Рабаева Камила бб17-02 Эволюциялық идеялардың даму тарихы


Дарвин дәуіріне дейінгі кезеңде эволюциялық идеялардың қалыптасуы және дамуы



бет2/7
Дата06.02.2022
өлшемі25,99 Kb.
#81744
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лабка 1 Камила
лабка1 Рабаева
2.Дарвин дәуіріне дейінгі кезеңде эволюциялық идеялардың қалыптасуы және дамуы.
Көне философия өзінің дамуында, сол кездің ең даңқты энциклопедистерінің бірі Демокриттің ( шамамен біздің эрамызға дейінгі 460 – 370 жылдары ) ілшімінің де жоғары шыңына жетті. Демокрит материя құрлысының тұңғыш атомдық теориясын құрды. Ол табиғаттағы барлық зат бөлінбейтін материялық бөлшектерден – атомнан құралады деп үйретті.
Грецияда Эмпедокл мен Демокрит дамытқан идеалар кейіннен Рим империясына да таралды. Рим философы және ақыны Лукреций Кар ( біздің эраға дейінгі I ғасырда “ Заттың табиғаты жайында” деген поэмасында грек ойшылдарының көзқарасына ұқсас бір қатар пікірлер айтады.
Аристотельше тіріге үш негізгі белгі тән:
1.өсу мен көбею үшін – тамақ ;
2.организмді қозғалтатын – сезім;
3.ойлау;
Бұл белгілер жанның қасиетін анықтайды. Әртүрлі организмдердің жаны да әр түрлі:
1)Қоректендіруші жан (өсімдіктерде)
2)Сезуші жан ( жануарларда)
3)Ақылды жан (адамда) болады. Осы жандардың әр бірі өзінше тірі дененің мақсатты дамуын қамтамасыз етеді.
Әйгілі ағылшын философы Ф.Бэкон (1561 – 1626) индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады.
Мысалы; 1543 жылы А.Везалий адам денесінің құрлысын зерттеп, оған сипаттама берсе, 1628 жылы У.Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады.
Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707 – 1778) болды. Ол түрдің табиғи жан – жақтылығын және ақиқат барлығын айтса келіп, түр құрлысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді.
1749 жылы Ж.Бюффон “Табиғи тарих” атты көп томдық еңбегінде “ бейорганикалық заттардан тірі ағзалар ( алдымен , өсімдіктер , одан кейін жануарлар мен адам) пайда болды дей отырып, түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады. Органикалық дүниенің эвалюциясы жөніндегі дұрыс ой – пікірлер Д.Дидронның , Ч. Дарвиннің атасы Эразм Дарвиннің , И.Канттың еңбектерінде жазылған.
Ресейде табиғат туралы эволюцилық идеалар XVIII ғасырдың 2 – ші жартысында қалыптаса бастады.
Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М.В. Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерстерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт – Петербург академигі К.Ф. Вольф алғашқылардың бірі болып , ұрықтың дамуы жөнінде дұрыс пікір ұсынды.
А.Н. Радищев табиғатты біртұтас деп тауып, ондағы даму қарапайымнан күрделі құрлысты ағзаларға жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф. Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы метафизикалық көзқарасты қатты сынап, ағзаларды қай – қайсысы болса да айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет