Реферат жұмысын орындауға арналаған әдістемелік нұсқау 5В070100 Биотехнология Қостанай, 2020 Жоспар



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі52,5 Kb.
#90005
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат нұсқау

Реферат (лат.referre- баяндау, хабарлау) – бұқаралық баяндама, қандай да бір мәселенің негізін мазмұндау.
Реферат - бұл бір немесе бірнеше көздердің негізінде берілген тақырып бойынша студенттің орындайтын жазбаша жұмысы. Бұл шығармашылық сипатта болатын өз бетімен жұмыстың бір түрі.
Рефератты жазудағы ең басты мақсаты: зерттеу тақырыбы бойынша мәселенің негізгі мазмұнын ашу, жұмысты орындау барысында кейбір мәселелерді мәтін ішінде әртүрлі туындыгерлердің жазған көзқарастарын ашып көрсету және берілген мәселеген қатысты өзінің көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Жұмыста өзінің тікелей көзқарасын көрсету міндетті емес, өйткені зерттеу мәселесі тек бір ғана көздің ұстанымын қанағаттандырады. Бірақ бұл жағдайда тек атақты, белгілі ғалымның айтылымына ғана қатысты өзіңіздің негіздемеңізді дәлелдеуіңіз қажет.

  1. Жұмысты дұрыс орындау үшін, келесі шарттар іске асырылуы тиіс:

    • Мәселені қалыптастыру. Қалыптастыру ең бірінші жұмыстың мақсатын анықтаумен басталады. Рефератта сіз не туралы айтқыңыз келеді, соны ғана ұсынасыз. Сол үшін ұсынылған мақалада және монографияда, оқулықтың тиісті бөлімін оқуыңыз қажет. Бұл сізге ерекше қызықты да, тиімді болып табылатын мәселенің аспекттерін таңдауға көмектеседі.

    • Тапсырманы орындау үшін ең алдымен жұмыс жоспарын құрып алу керек. Егер тақырыппен жоспар бірге берілсе, бұл жұмысты орындаудың міндетті жоспары емес. Жоспарды мәселеге қатысты тікелей өзіңіз де құруыңызға болады. Жұмысты құрылған жоспар бойынша орындау барысында, міндетті түрде жұмыстың мақсаты іске асырылуы қажет.

    • Рефератты орындау үшін ұсынылған әдебиеттер тізімін оқып білу керек. Содан кейін, өзіңіздің ойыңызша олардың ішінен тапсырманы орындауға қажетті деген кітаптарды таңдап аласыз.

    • Әдебиеттер тізімімен танысқаннан кейін, сізге рефератты жазуға көмектесетін кітаптар тізімінің көшірмесін жазап аласыз.

Рефарат тақырыбын таңдау.

      1. Рефераттың құрылымы:

  • мұқабалық бет;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • қолданылған әдебиеттер тізімі.

2. Жұмыс көлемі – ең аз бет А4 стандартты форматтағы 10-12 беттік баспа мәтіні, барынша көп 15-20 бет.
Рефераттың мазмұнына қойылатын талаптар:
1. Кіріспеде тақырыптың актуальдық жағы, тарихнамалық шолу, зерттеудің міндеті мен мақсаты, тәжірибелік мәні көрсетілуі керек (кіріспенің көлемі 2-3 бет болуы керек).
2. Негізгі бөлім зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді талдаудан тұрады. Негізгі бөлімнің материалдары тарауларға бөлінуі керек. Әр тараудың атауы болады және ол негізгі бөлімнің тарауының мазмұнын ашуы керек (негізгі бөлімнің көлемі 4-5 бет болуы керек).
3. Қорытынды қысқа түрде зерттеудің нәтижесі мен нақты қорытындылардан тұруы керек (2-3 бет болуы керек) .
4. Әдебиеттер тізімі келесі критерийлер бойынша ресімделеді:

  • алфавиттік тәртіп бойынша;

  • тақырыптық-хронологиялық;

  • деректемелердің түрі бойынша.

Қосымшаға зерттеу кезінде қолданылған көмекші материалдар кіреді: құжаттардың көшірмесі, суреттер, схемалар, таблицалар, статистикалық есептер.
Рәсімдеу тәртібі:
1. Рефераттың тақырыбын қолмен жазуға және 1 интервал арқылы компьютерде жазуға болады.

  1. Қатаң түрде келесі қашықтықтар сақталуы керек: сол жағынан -30 мм, астынан - 20 мм, үстінен - 20мм, оң жағынан -15 мм.

  2. Жұмыс беттері нөмірленуі тиіс.

Қосымшалар






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет