Python-да бағдарламалау



Дата06.03.2023
өлшемі240 Kb.
#171253
түріПрограмма
Байланысты:
Екінші лабка Мадиге
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R

Python-да бағдарламалау

АЕЖ кафедрасының аға оқытушысы Абилдаева Г.Б.

Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Циклдік операторларды қолданып есептер шығару

Мақсаты

Циклдік (қайталау) оператор операторы түсінігімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді программалап үйрену

Жұмыс тапсырмасы қарастырылып отырған тақырып бойынша қандай да бір тапсырманы орындау бойынша нақты жұмыстардан тұрады. Тапсырма нұсқасының нөмірі оқытушының топ бойынша журналының реттік нөмірі бойынша жүзеге асырылады.

 Жасалған жұмыс бойынша есеп төмендегілерден тұруы керек:

титулдық бет;

жұмыстың тапсырмасы, мақсаты;

теориялық дайындықтың қысқаша қорытындылары (бақылау сұрақтарына жауаптар);

орындалған жұмыстың нәтижелері (жинақталған және өңделген мәтіндер, кескіндер, суреттер және басқа нысандар);

 қорытынды (жұмыс бойынша «өз сөзімен» қорытынды).

Зертханалық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық

Кейбір программалардың белгілі бір операторлары бірнеше рет қайталанып отыруы мүмкін. Мұндай болып келген операторлар тізбегін цикл операторлары деп атайды. Циклдік оператордың түрлері: параметрлі цикл-FOR, шартын алдын-ала тексеретін цикл- WHІLE және break, continue операторлары.

Енді осы операторларға тоқталайық.

Цикл-әзір операторы

Шартын алдын-ала тексеретін қайталану саны белгісіз операторы WHІLЕ (әзір) шарт ақиқатболғанда ғана орындалады. Егер шарт жалған болса, бұл цикл бір рет те орындалмауы мүмкін. Бұл оператордың жазылу түрі:

while выражение:

инструкция_1

инструкция_2

...

инструкция_n

FOR операторы

FOR операторы цикл параметрі өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталау ісін атқарады.

Питон тілінде for операторының мүмкіндіктері көп. for циклінде айнымалы мен көптеген мәндер көрсетілуі мүмкін. Ол мәндер тізім, кортеж, жол немесе диапазон болуы мүмкін.

Төменде мән ретінде кортеж қолданылған циклдың мысалы көрсетілген:

i = 1

for color in 'red', 'orange', 'yellow', 'green', 'cyan', 'blue', 'violet':

print('#', i, ' color of rainbow is ', color, sep = '')

i += 1

Range функциясы

Берілген санды n рет қайталау үшін for циклін range функциясымен бірге қолданылады:

sum = 0

n = 5

for i in range(1, n + 1):

sum += i

print(sum)

Нәтижесі:

15

Break операторы

Егер Питон программасын орындау барысында, цикл ішінде break инструкциясы кездессе, онда осы циклдің орындалуын тоқтады, сонымен қатар одан шығып кетеді. Содан соң else тармағы орындалмайды. Сондықтан, break инструкциясы if операторының ішінде ғана шақырылады.

Мысалы:

n = int(input())

length = 0

while n != 0:

length += 1

n //= 10

print('Длина числа равна', length)

Нәтижесі:

567

Длина числа равна 3

Continue операторы

continue операторы цикл (for немесе while) денесін айналып, келесі циклді бастайды.

Мысалы:

>>> for i in 'hello world':... if i == 'o':... continue ... print(i * 2, end='')

Нәтижесі:

hheellll wwrrlldd

Жұмыстың тапсырмасы

Жұмыстың тапсырмасы

Бақылау сұрақтарының тізімі

1. Циклдік оператордың түрлерін ата.

2. Параметрлі цикл операторының жазылу үлгісі қандай?

3. FOR операторының параметрі қай типте болуы тиіс?

4. Цикл-әзір операторы қалай жазылады?

5. WHІLE операторының бір рет те орындалмауы мүмкін бе?

6. Цикл-дейін операторы қалай жазылады?

Ұсынылатын әдебиеттер

  • Когай Г.Д., Г. Б. Абилдаева Язык программирования PYTHON - Караганда: КарГТУ, 2019
  • Amirov A.Zh., G. B. Abildaeva The python programming language - Karaganda: KSTU, 2019
  • Бөрібаев Б. Алгоритмдеу, мәліметтер құрылымы және программалау тілдері. оқулық Алматы: Қазақ университеті, 2012
  • Султанова Б.К., Томилова Н.И. Деректер құрылымдары және бағдарламаларды әзірлеу процестері. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2015


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет