Құрамы мен мазмұны. Кадастрлық істің техникалық бөлігі. Кадастрлық нөмірлер беру ережесі


 Кадастрлық істі қозғау және қарау



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата09.12.2022
өлшемі242,83 Kb.
#162081
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 практикалық жұмыс
основы 6прак-WPS Office, СРС Диас
2. Кадастрлық істі қозғау және қарау 
Жер учаскесін қалыптастыру немесе қайта ұйымдастыру туралы кадастрлық іс қозғаудың 
бастамашылары атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар болып табылады. 
Жеке тұлғаның өтінішінде: өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке басын 
куәландыратын құжаттың деректері (атауы, сериясы, нөмірі, Берілген күні), Жылжымайтын мүлік 
объектісінің атауы мен орналасқан жері, тіркелетін құқықтың санаты (ауыртпалықтар, шектеулер), қоса 
берілетін құжаттардың тізімдемесі және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс. 
Заңды тұлғаның арызында: заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, жер учаскесінің орналасқан жері
тіркелетін құқықтың санаты (ауыртпалықтар, шектеулер), қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі және 
басқа да қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс. 
Өтінішке соңғысының өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, өтініш беруші қол қояды. 
Өтінішке жер учаскесіне құқықты куәландыратын қажетті құжаттар, ал олар болмаған кезде - осы 
учаскені берген құзыретті атқарушы органның шешімімен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) қоса 
беріледі. 
Тұлғалардың жер учаскелерін қалыптастыру немесе қайта ұйымдастыру туралы өтініші оларды алған 
күні жыл сайынғы тіркеу журналында тіркеледі. Әрбір өтінішке өзінің реттік нөмірі беріледі. 
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттер шекараларының, алаңдарының және 
нысаналы мақсатының ықтимал өзгерістерін анықтау үшін жергілікті жердегі жер учаскелерін зерттей 
отырып, ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзеге асырады. Мұндай өзгерістер болған кезде олар атқарушы 
органның қайта бекітуіне жатады немесе мүдделі тараптар арасындағы шартта көрсетіледі. 
Кадастрлық іске орналастырылатын барлық құжаттар, әдетте, барлық деректемелер (оларды 
шығарған органның, мекеменің, ұйымның атауы, құжаттың күні, нөмірі, адресаттың (құжатты алушының) 
нұсқауы) толтырыла отырып, белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалуға тиіс. 
Жер учаскесі шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару 
комитеті белгілейтін техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 
Өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздері және өзге де келісілмеген түзетулері бар, сондай-ақ 
қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбауы тиіс. 
Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жер ресурстарын басқару 
комитеті оларды қабылдаудан бас тартуға және ауыстыруды не тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізуді 
талап етуге құқылы. 
Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық (қалалық) Комитетпен толық қалыптастырылған және 
куәландырылған кадастрлық істің жер учаскесі кадастрлық нөмір беріле отырып, жер-кадастрлық кітапқа 
жазылады. Кадастрлық іс те осы нөмірмен сәйкестендіріледі. Кадастрлық нөмір жаңа жер учаскесі 
шекараларының жоспарында (сызбасында) тіркеледі. 
Кадастрлық істер басқа кадастрлық құжаттамамен қатар жер ресурстарын басқару жөніндегі 
аудандық (қалалық) комитеттердің мұрағаттарында сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет