Реферат орындаған : Сабитхан а тақырып : Мәліметтер қоры



бет1/2
Дата24.11.2023
өлшемі27,26 Kb.
#193372
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
РЕФЕРАТ367
Оқуға құштар жоспары (1), Оқуға құштар жоспары , Yellow & Black Modern Company Profile Presentation 2, СӨЖ1 Елеусіз М. Т., мінездеме 182 (копия), 003 лекция

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
РЕФЕРАТ
Орындаған :Сабитхан А
Тақырып:Мәліметтер қоры


Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………. .3


Мәліметтер қоры дегеніміз не ............................................5
Ақпараттың құрылымы.........................................................6
Қазіргі әлемдегі ақпарат маңызы........................................7
Қорытынды...........................................................................8

КІРІСПЕ

Ақпараттардаң құрылымы мен қасиеттерін біліп, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың негізі.


Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік-ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді. Бұл салаға мемлекеттік тұрғыдан да барынша көңіл бөлінуде. Осы орайда жоғары және орта кәсіптік мамандар үшін информатика және компьютерлік техника пәнінің ана тілімізде оқытылуы, қазақ тілінді компьютер программаларының жасалуы бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына айналды.
XXIғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтуімен сипатталады. Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі – информатика және компьютерлік техника.
Ақпараттың қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңды болмаған дәрежеге жетті. Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен тиімділігін анықтай бастайды. Академик А.А.Харкевичтың есебі бойынша ақпараттық ағынның жалпы мөлшері орташа есеппен өндірістік потенциалдың квадратына пропорционал түрде өсіп отырады. Басқаша айтқанда, еліміздегі өндірістік күштердің екі есе өсуі ақпараттық ағынның төрт есе өсуін қажет етеді. Барған сайын ұлттық дамудың барысы ақпараттық ресурстардың жағдайына тәуелділігі арта түседі. Соғыстан кейінгі дәуірде ең бірінші болып «ақпараттық революцияның» жемісін өз пайдасына қолдана білген халық –жапондықтар болды.
3
XXI ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.«Ақпараттық революцияның» негізінде басымыздан өткеріп отырған қазіргі кездегі микропроцессорлық техника мен оның технологиясының қарқынды өсуі жатады. Көшірме машиналардан бастап телекске дейін, электронды – есептеуіш машиналардан (ЭЕМ) бастап байланыс серіктеріне дейін әр түрлі техниканы өндіретін ақпаратты – индустрия қарқынды дамуда.
Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетеді. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Айта кету керек, еліміздегі мыңнан аса мектептерге интерактивті тақталар орнатылды. Міне, осының бәрі ақпараттық қоғамның жоғарылағанын, дамып келе жатқандығын, әлі де дами беретіндігін көрсетпей ме?!Ақпараттық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салды. Мысалы, өндірісте автоматтандырылған техниканы пайдалану адамның қатысуына бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкелді деуге болады. Мұндай технологияларды жасау ісі басталып та кеткен. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да өзгеріп келеді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да жанданып келеді. Олар келешекте бүгінгі дәстүрлі түрлердің орнын баспақ. Мамандықтар, кәсіпкер номенклатурасы мен еңбекті ұйымдастыру әдістері де толығынан өзгерістерге ұшырамақ.Американдықтар ең соңғы ғылыми – техникалық жетістіктерді біліп отыру үшін қазіргі таңда «шет елдерде барлық маңызды зерттеулер бойынша шығатын ақпараттарға иелік жасау керектігін» мойындап отырғандай. Ақпараттық тұрғыдағы надандық бұл күндері технологиялық банкроттыққа, ұлттық тоқыраушылыққа соқтырады, Елді шикізаттық колонияға және көнеленген технологияны үйіп тастайтын қоқыс алаңына айналдырады.
4
Жаңа технологияның маңыздылығы – оның көптүрлілігінде және барлық саланы қамту сипатында. «Ақпараттық экономика теория ғана емес, өндірісте немесе қызмет көрсету аясында экономикаға бет бұрмаған бір де бір сала жоқ», - дейді американдық экономист П. Хауке. 70-жылдар шамасында Батыс елдеріндегі ғылыми және техникалық прогрестің көшбасшылары «ақпараттық қоғам» туралы бір ауыздан айтқан еді. Бүгінде пайда болған сол қоғамның қазіргі талабы мен ұраны: «Неғұрлым көбірек және тезірек ақпарат алу» болып отыр.
1. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі
Мәліметтер қорының негізгі түсініктері және мәліметтер қорын басқару жүйесіне шолу Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталады. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқада ақпараттық - бағдарламалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәлеметтер ғана емес, ақпаратта сақталады деп айта аламыз.Мәліметтер қорын басқару жүйесі жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған бағдарламалық құралдар кешені. Дүние жүзінде мәліметтер қорын басқару жүйесінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Солардың ішіндегі Microsoft Office бағдарламасының құрамына енетін Microsoft Access 2000 мәліметтер қорын басқару жүйесін таңдадым.Мәліметтер базаларын басқарудың жүйесі бағдарламалық жүйе деп аталады, көптеген міндеттерді шешу үшін пайдаланылатын мәліметтердің жалпы базасын ЭЕМ-да құру үшін тағайындалады. Мұндай жүйе өзекті жағдайда мәліметтер базасын қолдау үшін қызмет етеді және пайдаланушыларға берілген өкілеттіктер шеңберінде ондағы мазмұндалған мәліметтерге тиімді қол жеткізуді қамтамассыз етеді.МҚБЖ бұл жүйеде барлық еңбек етушілердің мүддесіне мәліметтер базасын орталықтандырылған басқару үшін белгіленеді.
5

Әмбебаптық дәрежесі бойынша МҚБЖ екі класқа айырылады:


• жалпы тағайындау жүйесі;
• мамандандырылған жүйе;
Жалпы тағайындалған МҚБЖ әлдебір пәндік салаға немесе әлдебір пайдаланушылар тобының ақпараттық тұтынушылығына бейімделмейді. Мұндай түрдегі әрбір жүйе белгілі бір операциялық жүйеде ЭЕМ үлгісінің кейбір функциялауға қабілетті бағдарламалық өнім ретінде іске асырылады және коммерциялық ұйым ретінде көптеген пайдаланушыларға жеткізіледі. Мұндай МҚБЖ нақты мәліметтер базасының жұмысқа бейімделу құралдарына ие. Жалпы тағайындалған МҚБЖ мәліметтер базасының технологиясының негізделген автоматтандырылған ақпаратты жүйені құру үшін аспаптық құрал ретінде өңдеу мерзімін елеулі қысқартуға, еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұнымен МҚБЖ функционалдық мүмкіндіктерін дамыту және тіпті белгілі бір функционалдық артықшылыққа тән.
Мамандандырылған МҚБЖ жалпы тағайындалған МҚБЖ-на пайдалану мүмкін болмағанда немесе мақсатқа сай келмеген сирек жағдайда құрылады.
Жалпы тағайындалған МҚБЖ — ақпараттық жүйедегі мәліметтер базасын құру және пайдалануға байланысты функциялардың барлық жиынтығын орындау үшін белгіленген күрделі бағдарламалық кешен.
Бағдарламалық комплекс бағдарламалық қамтамассыз ету рыногы жалпы тағайындалған мәліметтер базасын басқарудың коммерциялық жүйесінде өзінің функционалдық мүмкіндіктері бойынша саналуан үлкен санын иеленеді, сондай-ақ барлық бұқаралық машиналар үлгілері үшін және түрлі операциялық жүйе үшін олардың құралдарымен іс жүзінде қоршалған. Қазіргі кезде пайдаланып жүрген МҚБЖ мәліметтердің тұтастығы мен қауіпсіздігінің сенімділігін қамтамасыз ету құралдарына ие, бұл өңдеушілерге төмен деңгейдегі бағдарламалауда аз күш жұмсап, мәліметтердің үлкен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Өңдеушілілерге бейімделген МҚБЖ қосымшалар жасау үшін дамыған құралдарды иеленеді. Өңдейтін аспаптар жинағының элементтеріне мыналарды жатқызуға болады:

6



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет