердi ескеру қажет. Балалар ұжымы құрамында әрбiр баланың белсендiлiгi мен өзiнше ойлау, әрекет ету қабiлеттерi жетiледi. Бұл ретте балалар ұжымының өзiн-өзi басқаруға ынтасы барынша артып, олардың ұйымдастыру iсiне қабiлеттерi тұңғыш рет өрiс алатынын ескеру қажет. Балалардың инициативалары мен белсендiлiгiнiң игi iстерге жұмсалуын қадағалау педагогтың мiндетi. Онсыз тәрбие жұмысында әлi де болса кездесетiн әкiмшiлiктiң элементтерiнен арылуға болмайды. Балалардың өзiнше ойлау және әрекет ету қимылдарын басқару iсi мұғалiмнен педагогикалық шеберлiктi, ұстаздық сезiмталдықты талап етедi.

Демек, мұғалiм мен балалар ұжымы арасындағы қарым-қатынастарды талдау педагог этикасының мiндетi. Әрине, педагог этикасының мiндеттерi жоғарыда айтылған мәселелермен шектелмейдi. Бұл көрсетiлгендер, мұғалiмдiк этиканың негiзгi проблемалары ғана.

Мұғалiмдiк қызметке көптеп және әртүрлi нақты жағдайларда ерекше сипатта кездесiп тұратын моральдық мәнi бар құбылыстарды болжау, оларды қандай әдiстер арқылы шешу керектiгi туралы ережелер жасап шығару мүмкiн емес, оның қажетi де жоқ. Педагог этикасы жас ұрпаққа жалпы бiлiм беру iсiнiң моральдық тәрбиемен тығыз байланысты екендiгiн көрсетудi, педагогтық қызметтiң моральдық мәнiн анықтауды көздейдi.

Педагог этикасы мұғалiмдiк еңбектiң қоғамдық сананың дербес түрi – моральға байланысты ерекшелiктерiн талдайды. Осыған орай ұстаздық ету iсiнiң кейбiр құрамдас бөлшектерi ғана емес, барлық жақтары балаларға моральдық қалыптастыратынын ескеру қажет.

Мұғалiмнiң мiндетi жас ұрпаққа тек бiлiм беру ғана емес, сонымен қатар оның тәрбиешiсi екендiгiнде. Мұғалiмнiң сабақ беру әдiсi, оның бiлiмдiлiгi мен мiнез-құлқы, жүрiс-тұрысы, сөйлеу мәнерi, тiптi киген киiмiнiң, ұқыптылығының – барлығының тәрбиелiк мәнi бар.

Мұғалiмнiң адамгершiлiк бет-бейнесi, оның адамгершiлiк позициясы қалың жұртшылықтың баса назар аударатын тақырыбы болып келдi және солай болып қала бередi. Мұның өзi мұғалiмнiң қоғамда атқаруға тиiстi әлеуметтiк рөлiнiң өзiндiк ерекшелiгiмен сабақтас жатыр.

Мұғалiмге, оның кәсiптiк қызметiне деген талаптардың өсуiмен байланысты өз реформасы кезеңiн бастан кешiрiп отырған қазақ мектебiнiң мұғалiмiне осы айтылғанның ерекше қатысы бар. Педагогикалық процесте қалыптасатын адамгершiлiк қарым-қатынастар мектептiң оқу-тәрбие жұмысының ақырғы нәтижелерiне тiкелей ықпал жасайды.

Сондықтан мұғалiмнiң мiнез-құлқы мотивтерiн, оның кәсiптiк қызметiне қойылмайтын талаптарды анықтау, оның педагогикалық процеске қатысушылардың бәрiмен өзара әрекетте болу ерекшелiктерiн, оқушылардың бет-бейнесiн қалыптастыруға мұғалiмнiң жеке басының ықпал ету сипатын айқындау – бұл бүгiнгi күннiң аса маңызды педагогикалық проблемалары. Өйткенi педагогтық кәсiптiң басқа кәсiптерден айырмашылығы сол, кәсiптiк мiндеттердi шешудiң нәтижелiлiгi көп жағдайда мұғалiмнiң жеке басының субъективтi қасиеттерiне байланысты болады. Қазiргi кезде филоософтардың, психологтар мен педагогтардың алдына оқушылардың ғана емес, сондай-ақ мұғалiмнiң де адамгершiлiк санасын қалыптастыру мiндетi өткiр қойылып отырғаны сондықтан.

Ғалымдардың, мұғалiмнiң адамгершiлiк бет-бейнесiн қалыптастыру процесiн басқаруға болатындай етуге ұмтылысы педагогтық кәсiби этикасын өмiрге алып келдi.

Бiрақ педагогтық этика педагогикалық оқу орындарының студенттерi болашақ кәсiпке даярлау процесiнде оқып-үйренуге тиiстi мiнез-құлық ережелерiнiң жиынтығы емес. Бұл, ең алдымен, педагогиканы тәрбие, оқыту және бiлiм беру жөнiндегi нақты ғылым ретiнде халықтың мұғалiмге ерекше моральдық талаптарын, оған жүктелген педагогикалық мiндеттердi және қазiргi қоғам жағдайындағы оның қоғамдық қызметiн ескере отырып, қалыптастыратын және негiздейтiн теория.

Ұжымдық, гуманистiк, белсендi, iскерлiк, кәсiптiк педагогтық қызметтiң iргелi адамгершiлiк мазмұнын құрайды, өйткенi, педагогтық этика педагогтық еңбектiң этикалық проблемаларын талдап жасайды, мұғалiмнiң адамгершiлiк бет-бейнесiне қоғам алға тартып отырған талаптарды теориялық жағынан ой елегiнен өткiзiп, қалыптастырады, адам қызметiнiң нақты саласы – педагогикадағы принциптер мен нормаларды зерттейдi. Себебi адамгершiлiк сананы қалыптастыру едәуiр уақыт мұғалiмнiң ықпалымен (ересектер педагогикасы, өндiрiстiк педагогика) жүзеге асырылып келдi.

Сонымен, педагогтық этика пәнi педагогикалық моральды құрайды, ал оның мiндеттерi – бiрiншiден, педагогтық еңбектiң адамгершiлiк нормаларының және екiншiден, мұғалiмнiң жеке басына қойылатын моральдық талаптардың жүйесiн талдап жасау.

Егер, мамандардың айтуы бойынша, орыс тiлi сөздiгiнде жеке адамның алуан түрлi моральдық қасиеттерiн бiлдiретiн бес жүзден астам сөз болса, бұл қасиеттердiң бәрi ең алдымен мұғалiмде, уақыттан едәуiр озық жүретiн кәсiптiң өкiлiнде болуға тиiс, өйткенi мұғалiм ертеңгi күннiң мектебiне қарап бағдар алуға және бұл озық жүру 10-15 жылға ескерiлуге тиiс.

Мұғалiм еңбегiнiң мазмұны қызмет объектiсi мен құралдарының өзiндiк ерекшелiгiмен сипатталады.

“Сонымен халыққа бiлiм беру саласындағы еңбек қажеттi және үстеме өнiм жасамағанымен, адамды өндiргiш күш ретiнде қалыптастыра отырып, адамдардың қоғамдық өндiрiске белсене қатысуы үшiн жағдай жасайды. Педагогтық еңбектiң қоғамдық қажеттiлiгi де, мiне, осында”.

Педагогтық этиканың зерттеу негiзi моральдың адамгершiлiк принциптерiн, талаптары мен бағасын өзгеше бейнелейтiн педагогтық мораль болып табылады. Алайда, педагогтық этикада моральдың негiзгi принциптерi, нормалары мен бағасы мұғалiмнiң кәсiби қызметi ерекшелiктерiмен сабақтас мiнез-құлықтың өзiне тән мазмұны мен формаларына ие болады.

Педагогтық этика мұғалiмiнiң адамгершiлiк санасының даму заңдылықтарын, педагогтық кәсiби қызмет жағдайында моральдың жалпы нормаларының көрiнiс беру ерекшелiктерiн зерттейдi, педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының сипатын анықтайды.

Мұғалiмнiң жеке басының адамгершiлiк қасиеттерiне қойылатын талаптар педагогикалық мораль принциптерiнiң мазмұнында өз көрiнiсiн табады. Бұл – сенiмдiлiк, азаматтық, интернационализм, кәсiптiк ерлiк, педагогтық ынтымақтастық пен ұжымында мұғалiмнiң гуманизмi, сондай-ақ, педагогтық оптимизм.

Педагогтық этикаға оның категориялары негiз болып табылатын ұғынықты жүйе тән.

Этиканың категориялары туралы мәселе, оның құрылымы туралы сияқты барынша күрделi әрi ол жөнiнде бiрыңғай көзқарас жоқ. Кәсiптiк-этикалық категориялардың (идеялық-тәрбие қызметi саласында), кәсiптiк-педагогтық парыз, педагогтық әдiлеттiлiк, кәсiптiк намыс пен абырой, педагогтық ар-ождан, педагогтық бедел, мұғалiмнiң еңбек тәртiбi сияқты категорияларды қамтиды.

Бұл жалпы этикалық ұғымдар, жоғарыда атап көрсеткенiмiздей, аса көрнектi кеңес педагогтарының көзқарастары мен тәрбиелеу практикасындаа өзiнiң педагогикалық ұйғарымын тапты. Мысалы, А.С. Макаренко мораль теориясына үлкен мән берiп, бiздiң мектепте мұндай пәннiң жоқтығын, бұл теорияны оқытатын адамның жоқтығын кемшiлiк деп есептедi. Макаренко өз еңбектерiнде “жақсылық” деген этикалық терминдi қолданбағанымен, оның педагогикалық мазмұнын мұғалiмнiң және тәрбиеленушiлер мен тәрбиешiлер ұжымының қоғамдық позициясының бiрлiгiнде көредi.

В.А. Сухомолинскийдiң шығармаларында, педагогтық этиканың теориялық проблемаларын зерттеушi Я.Г. Якубсонның пiкiрiнше, педагогикалық мораль талаптары мен нормаларын практикалық жағынан икемдеу жолдарын iздестiру этикалық өзектi құрайды. Моральдың аса маңызды категориялары мұғалiмнiң оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынастарын, педагогтар ұжымының қызметiн реттеп отыратын нормативтер негiзiне алынған.

Сухомлинскийдiң “Балаға жүрек жылуы” атты кiтабында ең кiшкентайға қажеттi адамгершiлiк мәдениетiнiң әлiппесi баяндалып, онда тәрбиенiң жекелеген “қырлары” – жамандыққа төзбестiк және басқа адамгершiлiк принциптерi туралы айтылады, алайда олардың бiртұтас мазмұны тек педагог қана жете ұғынатындай астарлы формада берiледi.

Жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу туралы айта келiп, Сухомлинский жақсылық категориясына әбден айқын сипаттама бередi. Бiздiң қоғамда, деп жазды ол, жақсылық ұғымының терең, сан қырлы мағынасы бар: бұл – қоғамдық мұраттарды орнықтыруға бағытталған белсендi қызмет, халық үшiн ерлiкпен еңбек ету, Отанның қуатын нығайтып, абырой-даңқын орнықтыру, еңбексүйгiштiк, адамдарға деген сүйiспеншiлiк, адалдық, шыншылдық, сыпайлық және т.б.

Әрбiр мұғалiмнiң өзiнiң кәсiптiк қызметiнде беделдi педагог болуға ұмтылуға тиiс, өйткенi балалар үшiн идея жеке адаммен бiртұтас, деп атап көрсеттi Н.К. Крупская. Сүйiктi мұғалiмнiң айтқандары, олар жеккөретiн, оларға жат адамның айтқандарына қарағанда, мүлдем басқаша қабылданады. Ең биiк идеялардың өзi оның аузынан жеккөрiнiштi болып шығады. Демек, мұғалiм оқушыларға өзi айтқан сөздерiнiң қабылдану сипаты үшiн де жауапты. Сондықтан, маңызды кәсiптiк мiндет – оқушылардың арасында құрметтi, беделдi болу.

Ал қалай беделдi ұстаз болуға болады? Бұл мәселе тек жас мұғалiмдердiң ғана толғандырып қоймайды. Сырттай сенiң беделiңе нұқсан келтiре ала ма, жалпы бедел, атап айтқанда, мұғалiмнiң беделi деген не?

Әлбетте, бұл ұжымдағы адамның моральдық статусын анықтайтын адамгершiлiк категория екенi ешбiр күмән туғызбайды. Демек, педагогтық бедел – оқушылар мен әрiптестер ұжымындағы мұғалiмнiң моральдық статусы. Кейбiр авторлар, атап айтқанда И.Я. Писаренко мұны тәртiптiң өзiнше бiр формасы деп есептейдi. Мұғалiмнiң беделi – жеке бастың және кәсiптiк қасиеттердiң жүйесiне және оның қоғамға қарым қатынасына байланысты педагогтар ұжымымен және ата-аналар жұртшылығымен адамгершiлiк-психологиялық байланыстарының көрiну формасы. Әрбiр мұғалiмнiң беделi оның педагогтық кәсiби жұртшылықтың мойындауына емес, оның жеке басының қадiр-қасиетiн мойындауға негiзделген.

Түрлi бағыттағы зертеулер, республиканың педагогикалық институттары студенттерiнiң арасында жүргiзiлген бақылаулар студент ұстазға мынадай баға беруге мүмкiндiк туғызады: мұғалiмнiң әдiлеттiлiк және адалдық, балаларға деген сүйiспеншiлiк және өз кәсiбiнiң әлеуметтiк бағасын түсiну, баланың жее басына құрметпен қарау және өзiнiң кәсiптiк парызын атқарудағы адал ниеттiлiк және т.б. сияқты адамгершiлiк қасиеттерi жоғары бағаланды. Яғни мұғалiмнiң әрбiр жағымды қасиетiнiң кәсiптiк мән-маңызы бар. Жақсы мұғалiм – ең алдымен жақсы адам деп айтатынымыз да мiне, сондықтан.

Сонда көптеген студенттер ұстазға деген өз сүйiспеншiлiктерiн түрлiше бiлдiрдi. Әрбiр мұғалiм өзiне кәсiп таңдай отырып, балаларды сүюге, олардың өмiрiне көңiл қоюға, әрбiр баланың жеке басына құрметпен қарауға тиiс. Балаларды сүйетiн, балаларды бiздiң Отанымыздың лайықты азаматтары етiп тәрбиелеу үшiн бар күш-жiгерiн бергiсi келетiн адам ғана нағыз мұғалiм бола алады. Балаларға бей-жай, енжар қарайтын және олардың тыныс-тiршiлiгiне ынта қоймайтын мұғалiм балалардың алдында нағыз беделге ешқашан ие бола алмайды.

Өз жұмысының сипаты жағынан мұғалiм ұйымдастырушы болуға тиiс, ал бұл үшiн оған инициативалылық, ұйымдастырушылық қабiлет, ширақтық, энергия, өз күшiне деген сенiм мен мүмкiндiктер қажет. Оқушылар мұғалiмнiң бiлiмiн және оны айта бiлу қабiлетiн ғана емес, сонымен бiрге ең алдымен оның ықыласын және бұл бiлiмдердi бере бiлетiн, сондай-ақ оның пәнге деген көзқарасын, қызығушылығы мен құштарлығын бағалайды. Мұғалiм кәсiби жүйке мен дене күшiн көп талап етедi. Спортшы мұғалiмге оқушылармен алуан түрлi жұмыстарды ұйымдастыру жеңiл, оған спортқа құштар оқушылар алдында беделге ие болу оңай. Оқушылармен жорықтар өткiзгенде, түрлi экскурсиялар мен саяхаттар ұйымдастырған кезде мұғалiмге мықты денсаулық қажет. Елбасымыз Үкiмет бiздiң елiмiздiң мұғалiмнiң беделi мен материалдық жағдайын нығайтуға, оның еңбегiне жаппай құрмет көрсетiлуiне қамқорлық жасауды қолға алады деген сенiмдемiз. Бүгiнде қазақстан азаматы жеке басын қалыптастырып, жан-жақты тәрбие беруге үлкен маңыз берiлiп отырған кезде мұғалiмнiң жауапкершiлiгi ерекше өседi.

Бiз студенттердiң жазғанынан ұзақ үзiндi келтiрдiк. Өйткенi, ұстаздыққа даярланып жүргендердiң жауаптарынан мұғалiмнiң жеке басының жағымды-жағымсыз қасиеттерiне берiлген нақты мiнездемелердi оқып отырып, түрлi ойға қалдық. Студенттердiң ұнамсыз жайлар байқатқан мұғалiмдерге айтқан кейбiр белгiлерi жұмысқа жарамайды деп көрсеткен мiнездемелерiмен сәйкес келгенiне көңiл бөлдiк. Олар: қоғам мұраттарына қайшы келетiн мұраттардың болуы, жеке адамның ортақ iсте өз мүдделерiн көбiрек ойлауынан, өз қажеттерiн басқалардың есебiнен қанағаттандыруға дайын тұруынан көрiнетiн пайдакүнемдiк-эгоистiк бағыттылығы; төмен интеллектуалдық деңгейi; адамдарға, балаларға немқұрайды қарау; жiгерсiздiк; мақсаттылықтың, жинақтылықтың, инициативаның, тапқырлықтың, ұстамдылықтың жоқтығы; психикалық аурулардың кейбiр белгiлерiнiң; айқын байқалатын тiл мүкiстiгiнiң болуы.

Шынында да, педагогтық кәсiп, жеке бастың жағымсыз қасиеттерiнiң мұғалiм ретiндегi жұмыста қаншалықты зиянды болуымен сипатталады. Себебi А.В. Луначарскийдiң дәлелденуiнше, педагогтағы мiнездiң кез-келген кемтарлығы жеткiншек ұрпаққа жұқтыратын тiкелей у болып табылады, сондықтан, мұғалiмнiң жеке басының барлық жағымды қасиеттерiнiң кәсiптiк мәнi бар.

Жақсы ұстаздарға мынадай қасиеттер тән: оқушылардың қуанышы мен қайғысына ортақтаса бiлу, сабақты ашуланбай түсiндiру, оқушыларды түсiнбегенi үшiн кiнәламау, ешқашан кек сақтамау, шәкiрттерге құрметпен қарау, олардың жеке басының ар-намысын қорламау, өз бойында юмор мен оптимизм сезiмiн дамытып отыру т.б.

Сонымен, тәртiп пен ұйымшылдық - өндiрiсте тәртiп орнату жөнiндегi жекелеген, арнайы науқандар мен шаралар емес. Бұл шын мәнiндегi, күнделiктi әрi ұзаққа созылатын процесс.

Мұғалiмнiң кәсiптiк қызметiндегi еңбек тәртiбi дегенiмiз не? Еңбек тәртiбiнiң мәнi, әрбiр адамның өз жұмыс орнында бар күш-жiгерiн жұмсауы. Сондықтан рухани, материалдық және ұйымдастырушылық факторларды үйлестiру ғана жемiстi еңбек мәдениетiн, өндiрiсте реттiлiк пен тәртiптiң болуына сенiмдi кепiлдiк беруi ммүкiн.

Педагогтар ұжымы үшiн, бiздiң ойымызша, әңгiме еңбек тәртiбiнiң жекелеген мәселелерi туралы (айталық, қыдырымпаздармен, жалқаулармен және т.б. күрес туралы) емес, еңбек мәдениетi ретiндегi еңбек тәртiбi туралы болуға тиiс. Ал мұның өзi ең алдымен адамгершiлiк категория, өйткенi, адамның, оның үстiне мұғалiмнiң, тәрбиешiнiң еңбек мәдениетi – бұл – оның рухани дамуының деңгейi, басты көрсеткiшi, оның мiнез-құлқының жоғары өлшемi, өмiрге көзқарас проблемасы, оның жеке әлеуметтiк белсендiлiгi мен өмiрлiк мұраттарының проблемасы.

Сонымен, мұғалiмдер ұжымында еңбек тәртiбi проблемасына өз мiндеттерiне жауапты және творчестволық көзқарас, айналасындағыларға (әрiптес мұғалiмдерге және оқушыларға) жақсы тәрбиелiк ықпал жасау, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды және әрине, өз тәртiбiн жақсарту проблемасы ретiнде баса назар аударылуға тиiс.

Алға қойылған мiндеттердi шешу үшiн: жеке бiлiм көтеру жолында, теорияны экономика мен құқық, кәсiптiк еңбектi ұйымдастыру, педагогика теориясы мен жас ерекшелiгi психологиясы мәселелерiн әркiмнiң терең оқып-үйренуiн ескере отырып, педагогтар ұжымының жүйелi жұмыс жүргiзуi қажет. Сондай-ақ, мұғалiм этикасы мәселелерiн терең оқып үйрену мұғалiмiнiң намысы мен абыройы, кәсiптiк парызы, ар-ожданы мен беделi сияқты маңызды моральдық категорияларға, мұғалiмнiң жеке басының адамгершiлiк мәдениетi мазмұнына неғұрлым көбiрек көңiл бөлуге мүмкiндiк бередi. Мұғалiмнiң адамгершiлiк принциптерi, идеялық сенiмдерi, кәсiби бiлiктiлiгi, ғылыми эрудициясы мен сыртқы әлпетi және әрине, мұғалiмдер ұжымының еңбек тәртiбiн нығайту, педагогикалық процестiң тиiмдiлiгiн арттырып, одан әрi жетiлдiру үшiн қажеттi тәрбиелiк үлкен ықпал жасайтын қарым-қатынас мәдениетi адамгершiлiк мәдениетiнiң құрамдас тармақтары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   201




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет