Реферат есеп 9 беттен, бөлімнен, 3-тараудан 37-пайдаланылған қайнар көзден, 4-қосымшадан тұрады



бет7/18
Дата04.12.2023
өлшемі10 Mb.
#194886
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
kz 63729 1048370 1604221345
673056.pptx, СӨЖ-3, 01fe68c0f2b0450f980e1e56cf148f12, Маржан ПТИ777

Қазіргі замандағы киіз басу жұмыстары механикаландырылған. Киіз басу өндірісінде жүн арнайы машиналармен көпсітіліп, майланып, араластырылады. Көпсітіліп болған соң, тарақтап түту машинасымен түтіледі. Түтілген жүн жасалатын бұйым пішіміне сай тартылып, талдырмасын (виброшлифовальді машинамен) дірілдеткіш машинасының көмегімен талдырылады. Күкіртқышқылының ертіндісін сіңдіріріп, арнайы басу машинасына жіберіледі. Яғни, ол білектеуден өтіп нығыздалып, соның нәтижесінде бұйымның көлемі қажетті мөлшерге дейін кішірейіп, піседі. Білектеу процессі бірнеше рет қайталанады. Білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп отырады. Соңында белгілі бір қалыпқа кигізіп пішінге келтіріп, кептіргіштерге жайып кептіреді. Киіз басу процессі – сәндеу, әрлеу, түгін қырқып тазалау, кесу, престеу сияқты жұмыстармен аяқталады.

Ал, табиғи бояғыш түстерді алу үшін куркума (сары), шәй (қызғылт), жаңғақ (қоңырқай), пияз (ашық сары) қабықтары, райхан (күлгін сұр), шие ағашының тамыры (қызғылт түстердің реңдерін), ирис (күлгін), қызыл қырыққабат (көк түс, ал сірке судың арқасында қызыл түс алуға болады), сиырқарақат, пияз қабығынан, шәй жапырағы (сары түс), қандыағаш, сүттіген, тұт ағаштарының қабығынан, сарышүкірдің тамырынан, қарағай, тал мен қайың қабығынан, емен ағашының жаңғағы (қоңыр түс), адыраспан қауашығы (қызыл күрең), индиго (көкшіл және жасыл түстердің реңдерін) және т.б. өсімдіктерді қолданса болады. Табиғи маталар: жібек, мақта мата, зығыр, трикотаж, дәке (марля), этамин, жүн, вискоза жатады. Ал, бояудың заманауи жолдарына тоқталатын болсақ, алдымен экопринттің ыстық және суық түріне қысқаша тоқталық:

Суық экопринт (cold-bundling) - матаның бетіне композициялық тұрғыда орналастырылған гүлдер мен жапырақтарды (суға қыздырмай) құрғақ күйінде орау әдісі. Бұл ыңғайсыз әдіс және оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін әдетте бір аптадан 1-2 айға дейін уақыт қажет етеді. Көп уақыт алатын себебі, жапырақтардың шырынының ұзақ бөлінуіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет