Құрамы мен классификациясы. Газ заңдары Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет20/21
Дата16.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162983
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
darister
Срс 1
 
Дәріс 9.
Тақырып: «Газды кәсіпшілікте жинау тасымалдауға дайындау 
схемалары» 
Сұрақтар 
1. Газды дайындау қондырғысы 
2. Газды кептіру түрлері 
3. Тӛменгі температуралық айыру қондырғысы 
1. 
Газды дайындау қондырғысы 
Газды, сапаға қойылатын талаптарға сәйкес дайындау үшін оны 
дайындау қондырғысында ылғал тамшысынан, кӛмірсутекті конденсаттан, 
күкіртсутектен және кӛмірқышқыл газынан бӛлу және кептіру жүмыстарын 
жүргізу қажет. 
Газды судан кептіру және кӛмірсутекті конденсаттан бӛлу үшін келесі 
әдістер қолданылады: 
дроссель-эффект иемесе жасанды салқындату есебінен тӛменгі 
температурада айыру; 
сұйық сіңіргіштер (абсорбция) және қатты жұтқыштар (адсорбция) 
қолданылатын сорбциялық әдіс. 
Газды дайындау қондырғыларында күрделі және қымбат жабдықтар
аппараттар және аспаптар қолданылады: тамшы қаққыштар, айырғыштар, 
жылу 
алмастырғыштар, 
конденсаторлар, 
булағыштар, 
сораптар, 
компрессорлар, абсорберлер, адсорберлер, детандерлер, қысым, температура, 
сұйык деңгейін реттегіштер және т.б. 
Газ дайындаудың барлық қондырғыларында конструкциясы әр турлі 
газ айырғыштары қолданылады. Газ айырғыштарының құрылысының 
сипаттамасы мен есептеу принциптері келтірілген, олар мұнай 
айырғыштары-нан жұмыс істеу режимі бойынша да, сол сияқты құрылысы 
бойынша да ерекшеленеді. 
2. Тӛменгі температуралы айыру
Бұл әдіс газдың ылғалдылығын температураға бай-ланысты ӛзгертуге 
негізделген. Газды салқындату кезінде булы фаза түрінде болатын ылғалдың 
бір бӛлігі, сонымен қатар ауыр кӛмірсутектер конденсацияланады. Сұйықтан 
белінгеннен кейін газ ең (бастапқы конденсация темпе-ратурасы) тӛменгі 
шық нүктесіне (точка росы) ие болады. 
Бір кен орнында жоғары қысымға ие табиғи газдың және мұнай 
газының болуы табиғи газды дросселдеу (Джоул-Томсон эффектісі) кезінде 
алынған салқынды қолдану арқылы жылуалмастырғыштарда мұнай газын 
салқындату мүмкін. Газды 0,1 МПа-ға дросселдеу кезінде оның темпе-
ратурасы орта есеппен 0,3°С-қа дейін тӛмендейді. Штуцер-дің кӛмегімен 


газдың температурасын 30°С-қа дейін тӛмен-детуге болады, осының 
нәтижесінде газдан айтарлықтай мӛлшерде сулы және кӛмірсутекті 
конденсаттар белініп шығады. 
Егер газ факторы үлкен болса (шамамен 1000 мҮт) және сагалық 
қысымдар жоғары болса, онда мұнай газының ӛзін дросселдеу арқылы 
салқындатуға болады. Бұл жағдайда газдыконденсатты кен орындарында 
қолданылатын қондырғыларға ұқсас қондырғылар қолданылады. 
Газ жоғарғы қысыммен құбыр-1 арқылы тамшыны бӛлгішке-2 келіп 
түседі, онда ылғал тамшысынан және механикалық қоспалардан босатылады. 
Содан кейін араластырғышқа келіп түседі, онда гидрат түзілуге қарсы 
қолданылатын 
ингибитормен, 
яғни 
диэтиленглинколмен 
(ДЭГ) 
араластырылады 
да, 
одан 
кейін 
"құбырдағы 
құбыр" 
түріндегі 
жылуалмастырғышқа беріледі, мұнда тӛменгі температуралы айырғыштағы-5 
салқын газбен салқын-датылады. Одан соң газ штуцерде-4 максималды 
конденсация қысымына дейін редукцияланып, осының нәтижесінде оның 
температурасы тез тӛмендейді. Газдың тсмпературасы және қысымы тез 
тӛмендеген кезде судың және кӛмірсутекті конденсаттың конденсациясы 
жүреді, бүлар тӛменгі температуралық айырғыштың-5 конденсат 
жинағышында біртіндеп жинақталады. 
42. Сурет. Томенгі температуралы айырғыш кондырғысының сұлбасы 
1 - жинау коллекторы; 2 - тамшы бӛлгіш; 3 - жылуалмастырғыш; 4 -
штуцер (дроссель); 5-тӛменгі температуралы айырғыш; 6- кұрғақсуытылған 
газды таратқыш коллектор; 7 - ДЭГ-ды беруге арналған мӛлшерлік сорап; 8 -
конденсат жинағыштағы кысымды азайтатын штуцер; 9 - конденсат 
жинағыш; 10 - конденсатты ӛткізу кұбыры; 11 - ДЭГ-ды регенерация 
кондырғысына тасымалдауға арналған кұбыр; 12 - газ шығынын ӛлшегіш; 13 
- кұрғақ газ коллекторы. 
Судың сүйық кӛмірсутектсрімен қоспасы бірінші конденсат-
жинағышқа-9 келіп түседі, мұнда ДЭГ (диэтиленглинкол) кӛмірсутекті 
конденсатынан 
бӛлінеді. 
ДЭГ 
құбырлар-11 
арқылы 
регенерация 
қондырғысына келіп түседі, ал кӛмірсутекті конденсат біртіндеп конденсат-
жинағыштан-9 отеді, бұнда штуцерлерде-8 редуциялану есебінен қысым 
біртіндеп азаяды (тӛмендейді). 
Кӛмірсутекті конденсаттың қысымын біртіндеп тӛмендету, бұл 
тұрақты конденсатты молырақ (яғни максималды деңгейде) алу үшін 
жүргізіледі. Қысымды бір реттік азайту кезінде конденсаттың шығуы да аз 


болады, ӛйткені қысымды тез азайтқан кезде алғашқыда негізінен жеңіл 
кӛмірсутектері бӛлінеді, олар ӛздерімен бірге ауыр кӛмірсутектерінің (С5) 
үлкен мӛлшерін ілестіре жүреді, бүлар атмосфералық жағдайда сүйық 
түрінде болады. 
Салқын 
және 
кептірілген 
газ 
түрақты 
қысым 
кезінде 
жылуалмастырғыштан-3 ӛтеді, мүнда ол ӛзінің жылуының бір бӛлігін 
ӛңдеуге түскен газға береді, одан соң шығын ӛлшегіш арқылы - құрғақ газды 
жинау коллекторына келіп түседі. 
ДЭГ конденсацияланған сұйықтан бӛлінеді және регенерациядан соң 
қайтадан қолданылады. Тӛменгі температуралық айыру кезінде ылғалдың 
және ауыр кӛмірсутектерінің бӛлінуі бір мезгілде жүреді. 
Тӛменгі температуралық айыру қондырғыларының (ТТАҚ) кӛптеген 
түрлері бар. Соның ішінде, егер табиғи газдың ТТАҚ-на кірер басындағы 
қысымы 9МПа аз болса, онда дроссель-эффектісі есебінен температура 
айтарлық-тай тӛмендетілмейді. Бүл жағдайда температураны тӛмендету 
жылуалмастырғыштан кейін салқындату машиналарын орнату арқылы 
жүзеге асады. Мұздатқыш (хладагенттер) ретінде сүйытылған аммиак және 
фреондарды қолданады, олар кері температуралар кезінде буланып 
қайнайды. 
Аммиактың және басқа да мүздатқыштардың булануын қолдана 
отырып жасанды түрде газды салқындатуды әдетте газ ӛңдеу зауыттарында 
қолданады. 
Газды 
турбодетандерлердің 
кӛмегімен 
салқындату 
қезінде 
салқындатудан басқа газ желісіндегі қысымды қалпына қелтіру үшін 
механиқалық және электрліқ энергияны алуға мүмқіндік береді. Бүл 
жағдайда штуцерлерді қолдануға қарағанда температураны едәуір 
томендетуге болады. Дросселдегі температураның тӛмендеуі газдың жүмыс 
жасамай-ақ адиабаттық үлғаюы есебінен жүреді, яғни турбодетандердегі 
температураның тӛмендеуі турбинаның немесе винттің айналуы бойынша 
пайдалы жүмыс жасауына байланысты. 
Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру 
Газды кептіру негізінен газ қүбырларында ылғалды сүйықтың 
конденсациясы жүрмейтіпдей дәрежеге дейін газдың қүрамындағы су буып 
азайту мақсатында жүргізіледі. 
Газды кептіру үшін сүйық сорбепттер-гликолдер қолданылады олар: 
ылғалды жүтуға (сіңіруге) қабілетті диэти-ленгликоль (ДЭГ) және 
триэтиленгликоль (ТЭГ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет