Реферат пән: «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» Мамандық: В067 «Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»


Тарау. Тәуелсіз Қазақстан пәнінің мазмұнының ерекшелігі



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі27,57 Kb.
#91013
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
срс1.тарих.ОАБ-2.1.Кобыланова

2.2. Тарау. Тәуелсіз Қазақстан пәнінің мазмұнының ерекшелігі.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнімәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық – методологиялық ұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылққа алынды. Қазақстанның қазіргі заман тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану,мәдениеттану, сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау,
жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті.
Мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстанның қазіргі заман тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. Міне, сондықтан да бұл пән барлық мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының оқу – әдістемелік жоспарларына енгізілген. Пәннің негізгі бағыттары оқытушыларға ұсынылып отырған осы типтік бағдарламада көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы ЖОО-ның тарих емес факультеттері үшін «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандықтарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру. Бұл бағдарламаны жасау барысында авторлар ең алдымен, ҚР алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа арналған Жолдаулары негізінде қалыптасқан стратегиялық міндеттерді, «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» және т.б. маңызды құжаттарды басшылыққа алып, тарих ғылымындағы жетістіктер мен жаңалықтарды, пәнді ЖОО-ында оқытудағы көпжылдық тәжірибені және студенттік дәрісхана сұраныстарын, оқыту әдістемесінің үрдістері мен ерекшеліктерін, заманауи тарихи ақпаратты білім алушылардың түсіну деңгейін ескерді. Типтік бағдарлама бөлімдерінің проблемалық материалдары студенттерге отандық тарихтың негізгі мәселелерін терең және тұтастай қабылдауға көмектесіп, фактілер, дәлелдерге, жазба, археологиялық деректерге және ғылыми талдауға негізделген және шынайы тарихты бұрмалаулардан сақтандыратын, аңыз шығармашылығынан ақиқатты ажыратуға, ұлттық басымдылықтарға мән беруге үйрететін уақыт талабы мен шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сананы және дүниетанымдық принциптерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерін ескерген бұл типтік бағдарламаның мазмұны бөлімдер мен тақырыптардан, тарих ғылымындағы Қазақстанның қазіргі заман тарихын проблемалық тұрғыдан қарастыруға негізделген бөліктерден тұрады. Бұл типтік бағдарламаны құрастыру барысында авторлар, «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін әртүрлі кешенді міндеттермен байланыстыра қарастырды. [2]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет