Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет164/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

Сараңдық пен жинақтылық 
Бірнеше  тәуір  кісілер,  бір  жетім-жесір  қалған  үй  үшін  жылу 
жиямыз  деп  әр  үйге  қыдырып  барып  жүріп  бір  байдың  үйіне  келсе 
бай  жұмыскеріне:  «бір  кішкентай  жіпті  жаңбырда,  ұмытып  далада 
қалдырыпсың», – деп қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады 
«Сен  білмейсің  ол  кішкентай  ғана  жіп  те  болса,  малға  сатып 
алынған нәрсе: малдың табылуы оңай емес» – деп. 
Мұны  естіп;  көріп;  әлгі  жолаушылар  өзді-өзі  сөйлесті  –  Бір 
жаман  жіпті  далада  ұмытып  қалдырдың,  –  деп  сонша  кейіп  тұрған 
адам  бізге  еш  нәрсе  бере  қоймас,  аузымызды  ауыртпай,  келген 
ізімізбен қайталық. Ішінде біреуі айтты: 
«Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік». 
Бұл сөзбен  байға келіп, сәлем берді.  Бай бұларды  әдеппен үйіне 
кіргізді.  Сонан  соң,  келгендердің  жұмысын  естіп,  сол  жердің  өзінде 
бөтендерге қарағанда екі есе ақша шығарып берді және мұнан басқа 
төрт-бес  қап  астық  беремін  деп  уәде  етті.  Мұнысын  көріп 
жолаушылар  таңданып  отырды  да,  өздерінің  далада  байды  сараңға 
қойғандарын айтысты. Сонда бай айтты: 
«Аз  нәрсені  азсынбай,  қадірін  біліп  жинағаннан  осындай  кем-
кетікке  жәрдем  беруге  қолым  жетісті;  жинақтылық:  сараңдыққа 
қосылмайды?» – деді. 
(Ы.Алтынсарин) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   175




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет