Реферат дайындаған: Боранбай Алтынай Көркем мәтінді талдау


Асанқайғы Сәбитұлы (XIV-XV)



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі59,82 Kb.
#81026
түріРеферат
1   2
Байланысты:
мәнж

Асанқайғы Сәбитұлы (XIV-XV) Еділ бойында дүниеге келген. Халидұлы Құрбанғали өзінің “Тауарих хамел” атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асанқайғының арғы атасы еді дейді. Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ-Мұхамед болса, Асанқайғы сол Ұлығ-Мұхамед ханға сөзін өткізетін билердің бірі болған. XV ғасырдың 20-жылдарында Ұлығ-Мұхамед сарайдан қуылып Қазанды паналағанда, Асанқайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған. Алайда, бос сауғалау болмысына жат Асанқайғы кешікпей қайтып оралып, Әбілқайыр ұлысындағы шиеленіскен тартыстың ортасына түседі. Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған рулардың Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын қолдаушылардың бірі Асанқайғы болады.
Асанқайғының жыр-толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтеруін қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп қарсылық білдірген айқын аңғарылады. Асанқайғының “Жерұйық” іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.
Ақыры, елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен Асанқайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төңірегіне қоныстандыруға атсалысып, халықтың темірқазығындай бағдарша болып өткені мәлім.
Ел ауызындағы қария сөздің айтуында, Асанқайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Уәлиханов Шоқанның жазуында Асан–ата өмірінің соңғы жылдарында Жетісуда өткізіп, Ыстық көлдің жағасында дүние салған. Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асанқайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Көптеген күйдің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінгі күнге “Ел айырылған”, “Асанқайғы”, “Желмаяның жүрісі”, “Зар” сияқты санаулы күйлер ғана жеткен.
“Ел айырылған” күйінің құрылысы қарапайым болғанымен, лекіте қағып отыратын сарынында терең күйзеліс сезіледі. Тіптен, не боларын күні бұрын болжай алатын дананың шарасыздығы сияқты торығу да жоқ емес.
Лирикалық прозаның маңызды бөлігінің бірі пейзаж болып табылады. Ол поэтикалық атмосфераны қалыптастыру құралы ретінде қызмет атқарады, оқырманды белгілі бір эмоционалдық толқынға дайындайды. Пейзаж кей жағдайда іс-əрекетті алмастырады. Ол арқылы лирикалық қаһарман шындықпен қарым-қатынасқа түседі, табиғатпен біртұтастықты сезінеді. Лирикалық прозада пейзаждың қызметі ғана өзгеріп қоймайды, сонымен қатар оның өзіндік принциптері де өзгереді. Мұндай шығармадағы автор құбылыстың өзінің толық ерекшелігіне емес, оның тудырған сезімін жеткізуге тырысады. «Эпикалық поэзия образдар мен суреттерді табиғат аясындағы образдар мен суреттерді бейнелеу үшін қолданса; лирикалық поэзия образдар мен суреттерді адамзат табиғатының ішкі негізі болып табылатын сезімді бейнелеу үшін қолданады», — деп жазады В.Г.Белинский [1]. Ал лирикалық прозада эпикалық пен лирикалыққа тəн қасиеттердің астасып, тұтасып кететіні белгілі.
Əдебиеттегі пейзаждың дəстүрлі қалыптасқан қызметі лирикалық прозада мүлдем өзге мəнге ие. Мұндай шығармадағы табиғат суреттері оқиғаның даму тізбегі үшін қажетті ая (фон) емес, автордың əлем мен адамды түсінуінің негізі болып табылады. Оның көркемдік ерекшеліктері авторда композицияны қалыптастыруда рөл атқаратын сюжеттің басты бөліктері ретіндегі пейзаждық суреттердің жоқ екенін дəлелдейді. Қоршаған табиғат суреттерінен алынған эстетикалық сезім автордың шындықты сипаттауынан алшақтамайды.
Жазушы өзінің айтар ойын оқырманға шығармалары арқылы, ондағы кейіпкерлері арқылы жеткізеді. Сондықтан да кейіпкер образын жасауда жазушының өзіндік шеберлігі үлкен рөл атқарады. Кейіпкердің сыртқы келбетінен бастап, оның көңіл-күйі, жан-дүниесі, психологиясы, қоршаған ортамен қарым-қатынасы сияқты тəсілдерді əр жазушы өзінше қолданады. Осындай көркемдік тəсілдердің бірі — шығармадағы көркемдік суреттер, пейзаж араласып отыруы шығарманың көркемдігін арттырып, образдар бейнесінің ашыла, тереңдей түсуіне мүмкіндік береді. В.Шкловский: «Адам əдемілік дегенді көзімен көріп бағалайды, ал пейзаж көзбен көрінетін нəрсе, сондықтан да ол əдемілікті білдіреді, ол əдеби шығармадан үнемі орын алып отыруы қажет», — дейді [2]. Əр жазушы шығармасында табиғатты өзінше пайдаланады. Кей шығармада пейзаж тіпті болмай, кейбіреуінде өте көп болуы мүмкін. Бір жазушы табиғат арқылы жыл мерзімін көрсетсе, біреуі кейіпкер бейнесін ашу үшін қолданады. Сонымен қатар кейіпкерлердің көңіл-күйі, жан дүниесінің құбылыс сəттерін табиғатты қатарластыра суреттеу арқылы психологизмді терең жеткізу ең жиі қолданылатын тəсілдердің бірі. Бұл кейіпкерлердің жан дүниесіне терең бойлаудың бір жолы болып табылады.
Жылдың төрт мезгіліндегі неше алуан суреттер күнделікті өмірде өзіндік сезініс, түйсініс, əсер- ықпал тудырады. Суретшілер осы құбылысты түрлі бояулар арқылы көрсетсе, сөз зергерлері тіл арқылы өрнектеп суреттейді, əсерлеп бейнелейді.
Пейзаж табиғаты теңеу, эпитет, метафора, салыстырулар психологиялық кезеңдермен қатар қойылып берілер болса, онда лирикалы көңіл-күй əсерінде келетін эмоциялық элементтер адам тағдырында болып жатқан оқиғалармен қабысып, тұтас көркемдеуші құралға айналады. Осы тұрғыдан келсек, табиғат мінезді қалыптастырады. Ал осыларды жазушы қандай дəрежеде жеткізеді, əңгіме сонда.
Мұндай ерекшеліктердің прозадағы көрінісін М.Əуезов шығармаларынан молынан кездестіруге болады. Онда қазақ даласының байлығы мен сұлулығы шебер суреттеледi, табиғаттың əсем суреттері Əуезовтің өзiне ғана тəн қайталанбас бояулары арқылы берiледi. Жазушының шығармаларының қай- қайсысында да қазақ даласының құлпырған көктемі мен жазы, боранды қысы, жауын-шашынды күзі мейлінше шебер суреттеледі. Олар қай кез, қандай жағдайда да оқиғаның əрлеу, шарықтау барысына қарай құбылып, қиюын таба пайдаланылады. Оның шығармасындағы əрбір көріністің тұтастығы, бірлігі айқын сезіліп тұрады. М.Əуезов табиғат құбылыстарын кейіпкерлерінің басынан өткен күйініш-сүйінішімен байланыстыра суреттегенде олардан құбылыстың сыртқы көрінісі ғана емес, ішкі мазмұны да ашылғандай əсер береді.
Абай тілінің зерттелуі. Аса көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі екі тұрғыдан зерттеледі. Бірі - қаламгердің қолданған тілінің даму барысында оның алған орны мен сіңірген еңбегін анықтау, екіншісі-оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де тілдік ерекшеліктерін талдау. Абай тілін де осы екі тұрғыдан қарастыру керек, өйткені ол әдеби тілде дайын тұрған қалып-нормаларды дұрыс, көркем пайдалана білген қатардағы қаламгер емес, сол тілдің даму тарихындағы жаңа кезеңді бастаушы, сапалық жаңа түрінің іргетасын қалаушы суреткер. Қай тұрғыдан болса да Абай тілін өз алдына сөз ету оның туындыларын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір мезгілде, бірдей қарқында емес. Ең алдымен, ақын шығармашылығының идеясын, мазмұнын танып, білуге күш салынды, сол мазмұнның сыртқы көрінісі-тіліне үңілу содан кейін басталды. Абай шығармашылығы хақында алғашқы пікір айту-19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың алғашқы жылдарында басталған болса, тілі жайында да алғаш рет сөз қозғау осы тұстарға саяды. Әрине, бұл әңгіме ұлы ақынның тілін нақты түрде талдау емес, жалпы тұжырым айту, қазақтың поэтикалық дүниесінің тіліне жаңа лептің келгенін атау түрінде болды. 1901 ж. қазақ даласынан жиналып, Орыс географиялық қоғамына жіберілген өлең үлгілерінің ішінде Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдері: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деп басталатын туындылары болды. Осы материалдарды редакциялап, баспаға дайындауды қолға алған орыс түркологі П. М. Мелиоранский, авторы кім екенін білмесе де, бұл өлеңдердің өзге шығармалардан бөлекше тұрғанын, олардың жазба әдебиет үлгілеріне жататынын айтты. Абай поэзиясы және оның тілі жөнінде қазақтардан түңғыш рет арнайы пікір айтқан - Ә. БөкейхановА. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1913 ж. 39-41-сандарында «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақала жариялап, ақынның өмірбаянынан қысқаша мәлімет бере келіп, оның поэтикасын сөз етті. Ал С. Торайғыров «Айқап» журналының 1913 ж. 22-23-сандарында «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар, тілін де азын-аулақ сөз етеді, тіл жағынан Абай өлеңдерін өте жоғары қояды. Ақынның 1922-23 жылдардағы шығармаларының тіліне қатысты аз-кем пікірлер мен кейбір араб, парсы, орыс сөздерінің түсініктемесін Абайдың 1922 ж. Ташкентте шыққан өлеңдер жинағына редакция атынан берілген ескерту сөзден және татар ғалымы А. Сағдидың «Ақжол» газетінің 1923 жылғы бірнеше санында басылған мақаласынан табамыз. Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-бағдары жайында 20 жылдардың ішінде, тіпті 30 жылдардың 2- жартысына дейін баспасөз бетінде болып келген пікірталастар кезінде ақынның тілі туралы да айтылып өтті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет