Реферат «КӘсіпкерлік қызмет түрлері. ҚҰрылыстағы кәсіпкерлік қызмет.»


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру



бет3/4
Дата01.06.2023
өлшемі38,63 Kb.
#178103
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат экономика
Кубиева Аяжан ҚТӘ 402 Семинар 3, Ғылыми зерттеу, Виды психологической подготовки. Психолого-педагогический контроль, Дене жаттығу биомеханикасы, ТравмыКАЗ
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен - кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жүмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.


Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар қажет.

Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай қажет.


Олар: тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша - қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі; еңбекақы қорының артық-кемдігі; несие беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.

Екіншіден әлеуметтік жағдай қажет. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттігі бар сұранысы болуы керек.


Үшіншіден құқықтық жағдай. Ең бастысы кәсіпкерлік істерді реттейтін заңдар болуы шарт.


Оған мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Салық Кодексі, кәсіпкерлерді бюрокаттардан қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке негізделген құқықтық заңдар және басқа да заңдылықтар.
Кәсіпкерлік қызметің дамуы мен тиімділігіне оны қаржыландыру шамасы тікелей әсер етеді. Яғни қажетті көлемде қаржы ресурстары болуы тиіс. Қаржы – тауар-ақша қатынастарымен байланысты қалыптасатын категориялардың бірі. Ол экономикалық қатынастарда маңызды рөл атқарады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары – шаруашылық субъектілерінің игіліктеріндегі қаражаттар жиынтығы. Ол кәсіпорын табысын қалыптастыру, бөлу, пайдалану үрдісін көрсетеді және қаржылық міндеттерді орындауға және кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге арналған.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру ішкі және сыртқы қаражат көздері арқылы жүзеге асуы мүмкін. Яғни меншікті және қарыздық қаражаттар есебінен қаржыландырады. Кәсіптік қызметті қаржыландырудың ішкі көздеріне жарғылық капитал, қосыиша капитал, амортизациялық қор, бөлінбеген пайда өзге де көздер жатады. Ал сыртқы көздері банк несиелерінен, бюджет қаражаттарынан, бюджеттен тыс қаражаттарынан, бағалы қағаздар шығарудан түскен қаражаттардан және басқа көздерден қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет