Құрамында Al2(SO4)3 (C=0,004 моль/л) + Na


Сапалық анализ кезінде комплексті қосылыстардың түзілуіне мысал келтіріңіз және комплексті қосылыстардың тұрақтылық константасының маңызын мысалмен қолданыңыз



бет12/22
Дата24.12.2023
өлшемі10,11 Mb.
#199016
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
аналитика 3 деңгей
діс т сілдер оймасы, Дилнур, Тарихх, АКТ Лекция 1, Cream Black Professional Mental Health Tips YouTube Thumbnail, Cream Black Professional Mental Health Tips YouTube Thumbnail (1)
75. Сапалық анализ кезінде комплексті қосылыстардың түзілуіне мысал келтіріңіз және комплексті қосылыстардың тұрақтылық константасының маңызын мысалмен қолданыңыз.
Комплексті қосылыстар бейорганикалық қосылыстардың үлкен класс тармағын құрайды. Оларды зерттеу ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қолға алынды. Комплексті қосылыстардың түзілуін валенттілік туралы қарапайым көзқарастар тұрғысында түсіндіруге болмайды. Олардың құрамы жай “бинарлы” қосылыстардан, яғни екі элементтен тұратын қарапайым қосылыстардан ерекше. Осыған байланысты химиялық қосылыстардың формулаларын құрастырғанда қолданылатын валенттілік сандары сәйкес келе бермейді. Сондықтан комплексті қосылыстар құрамын анықтау тек химияға валенттік байланыс туралы бірқатар жаңа көзқарастар енгізілгеннен кейін ғана қарқынды жүзеге аса бастады. Бұл көзқарастар 1893 жылы Цюрих университетінің профессоры Альфред Вернер (1866-1919жж.) ұсынған комплексті қосылыстар теориясының негізіне кірді және ол координациялық теория деген атауды иеленді. Вернер өзі ұсынған теорияда барлық бейорганикалық қосылыстарды бірінші ретті және жоғары ретті деп жіктеді.
Комплексті қосылыстар қарама-қарсы зарядталған сыртқы және ішкі сфералардан тұрады, сондай-ақ бейтарап комплекстер де кездеседі. Комплексті ионның формуласын тік жақшаға алып жазады (ішкі сфера). Ішкі сферада бос электрондық орбитальдары бар орталық атом (зарядталған немесе бейтарап) және оның төңірегінде басқа атомдар немесе атомдар топтары (зарядталған немесе бейтарап) – лигандалар (латын тілінде lіgo – байланыстырамын) орналасады. Лигандалар орталық атоммен ковалентті байланыс арқылы донорлы-акцепторлы механизм бойынша байланысады. Орталық атомды көбінесе комплекс түзіші деп те атайды. Комплекс түзуші атом өзінің бос электрондық орбитальдарына лигандалардың электрон жұптарын қабылдай отырып, комплексті ион түзеді.
Катионды комплекстер - орталық ионның төңірегінде бейтарап молекулалар (Н2О, NH3 және т.б.) координацияланғанда түзіледі. Мысалы, [АІ(Н2О)6]СІ3 және [Сr(NH3)4]CІ3. Бұл қосылыстардағы комплексті [АІ(Н2О)6]3+ және [Сr(NH3)4]3+ иондар оң зарядталған.
Сонымен, комплексті қосылыс құрамындағы комплексті ионның заряды оң болатындықтан, катионды комплекс деп аталады. Мысалы: [Co(NH3)6]Cl3 қосылысы катионды комплекс - [Co(NH3)6]3+.
Анионды комплекстер - орталық ионның төңірегінде теріс зарядты иондар (ОН-, СІ- және т.б.) координацияланғанда түзіледі. Сондықтан анионды комплекстерде ішкі сфераның заряды теріс мәндерді көрсетеді. Мысалы, К4[Fe(CN)6], К2[ВeҒ4], [Nа2(Zn(ОН)4)] және т.б.
Сонымен, комплексті қосылыс құрамындағы комплексті ионның заряды теріс болатындықтан, анионды комплекс деп аталады. Мысалы: K3[CoCl6] қосылысындағы комплексті [CoCl6]3- ионның заряды теріс, яғни анионды комплекс.
Бейтарап комплекстер – комплекс түзуші атомның айналасына бейтарап молекулалар координацияланғанда (мысалы, [Nі(СО)4)]) немесе оң зарядталған комплекс түзушінің айналасына анион мен молекулалар қатар координацияланғанда түзіледі (мысалы, [Pt(NH3)CІ2]). Бейтарап комплекстердің сыртқы сферасы болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет