Реферат пәні: Туризмология негіздері Тақырыбы: Мәдени-танымдық туризм және оның даму жағдайы



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі48,54 Kb.
#96012
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат Бимырза Динара ХІТ20-04

Қазақстан мен шетел мемлекеттерінің мәдени туризмді ұйымдастыру жолдарын салыстырмалы бағалау

Ұлыбритания мемлекеті мен Қазақстан Республикасының мәдени туризмнің ұйымдастыру жолын салыстырамыз.


Ұлыбритания ежелден келе жатқан мемлекет болып саналады. Біздің заманымызға дейінгі мыңдаған тарихи және мәдени обьектілері бар және олар жақсы сақталған. Әдебиеті, әндері, театрлық қойылым өнері де шетте қалмаған. Мәленметі де өте жақсы дамыған елдердің қатарына кіреді.
(3-кесте)







Салыстыру нысандары

Қазақстан Республикасы

Ұлыбритания




Мәдени туризмді реттейтін арнайы орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігі, Туризм индустриясының комитеті

Мәдениет, БАҚ және спорт министрлігі




Қаржыландыру көздері

Мемлекет бюджетінен

Уэльс туризмі бойынша кеңес (Wales Tourist Board), Шотландық туристік кеңес (Visit Scotland) Англиялық туристік кеңес (English Tourist Board) Британияның туристік басқармасы (VisitBritain)




ЮНЕСКО мәдени мұра обьектілер саны

3 обьекті бар

22 обьектісі бар



Кестеге сәйкес екі елде де мәдениетті реттейтін орган мәдениет және спорт министрлігінде орналасқан. Ал ЮНЕСКО мәдени мұра обьектілер саны Қазақстанда 3, ал Ұлыбритания да Қазақстанға қарағанда 7 есе көп, яғни 22. Бұл Ұлыбританияның тарихының бір белгісі болып табылады. Обьектінің пайда болған уақыты шамамен біздің заманымызға дейінгі ІІІ-ІV мың жыл.


Ал Қазақстандағы ежелгі ЮНЕСКО обьектісі болып, біздің заманымызға дейінгі ІІ жыл бұрын пайда болған.
Қазақстан Республикасы мен Францияның мәдени туризмді ұйымдастырудың салыстырмалы көрсеткіші (4-кесте)

Салыстыру

Қазақстан Республикасы

Франция

Мәдени туризм бағытындағы жобалар мен бағдарламалар

«Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасы

Гүлденген қалалар мен ауылдардың ұлттық жобасы

ЮНЕСКО қорғауындағы мәдени мұра обьектілер саны

3 обьектісі бар

38 обьектісі бар

Мемлекеттің астанасындағы орналасқан театр мұражай саны

7 мұражай, 15 театр обьектілері бар

134 мұражай, 48 театр обьектілері бар.

Қазақстан Республикасы мен Францияның мәдени туризмді ұйымдастыру жолдарына тоқталатын болсақ, екі мемлекеттеде мәдени туризмге қатысты жобалар қарастырылған. Францияда «Гүлденген қалалар мен ауылдардың ұлттық жобасы". Бұл жоба 12000 қала кауымдастығын қосады. Қызметтің негізгі бағыты болып өмір деңгейін жақсарту саналады. Соның ішінде, ландшафтық дизайн, мәдени мұра обьектілерін құру жатады. Қазақстан Республикасыныңмәдени туризм бағытында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты-тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, оларды сақтау, сол ескерткіштердің тарихын зерттеу болып табылады.


Париж қаласында 134 мұражай, 48 театр нысандары тіркелген. Астана қаласында 7 мұражай және 15 театр обьектілері бар. Бұл екі қаланың мәдени обьектілерін салыстырғанда Астанада мәдени обьектілер өте аз деп шешім қабылдауға болады. Францияның мәдени туризмі туралы айта кетсек, күніне Париж қаласының өзінде 300 ге жуық мәдени іс-шаралар өтеді. Ең маңыздыларының қатарында ән мерекесі, Мәдени мұра күндері, Мұражайлар түнін айтуға болады. Бұл Париждің, Францияның мәдениеті жақсы дамығандығын көрсетеді.
Келесі қарастыратын мемлекет Дания. Данияда мәдени және әлеуметтік туризмнің көрінісі арнайы әлеуметтік қорлар, музыка фестивальдары, түрлі мұражайлар, ежелден сақталған қорғандар, басқа да тарихи және мәдени ескерткіштер бола алады. Данияның әлеуметтік туризмнің ұйымдастырылуы Labour Market Holiday fund (Еңбек нарығының демалыс қоры) арқылы жүзеге асады. Қорда жеке туристік обьектілер жоқ. Бірақ, қоғамдық мұражай мен қаланың көрікті жерлері сияқты жерлерге , көптеген іс-шаралар мен мекемелерге қаржыландыру жүреді.
Дания мемлекетінің мәдениетінің ұйымдастыруында мәдени туризмніңбарлық түрін қамтыған. Мәдени нысандары ежелгі викинг кезінен тарихи және мәдени ескерткіштер сақталған. ЮНЕСКО мәдени мұрасының 5 обьектісі бар. Сонымен, мәдени туризмнің мысалы ретінде Роскиль (Roskilde) фестивалін алдық. Бұл фестивальдың өтіп жатқанына 46 жыл. Сондықтан да ұйымдастырылуы бойынша ауқымды мереке.
Қазақстан Республикасы мен Дания корольдігінің мәдени туризмдерін салыстырғанда ЮНЕСКО қорынның мәдени мұра обьектілер санында қатты өзгешеліктер жоқ, яғни Қазақстанда 3 обьекті және Данияда 5 обьектілері бар. Ал, фестиваліне тоқталып кетсек, Роскиль фестивалі секілді ауқымды музыкалық фестивальдардың өту дәрежесіне Қазақстан енді дамып келеді. Фестивальдарды ұйымдастыру кезінде Данияның музыкалық фестивалінен мысал алып, қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет