Реферат пәні: Қазақстанның қазіргі Тақырыбы : Теміртау оқиғасы Орындаған: Каркешева А. Тексерген : Нугман Б. Г



бет4/5
Дата25.03.2022
өлшемі217,66 Kb.
#136717
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат п ні аза станны азіргі Та ырыбы Теміртау о и асы О

Қатысушылардың тағдыры


1-2 тамыз күндері, жаппай тәртіпсіздік орын алуына байланысты, 2 адам ұсталып, қамауға алынды. Жалпы саны 1500 жуық жұмысшылар 2-тамыз күні түнгі сағат үштер кезінде оларды босатып алуға тырысып, ішкі істер органына келгенімен құқық қорғау органының қызметкерлері аспанға бес мәрте оқ атып нәтижесінде талаптарының орындалмасын білген жұмысшылар көшеге кетіп, дүңбіршектерді тонауға көшті.


Сол күнi кешкi тоғыз шамасында жұмысшылар жергiлiктi iшкi iстер бөлiмiне шабуыл жасайды. Темiртау қалалық партия комитетiнiң хатшысы А.Г.Коркин бұл туралы облыстық партия комитетiн хабардар етедi. Қарағанды облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Исаев обком хатшылары мен Қауiпсiздiк басқармасының бастығы Шмойловты қатыстыра отырып, тығырықтан шығудың жолын қарастырады. Қабылданған шешiм бойынша тәртiп орнатуға iшкi iстер күштерiн көтерiп, КарЛАГ-тың қарулы әскери жеке құрамын Темiртауға жiберуге ұйғарым жасалады.


Сол күнi түнгi сағат 3-те Темiртаудан Қарағанды облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы, генерал Любых тәртiп бұзушыларға қарсы қару қолдануға рұқсат сұрап, Қарағандыға телефон соғады. Өз сұрауына байланысты ол қалыптасқан жағдай өз шеңберiнен шығып кеткен жағдайда қару қолдануға Исаевтың келiсiмiн алады.


2-3-тамыз күндерi орын алған тәртiпсiздiктi басуға КарЛАГ-тың конвой күзетiнен генерал Запевалин басқарған 500 сарбаз, КСРО IIМ iшкi әскерлерiнен 1400 сарбаз бен офицерлер қатысты. Сол күндерi 15 адам өлiп, одан басқа 28 адам ауыр жараланды, 140 адам бұзақылық жасағаны үшiн қамауға алынды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет