27.Артериялық пульс. Жүректің ырғақты соғуына байланысты қолкадағы қан қысымының жоғарылап - төмендеуі артерия тамырларын лүпілдетіп тұрады . Мұны артерия пульсі деп атайды . Систола кезінде жүректен шыққан қан колканы кеңітеді , ал диастола кезінде қолқадағы серпімді талшықтардың серпінісі ішіндегі қанды қысып қолқа түтігін бұрынғы қалпына келтіреді де , қанды сығып колкадан әрі артерияға ығыстырып жылжытады .Ол артерия тамырларының бойымен лезде шетке тарап кетеді .пульстік толқын шеттегі тамырларға колқаны кеңейткен кан бөлігінен бұрын келіп жетеді . Артерия тамырын саусақпен ұстап басқан кезде осы пульстік толқын сезіледі . Пульс көбінесе қатты тіннің ( сүйектін ) үстінде теріге жакынырақ орналасқан артерияларда байқалады . Мысалы , адамда самай , білезік , білек ұйқы артерияларын бас бармақтан басқа төрт саусақпен басып аныктайды . Пульсті белгілі аспаппен сфигмографпен жазып алуға болады. Артериялық пульс жүректің атқаратын қызмет көрсеткішінің бірі . Пульсті тексергенде оның мынандай көрсеткіштері анықталады : 1. Тамыр соғуының жилігі , Артериялык тамыр минутына 60-90 рет соғады , бұл жүрек лүпіліне сәйкес келеді . 2. Пульстің соғу ырғағының дұрыстығы . 3. Пульс серпіні - сфигмограммадағы пульс толқыны биік болса , ол үлкен пульс — P.magnus , ал кіші болса , әлсіз пульс Р.parvus . 4. Пульс шапшаңдығы , сфигмограммадағы қисық сызықтың тез көтеріліп , тез төмендеуі немесе баяулауы . 5. Пульстің катандығы . Мүны артерия қабырғасын саусақтармен басып қысу арқылы анықтайды . Тамырды кысып қанды тоқтату қиын болса , Р.durus ( қатты ) болғаны , ал оңай қысылса пульс жұмсақ - Р.mollis болғаны . 6. Пульстің толық қандылығы . Қанға толы пульс - Р.plenus , бос пульс - Р.vacuus . Пульстің қанға толған - толмағаны тамырды ортанғы саусақпен басып одан жоғары жерде тамырдын тез немесе сәл толғанын байқап біледі .