Реферат СӨЖ №13 «Журналист карьерасы мен журналист жұмысының психологиясы»



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі32,21 Kb.
#97883
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Журналист
Журналист
Ым-символ. “ОК” немесе саусақпен “О”-ны көрсету Америкада “Бәрi жақсы” дегендi бiлдiредi. Ал Жапонияда бұл ақшаның белгiсi. Басбармақты тiстелеу – ақшаның тауысылғандығын айғақтайды. Екi саусақты шекеге тiреу – өзiн-өзi өлтiрудiң әрекетi. Бiр ым-символдың әр елде әртүрлi мағыналары бар. Жоғары көтерiлген басбармақ – бiзде “бәрi тамаша”, Грецияда “үнiңдi өшiр”, Америкада көлiк тоқтату белгiсi. Жалпы АҚШ-та ым-символдардың 100-ге тарта, Израильда – 250-ге жуық түрi бар екен. Сонымен қатар Араб әлемiнде де ым тiлi жақсы дамыған.

  • Ым-бейне (айтылған жайға түсiнiктеме беру). Бұл адамның көңiл-күйiне байланысты қол сiлтеп сөйлеу, әңгiме үстiнде ебедейсiз қимылдап кету сияқты әрекеттермен көрiнiс табады.

  • Ым-реттеу. Бұл көбiне әңгiменiң басы мен аяғында рөл ойнайды. Бiз кездескенде де, қоштасқанда да қол қысамыз. Немiс философы И.Кант қолды “мидың көзге көрiнiп тұрған бөлшегiне” теңейдi. Қол қысу – сәлемдесудiң немесе қоштасудың ғана белгiсi емес, сенiм бiлдiрудiң, құрмет көрсетудiң айғағы. Құрғақ алақан – енжарлықтың, ылғал алақан – мазасыздықтың белгiсi. Қолды сiлкiлеп, ұзақ қысып тұру да асқан құрметтi байқатады. Мұнымен қатар, төмен иiлген қол – биiктiктi, екi қолмен қаусыра қысу (“қолғапты амандасу”) – иiлгендiктi айғақтайды. Алғашқы кездесуде амандасудың мұндай түрлерiнен қашқан жөн. Сонымен қатар, қол алып тұрып, бас шұлғи беру – асығыстықты, басты жай изеу – тыңдауға құлықтылықты, саусақ шошайту – әңгiменi үзгiсi, басқа тақырыпқа ауысқысы келгендiгiн, бiлдiредi.

  • Ым-сезiм. Адамның көңiл-күйiне байланысты туатын ерiксiз қылықтар. Сырт қараған адамға ол оғаш көрiнiп те жатады.

    Американдықтар ымдасудағы ең жақын арақашықтық деп 15 см мен 1 м 20см аралығын, ең алыс арақашықтық деп 1 м 20 см мен 3 м аралығын атайды. Бұл әрiптесiңнiң жынысына, қызметiне, шыққан тегiне байланысты да құбылып тұрады.
    Орыстар мен жапондар американдықтарға қарағанда жақын тұрып ымдасқанды тәуiр көредi. А.Пиз американ мен жапонның келiссөз үзiлiсi кезiнде екеуара сөйлесе тұрып, залды бiр айналып шыққанын айтады. Оның пайымдауынша, әр ұлттың ымдасу арақашықтығы төмендегiдей екен:
    жақын – араб, жапон, француз, грек, испан, негр, итальян, Оңтүстiк Америка тұрғындары;
    орташа – ағылшын, швед, швейцария тұрғындары, немiс, австриялық;
    алыс – Солтүстiк Американың ақ нәсiлдiлерi, Австралия тұрғындары, жаңазеландиялық.
    Журналист түрлі адаммен, түрлі ұлт өкілімен сұхбаттасуы мүмкін. Сондықтан сұхбаттасу барысында арақашықтықты да, түрлі елдердегі ым мағынасын да ескергені жөн.
    Кездесе тұрып жымиюдың да өзiндiк салмағы бар. Бiреу достық ретінте, ендi бiреу келеке етiп жымияды. Шын пейiлмен жымиюда үстiңгi тiс көрiнедi деп есептейдi зерттеушiлер. Астыңғы-үстiңгi тiстердiң тұтастай көрiнуi – нағыз достықтың белгiсi.
    Адамның көзқарасы да көп нәрсенi аңғартады. Мейiрiмдi, өткiр, ашулы, қуанышты көзқарастар бар. Әрiптесiңнен бұрын көз алып кету – жасқаншақтықты, бiр нүктеге қадалып қалу – тыңдауға құлықсыздықты, көз ала беру – жақтырмағандықты, асығыстықты бiлдiредi. Алғаш кездескенде немесе қоштасар сәтте көз айырмай қарап қалу – құрметтi сездiредi екен.
    Ақпарат көзі – адам, ұжым және деректер. Деректерді жинау кезінде журналист ақпараттарды түрлі көздерден алады. Ақпарат алу үшін адамдармен қарым – қатынас орнатады. Көп жағдайда ақпарат алу көзі ол – адам. Сондықтан олармен тіл табыса білу маңызды. Өзіңе керек дерек алу үшін дұрыс сұхбат құра білу қажет. Кейіпкерің айтары бар адам болу керек. Сұхбаттасу барысында жоғарыда айтылған дүниелерді ескерген жөн. Журналист мамандығы тікелей адамдармен қарым – қатынаста болғандықтан адам психологиясын жетік білгені дұрыс. Сондықтан журналистика мен психология егіз ұғым іспетті қатар жүруі тиіс. Өйткені психологияның журналистикада атқарар рөлі ерекше.

    Әдебиеттер тізімі:


    1. Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.
    2. Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.
    3. “Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.
    4. https://szh.kz/student/598/zhurnalist-psikhologiyasy-zhane-diploma/

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет