Реферат пәні: «Өмір қауіпсіздігі негіздері» тақырыбы:«Еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу»


Еңбек қатынастарын реттеу мәселелері және еңбек құқығы



бет4/5
Дата06.12.2023
өлшемі225,23 Kb.
#195308
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат ГКМ 4docx
1 апта, СӨЖ 2.
Еңбек қатынастарын реттеу мәселелері және еңбек құқығы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Қазақстандағы қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заңнамалық акт болып табылады. Онда еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын белгілеу және өзгерту тәртібін, кепілдіктер мен өтемақыларды, көтермелеу мен айыппұлдарды, сондай-ақ еңбек құқығының басқа да мәселелерін анықтайтын нормалар қамтылған. Еңбек кодексі еңбек қатынастарын реттеу, жанжалдарды болдырмау, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажет. Бұл еңбек процесінің барлық қатысушылары, соның ішінде жұмысшылар, жұмыс берушілер, кәсіподақтар, мемлекеттік органдар және басқа да мүдделі тараптар үшін маңызды.


Жұмысшылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін әділ еңбек жағдайларын орнату және қолдау. Қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынасты реттеу, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер арасындағы диалог үшін негізді қамтамасыз ету керек. Еңбек саласындағы адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, еңбек қатынастарында теңдікті және кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз ету. Экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуға ықпал ететін өнімді және үйлесімді еңбек қатынастарына жәрдемдесу.Жыл басынан бері 225 мың адам бағ­дар­ламаға қатысты жергілікті жұмыспен қамту орталықтары арқылы 184 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 99 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сурет 3. Жұмысқа тұру
Ал 6 мыңнан астам адамға бизнесін дамы­туға шағын несиелер мен гранттар берілді. Электронды еңбек биржасы арқылы
97 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішін­де 46 мыңы тұрақты жұмысқа орналас­ты. Ағымдағы жылы бағдарламаның бар­лық құралдары арқылы 600 мың адамды жұ­мыс­пен қамту шараларына тарту жоспарлануда. 13 мыңнан астам жобаға жеңілдетілген шағын несие беру көзделген.
Жұмыссыз азаматтарға, бірінші кезекте жастарға еңбек нарығында өз орнын та­бу­ға қолдау ретінде бағдарламада кәсіптік оқытудың бірқатар түрлері қарастырылған. Жыл аяғына дейін жаңа кәсіптерді, дағды­лар­ды игеремін деген 100 мыңнан астам жұмыс­сыз азаматтарға осындай мүмкіндік беріледі.
Жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік қорғау шараларының бірі – мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары. Әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар бір жылға дейін жұмыспен қамтуға, жас түлектерге алғашқы кәсіби тәжірибе алуға мүмкіндік береді.Жұмыс беруші мен жұмыс істеуші арасындағы қатынастар біз үшін маңызды.Арнайы заңнамалық актілермен бекітілген түрде болуы тиіс.Арнайы келісімшарттар жасалып қарастырылу маңызды.Ал бұл қазіргі замандағы басты талаптың бірі.Көптеген мәселер туындайтыны да сол заңды түрде келісім жасамай соңында .лкен дау дамайға ұшырауы.Қарым-қатынастың бұзылуы. Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады. Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қолданыстағы заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті
ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының қатысушылары танылады. Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші, яғни, кез келген меншік нысанындағы жеке жəне заңды
тұлғалар), еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік органдар қатысады. Алайда, бұл бір қарағандай оңай мəселе емес. Еңбек құқығының
субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сəйкес арнайы қасиетке – құқықтық мəртебеге ие болуы тиіс. Бұл мəртебе оларға қоғамдық еңбекпен байланысты нақты құқықтық қатынастарға қатысу құқығын береді. Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі ретінде қолданыстағы заңнамаға сəйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады. Құқықтық мəртебенің мазмұны келесі негізгі элементтерден тұрады: а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық деликтқабілеттігі):
ə) негізгі (статуттық) еңбек құқықтар жəне міндеттер;
б) осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы жəне арнайы кепілдіктері;
в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік.
Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек құқығының əрбір субъектісінің құқықтық мəртебесін құрайды. Енді еңбек құқық қабілеттігінен, еңбек əрекетқабілеттігінен жəне еңбек деликтқабілеттігінен тұратын еңбек құқықсубъектілігін тереңірек қарастырып өтейік.Еңбекке құқық қабілеттік – бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни, еңбек құқығы қатынастарының қатысушысы болудың теориялық мүмкіндігі немесе қабілеті. Бұл дегеніміз, белгілі бір жағдайлар
болған жағдайда – азаматтар үшін белгілі бір жасқа жету, заңды тұлғалар үшін шаруашылық немесе мүліктік жəне оралымды басқару оқшаулығына жету – олар еңбек құқығы қатынастарының субъектісі болуға жəне құқықтар мен міндеттерді иеленуге қабілетті болады. Яғни, кез келген жеке немесе заңды тұлға жұмыс істеуге жəне жұмыс беруге қабілетті. Еңбекке əрекет қабілеттік – бұл нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз əрекеттері арқылы иелену қабілеті. Басқаша айтар болсақ, еңбекке əрекет қабілеттік азаматтың, ұйымның, еңбек ұжымының өз əрекеттері арқылы еңбек саласындағы субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Мысалы, азамат жұмыс іздеп, халықты жұмыспен қамту органдарымен құқықтық қатынастарға түссе, ол өзінің жұмыс істеуге қатысты əрекеттері арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Жұмыс беруші – жеке немесе заңды тұлға, өзіне қызметкерлерді таңдау жəне жұмыс істеуші тұлғаларға жұмыс беруі арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді.Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі – оларда еңбекке құқық қабілеттік пен əрекет қабілеттік бір мезгілде болуы тиіс. Есте сақтайтын бір жайт: еңбекке құқықəрекет қабілеттік дегеніміз бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін ерекше қасиет. Субъективтік құқықтар мен міндеттер заңнан туындауы мүмкін. Оларды нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден ажырата білу қажет. Заңдардан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді статуттық деп атайды. Олар еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мəртебесінің негізін құрайды жəне еңбек саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі. Еңбек құқығы субъектісінің негізгі статуттық құқықтары мен міндеттерінің тізімі əр түрлі сипатқа ие жəне олар өздерінің əлеуметтік мақсатымен, еңбек саласында атқаратын функциялардың сипатымен ерекшеленеді. ҚР Конституциясына сəйкес азаматтың еңбек құқығының субъектісі ретіндегі құқықтық мəртебесі барлық азаматтар үшін тең. Алайда, оны қызметкердің құқықтық мəртебесінен ажырата білген жөн (бұны азамат еңбек шартын бекітіп, қызмет берушімен еңбек құқығы қатынастарына түскен кезде иеленеді). Бұл кезде қызметкердің құқықтық мəртебесі еңбек заңдарымен анықталады. Азамат жұыс іздеп, жұмысқа орналастыру бойынша органдармен құқықтық қатынастарға түскен кезде еңбек құқығының субъектісіне айналады. Ал қызметкердің құқықтық мəртебесі, ол жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан кезде туындайды. Сонымен, азаматтың құқықтық мəртебесі ол жұмысқа орналасқан кезде қызметкердің құқықтық мəртебесіне айналады.
Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп жəне ең кең таралған тобы. Азаматтар еңбек құқықғының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді.Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік-техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс істейтін зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. Осыған сəйкес азаматтар мəртебесінің көптеген түрлерін де бөлуге болады.
Алайда, барлық азаматтарға еңбек құқық қабілеттігінің жалпы талаптары да таралады, олар: жасына қатысты қойылатын талап, ерікті жəне əлеуметтік талаптар. Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Əрине, бұл қабілеттер жекелеген адамның дене жəне ақыл-ой ерекшеліктеріне байланысты болады. Мұндай қабілеттер адамға туа бітпейді. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, адамның еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті ерте, шамамен төрт жасына таман пайда болады. Адам өскен сайын еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік те өседі. Алайда, заңнама азаматтарда жай еңбекке қатысты емес, құқықтық санат ретіндегі еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік пайда болған сəттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде таниды. Азаматтар құқық нормаларымен жүйелі түрде реттелетін еңбекке қабілетті болған кезде ғана оларда жоғарыда аталған қасиет бар деп танылады. Еңбек заңнамасына сəйкес 16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелегенжағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі (ҚР «ҚР Еңбек туралы» заңының 11-бабы). Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем болмауы тиіс. Жасына қатысты қойылатын талаптың құқықтық табиғатын заңнама осы жасқа жеткенде ғана тұлғаның еңбектегі кəмелет жасына толуымен байланыстырады. Еңбекті қорғау, жұмыс уақыты жəне т.б. салаларда белгілі бір жеңілдіктер мен артықшылықтарды иеленетініне қарамастан, еңбек құқығы қатынастарында олар азаматтық кəмелет жасына теңестіріледі. Сонымен қатар, соттың шешімімен əрекет қабілеттігі шектелген тұлғалар мемлекеттік қызметке алынбайды. Бұл ережені мына жағдаймен түсіндіруге болады: жүйке ауруының, ақыл-ой қабілетінің нашарлауы салдарынан азамат өзінің еңбектегі міндеттерін саналы түрде орындай алмайды, қызметтік, кəсіпкерлік жəне еңбек қызметін бақылай алмайды.Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес əрбір азаматтың еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Жұмысқа алу кезінде жынысына, нəсіліне, ұлтына жəне дінге көзқарасына байланысты құқықтарды тікелей не жанама шектеуге немесе қандай да бір артықшылықтарды белгілеуге жол берілмейді. Тек заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана еңбек құқықсубъектілігін шектеуге жол беріледі. Азамат қылмыс істеген жағдайда соттың шешімінің негізінде белгіленген мерзімге дейін белгілі бір лауазымдарды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін. Еңбек құқықсубъектілігінен айыру тек ішінара жəне тек уақытша болады. Азаматтарды еңбек құқықсубъектілігінен толық жəне тұрақты түрде айыруға жол берілмейді.
Алайда, соған қарамастан еңбек заңнамасы азаматтардың жекелген санаттары үшін денсаулық жағдайына, өндірістік қызметтің түріне, еңбекті қорғауға жəне т.б. мəселелерге қатысты белгілі бір кепілдіктерді де көздейді.
Заңнамада жүкті əйелдер жəне бір жарым жасқа дейін балалары бар əйелдер үшін еңбек жағдайына қатысты жеңілдіктер белгіленген («Еңбек туралы» заңның 66, 67-баптары). Сонымен қатар, кəсіпкер-азаматтар (жұмыс берушілер) да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкін. Кəсіпкерлік – бұл азаматтардың жəне олардың бірлестіктерінің халыққа тауар беру, қызмет көрсету, жұмыс істеу, соның ішінде жеке меншікке негізделген жалданбалы еңбекті пайдаланудан табыс табу мақсаттарындағы қолданыстағы заңдардың шеңберіндегі дербес шаруашылық жəне өзге де қызметі. Кəсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы Қазақстан Республикасының əрекет қабілеттігі шектелмеген еңбекке қабілетті барлық азаматтарына беріледі. Шетелдік тұлғалар да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкін. Нарықтық экономиканың дамуымен əр түрлі бірлескен кəсіпорындар пайда болды. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағына елшілікпен жəне консулдықтармен байланысты емес қызметтерге де шетелдік азаматтардың келу жиілігіне əсер етті. Шетелдік азаматтарға жалақы төлеу, жұмыс уақыты жəне демалыс уақытын белгілеу жəне т.б. мəселелері жеке еңбек шарттарында көзделуі тиіс. Жұмысшылар мен жұмыс берушілердің – азаматтардың статуттық құқықтары мен міндеттері ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 7, 8-баптарында аталған. Осы баптарға сəйкес қызметкерлер де, жұмыс берушілер де жеке еңбек шарттарын бекітуге, өзгертуге жəне бұзуға құқылыЕңбек құқығының субъектілері ретіндегі жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар жəне мемлекеттік кəсіпорындар деп бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет