Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Археологиялық ескерткіштер



Pdf көрінісі
бет14/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104
Байланысты:
растыр ан
1-ші сабақ Бір өлшемді массив, ОБӨЖ, Молдашева Ә СӨЖ 3-аптаа Психолингвистика, Weston · SlidesMania.pptx
Археологиялық ескерткіштер
түрлері
. Дәуірлері бойынша зерттеледі, негізгі екі 
түрі бар: 
1.Қоныстар
2.Қорымдар /молалар/ 
1. 
Ертетас заманынан қалған адам қонысының жалғыз түрі-
тұрақ 
болды.Тұрақтарды аң аулау және терімшілікпен айналысқан байырғы адамдар 
қалдырған. Олар тұрақтау мерзіміне қарай 
ұзақмерзімді, ортамерзімді
және 
қысқамерзімді
аталады. 
Ұзақ мерзімді
 
тұрақтарда мәдени қабат қалыптасуы мүмкін, топырақ 
қабаттарында тас құралдары, адам мен хайуанат сүйектері аршылып жатады. 
Көптеген дәуірнамалық анықтаулар ұзақмерзімді тұрақтарды зерттеу нәтижесінде 
жасалған. Өйткені, топырақ қабаттарының қалыптасуының геологиялық 
заңдылықтары бар, демек, геологиялық уақытнама арқылы тас ғасыры 
ескерткішінің де мерзімін болжау мүмкіндігі бар. Ортамерзімді және,әсіресе, 
қысқамерзімді тұрақтарда табылатын тас заттар және сүйектер аз болады және 
мұндай ескерткіштердің табылуы да қиын. 


Тұрақтар орналасуы бойынша ерекшеленеді. Бірі үңгірлерде, жартас 
қуыстарында, өзен-сулардың жар қабақтарына жақын орындарда, оқшау тұрған
тау шоқыларында болған. Табиғат жағдайы, жыртқыштардан сақтану 
мүмкіндіктері ескерілген. 
Ортатас және жаңатас замандарында адам тұрақтары жетіле түскен, ал 
жаңатаста едәуір дамыған қоныс түрі пайда болды. Сол себепті, жаңатас және қола 
ғасыры замандарындағы адам орныққан жерлер «тұрақ» терминімен емес,
«қоныс» атауымен белгіленеді. 
Қола ғасырында қоныстар едәуір қуаттанады, олардың кейбірінің қоршау, 
қорғаныс белгілері бар. 
Ертетемір заманында қоныстардың іріленуі жалғасын табады, олардың 
қалашық түрі қалыптасады. Бірақ бүл өзгерістер егіншілікпен шұғылданған 
аймақтарда ғана байқалады, көшпелілер қоныстары кішірек келбеттерімен белгілі 
және олар сирек. Қорғаныс құрылыстары 
(
қабырға, ор, дуал
)
қалыптасқан 
қоныстарға кенттер мен қалашық, қалалар жатады.
Жалпы, 
қоныс
(
орысша - поселение
)
бірнеше археологиялық дәуірлердің 
құрылыстарына қолданылатын ортақ атау.
2. Қорымдар, немесе байырғы замандардың жерлеу орындары, негізінен алғанда, 
жаңатас заманынан бергі уақытқа ғана тән. Дамыған түрлері қола дәуірінде және 
ертетемір мен ерте ортағасырларда қалдырылған.Адамның мәдениетінің, рухани 
өмірінің, діни нанымдарының күрделенуіне байланысты жерлеу орындарында 
түрлі құрылыстар тұрғызылды, олардың белгілі бір мәдениетке тән ерекшеліктері 
қоныстармен салыстырғанда тіпті көп. Сол себепті, тарихты тануға аса үлкен 
септігін тигізеді. Жабық комплекс болып келетіндіктен, қорымдарда табылатын 
заттар өзінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Белгілі мәдениетті сипаттағанда 
неғұрлым мазмұнды да толымды мәліметтер ұсына алады. Әсіресе, байырғы 
тайпалар мен халықтардың діни-нанымдарын, жерлеу ғұрпын, мәдениетін 
қорымдық табылулар арқылы зерттеу табысты келеді. 
Жерлеу ғұрпының ең қарапайым үлгілері қазба адамда- палеоантропта да болған. 
Мәселен, неандарталь адамын жерлегенде, шұңқыр қазбаса да, басына тас 


жастап, бетін ағаш бұталармен жапқан. Мұндай жерлеу үлгілері Алдыңғы 
Азияда тіркелген. 
Жерлеу ғұрпы дамыған жаңатас заманында терең емес мола шұңқырлары 
қазыла бастайды, оларды таулы жерде таспен бастыру әдісі шығады. Қола 
ғасырында шеңбер, төртбұрыш түріндегі қалама тас қоршаулар, тас тақталармен 
қоршау үлгілері қалыптасады. Мұндай құрылыстар Сарыарқа жерінде көп. 
Ертетемірде адамдар арасында билікті және қуатты әлеуметтік топтардың 
шығуына байланысты ірі, патшалық деп аталған оба-қорғандар да тұрғызылған. 
Орта ғасырларда мазарлық құрылыстар кең тарайды.
Ерте замандарда 
(
қола ғасыры, ертетемір, ерте ортағасырлар
)
қорымдық 
құрылыстардың ішінде Қазақстан жерінде неғұрлым жиі тарағаны қорғандар 
немесе обалар. Жалпы, жерлеу орындары сыртқы сипатына қарай екі үлкен түрге 
бөлінеді: 
1.Үйіндісі бар жерлеу орны 
2.Үйіндісіз жерлеу орны 
Үйіндісі бар жерлеу орындары түркі терминімен «қорған» деп аталады. 
Қорғандар: 
жер қорған
немесе
тас қорған
күйінде кездеседі. Яғни, үйіндісі 
топырақтан, қиыршық тас араласқан топырақтан, малта тастардан немесе 
сындырылған ірі тастардан тұруы мүмкін. Аралас конструкциялы қорғандар да 
кездеседі.
Адамдардың әлеуметтік жіктелуіне байланысты: зәулім патшалық қорғандар,
үлкен, орта, кіші қорғандар болады. 
Алғашқы қорғандар далалық жерлерде мысты тас заманынан бастап, ал орманды 
аймақтарда орта ғасырларда ғана тұрғызылған. 
Кескін-келбеті бойынша қорғандар: 
дөңгелек, ұзын, ұзынша, төртбұрышты
келуі мүмкін. Өзге де түрлері бар. Үйіндінің құрылымы әр мәдениетте әртүрлі. 
Қорғандар шеткі белгілерімен де ажыратылады. Мәселен, ор немесе дуалға ұқсас 
қабырғалармен, тас сақиналармен қоршалуы мүмкін. Қазақстан жеріндегі қола 
заманының қорғандық құрылыстары – қоршау түрінде кездеседі.
3.Археологиялық ескерткіштердің өзге түрлері. 
Өндіріс орындары
. Бұл топқа
тас және қола ғасырларындағы шеберханаларды, қола және ертетемір 
заманындарындағы кеніштер мен балқыту орындарын жатқызамыз.


Өндіріс орындарынан еңбек құралдары табылып жатады, ол материалдар да 
жіктеліп, түрлерін және қызметін анықтау арқылы бір кездегі қоғамның даму 
деңгейіне баға беріледі.
Көне ғибадатханалар, табыну, еске түсіру орындары.
Қола ғасырынан бастап 
кездеседі. 
Ескерткіштердің тағы бір тобына – 
көлік және суландыру жүйелері
жатады. 
Олар – белгілі бір материалдық қалдықтарын сақтаған байырғы керуен-сауда
жолдары, ескі каналдар мен арықтар. Осы құрылыстарды табу арқылы 
тайпалардың араласуын, шаруашылық және мәдени байланыстарын танимыз. 
Ескерткіштердің ерекше түріне – 
қазыналар
жатады. Қазына- белгілі мақсатпен 
бір кездері қалдырылған заттар жиынтығы, көбінесе соғыс пен стихиялық апатқа 
байланысты жер қабатында, құрылыс қабырғасында жасырылған заттар. Жақсы 
сақталуымен, әсем жасалған заттардан тұратындығымен ерекшеленеді. 
Ортағасырлық қазыналардың көбі металл ақшалар болып табылады. 
Шаруашылық және өнер тарихын тану үшін аса маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет