Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден оқушының тәрбиелілігінің әр түрлі жақтарын зерттеу әдістемесін таңдау



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі76,39 Kb.
#124601
  1   2
Байланысты:
СӨЖ 12
ОШ ТЖБ География 7-сын каз, ОШ ТЖБ География 7-сын каз, ОШ СОР Алгебра 7кл каз, ОШ СОР Алгебра 7кл каз

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден оқушының тәрбиелілігінің әр түрлі жақтарын зерттеу әдістемесін таңдау  
Психодиагностика - психологиялық диагноз қою немесе жеке адамның психикалық күйі туралы мамандырылған түрде шешім қабылдау.
Психодигностика ғылым ретінде, келесі жалпы мәселелерді қамтиды: І.Психикалық құбылыстардың табиғаты қандай?
2.Психикалық қүбылыстарды тануда оның жалпы ғыльши негіздері неде?
3.Психодиагностикалық әдістер жалпы ғылыми, әдістемелік талаптарға сәйкес келе ме?
4.Психодиагностикалық әдістерге қандай әдістемелік талаптар қойьшады?
Практикалық диагностиканың нәтижелерінің дәлдігіне қандай негіз бар? Психодиагностика тек теориялық мәселелерді ғана емес, сонымен қатар оны ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін де қамтиды.
1 .Психолог - психодиагностқа кәсіби талаптардың қойылуы.
2.Өзінің жұмысын дұрыс жүргізу үшін онда қажетті білімнің, ептіліктің, дағдының болуы.
3.Практикалық жағдайлардың жасалуы. Практикалық психологта арнайы бағдарлама мен әдіс-тәсілдердің болуы.
4.Психолог-диагносттың жүмысы осы 2 бөлікті (яғни теориялық және практикалық) қамтиды.
Психодиагностика психологтың түрлі іс-әрекетінде қолданылады. Мысалы, әксперимент өткізгенде зерттеуші ретінде, психологиялық түрғьщан кеңес бергенде, психологиялық коррекция әрекетінде. Өте жиі ол психологиялық диагноз қою болуы тиіс.
Психодиагностиканың мақсаттары:
1. Адамның бойьшда психикалық қасиеттердің немесе мінез-қүлық ерекшеліктерінің көрініс беруін анықтау.
2. Осы ерекшеліктердің даму дәрежесін, оның сандық және сапалық жағынан көрініс беруін анықтау.
3. Басқа адамдардың бойындағы қасиеттер мен осы көрініс берген ерекшеліктерді немесе қасиеттерді салыстыру.
4. Адам бойындағы қасиеттерді, мінез-құлық ерекшеліктерді сипаттай білу.
Психодиагностика кәсіби психологтың іс-әрекетіндегі ең күрделі сала. Бұл салада қызмет ету үшін білім, дағды, ептілік қажет. Мысалы, Америкада жоғары білімі бар мамандар осы сала бойынша дайындық өтеді ( 2 жылдық арнайы факультеттерде дайындалады). Осы факультетті бітіргеннен кейін, психодиагност, психологиялық коррекция бойынша мамандық алады.
Психологиялық диагностқа қойылатын талаптар:
1. Адамдарды өзіне тарта білу, оларды сендіре білу, олардың көңілінен шыға білу.
2. Психодиагностикалық әдістерді терең білу, оларды қолдану әдістемесін игеру. Психодиагностикалық әдістерді таңдауға қойылатын талаптар:
а) тандалып алынған әдіс қарапайым түрде болуы қажет.
б)таңдалып алынған әдіс түсінікті болуы қажет.
в) зерттеу одістері өтетін жерде адамға әсер ететін жағымсыз тітіркендіргіштер болмауы қажет (яғни, оның -зейінін аударатын жағдайлар). Зерттеуші мен зерттелінушіден басқа бөтен адамдар болмауы қажет.
Қазіргі психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың бірінші жартысынан басталады. Адам туралы психологиялық әмпирикалық білімді дәрігерлер жинады (ал оған дейін философтар мен жазушылар айналысқан).
Психиатр-дәрігерлер Еуропаньщ клиникаларында ауру адамдарды бақылай бастады. Психодиагностиканың: бақьшау, документтерді анализдеу, әңгімелесу әдістері қолданьшады. В.Вундт 1-ші лаборатория ашады (1879 ). Бұл жерде техникалық құралдар қолданыла бастады. Бұл уақытта негізгі психофизикалық заң ашьшды, яғни физикалық және психикалық құбылыстардың сандық жағынан бір-бірімен байланыста болуы. Осы заңға байланысты адамның түйсіктерін өлшеу мүмкіншіліктері де пайда болды.
Психодиагностиканың негізгі әдістерінің құрылуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып табылады. Осы кезеңде белсенді түрде математикалық статистика дами бастайды. Кейінірек оған психодиагностиканың сандық ғьшыми әдістері негізделе бастады. Математикалық статистиканы баста биологияда, әкономикада, медицинада, ал кейінірек психологияда қолданды. Кейінірек психикалық құбылыстарды сандық жағынан психодиагностикалауда арнайы әдістер қолданыла бастады. Ең бірінші рет ол әдіс ақыл-ой дамуының дәрежесін анықтауда қолданылды.
Бірінші арнайы психометриялық мекеме Англияда пайда болды. Оның негізін салған ағылшын психологы - Гальтон. 1884 жылы ол антропометриялық лаборатория ашады. Ол лабораторияның негізгі мақсаты - адамның қабілеті туралы статистикалық мәлімет алу. Бұл лабораторияға келушілер өздерінің қабілеттері туралы мәлімет алуға мүмкіншілік алды, бүл әксперименттен 10000 адам өтті. Гальтонның еңбегі -статистикалық әдістерді ойлап табуы.
Француз ғалымы А.Бине 1905-1907 жылдары ақыл-ойды зерттеу тестгерін жетілдіре түсті, ал кейінірек француз ғалымы Т.Симон екеуі бұл тесттерді терең түрде өңдеді, сөйтіп ол тест Бине-Симон деп аталды. XX- ғасырдың екінші жартысында жаңа психологиялық тесттер пайда болды. Олар жеке адамның түрлі қасиеттері мен процестерін диагностикалауда қолданылды.
Бұл жылдары әлеуметтік психологиялық зерттеулерде психодиагностикалық әдістер қолданылды (социометриялық әдіс Дж. Морено, көптеген өлшеу әдістері К.Левин ). Кейінірек психодиагностика психологиялық білімдердің ғьшыми практикалық саласына айналады. Өте көптеген психодиагностикалық әдістер пайда бола бастады. Математика мен физиканың, ӘВМ-нің нәтижелері психодиагностикаға ене бастайды.
Практикалық психодиагностика - психологтардың өте жауапты және күрделі саласы. Ол қажетті білімді, кәсіптік ептілікті талап етеді. Психодиагностикаға арнайы талаптар қойылады:
1. Құпияны сацтау притпті. Психодиагностиканың нәтижелерін жария етпеу( психодиагностика жүргізілген адамның келісімінсіз). Бұ_л принцип ересек адамдарға қатысты. Ал егер психодиагностика кіші балаларды қамтыса, онда олардың ата-аналарының келісімі қажет, оның үстіне зерттеушілердің фамилиясы, аты көрсетілмеуі тиіс (нақты фамилиясы, аты-жөні).
2. Ғылыми дзлділік принцші. Психодиагностикалық әдістердің нәтижелері сенімді болуы қажет.
3. Зиян келтірмеу принципі. Психодиагностикаға тартылған адамға зерттеу нәтижелері зиян келтірмеуі қажет.
Осы методологиялық принциптердің негізінде психологиялық зерттеулер қаралады:
1. Психодиагностиканың әдіснамасы
2. Зерттеу әдістерінің классификациясы
Психодиагностика екі мағынаны білдіреді:
1) ғылыми психологиялық зерттеулер
2) психологиялық білімдердің практикада қолданылуы. Психодиагностиканың әдістері 2-ге бөлінеді:
1) зерттеу әдістері
2) психодиагностикалық әдістер
-Зерттеу әдістерінің мақсаты - жеке адамның психикалық процестерін, сипаттарын, кейіптерін анықтау. Әксперимент барысында жеке адамды зерттеу.
-Психодиагностика әдістерінің мақсаты - зерттелінетін психикалық ерекшеліктерді сандық және сапалық жағынан анықтау. Р.Кеттелдің 16- факторлық тесті. Бұл жерде 187 пікір бар, ол 16 топқа бөлінген. Осы бөліктер бойынша жеке адамның қасиеттері бағаланады.

Детерминизм принципі

а) жеке адамның қалыптасуына оқыту мен тәрбиенің әсері;
б) баланың бас миы нерв системасының қалыптасу дәрежесі;
в) баланың психикалық дамуына алдыңғы кезендерінің әсері

Психика мен іс-әрекеттің бірлігі туралы принцип

а) баланың психикалық дамуы оның негізгі іс-әрекетімен байланысты;
б) баланьщ жасаған, орындаған іс-әрекетін анализдеп отыру;

Даму принципі

а) актогенез ( даму процесінің нақты тітіркендіргіштердің ықпалына жауабы);
б) онтогенез (баланың дамуы);
в) тарихи генез ( акселерацияны ескеру )




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет