Пунктуациясы


Тақырып бойынша тест тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет155/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөздерді белгілеңіздер 
A)  –  Анау  күні  қозыға  мінген  Жұмаштарды  бай  атам  неге 
ұрмады? – деп таңырқап, бұйығы дауыспен Момынтай сұрады. 
B) Дүрия болар-болмас езу тартып: 
– Мұрат мені әкеткен жоқ, мен Мұратты әкеттім,– деді. 
C)  Көбен:  «Билігін  Еске  бердім»,  –  дегенде:  «Бұл  мырза  да  у-
шусыз  ойнап  күлгенді  жек  көрмес.  Бір  қара  қазақ  қарға  сияқты 
мазаларыңызды  ала  беретін  шығар»,  –  деп  жылпың  тілге  салды 
Дауылбай. 
D)  Нұрым:  –  Әлгінде  бәріміз  жабылып  ұрайық  дегендердің 
қайда? (Нөкеш күліп кірді.) Мені ұрғанға қуанып жүрмісің? 
E)  Бекен.  Тіліңді  шығар  (қалтасынан  орамалын  алады,  Бекен 
жылай бастайды.) 
 
ІІ. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөздерді белгілеңіздер 
A) Атына жаңа мінген Дәрмен асу жаққа көз салып: 
– Жаным-ау, мына Мұқаның ақмартуы бар ғой, жарандар-ау! Әне 
келіп қалды Әбіштер! – деді де, тебініп ілгері баса берді. 
B)  Неге,  оны  қалай  айтасың?  –  деп  Жәбікенге  үлкен  жаудыр 
көздерін  жалт  еткізе,  ойлана  бір  қарады.  –  Сен  Бұқпаны,  Сапарды, 


 
176 
Қайырды,  Исабекті  қайтесің?  Сондайлар  тепсе,  темір  үзеді  дейтін 
атпал азаматтар емес пе еді? 
C)  Мағаш  Кәкітайға  әзілдеп:  –  Қуанғанда  сенің  мұрның,  тіпті, 
мүлде  пұштай  болып  кетеді-ау!  Түрің  қалай  жаман  еді.  Салиқа  да 
жоқты менсіне береді екен-ау! – деп, сылқылдап күліп қояды. 
D)  –  Ұзақ  жолдан  шаршап  талмадың  ба,  Мағышым!  –  дегенде, 
Мағыш әсем дауыспен ақырын ғана: – Жоқ, аға, оншалық шаршағам 
жоқ, – деді. 
E)  –  Бұл  вальс  қой  өзі,  –  деп  тағы  біраз  ойланды  да,  –  атына 
қарағанда,  бір  сезікті  орыннан  естілген  күй  сияқты  ғой!  –  деп, 
Мұқанның жүзіне күле қарады. – Қайдан үйренгенсің?! 
 
ІІІ. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөздерді белгілеңіздер 
A) Әбіш өз ойының бұл жөнде ұшқары екенін енді аңғарып: Мен 
жұмға  намазы  сияқты,  бөгде  халық  көп  жиналатын  күні  хұтпаның 
артынан Сармоллаша шығарсыз ба деп едім. Ол қалай? – деді. 
B) Кетуге ыңғайлана отырып, Абай Өткелдіні әзіл етті:  
– Міне, бұған қала, көше, номер, адрестің не керегі бар? Сары иті 
бар, не мұңы бар? – деді. 
C)  –  Жұмылған  көзін  ақырын  ғана  аша  түсіп,  Абайға  әлі  де 
қырындай қарап отырып, Есентайдың бар айтқаны: – Ең әуелі мақсұт 
еткенім,  сенің  не  дейтініңді  білу!  Айт,  не  айтасың  мынауыңа!  –  деп 
тағы да салмақ тастап, тоқтап қалды. 
D)  Отырған  орнында  қыбжыңдап,  қозғалақтады  да,  иба  қылған 
боп  Абайдың  үлкендігін  сыйлаған  боп:  –  Әй,  Абай  мырза,  мені 
ғайыптадыңыз ғой! Абай мырза әй-әй! – деген болды да үндей алмай 
қалды. 
E)  –  О,  қандай  тамаша!  Қандай  жақсы  сюрприз!  Келіңіз,  мұнда 
келіңіз! – деп Әбен мен өзінің екі арасындағы орынды жылжи түсіп, 
босата берді. 
 
ІҮ. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөздерді белгілеңіздер 
A)  Сөйтті  де  қатты  дыбыстап:  –  Келген  Абай,  Абай,  Дәрмен  – 
деп, екі-үш қайырды. 
B) Мәкен момын ғана үнмен қостай отырып: – Ең соңғы жолдары 
Кіші  апа,  сіздің  маған  ұстаздық  етіп,  мынау  кесте  тіккізіп,  баулып 
жүргеніңізді де айтқандай көрдім, – деді. 
C)  Сөйте  отырып:  –  Жазға  мүмкін,  бәлки  Ғабдрахим,  жетерсіз, 
барарсыз!  –  деп  біраз  бөгеле  сөйледі.  –  Күн  жылынғанда,  шаң 


 
177 
көтерілмей  тұрған  шақта,  жайлы  күтіммен  асықпай  барарсыз. 
Ақырын жүріп, өз туған жеріңізге жетерсіз деп үміт етем – деді. 
D) Абай әлгі сөзді тыңдап бола бере, әуелі бір қысқа ғана мысқыл 
айтты:  
–  Ауыз  дарбаза,  сөз  самал!  –  деп  қойды  да,  –  есесін  де  бөсесін 
ғой, Тобықтының сотқары! – деді. 
E) Бостан мақұлдай қостап: 
–  Үндеме,  не  қыласың,  біз  ғана  емес,  өлкенің  елі  болып,  «әй 
бәлем-ай»  деп  мығым  отыр.  Тынып  отыр.  Ендеше,  келіңдер, 
жаңағыны бастайық! – деді. 
 
Ү. Төл сөздің ішінде төл сөз бар сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Қайта-қайта  сұрап  келе  ме  келді  ме  деп  Абай  мен  Дәрменді 
тосып  еді  Бұларды  көріп  арманын  айтқан  соң  енді  тыныштық  алды 
білем деп Ербол топшылады. 
B) Жиренше күбірлеп Бәрекелді арғы атасы ақ патшамен келіскен 
өзі мынау Шынжыр қатар осы-дағы Қайт дейсің ерім-ақ-ау деп төреге 
соңғы сөздерін естірте тамсанады. 
C)  Көптен  о  яқ  бұ  яққа  жүрісім  боп  үстіне  кіре  алмап  ем  Мана 
Бақияға  кездесіп  сенің  бауырың  менің  тілеулес  дос-жарым  емес  пе 
деп кеп қалған жайымыз со Мағаш шырақ деді. 
D)  Тәкежан  менің  де  қабырыма  топырақ  тастаймын  деп  келіп 
тікен тастап кетер-ау деп қоя салды. 
E)  Олар  орыстың  мен  сияқты  Пушкин  деген  ақыны  жазған  қыз 
бен жігіт Солардың жөнін қазақша өлең қылған біздің досымыз үлкен 
ақынымыз Абай деді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   175




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет