Психологияның адам өміріндегі алатын орны



Дата08.02.2022
өлшемі13,66 Kb.
#121092
Байланысты:
психология эссе Амангелді Меруерт ТДМ-21-02
Сабақ жоспары, Сабақ жоспары, Сабақ жоспары

Психологияның адам өміріндегі алатын орны
Психология - бұл ақыл мен мінез-құлықты зерттейтін ғылым. Бұл адамдардың ойлауына, әрекет етуіне және сезінуіне әсер ететін биологиялық әсерді, әлеуметтік қысым мен қоршаған орта факторларын қамтиды.
Психология әрдайым терең салалардың бірі болған,қазір де солай.Бірақ, менің ойымша бұл саламен көп қарапайым адамдар соңғы уақыттарда ғана қызығып зерттей бастады.Себебі қазір біз өмір сүріп жатқан кезеңде,адамдар жеке бостың дамуына(саморазвитие)көп көңіл бөліп жатыр.
Мысалға,бұрын адамдарда психологияға деген көз қарасы мүлде бөлек болды.Оның әрбір адамға деген қажеттілігін біле бермеді,ішкі жан-дүниесімен жұмыс жасау қажеттілігі барлық адамға қажет екенін көбісі түсінбеді.Ал қазір,адамдардың барлығы оның қажеттілігін түсінді.Оған әсер еткен әулеметтік желілердегі психология , коучингке байланысты түрлі ақпараттардың таралуы деп ойлаймын.Оның үстіне,жеке бастың даму жолдарында адамдар заманауи психологиялық кітаптарды оқып,іздене бастады.Солайынан адамдардың психолгияға деген,өмірге деген көз қарастары ауысты.
Көп адамдар қазір негізгі психологияны меңгерген.Сенің өміріңде болып жатқан жағдайлардың барлығы-сенің өзіңнің таңдауын. Психология өз-өзіңді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-өзіңді тануыңа, қызығушылығың арқылы жақсы мамандық таңдауға себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуыңның алғашқы баспалдағын құрастыруыдның көмекшісі болды.
Психологияны білім беру жүйесінде, денсаулық сақтаудың және де басқа кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет