Құрамы және құрылымы Кәсіпорынның негізгі қорларының саралануы



бет2/2
Дата28.02.2020
өлшемі0,94 Mb.
#59244
1   2
Байланысты:
курстық
үнді

мұнда: U.1 және U.2 - тиісінше I және II текті сапалық тозу;

Кққ; Кбқ - негізгі қорлардың қалпына келтіру және бастапқы құндары;

Эж және Эб - негізгі қорлардың жаңа және негізгі түрлерінің тиімділігі.

Негізгі қорлардың тозуының орнын толтыру оның жоғалтқан құнын дайындалатын өнім құнына қосу жолымен жүзеге асырылады.

Негізгі капитал өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты қүндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бүл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация (латынның “өтеу” деген сөзінен шыққан) - тозудың қүндық көрінісін білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарылып отырады, яғни негізгі капиталдың тозуы­на байланысты қүнның кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады. Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі капиталдың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық өнімнің өзіндік құнына қосылатын сомасы.

Амортизация үдайы өндірісте негізгі қорлардың тозу орнын толтыру үшін қаржы жинақтау түрін білдіреді.

Амортизацияның міндеті - негізгі қорлардың тозу орнын толтыруға байланысты амортизациялық қор оның орнын толтыру құнына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, амортизация өндірісті бұрынғы қалпында үстап түратын жай ұдайы өндіріс көзі болып табылады. Бірақ, амортизациялық аударымдар негізгі қорлар қызметін аяқтаған соң ғана қалпына келтіруге жұмсалады. Сол себепті, осы кезең ішінде көрсетілген төлемдер резервтік қор түрінде сақталып, толыгымен тозған еңбек құралдары табиғи түрде қалпына келтіруді қажет еткенше тұрады. Бұл уақыт жеткенге дейін машиналар құны резерв­ны ақша қоры түрінде жинала береді. Демек, амортизациялық қордың өзі жинақтау көзі болып табылады.

Амортизация ұдайы даму өндірісінің көзі болып та табылады, себебі біріншіден, уақыт өте келе еңбек құралдарын жасау жөніндегі еңбек өнімділігі арта түседі де негізгі қорлар арзандайды, екіншіден, техникалық серпілістің нэтижесінде еңбек құралдары жаңа, едәуір жетілдірілген техникаға алмастырылады, үшіншіден, қайсыбір негізгі қор түрінің қызмет мерзімі біткенге дейін жинақталып жатқан амортизациялық қор айналымға түсіп, жаңа құн жасалынады.

Бірақ, амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға құрылғандықтан, оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс (кейбір авторлар талабына сәйкес).

Бұл жерде мынадай сауал туындайды: “Амортизациями қалай жүзеге асыру қажет - бастапқы құн бойынша ма, әлде қалпына келтіру құнына сәйкес пе?” Теориялық жағынан, амортизацияны қалпына келтіру құны бойынша жүргізу қажет, өйткені негізгі қорлар, үзақ уақыт бойы техникалық серпілістің ықпалына түсе отырып, өзінің құнын өзгертеді.

Ал бүл жағдайда, негізгі қорлардың кең көлемде ұдайы даму өндірісінің мүмкіндігі кемиді және ең бастысы, оларды жыл сайын қайта бағалап отыру қажет болады. Сондықтан, негізгі қорлар бастапқы құны бойынша амортизацияланады.

Сондай-ақ, амортизация өндірістік үдеріске қатысу сипатына байланысты емес, өнеркәсіп саласы мен кәсіпорын теңдестігінде тіркелген барлық негізгі қорларға жүргізілетіндігін есте сақтаған дүрыс.

Амортизациялық қорды дәл санау үшін амортизациялық мөлшердің негізделінген жүйесі қажет. Амортизациялық мөлшер деп негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызын айтады.

Бүл мөлшерлер экономикалық түрғыда негізделген, мемлекет деңгейінде бекітілген болуы тиіс және біртұтас әдістемелік есептеу қағидаларына сүйенуі керек. Техникалық серпілістің, негізгі қорларды пайдалану шарттарының өзгеруіне қарай амортизациялық мөлшер де жүйелі түрде қайта қаралып отыруы тиіс.

Нақты амортизациялық мөлшерді бекітуде еңбек құралдарына негізделген қызмет ету мерзімін анықтау аса маңызды, әрі күрделі жағдай туғызып отыр. Ең алдымен, негізгі қорлардың жекелеген түрлерінің өзгеріс беталысы туралы түсінік алу үшін олардың нақты қызмет еткен мерзімін статистикалық әдіспен анықтау қажет. Бұл әдістердің, эсіресе негізінен заттық тозу факторымен анықталатын ғимараттар мен құрылымдардың қызмет ету мерзімін анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ негізгі қорларды қайта бағалау құжаттарын пайдалануға болады. Сарапшылық жолмен тозу пайызы мен қалдық қызмет мерзімі анықталып, соның негізінде толық қызмет ету мерзімі табылады. Бірақ бүл әдіс әр кісінің пікіріне байланысты, әрі сапалық тозуды ескермейді.

Негізгі қорлардың қызмет еткен мерзімін толық жөндеу- ге жүмсалған шығындарға сүйене отырып анықтау әдісі де назар аударарлық, яғни еңбек күралы оны толық жөндеуден өткізу шығыны бастапқы құнынан асып түскенге (жеткенге) дейін қызмет етеді. Бұл әдіс мейлінше шындыққа жақын болғанымен, құрал-жабдықтың нақты ауыстыру мүмкіндігі мен материалдық тозуды ескермейді.

Өндіру саласындағы негізгі қорларды қызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу түрғысынан жылжы- малы (машиналар, құрал-жабдықтар, саймандар т.б.) және жылжымайтын (ғимараттар, құрылымдар, өткізу құралдары) деп бөлуге болады.

Егер бірінші топ үшін өнеркәсіптің басқа салаларындағыдай негізгі қордың қызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу әдісі қолданылатын болса, жылжымайтын қор бөлігі үшін ол басқаша жүргізіледі. Негізгі қорлардың бүл элементтері пайдалы қазбаның кен орнымен біртүтастықты қүрайды және олардың қызмет ету мерзімдері кен орнындағы өндеу жұмыстарының уақытына, дәлірек айтсақ, осы кен орнындағы өңдеуші тау-кен кәсіпорнының қызмет ету мерзіміне байланысты. Олар басқа нысандарға жатпайды. Тау-кен кәсіпорнының қызмет мерзімі кеніш қорының мөлшеріне және жылдық өндіру көлеміне байланысты болгандықтан, оны анықтау үшін оңтайлы қызмет мерзімі мен жылдық өнімділігін білу қажет. Өндіруші кәсіпорындардың негізгі қорларының жылжымайтын бөлігінің қызмет ету мерзімі де осы секілді болады (әрине, олардың кейбірі бүкіл кәсіпорынның қызмет мерзімінен аз қызмет етеді, мысалы, кейбір тау-кен қазбалары шектеулі уақыт қызмет етеді).

Осы себептерге байланысты кен өндіру өндірісінде негізгі қорлардың жылжымайтын бөлігін амортизациялауда уақыт бірлігімен есептелетін амортизациялық мөлшерді қолдану тиімсіз болып табылады, өйткені тәжірибеде дәлелденгендей, ол қордың құнын толық өтеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүл жағдайда өнім бірлігін, яғни өндірілген өнім тоннасының амортизациялық мөлшерін бекіткен дүрыс.Бірнеше жүздеген жыл қызмет ететін нысандардың амортизациясы да (дамбалар, плотиналар, каналдар, темірбетонды және тас көпірлер және т.б.) ерекше қызығушылық тудырады.

Бірақ қызмет ету мерзімі аса үзақ болып табылатын бүл еңбек құралдары да міндетті түрде амортизациялауды қажет етеді, себебі оларды құруға аса көп қаржы жүмсалған. Бірақ, қазіргі кезде олардың қызмет мерзімі тым жоғары (кейде 500 жылға дейін), ал амортизациялау мөлшері өте төмен болып отыр. Демек, осы тәріздес нысандардың неғүрлым негізделген қызмет мерзімін анықтау қажеттілігі туындайды.

Өндірістік негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі деп олардың өндірісте өзінің бастапқы мақсатына сай қызмет еткен уақыт кезеңін айтамыз. Бұл мерзімге негізгі қорлардың заттық және техникалық іс-әрекет сипаты сэйкес келмейді, себебі, біріншісі шектеусіздеуге болса, ал екіншісі олардың қызмет ету мерзімінің өзгеруіне байланысты. Қызмет ету мерзімі амортизациялық кезеңмен де (мөлшерлі қызмет ету мерзімі), амортизацияны санау мерзімімен де сәйкес келмеуі мүмкін.

Іс жүзінде өнеркәсіптегі құрал-жабдықтың орташа жасы оның мөлшерлі қызмет ету мерзімінен аспайды, бұл жағдай ескі құрал-жабдық үлесінің артуына себеп болады. Мұны былай түсіндіреміз: жаңа құрал-жабдықты жасап шығару көлемі техникалық жағынан ескірген құрал-жабдықты алмастыра алмайды, осыған байланысты өнеркәсіп өндірісінің тиісті ауқымы мен тиімділік деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Негізгі қорларды жаңартудың төмен қарқынмен жүруінің зияндылығы - олардың тозу деңгейі жоғары болады және күрделі жөндеуге қажетті жұмыстары үлкен шығын әкеледі.

Негізгі капитал элементтерінің мөлшерлі қызмет ету мерзімін анықтау көп жағдайда үлттық экономиканы дамьпудың қайта жаңғыртушылық үлестерімен байланысты екенін көрсетеді.

Кәсіпкерлер үшін мөлшерлі мерзім өздерінің амортизациялық және инвестициялық саясатын жүзеге асыруда нүсқаушы бағдар болып табылады, сол арқылы негізгі қорларды қайта жаңғыртуды жоспарлауда мөлшерлі қызмет ету мерзімінен оңтайлы мерзімге өтуіне мүмкіндік туғызады.

Мөлшерлі қызмет ету мерзімі негізінде негізгі капиталдың элементтері бойынша амортизациялық мөлшері есептеледі, яғни салық салудан босатылған нақты ресурстар көлемі анықталады, демек негізгі қорларды қайта жаңғыртудың қаржылық негізгі құрылады.

Өнеркәсіпте негізгі қорлардың амортизациялык мөлшерлері орташа немесе жекеленген түрде болады. Орташа мөлшер - бүл жалпы өнеркәсіптік кәсіпорын немесе өнеркәсіп саласы үшін бірыңғай мөлшері; жекеленген түрдегі мөлшерлер негізгі қорларды пайдалану шарты мен сипатына карай әр түрге жеке қолданылады. Соңғысы қонымдырақ болып келеді, себебі жекелеген негізгі қор түрлерінің қызмет мерзімі әр түрлі және оларды қайта жаңарту нақты еңбек құралдарымен жүргізіледі. Сонымен бірге, негізгі қорлардың тозуын дүрыс есепке алып отыру тек жекеленген түрдегі мөлшер негізінде мүмкін болмақ, ал орташа мөлшерлер, өндірістік жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, жыл сайын қайта қарауды қажет етеді.

Қазіргі кезде, эдетте, жекеленген түрдегі мөлшерлер қолданылады. Орташа мөлшерлер болса, аса ірі, ауқымды өндірісті жоспарлау мен бақылауда қолданылады.

Амортизациялық мөлшерлер машиналар мен кұрал-жабдықтардың мөлшерлі қызмет ету мерзімін және негізгі қорлардың сапалық тозуын мейлінше толық есепке алуды, сондай-ақ заттық тозған құрал-жабдықты тиімсіз күрделі жөндеуден өткізуді доғаруды қамтамасыз етуі тиіс. Амортизапиялық аударым мөлшерлері тек негізгі қорларды толық қалпына келтіруге арналған (яғни реновацияға). Сонымен бір уақытта, негізгі қорларды жөндеудің барлық түрі (ағымдағы, күрделі) өндірістік бірлестіктер мен кэсіпорындарда жоспарланатын негізгі қорларды жөндеу қызметі есебінен және өнімнің, жұмыс немесе қызмет көрсетудің өзіндік кұнына қосу арқылы жүргізілуі керек. Бұл қордың қаржылары өндірістік бірлестік пен кәсіпорынның қол астында болады және ол мақсатына сай пайдаланылады.

Заңнамаға сәйкес, меншік түріне байланысты емес барлық субъектілер негізгі қорларды жұмыс күйінде ұстап тұрады және жүмсалған шығындардың барлығын (техникалық бақылау мен күтуге, ағымдағы, орта және толық жөндеу жұмыстары) өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына қосады.

Жөндеу ағымдағы және күрделі жөндеу түрінде бола­ды. Бүлайша бөлу жөндеу циклінің мерзімділігіне, жөндеу жұмысының көлеміне, күрделігіне және бағасына байланыс­ты: ағымдағы жөндеу аралығы - бір жылдан аспау керек, күрделі жөндеу аралығы - бір жылдан кем болмауы керек.

Машина мен құрал-жабдықты күрделі жөндеу кезінде (немесе көлік құралын, агрегатты) оны толығымен бөлшектеп, тозған бөлшектерін ауыстырады немесе қалпына келтіреді, жинайды және агрегатты сынайды.

Ғимараттар мен құрылымдарды күрделі жөндеуден өткізген кезде олардың тозған конструкциялары мен бөлшектері толығымен алмастырылады немесе едәуір берік әрі үнемді материалға ауыстырылады.

Негізгі капиталды жөндеу жұмысы шаруашылық (субъектінің өз күшімен) және мердігерлік тэсілмен (өзге субъектілер күшімен) жүргізілуі мүмкін.

Екі жағдайда да әрбір жөнделетін нысанға ақаулық ведомосы толтырылады. Онда орындалатын жұмыстар, жөндеудің басталу және аяқталу мерзімі, ауыстырылатын бөлшектер, оларды жасауға кететін уақыт мөлшері, әрбір бап бойынша жөндеу жұмысының құны көрсетіледі.

Егер жөндеу шаруашылық әдіспен орындалатын болса, онда бас механиктің бөлімінде ақаулық тізбелік негізінен үш данада жасалады. Біріншісі, жөндеу жүргізетін цехқа, екіншісі - осы тапсырыс бойынша талдау есебін жүргізу үшін бухгалтерияға беріледі, ал үшіншісі - бас механиктің бөлімшесінде қалдырылады. Ақаулық ведомосы мен тапсырыс нөмірі негізінде қоймадан қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, өнім жасауға арналған жұмыскер киімін алу үшін құжат толтырылады.

Жөндеумен байланысты барлық шығындар өндірістік шығындар пайда болған кезеңдегі шығындарға қосылады.

III БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ


3.1 Амортизацияны есептеу әдістері
Амортизациялық мөлшерлер амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін: ол уақыт бірлігіне (бір жылға) - негізгі қор құнының пайыздық бөлігі (%); шығарылатын өнім бірлігіне - теңге; жұмыс бірлігіне (тонна - км жүріс жолы, үшу сағатына) сәйкес белгіленеді. Өнеркәсіпте амортизациялық мөлшерлерді белгілеудің алдыңғы екі әдісі қолданылады. Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық эле­мент - оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизаци­яны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді.

Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсініледі. Бірақ оған өнер- кэсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тэсілі немесе тэсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының ор­нын толтыру тәртібі де кіреді. Амортизациялық мөлшерлерді анықтау кезінде негізгі қор құнының орнын толтыру кағидасы мен мөлшерлердің қолданылу уақытын да ескеру қажет. Амортизациялық мөлшерлерді белгілеу сипатына қарамастан әр түрлі құрылуы мүмкін: егер негізгі қорлар құны олардың қызмет ету мерзімі ішінде тең бөліктермен өтеліп отыратын болса - біркелкі мөлшермен (бір қалыпты әдіс), үдемелі түрде - өспелі және кемімелі мөлшер (жеделдетілген әдіс) арқылы қүрылуы мүмкін.

Дәстүрлі отандық тәжірибеде амортизацияны бір қалыпты мөлшер бойынша есептеу әдісі неғұрлым қолайлы болып келген. Бұл әдіс негізгі қорлардың пайдаланылу уақытына сүйенеді де, амортизациялық мөлшерін құрал-жабдықтың өнімділігімен немесе басқа да өндіріс жұмысының сипаттамаларымен байланыстырмайды (үдемелі немесе кемімелі мөлшерде дэл осылай жүреді). Сонымен бірге, орташа мәндерге негізделген бұл әдіс өнеркәсіпте амортизацияны жоспарлауды жеңілдетуге және есепке алуға мүмкіндік береді. Негізгі қорлардың тез тозуына әкелетін қалыпты жұмыстан ауытқулар (химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға зиянды әсері, құрал-жабдыққа жоғары жүк салмақ түсуі және т.б.) түзету коэффициенттері арқылы ескеріледі.

Амортизацияны есептеуде келесі әдістер қолданылуы мүмкін:

а) қүнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептеп шығару әдісі;

ә) қүнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс);

б) жылдамдатып есептеп шығару әдістері: қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі; сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік әдіс).

Әр түрлі негізгі капиталға түрлі әдіс қолдануға болады. Субъектінің таңдап алған амортизациялық аударымын анықтау әдісі есептік саясатқа сэйкес және бір есептік кезеңнен екіншісіне өтерде бірізділігін сақтауы тиіс.

Бюджеттік мекемелер бойынша негізгі капиталдың тозуын есептеу әдісін таңдау қүқығы өкілетті органдарға, яғни ме- кемелерге қатысты мемлекеттік меншік қүқығының субъектісі қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға беріледі.

Амортизацияны бір қалыпты есептеп шығару (түзу сызықты) әдісі. Ең қарапайым болып табылатын бұл әдісте нысанның амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бүл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің үзақтығына байланысты деген болжамға негізделінген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі капиталдың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын нысанның пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. Мұнда амортизациялық аударымдар сомасы келесілерге сүйене отырып белгіленеді:

- пайдалы қызмет мерзіміне; оны анықтау үшін берілген кезеңдегі нысанның жағдайы туралы бүкіл қолдағы бар ақпаратты ескеру қажет (жөндеу және техникалық қызмет көрсету мэселелері, технологиялар мен өндірістер саласындағы қазіргі беталыстар, осыған үқсас активтермен жұмыс жасау тәжірибесі, ауа райының жағдайы және т.б.);

- Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі №2235 «Салықтар және өзге де міндетті бюджеттік төлемдер туралы» заң күші бар жарлығына, ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2703 заң күші бар жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп бекітілген шектік амортизациялық мөлшерлерге сэйкес.

Мысалы: Амортизация сомасын қызмет ету мерзімі бойынша анықтау мысалын қарастырайық. Субъектінің сатып алған көшірме құрал-жабдығының бастапқы құны - 30 000 000 теңге, бес жыл қызмет жасағаннан кейін болжамдық қалдық құны 3 000 000 теңгені құрайды. Осы мэліметтерге сүйене отырып, бір жылдық амортизациялық аударым былайша анықталады:

(30 000 000 теңге - 3 000 000 теңге) /5 = 5 400 000 теңге.

Бұл көшірме құрал-жабдығының барлық амортизацияланатын сомасы 27 000 000 теңгеге (30 000 000 - 3 000 000) тең, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл көшірме құрал-жабдығының пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін сол соманың 20%-ы деп те табуға болады (100 / 5 = 20%). Осы амортизациялық мөлшерді пайдалана отырып, жоғарыдағы көрсеткішке тең соманы табуға болады.

27 000 000 х 20 / 100 = 5 400 000

Осыған сәкес ай сайынғы амортизация сомасы 450000 теңгеге тең болады (5400000 : 12).

Негізгі капиталды пайдалану барысында тұрақты бірдей табыс алынатын болып топшыланса ғана, бір қалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол нысанның пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді. Қажет болған жағдайда қалдық құны секілді негізгі капиталдың пайдалы қызмет ету мерзімін, олардың күйін жақсартуға жұмсалған кейінгі шығындарды ескере отырып қайта қарауға болады. Негізгі капиталдың күйін жақсартуға жасалған шаралар қызмет мерзімін арттырады, сондай-ақ, технологиялық өзгерістер, сату нарығындағы өзгерістер немесе шаруашылық қызмет жағдайларының өзгерістері де қызмет мерзімінің қысқаратынын ескеруі қажет.

Мысалы: Сатып алынған ғимараттың бастапқы құны - 9 000 000 теңге, қалдық құны - 100 000 теңге, пайдалы қызмет ету мерзімі - 40 жыл болса, онда құнды бір қалыпты есептеу кезінде бір жылдық амортизациялық өтемдер келесі соманы құрайды:

(9 000 000 - 100 000) / 40 = 222 500 теңге

Егер бір жылдық амортизациялық аударым осы соманы құрайтын болса, онда 15 жылда жинақталған амортизация сомасы 3 337 500 теңгені құрайтын болады. 15 жылдан кейін шаруашылық қызмет түрінің өзгеруіне байланысты пайдалы қызмет мерзімі және қалдық құны қайта қаралады: қалған қызмет мерзімі 10 жыл (яғни барлығы 25 жыл) және калдық құны 2 225 000 теңге деп анықталады. Нақтыланған деректерге сәйкес жылдық амортизациялық аударымдар қалған 10 жыл үшін келесіні қүрайды:

(9 000 000 - 3337500) / 10 = 866 250 теңге.

Негізгі капитал нысандарын пайдаланудан түсетін пайда (табыс) оның бүкіл пайдаланылу мерзімі бойынша әр кезеңінде бірдей, яғни нысанның қалдық құнының кемуі бір қалыпты болатын жағдайда ғана бір қалыпты есептеу әдісі қолданылады.

Қазіргі кезде, негізгі қорлардың теңдестік құнына пайыздық қатынас пен уақыт бірлігі бойынша белгіленген жекеленген түрдегі бір қалыпты амортизациялық мөлшер мейлінше қолайлы болып табылады:




мұнда: Нар - реновацияның (толық қалпына келтіру) амортизациялық мөлшері;

Ф - негізгі қорлардың бастапқы теңдестік құны;

О - негізгі қорлардың қалдық құны;

Т - негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі.

Берілген әдістемелік тәсіл негізінде амортизациялық мөлшерлер жүйесін қүруда амортизациялық аударымдар мөлшері негізгі үш түрде болуы мүмкін:

1. Негізгі капиталды жөндеуге жұмсалған орташа жылдық шығынды ескермейтін амортизациялық аударымдар мөлшері.

2. Негізгі капиталды жөндеудің орташа жылдық шығынын ескеретін амортизациялық аударымдар мөлшері.

3. Барлық жөндеу түрлеріне жұмсалған орташа жылдық шығынды ескеретін амортизациялық аударымдар мөлшері.

Бұл мөлшерлерді есептеуге ескі еңбек құралдарын жаңасына ауыстыру немесе толық қалпына келтірудің мөлшерлі мерзімі негіз болады.

Бір қалыпты әдістердің бірқатар кемшіліктері де бар. Біріншіден, оларды пайдалану кезінде негізгі капитал толық амортизацияланбайды, сондықтан құнын жоғалту, шығынға ұшырау қаупі төнеді.

Екіншіден, амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісін қолдану нақты кэсіпорында сапалық тозу нәтижесінің қарқындылығына байланысты, негізгі капиталды алмастыру үшін қаржы ресурстарын жедел түрде шоғырландыруға мүмкіндік бермейді.

Амортизация жұмыстың орындалған көлемін тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік тэсіл). Бұл әдістің мәні мынада: амортизациялық аударымдар нысанды пай­далану кезеңінде ғана қолданылады, яғни амортизация сомасы мен өндірістік қуат арасында тікелей тәуекелділік бар және мүнда амортизацияны анықтау үшін құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімінің маңызы жоқ. Өндірістік қуаты шығарылатын өнім бірлігімен, пайдалану сағатымен, жол үзақтығының бірлігімен және т.с.с. өлшенуі мүмкін. Негізгі қордың теңдестік құны қалдық құнына жеткенге дейін жыл сайын өндіріс қуатының көрсеткішіне парапар түрде кеми береді.

Өндірістік әдісті пайдалану мерзімі субъектінің шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен немесе техникалық көрсеткіштермен шектелген жағдайда өте оңтайлы әдіс болып табылады.

Мысалы: Көшірме құрал-жабдығы техникалық құжатына сәйкес 500 000 көшірме басуға немесе 10 000 сағат бойы жұмыс жасауға қабілетті. Қондырғының бастапқы құны - 30 000 000 теңге, қалдық құны - 3 000 000 теңге. Осы деректерге сүйене отырып амортизациялық аударымды анықтаймыз:

а) (30 000 000 теңге - 3 000 000 теңге) / 500 000 көшірме = 54,0 теңге/көшірме;

ә) (30 000 000 теңге - 3 000 000 теңге) / 10 000 =2700,0 теңге / сағат.

Есептік жыл ішінде көшірме қондырғыда 110 000 көшірме басылуы керек, жұмыс уақыты 1900 сағатты құрайды. Бұл жағдайда бір жылдық амортизациялық аударымдар:

54.0 х 110 000 = 5 940 000 теңге;

2700.0 х 1900 = 5 130 000 теңге.

Тәжірибе жүзінде субъект негізгі капитал - нысанның өндірістік қуатын сипаттайтын көрсеткіштердің біреуін ғана таңдауы тиіс.

Егер пайдаланудың бірінші жылында қондырғы 50 000 көшірме, екінші жылы - 75 000 көшірме, үшінші жылы - 100 000 көшірме, төртінші жылы - 125 000 көшірме және бесінші жылы - 150 000 көшірме жасалынады деп шамаланса, онда амортизациялық аударым төмендегідей жолмен есептелінеді.

Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдістері. Негізгі капиталдың кейбір түрлері пайдаланылу барысында дэл, тиімді қызмет етеді. Сонымен қоса, технологияның тез жетілуіне байланысты құрал-жабдықтың сапасы жылдам ескіреді. Сол себепті өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді.енгізуді жеделдетуге қолайлы қаржылық жағдай туғызу мақсатында негізгі капиталды жаңартуға мүдделі субъектілер амортизаци­яны есептеудің жеделдетілген әдісін қолдана алады. Жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі капиталды өздерінің белгіленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі капитал алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым асып түседі.

Өйткені, негізгі капиталдың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едэуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ, амортизациялық аударымды есептеудің жоғарыда аталған жеделдетіп есептеп шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу қағидасына негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге, жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі капиталдың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі капиталды жаңа өнімділігі жоғары, басқа да жақтары тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жеделдетіп есептеп шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай - негізгі капиталды жөндеу шығындарына байланысты. Олар, яғни жөндеу шығындары, негізгі капиталды пай­далану кездерінің бастапқы уақытына емес, пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егерде негізгі капиталға жеделдетіп есептеп шығару деп аталатын амортизациялык аударым әдісін қолданған жағдайда амортизациялык аударым мен жөндеу шығындарының қосындысы негізгі капиталдың пайдаланылуы барысында бірнеше жыл бойы бір қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі капиталдың пайдаланылу барысында ұйымға келтіретін пайдасы бір қалыпты мөлшерде болып қалады.

Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісінің екі түрі болады:

- сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік);

- қалдық құнын кеміту (қалдықты азайту) әдісі.

Кумулятивтік әдіс - латын тілінен аударғанда өсу, жинаудеген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу арқылы тозу сомасы есептелінеді, демек нысанның қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.

Қүнды сандар сомасына сэйкес есептеу (кумулятивтік әдіс) есептік коэффициенті анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі пайдалы қызмет ету мерзіміне тең жылдар қосындысын көрсетеді, ал алымы қызмет ету мерзімінің қалған жылдарын санау арқылы табылады. Берілген коэффициент пайдаланылу кезеңінде әр түрлі, бірақ амортизация құнының тұрақты шамасына қолданылады. Бұл әдісті қолдануда амортизациялық аударымдар сомасы алғашқы пайдалану жылдарында кейінгі жылдарга Караганда едэуір жоғары бо­лып келеді.

Мысалы: Дизельді қондырғының болжамды қызмет ету мерзімі - 5 жыл, сонда бөлшектің бөлімі 15-ке тең болады, яғни сандар қосындысы - пайдалану жылдары (1 + 2 + 3 + 4 + 5 = 15, мұнда 15 - кумулятивтік сан), әр жыл үшін есеп- тік коэффициент: 5/15; 4/15; 3/15; 2/15; 1/15. Егер дизельді қондырғының бастапқы багасы - 100 000 теңге, қалдық бағасы — 10 000 теңге, амортизациялық құны 90 000 теңгені (100 000 - 10 000) құрайтын болса, онда әр жылдағы аморти­зация келесідей анықталады:

Қызмет мерзімі Амортизация сомасы

1 -жыл 30 000 = (90 000 х 5/15)

2- жыл 24 000 = (90 000 х 4/15)

3- жыл 18 000 = (90 000 х 3/15)

4- жыл - 12 000 = (90 000 х 2/15)

5- жыл - 6 000 = (90 000 х 1 /1 5 )

Кумулятивтік санды жылдам анықтау үшін келесі форму­ла қолданылады:



S = Nx (N + 1) / 2,

мұнда: S - сандар қосындысы;

N - болжамдық пайдалы қызмет ету мерзімі.

Біздің мысалымызда бұл: S = 5x(5 + 1)/2=15(кумултивтік сан).

Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің қағидаларына негізделген. Оны түзу сызықты әдісте амортизациялық мөлшердің екі еселенген түрін қолданып оты­ратын қалдық әдіс деп те атайды. Бүл жағдайда жылдан жылға амортизация сомасы кеми береді және алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады. Амортизацияны есептеуде болжамды қалдық құны ескерілмейді.

Мысалы: Түзу сызықты әдісте амортизациялық аударымдардың қалыпты мөлшері - 20%, онда екі еселенген коэффициенты ескере отырып жеделдетілген амортизация 40%-ды қүрайды және ол қалдық құнына бекітілген үстеме болып табылады. Бүл кезде бастапқы бағасы - 1 000 000 теңге және қалдық құны - 100 000 теңге болатын төлемдер келесі түрде анықталады:

Бастапқы құны Амортизация құны Қалдық құны

1 -жыл 1 000 000 400000 = (40% х 1000000) 600000

2-жыл 1 000 000 240000 = (40% х 600000) 360000

3-жыл 1 000 000 144000 = (40% х 360000) 216000

4-жыл 1 000 000 86400 = (40% х 216000) 129600

5-жыл 1 000 000 296 = (1296-296) 100000

Жаңадан қызметке енгізілген негізгі капиталдың амортизациялық төлемі енгізілген айдан кейінгі айдың бірінен басталады, ал істен шыққан құралдарға байланысты амортизациялық төлемі олар істен шыққан айдан кейінгі айдың бірінен бастап тоқтатылады.

Негізгі капитал қайта жаңарту немесе техникалық қайта жаңғырту кезінде толық тоқтап тұрса немесе олар пайдаланылмайтын болса, онда амортизациялық төлемдер жүргізілмейді. Сондай-ақ, жерге, өнімдік мал басына, кітапхана қорларына, мұражайға, құндылықтарға, сәулет және ескерткіштерге, жалпыға ортақ автомобильдік жолдарға амортизация саналмайды.Амортизацияны санаудың жеделдетілген әдісін басқа әдістермен салыстырғанда амортизацияны негізгі капиталдың теңдестік құнына, өндіріс және айналым шығындарына толығымен көшіру мақсатында жедел түрде санау әдісі болып табылады.

Дамыған елдердің экономикалық сараптау тәжірибесінде амортизацияны санаудың келесі жедел әдістері мэлім: амор­тизацияны есептеудің жеделдетілген сызықтық әдісі (бір қалыпты - жеделдетілген әдіс), амортизацияланатын құнның сызықтық емес кемімелі қалдық әдісі, сандарды жиынтықтау әдісі (жылдар саны әдісі) және т.б..
3.2 Амортизациялық жеңілдіктер
Амортизация жүйесінде амортизациялық жеңілдіктер маңызды элемент болып табылады. Олар негізінен экономикасы дамыған елдердің шаруашылық тэжірибесінде пайдаланылады. Экономикалық эдебиеттерде амортизациялық жеңілдіктер түрінде жеделдетілген амортизацияны қолдану жиі кездеседі. Сонымен бірге, амортизациялық жеңілдікте р кәсіпорынның өндірістік әлеуетін жаңарту үдерісіне белсенді ықпал ете алады, кәсіпкерлік қызметтің әр қилы түрлерінің дамуын ынталандырады және т.б.

Амортизациялық жеңілдіктер, негізінен мемлекетпен белгілі бір кезеңге бекітіледі және олардың қолданылу аумағы едәуір кең болады.

Амортизациялық жеңілдіктер:

- ҒТП ынталандыруға және үлттық экономика үшін аса маңызды өнімдер шығаруға бағытталған жеңілдіктер;

- халық шаруашылығы салалары мен аймақтарды дамытуға бағытталған жеңілдіктер;

- жекелеген меншік түрлері мен кәсіпкерлік қызмет түрін ынталандыруға арналған жеңілдіктер.

Амортизациялық жеңілдіктер - мемлекеттің амортизациялық саясатының маңызды құрамдас бөлігі және оның негізгі белгілері - аңдамалылығы мен сабақтастығы, олар кэсіпкерлерге болашақта өзінің инвестициялық іс-әрекетін жоспарлап отыруға мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Негізгі қорлар — материалдық өндіріс саласында да, бейөндірістік салада да заттай нысанда ұзақ уақыт бойына жұмыс істейтін және өзінің құнын тозуына қарай бөліктер бойынша жоғалтатын материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Негізгі қорларға үймереттер, ғимараттар, беріліс қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш приборлар мен құрылғылар, өндірістік, шаруашылық құрал-саймандар мен керек-жарақтар, жегіндік және өнімдік мал, көп жылдық екпе ағаш, т.б. жатады. Өндірістік және бейөндірістік Негізгі қорларға бөлінеді. Ақшалай тұлғадағы Негізгі қорлар “Негізгі құрал-жабдық” деп аталады. “Негізгі құрал-жабдық” термині көбінесе бухгалтерлік есепте қолданылады, басқа жағдайларда “Негізгі қорлар” термині пайдаланылады.

Негізгі өндірістік қорларды халық шаруашылығының салалары мен қызметтің түрлеріне қарай, ал әрбір салада мақсаты мен заттық белгілерін ескере отырып, түрлеріне (топтарына, ішкі топтарына) қарай сыныптарға ажыратады.



Тұрпаттық жіктелімге сәйкес мынадай түрлерге (топтарға, ішкі топтарға) ажыратылады:

  • үймереттер – өндірістік үдеріс үшін қажетті жағдай жасайтын және машиналар мен жабдықтардың сақталуына жәрдемдесетін архитектуралық-құрылыс нысандары;

  • ғимараттар –өндіріс үшін қажетті және еңбек заттарының өзгеруімен байланысты емес инженер-технологиялық нысандар; * беріліс қондырғылары – энергияны, сұйық және газ тәрізді заттарды беруге арналған қондырғылар;

  • машиналар мен жабдықтар: күш машиналары мен жабдықтары – энергия өндіру мен оны түрлендіруге арналған құралдар, жұмыс машиналары мен жабдықтары – өнімді дайындау кезінде еңбек затына тікелей әсер ету үшін пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың барлық түрлері;

  • өлшеуіш және реттеуіш приборлар мен қондырғылар, зертханалық жабдықтар;

  • есептеу техникасы – ЭЕМ, басқарушы, клавиштік және басқа машиналар;

  • көлік құралдары – жүктер мен адамдарды тасымалдау құралдары;

  • аспаптар – қысқыштар, түзеткіштер, тездер, т.б.;

  • өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтар – өндірістік операцияларды жеңілдететін, еңбек қорғау, еңбек заттарын сақтау заттары;

  • шаруашылық құрал-саймандар – үстелдер, жазу машиналары, көшіргіш қондырғылар, компьютерлер, т.б.;

  • ат-көлік, өнімдік мал – жылқы, сиыр, өгіз, т.б.;

  • көп жылдық екпе өсімдіктер – жеміс-жидек, көгалдандыру өсімдіктері, екпе ағаштар, т.б.;

  • жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығын – жер телімдерін тегістеу, бөгендерді тазарту, т.б.;

  • өзге де негізгі қорлар – кітапхана қорлары, мұражай экспонаттары, жалға алынған негізгі қорларға жұмсалған шығын, т.б.

Негізгі қорларды бағалау - негізгі қорлардың құнын анықтау тәсілі. Негізгі қорлардың серпінін, шамасын, құрылымын, құрамын, тозуын есептеу үшін қолданылады; тозымпұлды (амортизацияны), өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын және тиімділікті есептеу үшін қажет.

Есеп пен талдау практикасында оның бірнеше түрлері қолданылады. Бухгалтерлік есеп пен есептемеде негізгі қорлар теңгерімдік құн (бастапқы немесе қалпына келтіру құны) бойынша көрсетіледі. Бастапқы құнда негізгі қорларды дайындауға (салуға) немесе сатып алуға, тасымалдауға, құрылыс құрастырым жұмыстарына жұмсалған нақты шығын қамтылады. Қалпына келтіру құны негізгі қорларды қазіргі кезең жағдайында және осы кезендегі баға бойынша өндіру құны. Ол жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды олардың нақты жай-күйі мен сапалық тозуын ескере отырып қайта бағалау жолымен айқындалады. Негізгі қорлар пайдаланылу барысында бірте-бірте тозады, осы факторды есептеу үшін қалдықтық құн көрсеткіші қолданылады, бұл көрсеткіш негізгі қорлардың теңгерімдік санының және толық қалпына келтіруге арналған тозымпұл аларын басшылыққа ала отырып есептелетін тозу сомасының шығын айырмамен айқындалады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР




  1. Р.Қ. Ниязбекова, Б.А. Рахметов, П.Т. Баинеева КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ, Оқу қүралы

  2. Зайцев Н.Л. Экономика организации. - М., 2000.

  3. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия. Практикум: Учебное пособие. - М.: ИНФРА - М, 2001.

  4. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. - Алматы: Эко­

  5. номикс, 2003.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет