Реферат пән:Қазіргі Қазақстан тарихы Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес


ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы



бет2/12
Дата08.02.2022
өлшемі45,25 Kb.
#120186
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ТАРИХ 1

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.


Қазақстан тәуелсіздігі – мемлекет пен ұлт, қазақ халқының даңқты жылнама тарихында ерекше бет.
Тәуелсіздік үшін күрес тарихы өткен өмірдің батырлық, сондай-ақ трагедиялық: жаппай саяси жазалауға, аштыққа және коллективтендіруге байланысты беттерін де өзіне қамтиды. Кеңес үкіметі қазақ зиялыларының бетке ұстарларын жазалауға ұйғарды: бұл Алаш орда қайраткерлерінің жарқын саңлақтарының тобы – Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов; көрнекті мемлекеттік қайраткерлер — Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Жалау Мыңбаев, Тоқаш Бокин, Абдрахман Айтиев, Ораз Жандосов, Абдолла Розыбакиев және т.б. Түркістан ұлттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқай эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Олардың бәрі түрлі әлеуметтік топтардан шыққан, революция дауылы дәуірінде қоғамдық-саяси таңдаудың түрлі нұсқаларының өкілдері болды, бірақ олардың бәрі туған елінің түбегейлі мүддесіне қызмет етуді өздерінің міндеті санады.
Тек тәуелсіздікке жеткеннен кейін ғана тарихтың «ақ таңбасын», алаш қозғалысы көшбасшыларының және ұлттық қайраткерлердің тағдырларын зерделеу мүмкін болды. Жақын арада Әлихан Бөкейхановтың, Тұрар Рысқұловтың, Назира Тореқұлованың, Сұлтанбек Қожановтың, Нығмет Нұрмақовтың зираттары табылды, оларға естелік қабір үсті плиталары орнатылды, Смағұл Садуақасовтың мәйіті отанына қайтарылды.
Олардың бәрінің өмірі күрес, халыққа шынайы қызмет ету және өзін-өзі құрбан ету болды.
Кеңес үкіметінің жеңісі қалыптасқан жағдайларда оны қабылдауға мәжбүрлі және мемлекеттік аппаратта жұмыс істеу туралы ұсыныстарын қабылдаған «Алаш орданың» бұрынғы қайраткерлері кеңестік үкіметке ұлттық мағына беруге, түпкілікті халықтың мүддесіне жуықтатуға, халықты прогреске қатыстыруға ұмтылды. Ұлттық қайраткерлер социалистік түрлендірулердің ауқымдары мен қарқындарының арту шамасына қарай шыққан коллизиялар мен проблемаларды анағұрлым айқын және сезімталдықпен қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет