Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет78/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

СЕНСИТИВТІК ТРЕНИНГ:

ТАРИХЫ, ЖОЛДАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, НӘТИЖЕЛЕРІ
Сенситивтік тренингтегі жұмыстың топтық түріне жатады, алайда оның кейбір элементтері жекешеленіп қолданылуы да мүмкін.

«Сенситивтік тренинг» түсінігі өте кең ауқымда және көпмағынада қолданылады. Осы түсінікпен аталатын топтық жұмыстың түрлерінің барлығын жетелей талдау біздің көздейтін мақсатымыз емес. Тек оның дамуының негізгі тармақтарына тоқталамыз.

Ю.Н. Емельянов сенситивтік тренинг (немесе жеке тұлға аралық сезімталдық тренингі) шетелдік әлеуметтік психология тәжірибесінде 1950 жылдардың соңына қарай қалыптасты деп санайды (1). Сенситивтік тренингінің түп-тамыры Т-тобының тәжірибесінде жатыр. Шетелдік мамандардың көбінің бұл екі түсінікті тең мағынада қолдануы бекер емес. Ю.Н. Емельяновта осы пікірді ұстанады. К. Роджерс, жұмыстың топтық түрінің жіктелуінің белгілі бір түрін ұсына отырып, негізгі екі категорияны немесе негізгі екі типті атап көрсетеді: «сенситивтік тренинг» топтары және «ұйымдастырушылық дамыту топтары». «Сенситивтік тренинг» терминін негізінде роджерстік «кездесу топтарында» және Т-тобы немесе К.Левиннің топтық динамика мектебі ағымында пайда болған адам қарым-қатынастарының тренингтік тобын белгілеуге қолданылады. (Кейде оларды сезімдік тренингінің зертханасы деп атайды.)

Т- тобы негізінде өзара әрекеттерінің арқасында пайда болған жеке тұлға аралық қатынас пен топтық динамиканы зерттеу мақсатында кездескен гетерогендік индивидтердің жиыны ретінде анықталады. Бұл әдісті даралайтын ерекшелік Т-топты ұйымдастыру мен құрылымдау кезінде қатысушылардың жоғары дербестікке ұмтылуы болып табылады. Топтық өзара әрекеттікті ынталандырудың негізгі құралы бұл құрылымның болмауы. Әлеуметтік вакуумда қалған қатысушылар топ ішіндегі өзара қарым- қатынасты өздері ұйымдастыруға және бірлескен әрекет процедурасын талқылауға мәжбүр. Бұл жағдайда оқыту жеке тұлға аралық мінез-құлықты түсіндіретін нысаналы принциптерді игеруден бұрын топ мүшелерінің сынақтары мен қателіктерінің нәтижесі болмақ. Сонымен қатар Т-тобы жеке тұлға аралық сезімшілдікті дамытумен бірге, өз-өзін қабылдауды, топтық процестерді түсінуін және топ қызметіне үйлесе қосылуын дамытады. Г. Смитті Т-тобы басқалардың мінез-құлқын болжаудың дәлдігін дамыту қызықтырды. Т-тобының мүшелері 1) жаттықтырушы, 2) топтың жеке мүшелерінің, 3) жалпы топты, 4) топтан тыс жеке адамдардың мінез-құлқын болжау нақтылығын шынайы өлшемі пайдаланған төрт зерттеудің нәтижесіне сүйене Г. Смит болжаудың дәлдігінде жақсы жетістіктердің болмағанын тіркеген. Алайда қатысушылар субъективті түрде өздерінің Т-тобындағы жұмыс тәжірибесін жетілдіруші ретінде қабылдағанын атап өткен жөн.

Г. Смиттің пікірі бойынша, сенситивтікке Т-тобының дамытушылық әсері оның алдына қойған мақсатына байланысты болмақ. Атап айтқанда, бұл жерде негізгі мақсат жақындықтың субъективті әсеріне жетуге негізделген ойша түсінікті дамыту мен басқа адамға көңіл аударуы болуы мүмкін. Г. Смиттің ойынша, Т-топтарда дәл осы орын алған. Сондай-ақ адамның басқа жанның сезімін, ойы мен мінез-құлқын қаншалықты болжап бере алатындығында байқалатын эмпириалық түсінудің дамуында өзгеріс болмайды. Оның нақты себептерінің бірі – кері байланыстың, сенситивтілікті дамытудың тепе-тең міндетінің болмауы. Өзінің сенситивтік мүмкіндіктерінің тренингін бастай отырып, тренингтің мақсаты мен оны игеру дайындығын анықтау үшін адам дәрісті бастар алдындағы өзінің сенситивтілік жағдайы қандай екендігін білу керек. Саналы түрде мақсатқа жету әртүрлі көздерден алынатын тренингтің нәтижесі туралы үдемелі және жылдам кері байланысты қажет етеді. Сенситивтік тренинг топтарында қол жеткізуге болатын көптеген әртүрлі мақсаттар бар. Ю.Н. Емельянов, жоғарыда келтірілгендерге сүйене отырып, сенситивтік тренингтің төмендегі міндеттерін тізбектейді:

1. Өз-өзін түсіну мен басқаны түсінуді көтеру.

2. Топтық процестерді әсерлі түсіну, локалдық құрылымды меңгеру.

3. Бір қатар мінез-құлықтық дағдыларды дамыту (1).

Л.А. Петровская шетелдік әдебиетке сілтеме жасай отырып, мақсаттың екі деңгейін атайды: тікелей және метамақсаттар деп аталатын, немесе аса жоғары деңгейдегі жалпылық мақсаттары. Тікелей мақсаттар қатарынан біздің сенситивтік тренинг туралы түсінігімізге ең алдымен серігінің бойынан байқалған (дауыс интонациясы, бет - жүзінің қимылы, тұрысы және басқа концептуалды факторлар, толықтырушы сөздер) байланысқа тартқан бір қатар белгілерді қабылдауымен байланысты басқалардың мінез-құлқына, топтық процеске сезімталдықты шиеленістірумен сәйкес келеді.

Көптеген шетелдік авторлар сенситивтік тренингтің адам қабілеттілігін жетілдіру мен дамытудың негізгі мақсаты басқа адамдарды түсіне білу деп санайды. Біздің көзқарасымызша, бұл мақсаттар төмендегідей құрастырылуы мүмкін:

1. Психологиялық бақылампаздықты дамыту басқа адамнан немесе топтан алынатын белгілердің үндестігін есте сақтау мен белгілеу қабілеттілігі ретінде:

2. Теориялық біліммен және сананың көшірілген үзінділері арқылы қаланатын түсіндірілген шектеулерді сезіну және жеңу.

3. Басқаның мінез-құлқын болжай білу қабілеттілігін қалыптастыру мен дамыту, оған өзінің әсерін жорамалдай білу.

Бұл мақсаттарға сенситивтік тренингтің ұзақтығы әртүрлі жеке және топтық бағдарламалары аясында жетуге болады. Сондай-ақ басқа бағдарламалармен салыстырғанда, мысалы әріптестік қатынас тренингі немесе келіссөздер жүргізу тренингімен салыстырғанда, сенситивтілік тренингінің негізгі әдістемелік құралдары ретінде әлеуметтік- перцептивтік қызметтің нәтижелері мен процесін сезінуге қажетті, сонымен бірге әр қатысушының өзінің сенситивтік қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік беретін әрі ауқымды және бірмезгілде тәтпіштелген мәліметтер беретін психологиялық жаттығулар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   201




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет