Рабочая учебная программа «Қазақстан тарихы»



Дата28.06.2017
өлшемі352,11 Kb.
#20151
түріРабочая учебная программа
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы

управление образования АКИМАТА костанайской области
ТОРҒАЙ АГРАРЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

ТОРГАЙСКИЙ АГРАРНО – ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

РАБОЧАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА


«Қазақстан тарихы» пәні бойынша

по дисциплине «История Казахстана»

мамандық 1201000«Автокөлікті жөндеу, пайдалану және

қызмет көрсету»

специалность 1201000 «Техническое обслуживание, ремонт и

эксплуатация автомобильного транспорта»

оқыту нысаны/топ күндізгі ТО-11(арнайы тобы)

форма обучениия/ группа очная группы ТО – 11 (спец)

I курсы/ курс 1,2 семестр/ семестр
Барлық сағат саны 80

Всего часов


Теориялық 80 практикалық

Теоретические практические


Зертханалық

Лабораторные


Емтихан 2

Экзамен
Сынақ 1

Зачет
Қурстық жоба

Курсовая работа



Арқалық 2015

Бекітемін

Колледж директоры

________ А.Қ.Аубакирова

«____» __________2015 ж.

Бағдарлама құрастырған (аты- жөні)Аяпова Г.С.

Составитель программы (Ф.И.О)

Бағдарлама 2015 жылы ҚР БҒМ ОӘК шешімімен бекітілген «Қазақстан тарихы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.24.08.2015ж № 3 хаттама.

Программа составлена в соответствии с типовой учебной программой по дисциплине «История Казахстана», утвержденной в 2015 году решением УМС МОН РК, протокол № 3 от 24.08.2015 г

Бағдарлама "Жалпы білім беретін пәндер" циклдік комиссиясының отырысында қарастырылады және бекітуге ұсынылды.

Программа обсуждена и преставлена к утверждению на заседании ЦМК «Общеобразовательных дисциплин»
20___ ж «___»______ №______хаттама

ЦК төрайымы: _________ А.С.Нурманбетова

(қолы)

Бағдарлама колледждің әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды және бекітілді.

Программа рассмотрена и утверждена на заседании методического совета колледжа

20__ ж «____» ___________ №_____ хаттама


Әдістемелік кеңестің төрайымы___________________ Г.К.Каржауова

  1. Түсіндірме жазба

Осы жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (ПП РК 23.08.2012 қаулы № 1080) бекіткен техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, орта білім берудің мемлекеттікжалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығы бойынша ұлттық тарихты дамыту және тарихи сананы жаңғырту туралы тың мәліметтер енгізілді.

Оқу уақытыныңжалпы көлемі -80 сағ.

Теориялық сабақтар - 80 сағ.

Әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан тарихи пәні жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйене отырып, Отан тарихының түйінді мәселелерін ашып көрсетуге, тарихи объективтілік және нақтылық, деректілік негізінде тарихи оқиғаларды салыстырып оған баға бере білуге, бұрынғы өткен және қазіргі фактілерді талдауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаты: тарих пен қоғамдық ойдың жаңа табыстарының негізінде еліміздің бүгінгі күнге дейінгі өткен тарихи оқиғаларын меңгерту арқылы бүгінгі заман талабына сай білім алушылардың ұлттық сана сезімін арттыру. Қазақстан Республикасының әлем мойындаған жетістіктерін, стратегиялық міндеттерін меңгертіп, өз «Қазақстан тарихы» курсының негізгі міндеттері:

- адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптвстыру;

-тарихи деректермен жұмыс жасай білу және меңгерген білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалаыптастырып, оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру және оған өзіндік көзқарастарын білдіру;

- Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық көзқарастарын қалыптастыру;

- еліне қызмет етуге дайын отнсүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;

- қазіргі заманғы оқыту технологиясының түрлерін және оқыту процесін бақылаудың формаларын,әдістерін пайдалану.


  1. Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

Кіріспе. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1915ж. Тарих ғылым және пән ретінде .



I бөлім ерте дәуірдегі Қазақстан .

Тақырып1.1. Алғашқы қауымдық Құрылыс және тас дәуіріндегі Қазақстан

Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуір . Адамның пайда болуы және оның даму эвалюциясы. Археологиялық жэәне антропологиялық дәуірлеу. Палеолит және мезолит дәуірлеріндегі шаруашылық, мәдениет және тұрмыс тіршілік.

Тақырып 1.2 Жаңа тас дәуіріндегі Қазақстан

Неолит.Неолит дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер және тұрақтар . Жер өңдеу және өндірістің дамуы . Қоғамдық әлеуметтік өміріне сипаттама. Өнер және діни наным сенім дер .Энолит

Тақырып1.3 Қола дәуіріндегі Қазақстан

Қола дәуіріне сипаттама. Андронрв мәдениеті (жалпы сипаттамасы оның кезеңдері ). Отарлық Қазақстан –ертедегі металлургия орталығы. Қола дәуіріндегі Шығыс,Солтүстік , Батыс , Оңтүстік Қазақстан және Жетісу Беғазы-Дәндібай мәдениеті: өндірістік шаруашылықтың дамуы,мал шаруашылығы мен егіншілік.Қола дәуіріндегі қоныстар,обалар және жерлеу дәстүрі. Қола дәуіріндегі әлеуметтік дифференциация.

Тақырып 1.4 Темір дәуіріндегі Қазақстан.

Темір дәуірінің ерекшеліктері. Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы: тайпа одақтары мен ежелгі мемлекеттік бірлестіктер. Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі ақ тайпалары. (хаоварга, тиграхауда, парадарайя, аримаспылар және т.б), сармат тайпалары. Шаруашылық түрлері,ертедегі металл өндірісі,зергерлік өнер,қыш өндірісі. Әлеуметтік құрлымы және идеологиясы. Скиф (триадасы) ,"Аң стилі".

Тақырып 1.5.Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер.

Үйсін мемлекеті мен қаңлылардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті. Сырдария бойындағы археологиялық ескерткіштер.

Тақырып 1.6. Б.з.б. ІІІ-І ғасырлардағы ғұндар тайпалары.

Б.з.б. ІІІ-І ғасырлардағы ғұндар тайпалары олардың көршілермен қарым-қатынасы. Ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы. Ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуы, көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, әлеуметтік құрылысы, материалдық мәдениеті. Ғұндардың Мөде тұсында өрлеуі. Ғұндар Еуропада, Аттила.

ІІ Бөлім.Қазақстан аумағындағы VI-XI ғасырлардағы мемлекеттер

Тақырып 2.1.Көне түркілер,түрікқағанаттары.

Көне түркілер, түрік қағанаты (құрылуы, дамуы, ыдырауы). Батыс және Шығыс түрік қағанаттары.

Тақырып 2.2.Түркеш,қарлұқ,оғыз,қимақ мемлекеттері.

Түркеш,қарлұқ,оғыз,қимақ мемлекеттерінің саяси тарихы, жорықтары, этникалық құрамы, мемлекеттік құрылысы және шаруашылығы.

Тақырып 2.3.Қарахан мемлекеті.Қарақытайлар.

Мемлекеттердің саяси тарихы, этникалық құрамы, мемлекеттік құрылысы және шаруашылығы.

Тақырып 2.4 Қыпшақ мемлекеті,наймандар,керейлер.

Мемлекеттердің саяси тарихы, этникалық құрамы, мемлекеттік құрылысы және шаруашылығы. Экономикалық, сауда, мәдени байланыстар.

Тақырып 2.5 Көшпенділердің рухани мәдениеті.

Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы. Қала-дала байланыстары: Қалалар – көшпелі және отырықшы өркениеттерді жалғастыратын, жақындастыратын көпір. Жібек жолы – ынтымақтастық жолы. Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы. Халық ауыз әдебиеті, ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы, Қазтуған, Сыпыра, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар жыраулар), эпикалық жырлар; музыка өнері, қолданбалы өнер, ұлттық салт – дәстүрлер.

Тақырып 2.6 Қазақ даласының даналары.

Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри.

Тақырып 2.7.Қазақстан даласы моңғол шапқыншылығы дәуірінде.

Моңғолдардың Қазақстанға басып кіруі, жаулап алуы. Отырардың күйреуі. Ұлыстық жүйе. Моңғол шапқыншылығының зардаптары.

Тақырып 2.8 Қазақстан Алтын Орда құрамында.

Жошы-Қыпшақ ұлы державасы (Алтын Орда). Қазақстан Алтын Орда құрамында. Аумағы және рулық құрамы, ішкі және сыртқы саяси тарихы.

Тақырып 2.9 XIV-XV ғ.ғ Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

Ақ Орда, Ноғай Ордасы Маңғыт жұрты). Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы). Дешті – Қыпшақ. Мемлекеттердің саяси тарихы, әлеуметтік құрылысы, шаруашылығы.

ІІІ Бөлім. Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы.

Тақырып 3.1 Қазақ халқының қалыптасу тарихы.

Қазақ халқының қалыптасу тарихы. «Этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны. Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы. «Қазақ» этнонимі. Тарихи деректер. Қазақ халқының антропологиялық және тілдік сипаты.

Тақырып 3.2 Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы

Хандықтың қалыптасуының алғы шарттары, барысы, аумағы. Қазақ жұртының өзбек ұлысынан бөлінуі. Керей мен Жәнібек хандар – қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар. Қазақ хандығы туралыжазба дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих - и - Рашиди» атты еңбегі. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңындағы туындаған тарихи тың мәліметтер.

Тақырып 3.3 Қазақ хандары хронологиясы.

Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан саясаты. Хақназар хан – қазақ қырғыз ханы. Есім ханның ескі жолы. Тәуке хан саясаты.

Тақырып 3.4 Қазақ хандығының саяси-әлуметтік құрлымы.

Хандықтың мемлекеттегі басқару жүйесі, хандық билік, әлеуметтік құрылымы, «ақсүйек» және «қарасүйек» институттары. Салықтар мен міндеткерліктер түрлері, әдеп құқығы және «Жеті жарғы». Қазақ қоғамындағы мүліктік және әлеуметтік айырмашылықтар. Мүліктік қатынастар.

IV Бөлім.Қазақстан Ресей империясының құрамында

Тақырып 4.1.XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

XVII ғасырлардағы қазақ – жоңғар қатынастары, жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары». Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрестері: Бұланты, Аңырақай шайқастары. Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудың тарихи маңызы. Жеңісті ұйымдастырушылар (Әбілқайыр, Абылай хандар; батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай; билер: Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы, Әйтеке Бәйбекұлы және Бұқар жырау).

Тақырып 4.2 Қазақ өлкесінің XVIIIғасырлардағы саяси экономикалық дамуы.

Әбілқайыр ханның саясаты. А.И.Тевкелев елшілігі. Кіші жүздің Ресейге өтуі. Қазақ – орыс сауда байланыстары. Абылай ханның ішкі – сыртқы саясаты.

Тақырып 4.3.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Реформалар

ХІХ ғасырдың І жартысындағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. 1822 ж «Сібір қырғыздары туралы Жарғы», 1824 ж «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы». Хандық биліктің жойылуы. Ресейдің Қазақстандағы отарлық саясаты және реформалардың салдары.

Тақырып 4.4.XIXғ II жартысындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалар.

1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер», 1886, 1891 жылдардағы «Басқару туралы Ережелер». Ресейдің Қазақстандағы отарлық саясаты және реформалардың салдары – әкімшілік аймақты басқарудағы жергілікті биліктің әлсіреуі. Генерал – губернаторлықтар. Реформалардың отарлық мәні. Тұрғындардан өлкенің шұрайлы жерлерін тартып алуы, казак әскері мен орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныс аударуы. Қазақстанға ХІХ ғасырдың екінші жартысында ресейлік және ХХ ғасырдың басында шетелдік капиталдың ене бастауы. Тау-кен өндірісі. Темір жол құрлысы. Капиталистік қатынастардың дамуы.

V бөлім. Қазақ халқының патшалық Ресейдің Отарлық саясатына Қарсы ұлт-азаттық көтерілісі.

Тақырып 5.1.XVIII ғасырдағы ұлт-азаттық көтеріліс.

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж). Игельстром реформасы. Сырым Датұлы көрнекті қайраткер, көтеріліс басшысы. Көтерілістің себептері және әлеуметтік негізі, кезеңдері және оқиғалары, жеңілу себептері және қорытындылары. Тарихи маңызы.

Тақырып 5.2.XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімн болған қозғалыс. Көтерілістің себептері және әлеуметтік негізі, қорытындылары. Бөкей ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған көтеріліс (1836-1838 жж). Тастөбе, Ақбұлақ шайқастары. Көтерілістің себептері және әлеуметтік негізі, көтерілістің басталуы, кезеңдері және барысы, көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.

Тақырып 5.3 XIX ғасырлардағы Саржан Қасымұлы және Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар

Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс, азаттық қозғалысының мақсаты, сипаты және қозғаушы күштері.

Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жж). Ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары және себептері. Кенесары хандығы. Көтерілістің негізгі оқиғалары, патша өкіметінің көтерілісті басып-жаншуға жасаған әрекеті, азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері, Кенесары Қасымұлы бастаған халық – азаттық қозғалысының тарихи маңызы.

Тақырып 5.4.XIX ғасырдың соңындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі. 1867-1868 жылдардағыОрал және Торғай облыстарындағы көтерілістер, 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.

Тақырып 5.5.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

1916 жылғы көтерілістің алғышарттары, сбептері, көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері. Көтерілістің көрнекті басшылары: Әбдіғапар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Кейкі Көкімбайұлы және т.б. Көтерілістің барысы, оның негізгі ошақтары. Көтерілістің жеңілу себептері, зардаптары. Патша өкіметінің жазалаушы әскерінің бейбіт халыққа көрсеткен зорлық – зомбылықтары, көтерілістің тарихи маңызы.



VI бөлім.ХХғасырдың басындағы Қазақстан

Тақырып 6.1 ХХғасыр басындағы ресейдегі саяси жағдайдың Қазақстанға әсері

Столыпин реформасының әсері. 1905-1907 жж Ресейдегі революцияның Қазақ жеріне әсері. Маркстік үйірмелерің қалыптасуы. Қазақ халқының саяси сана сезімінің өсуі. Алаш қозғалысы.

Тақырып 6.2. 1917 жылғы төңкерістер. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Ақпан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Қос өкімет. Қазан төңкерісі. Кеңес үкіметінің орнауы. «Ақ және қызыл террор».

Тақырып 6.3. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар. «Үш жүз», «Ислам жолындағы кеңес» (Шуро-и-Ислам). «Алаш» партиялары және олардың қызметі.

Тақырып 6.4 Ұлттық автономиялардың құрылуы .

Алаш үкіметінің құрылуы. «Алаш» автономиясы және «Алашорда Халық кеңесі» Алашорда үкіметі. Қоқан автономиясының құрылуы және «Туркестану мухтариат» үкіметі. ХХ ғасырдың басындағыҚазақстандағы ұлттық зиялылар тобының саяси қызметі және ұлттық – демократиялық қозғалыстар. Саяси тұлғалар – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай. Қазақ баспасөзі.

Тақырып 6.5 Азамат соғысы.Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты

Шетелдік интервенция және азамат соғысы. Қазақ өлкесіндегі майдандар. «Әскери коммунизм» саясаты. Кеңес үкіметінің күш қолдану шаралары (азық – түлік салғырты, еңбек міндеткерлігі, азық – түлікті реквизициялау т.б.) Жер мен өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік меншікке алу, «әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары.

Тақырып 6.6 Қазақ АКСР-нің құрылуы.

Қазақ АКСР-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің АКСР құрамына біріктірілуі және ондағы зиялылардың қызметі. Қазақ АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы.

Тақырып 6.7. 1920-1921 жылдардағы Қазақстандағы саяси –экономикалық жағдай

1921 жылғы жұт пен ашаршылық. «Жаңа экономикалық саясат» және оның әсері. ЖЭС-ты тоқтату және оның қорытындылары. «Әскери коммунизм» саясаты.

Тақырып 6.8. Индустрияландыру бағыты.

Индустрияландыру және ауыр өнркәсіпті қалпына келтіру шаралары. Қазақстандағы индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар, жетістіктері. Түркісіб темір жол магистралы. Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы, өнеркәсіп саласының озаттары мен жаңашылдары.

Тақырып 6.9.Ауыл шаруашылығын құрудың Сталиндік-Голощекиндік үлгісі

Ұжымдастыру. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын құрудың Голощекиндік үлгісі. Көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру (седентаризация). Ф.И.Голощекин және «Кіші Қазан». Қазақ зиялы қауымының «Кіші Қазан» саясатына қарсы күресі.

Тақырып 6.10. Ұжымдастырудың әлеуметтік –экономикалық зардаптары

1930-1932 жылдардағы ашаршылық. Қазақстандағы қасірет. Аштықпен күрес.

Тақырып 6.11. 1920-1930 жж ұлт-азаттық қозғалыстар

1921-1922 жылдардағы шаруалар толқулары. 1929-1931 жж. Шаруалар толқуларының себептері, қозғалыстың сипаты, негізгі ошақтары. Кеңес өкіметінің жазалаушы әскерлерінің 1929-1931 жылдардағы азаттық жолындағы халық – азаттық қозғалысты қатыгездікпен басып – жаншуы. Қазақ халқының көрші республикаларға және шетелдерге қоныс аударуы. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның Қазақ КСР-сы болып өзгеруі.

Тақырып 6.12. 1920-1930жж Қазақстандағы мәдениеттің дамуы

Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру және саяси ағарту жүйесінің дамуы. Қазақстанның жоғары оқу орындары, ғылымның қалыптаса бастауы. Қазақстандық алғашқы ғылыми мекемелер. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы әдебиет пен өнер. Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы, бейнелеу өнері, музыка өнері, театр, кинематография.

Тақырып 6.13.қазақстан коммунистік партиясы мен комсомол тарихы

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құрылуы, оның мақсаты мен міндеттері, Қазақстан Коммунистік партиясының басқару жүйесіндегі тоқырау көріністері, Қазақстан Жастар Одағы ұйымының құрылуы, оның мақсаты мен міндеттері, атқарған қызметі.

VII бөлім . ХХғасырдағы қуғын сүргін және халықтар депортациясы

Тақырып 7.1 .ХХ ғасырдың I-ші жартысындағы қуғын сүргін

1920-1930 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын – сүргін. Оппозицияны қырып – жою. 1937-1938 жж.жаппай қуғын – сүргін. ГУЛАГ жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстан аумағындағы «еңбекпн түзеу» лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР және т.б. . )

Тақырып 7.2. ХХ ғасырдың ортасындағы зиялы қауым өкілдерін қудалау

1940-1950 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын – сүргін. «Хрущев кезеңіндегі» және тоқырау жылдарындағы ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қудалау. Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев т.б. 1975 ж «АЗиЯ» О. Сүлейменов.

Тақырып 7.3 Қазақстанға халықтарды депортациялау.

Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері. 1930 және 1940 жылдары Қазақстанға басқа халықтарды депортациялау.

VIIІбөлім. Ұлы отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.

Тақырып 8.1. Қазақстан-майдан арсеналы.

Экономиканың әскери жағдайға өтуі. Өнеркәсіп орындарының Қазақстан аумағына көшірілуі. Соғыс жылдарындағы құрылыстар. Жеңіс қоры. Соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету шаралары.

Тақырып 8.2.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Ерлік көрсетуші дивизиялар. Б.Момышұлының сұрапыл жылдар туралы естеліктері. Қазақстандықтар - Совет Одағының қаһарман батырлары. Қазақстандықтардың ұлы Жеңіске қосқан үлестері. Қазақтардың партизан қозғалыстарының қатысуы. Соғыстан кейінгі жылдардағы бейбіт құрылысқа көшу. Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері. Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығы.

IXБөлім. ХХғ. Екінші жартысындағы Қазақстан.

Тақырып 9.1. 1950 жылдардағы Қазақстандағы саяси өмір.

Республикадағы қоғамдық-саяси өмір. «Жылымық» жылдары. Н.Хрущевтің аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақстанда жүзеге асырылуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру 1954-1956 жж(. Тың игерудің экономикалық, экологиялық салдары. Индустриялық даму. Тың жерлерді игерудің Қазақстандағы демографиялық жағдайға әсері. Байқоңыр ғарыш аймағы.

Тақырып 9.2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан.

60-шы жылдардағы шаруашылық реформалары және олардың тағдыры. Д.А.Қонаевтың қызметі. 1960-1980 жылдар арасындағы өнеркәсіптің дамуы. Жоспарлы экономиканың зардаптары. Арал қасіреті.

Тақырып 9.3 . ХХ ғасырдың 50-80 жылдардағы тоқырау

1959 жылғы Теміртау қаласында болған оқиғалар. 1979 жылы Ақмола және тағы басқа қалаларда болған ереуілдер мен толқулар.

Тақырып 9.4. Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезінде

М.С.Горбачев саясатының ұрандары. Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі және оның себептері, зардаптары, тарихи маңызы. Желтоқсан өтерілісінің батырлары (Қайрат Рысқұлбеков және т.б.). «Невада - Семей» қозғалысы 1989 ж. 1989 жылғы маусымдағы Жаңаөзен қаласындағы наразылық.

Х бөлім . Тәуелсіз Қазақстан 1991-2015ж.

Тақырып 10.1. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістер

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздіг жөніндегі» декларацияның қабылдануы. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі. КСРО-ның ыдырауы, ТМД-ның құрылуы. Мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік егемендік пен президент институтының нығаюы, Қазақстан Республикасының басқару формасы және билік тармақтары.

Тақырып 10.2 Конституция –саяси әлеуметтік тұрақтылықтың негізі

Конституциялардың қабылдануы 1993 ж 28.01. және 1995 ж 30.08. Қазақстан Республикасының Конституциясы – саяси әлеуметтік тұрақтылықтың негізі.

Тақырып 10.3. Экономиканы тұрақтандыру (1998-2001жж)

Нарықтық қатынастарға көшу – мемлекеттік меншікті жекешелендіру. Инвестициялық саясат және Қазақстандағы шетелдік инвестициялар, кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнес. Қащіргі кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, экономикалық дамудың қорытындылары (жетістіктері мен мәселелер).

Тақырып 10.4 Қазақстанның Әлемдік экономикаға ықпалдасуы

Әлемдік қаржы дағдарысы және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары. Дүниежүзілік дағдарыс, оның Қазақстанға әсері. «бизнестің жол картасы - 2020»бағдарламасының міндеттері мен бағыттары.

Тақырып 10.5.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халық аралық жағдай

Қазақстан және әлемнің жетекші мемлекеттері, көпвекторлы сыртқы саясат. Қазақстан – дүниежүзілік беделді ұйымдардың мүшесі. Елбасының «еуропаға жол» бағдарламасы.

Тақырып 10.6 Қазақстан Республикасы дүние жүзілік беделді ұйымдардың мүшесі

Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық одақтастықты орнату (РФ, ҚХР, АҚШ, ЕС). Шанхай бірлестігі. Халықаралық қауіпсіздік. Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан мемлекет. Қазіргі кездегі әлемдегі терроризм. Қазақстан – бүкіл әлемдік қоғамдастық төрағасы (ЕЫҚҰ), (ИКҰ). Біркелкі Кеден Одағына ену – Ресей, Белоруссия.

Тақырып 10.7 Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

«Қазақстан - 2030» - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасы. «Қазақстан - 2050» стратегиясы ұзақ жылдарға арналған басым мақсат. Н.Ә.Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Еуразия идеясы. «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елорадсы» жаңа астананы ауыстырудың тарихи маңызы. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы.

Тақырып 10.8. Қазақтардың дүние жүзілік құрылтайы

Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік бас қосуы. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайлары. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы. Қазақтардың өз атамекеніне оралу кезеңдері, проблемалары. Н.Ә.Назарбаевтың сьезде сөйлеген сөздері.

Тақырып 10. 9 Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты

2006-2010 жылдарға арналған халық шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары. Жаңа экономикалық саяси бағыт. «Нұрлы жол» - 30 дамыған ел қатарына кіру қадамы. Қазақ елінің Ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел». Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» - Қазақстан Ортаазиялық кеңістіктегі Еуропаланған модернизацияланған ел.

Тақырып 10.10. Тәуелсіз Қазақстанның білім, ғылым және мәдениеті .



Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» заңдарының қабылдануы. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы. Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра 2004-2006» бағдарламасы.
3.Пәннің тақырыптық жоспары



Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Барлығы (сағат)

Оның ішінде

Теория-лық

практикалық

1

2

3

4

5

1

Кіріспе. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж.Тарих ғылым және пән ретінде.

2

2




І Бөлім.Ерте дәуірдегі Қазақстан.

2

Тақырып 1.1.Алғашқы қауымдық құрылыс және тас дәуіріндегі Қазақстан

2

2




3

Тақырып 1.2 Жаңа тас дәуіріндегі Қазақстан.

2

2




4

Тақырып 1.3.Қола дәуіріндегі Қазақстан.

2

2




5

Тақырып 1.4.Темір дәуіріндегі Қазақстан.

2

2




6

Тақырып 1.5 Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер.

2

2




7

Тақырып 1.6.Б.з.б. ІІІ-І ғасырлардағы ғұндар тайпалары

2

2




ІІ Бөлім.Қазақстан аумағындағы VI-XI ғасырлардағы мемлекеттер

8

Тақырып 2.1.Көне түркілер,түрікқағанаттары.

2

2




9

Тақырып 2.2.Түркеш,қарлұқ,оғыз,қимақ мемлекеттері.

2

2




10

Тақырып 2.3.Қарахан мемлекеті.Қарақытайлар.

2

2




11

Тақырып 2.4 Қыпшақ мемлекеті,наймандар,керейлер.

2

2




12

Тақырып 2.5 Көшпенділердің рухани мәдениеті.

2

2




13

Тақырып 2.6 Қазақ даласының даналары.

2

2




14

Тақырып 2.7.Қазақстан даласы моңғол шапқыншылығы дәуірінде.

2

2




15

Тақырып 2.8 Қазақстан Алтын Орда құрамында.

2

2




16

Тақырып 2.9 XIV-XV ғ.ғ Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

2

2




ІІІ Бөлім.Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы.

17

Тақырып 3.1 Қазақ халқының қалыптасу тарихы.

2

2




18

Тақырып 3.2 Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы

2

2




19

Тақырып 3.3 Қазақ хандары хронологиясы.

2

2




20

Тақырып 3.4 Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы.

2

2




IV Бөлім.Қазақстан Ресей империясының құрамында

21

Тақырып 4.1.XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

2

2




22

Тақырып 4.2 Қазақ өлкесінің XVIII ғасырлардағы саяси экономикалық дамуы.

2

2




23

Тақырып 4.3.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Реформалар

2

2




24

Тақырып 4.4.XIX ғ. II жартысындағы Ресейдің қазақстандағы Әкімшілік реформалары

2

2




V бөлім. Қазақ халқының патшалық Ресейдің Отарлық саясатына Қарсы ұлт-азаттық көтерілісі.

25

Тақырып 5.1.XVIII ғасырдағы ұлт-азаттық көтеріліс.

2

2




26

Тақырып 5.2.XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

2

2




27

Тақырып 5.3 XIX ғасырлардағы Саржан Қасымұлы және Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар

2

2




28

Тақырып 5.4.XIX ғасырдың соңындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

2

2




29

Тақырып 5.5.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

2

2




VI бөлім.ХХғасырдың басындағы Қазақстан

30

Тақырып 6.1ХХғасыр басындағы ресейдегі саяси жағдайдың Қазақстанға әсері

2

2




31

Тақырып 6.2. 1917 жылғы төңкерістер. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы.

2

2




32

Тақырып 6.3. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері

2

2




33

Тақырып 6.4 Ұлттық автономиялардың құрылуы .

2

2




34

Тақырып 6.5 Азамат соғысы.Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты

2

2




35

Тақырып 6.6 Қазақ АКСР-нің құрылуы .

2

2




36

Тақырып 6.7. 1920-1921 жылдардағы қазақстандағы саяси –экономикалық жағдай

2

2




37

Тақырып 6.8. Индустрияландыру.

2

2




38

Тақырып 6.9.Ауыл шаруашылығын құрудың Сталиндік-голощекиндік үлгісі

2

2




39

Тақырып 6.10. Ұжымдастыру дың әлеуметтік –экономикалық зардаптары

2

2




40

Тақырып 6.11. 1920-1930 жж ұлт-азаттық қозғалыстар

2

2







Барлығы

80

80





4. ТЕОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР ЖОСПАРЫ



Сабақтардың тақырыбы

Сағат саны

Қолданылған әдебиеттер

1

Кіріспе. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж.Тарих ғылым және пән ретінде.

2

Төлеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы А.: 2014.

2

Тақырып 1.1.Алғашқы қауымдық құрылыс және тас дәуіріндегі Қазақстан

2

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

3

Тақырып 1.2 Жаңа тас дәуіріндегі Қазақстан

2

Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015

4

Тақырып 1.3.Қола дәуіріндегі Қазақстан

2

Қаражан К.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. А, 2011

5

Тақырып 1.4.Темір дәуіріндегі Қазақстан

2

Төлеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы А.: 2014.

6

Тақырып 1.5 Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер.

2

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

7

Тақырып 1.6.Б.з.б. ІІІ-І ғасырлардағы ғұндар тайпалары

2

Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015

8

Тақырып 2.1.Көне түркілер,түрікқағанаттары.

2

Қаражан К.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. А, 2011

9

Тақырып 2.2.Түркеш,қарлұқ,оғыз,қимақ мемлекеттері.

2

Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015

10

Тақырып 2.3.Қарахан мемлекеті.Қарақытайлар.

2

Қаражан К.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. А, 2011

11

Тақырып 2.4 Қыпшақ мемлекеті,наймандар,керейлер.

2

Төлеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы А.: 2014.

12

Тақырып 2.5 Көшпенділердің рухани мәдениеті.

2

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

13

Тақырып 2.6 Қазақ даласының даналары.

2

«Шың»

14

Тақырып 2.7.Қазақстан даласы моңғол шапқыншылығы дәуірінде.

2

Төлеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы А.: 2014.

15

Тақырып 2.8 Қазақстан Алтын Орда құрамында.

2

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

16

Тақырып 2.9 XIV-XV ғ.ғ Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

2

Ермуханова Х.К. Қазақстан тарихы. А.: Шың кітабы, 2011

17

Тақырып 3.1 Қазақ халқының қалыптасу тарихы.

2

Игебаев С. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. А.: Фолиант 2013

18

Тақырып 3.2 Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы

2

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

19

Тақырып 3.3 Қазақ хандары хронологиясы.

2

«Шың»

20

Тақырып 3.4 Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы.

2

Төлеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы А.: 2014.

21

Тақырып 4.1.XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

2

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

22

Тақырып 4.2 Қазақ өлкесінің XVIII ғасырлардағы саяси экономикалық дамуы.

2

Ермуханова Х.К. Қазақстан тарихы. А.: Шың кітабы, 2011

23

Тақырып 4.3.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Реформалар

2

Игебаев С. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. А.: Фолиант 2013

24

Тақырып 4.4.XIX ғ. II жартысындағы Ресейдің қазақстандағы Әкімшілік реформалары

2

Қаражан К.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. А, 2011

25

Тақырып 5.1.XVIII ғасырдағы ұлт-азаттық көтеріліс.

2

Төлеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы А.: 2014.

26

Тақырып 5.2.XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

2

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

27

Тақырып 5.3 XIX ғасырлардағы Саржан Қасымұлы және Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар

2

Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015

28

Тақырып 5.4.XIX ғасырдың соңындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

2

Қаражан К.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. А, 2011

29

Тақырып 5.5.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

2

Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015

30

Тақырып 6.1ХХғасыр басындағы ресейдегі саяси жағдайдың Қазақстанға әсері

2

Төлеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы А.: 2014.

31

Тақырып 6.2. 1917 жылғы төңкерістер. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы.

2

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

32

Тақырып 6.3. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері

2

Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015

33

Тақырып 6.4 Ұлттық автономиялардың құрылуы .

2

Қаражан К.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. А, 2011

34

Тақырып 6.5 Азамат соғысы.Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты

2

Төлеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы А.: 2014.

35

Тақырып 6.6 Қазақ АКСР-нің құрылуы .

2

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

36

Тақырып 6.7. 1920-1921 жылдардағы қазақстандағы саяси –экономикалық жағдай

2

Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015

37

Тақырып 6.8. Индустрияландыру.

2

Қаражан К.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. А, 2011

38

Тақырып 6.9.Ауыл шаруашылығын құрудың Сталиндік-голощекиндік үлгісі

2

Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015

39


Тақырып 6.10. Ұжымдастыру дың әлеуметтік –экономикалық зардаптары

2

Қаражан К.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. А, 2011

40

Тақырып 6.11. 1920-1930 жж ұлт-азаттық қозғалыстар

2

Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015




Барлығы

80




5. Әдебиеттер және оқу құралдарының тізбесі

5.1. Негізгі әдебиеттері:

  1. Боранбеков Б.А. Орта ғасырлар тарихы (V ғасырдың екінші жартысы) А.: Фолиант 2013

  2. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.А.: Фолиант 2013

  3. Төлеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы А.: 2014.

  4. Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тари хы. 11 сынып А. «Мектеп» 2015

  5. Жолдасбаев С Қазақстан тари хы. 10 сынып А. «Мектеп» 2015

  6. Қазақстан тарихы. С.Сабырұлы. «Оқу құралы» Жеті жарғы А, 2012

  7. Шаймерденова М.Ж, Б.Аяған Қазақстан тарихы. 9 – сынып. А, 2011

  8. Қаражан К.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. А, 2011

  9. Қазақстан тарихы. Хрестоматия. А, 2011.

  10. Сауенова Р. Қазақстан тарихы. Мектеп, А, 2011

  11. Тұрлығұл Т.Т. «Қазақстан тари хын оқытудың теориясы мен әдістемесі» А, 2011.

  12. Турмалиева Б.К. Қазақстан тарихы: трек конспектілер, кестелер, сызбалар, тестілер, тапсырмалар. А, Фолиант 2014

  13. Аяған Б, Әбжанов Ғ, Нұрымбетов Р. Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл: Тарихи құжаттық зерттеу.

  14. Аяған Б.Г. Көркемсуретті Қазақстан тарихы. «Қазақэнциклопедиясы» ІІІ-ІV т.А

  15. Ермуханова Х.К. Қазақстан тарихы. А.: Шың кітабы, 2011

  16. Игебаев С. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. А.: Фолиант 2013

  17. Турмашова Б.К, Берманова С.Т. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. А.: Фолиант 2013.

5.2. Қосымша әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында А,Атамұра, 1992

  2. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А, Өнер, 1996

  3. Назарбаев Н.Ә. Эпицентр мира. А, Елорда, 2001

  4. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздікке бес жыл. А, «Қазақстан» 1996

  5. Назарбаев Н.Ә. Сындрлы он жыл А, Атамұра 2001

  6. Қазақстан тарихы (ежелгі заманнан осы уақытқа дейін) 5 томдық А, Атамұра

  7. Қаһарман қыз Хиуаз (Әскери ұшқыштың жазбалары, естеліктер, очерктер, мақалалар, сұхбаттар, өлеңдер). – Алматы, «Ана тілі»баспасы, ЖШС. 2012 – 296 бет

  8. Көлбаев Т. Өшпес даңқ – Алматы: ИИЦ «Азия Арна», 2013 – 480 б

  9. Адырбекұлы К. ХХ ғасыр: Соңғы репрессия – Алматы «Алаш»

  10. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993,1995 жж

5.3. Оқытудың қосымша ұсыныс құралдары:

  1. Мультимедиялық кабинет

  2. Электронды оқу құралдар: «Қазақстан тарихы» 5-9 сыныптарға арналған электронды оқулықтар




Каталог: uploads -> doc -> 0a83
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a83 -> Ашық сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі Сабақтың мақсаты
0a83 -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы Степногорск қаласының білім бөлімі Бестөбе кентінің негізгі мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет