Реферат Пәні: Далалық оқу практикасы Тақырыбы: Жергілікті гүлді өсімдіктердің жел арқылы тозандануға



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі47,63 Kb.
#122049
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Реферат Ботаника


Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Реферат
Пәні:»Далалық оқу практикасы»
Тақырыбы: Жергілікті гүлді өсімдіктердің жел арқылы тозандануға
бейімделушілік ерекшеліктері
Орындаған:Кәрібаева Гүлсезім
Тексерген:Байкенжеева А.Т
Оқу тобы:Б-19-1п/я

Кіріспе
Ботаника өсімдіктер дүниесін зерттейтін биологияның бір саласы болғандықтан, оның мақсаты жер жүзінде өсетін өсімдіктерді жан – жақты зерттеу, құрылысы мен тіршілік үрдісіндегі заңдылықтарын ашу, өз ара байланысы мен қарым – қатынасын танып білу болып табылады. Тірі табиғатты өсімдіктер дүниесі деп ертеден қалыптасқан.
Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүл бірнеше бөлімнен тұрады. Гүл өсімдікшалары гүл шығатын буыннан өсіп, гүлге қорғаныш болып тұрады. Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте өсімдікшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады. Гүлге түс беретін – күлте өсімдікшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Гүлдің негізгі мүшелері: аналық (өсімдіктер гүліндегі жыныстық көбеюге қатысатын бөлігі, ол аналық аузынан, мойнынан және түйінінен тұрады) және аталық [өсімдіктер гүлінің аталық жыныс клеткалары (тозаңдар) өсіп жетілетін бөлігі, ол тозаңқаптан, аталық жіпшеден тұрады]. Егер гүлде аталық та, аналық та болса – қос жынысты гүл, ал олардың тек біреуі ғана болса – дара жынысты гүл деп аталады. Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады. Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.
Өсімдіктер топырақта түзде де ерекше маңызды: топырақты қара шірікпен байытады (өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен ұсақ ағзалардың әсерінен қара шірікке айналады). Топырақтың құрамы жақсы болуы өсімдіктердің жемістердің молайуына әкеп соғады.
Демек, өсімдік  адам үшін азықтың қайнар көзі.
Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер  дәнді (бидай, жүгері, күріш, тары, қарақұмық), майлы (күнбағыс, зығыр, жер жаңғағы ), талшақты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ, қызанақ, баклажан, қарбыз, қауын, дақылдар мен жеміс-жидектері (алма, шие, таңқурай, қарақат, грек жаңғағы т. Б. ) болып табылады.
Қазақстанда 6000-ға жуық дәрілік өсімдіктер өседі екен. Дәрілік өсімдіктер әр түрлі аймақта таралған. Бұл дәрілік өсімдіктер қорғауды талап етеді. Қазақстанда өсімдіктерді және жануарларды қорғауға алған 9 қорық 62 қорықша бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет