Құрал-жабдықтар Мақсаты


Табиғи және жасанды желім



бет5/12
Дата23.08.2020
өлшемі146,54 Kb.
#76670
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
папка 1
акон 24 07
Табиғи және жасанды желім

Желім табиғи және жасанды болып келеді. Табиғи желім өте ерте уақыттан белгілі. Адамзат қауымы көптеген заттарды желімдеу арқылы лайықты форма беріп немесе сынған, мүжілген бұйымдарды алғашқы өз қалпына келтіріп отырған. Табиғи желім өсімдіктер және жануарлар майынан жасалады. Табиғи желімге крахмалды, каучукты, целлюлоза, казеинді жатқызуға болады және оларды адамзат ерте кезден бастап пайдалана білген. Ал жасанды желім көбінесе полимерлер негізінде жасалады. Ал олардың тарихы үстіміздегі дәуірден басталады. Карбинол және бутвар-формальдегидтік желім алуда оқымыстылар И.Н. Назаровтың және Г.С. Петровтың еңбектері зор. Желім сұйық немесе паста түрінде шығарылады. Оларды көбінесе суда, органикалық ерітінділерді ерітілген түрінде пайдаланады.

Қазіргі уақытта сауда орындарында 50-ден астам желім, мастик, герметик сияқты дәнекерлеуге, заттарды бір-біріне жапсыруға әдейі арналып шығарылған компоненттердің түрлері түседі. Табиғи және жасанды (нитроцеллюлозалық, фенолформальдегидтік, карбамидтік, каучук және эпоксидтік) желімдердің кейбір түрлері әмбебап та, ал басқалары белгілі бір заттарға арналып шығарылады.

Тұрмыста кеңінен қолданылатын полимерлік байланыстырғыш ерітінділердің немесе олардың органикалық еріткіштермен қоспасын әмбебап желім дейді. Оларға қойылатын негізгі міндеттер:



  1. Әр түрлі заттардың бетінде жабысқыштық қасиетінің болуы.

  2. Тез кебетіндігі

  3. Әр түрлі созылғыш заттарды бір-бірімен біріктіру қасиеті.

  4. Суға беріктігі

  5. Желімделген заттарға агрессивсіз болуы.

  6. Организмге әсер ететін иісінің неғұрлым әлсіз болуы.

Желім үй тұрмысында, медицинада жеңіл және ауыр өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Заттарды және әр түрлі деталдарды желімдеу үшін әуелі барлығына ортақ ережені сақтау керек. Бірімен бірі желімделетін заттардың бетінен май дақтарын, кір, тоттарды, бұрынғы желім қалдықтарын мұқият тазалау қажет. Егер желімге 8-10 процент мөлшерде пигмент қосылса желімделінген жер көзге онша оғаш көрінбейді және заттың сәні бұзыла қоймайды. Желім заттарға неғұрлым жұқа жағылса, ол соғұрлым немесе ауыр салмақтың астында ұстаса дәнекерлену сапасы арта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет