Реферат Тақырыбы : Қазақстан ның экономикалық өсуі нің келешегі



Дата07.02.2022
өлшемі28,91 Kb.
#90068
түріРеферат
Байланысты:
Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі
МодульЭС.27.06.10.каз-doc, МодульЭС.27.06.10.каз-doc

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті


Реферат

Тақырыбы: Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі



Орындаған: Нұрханова И.
Тексерген: Ақпанбет Н.




Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі


Мазмұны

  1. Тарихы.

  2. Экономикалық потенциалы.

  3. Экономикалық ынталандыру қоры.

  4. Қорытынды. Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі

Алғашқы қауымдық қоғамында экономикалық дамудың деңгейі төмен болып тауарды тұтыну өмір сүру үшін қамтамасыз еткен. Басында ежелгі адамдар өмір сүру үшін аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан, бірақ неолитикалық төңкерісінің нәтижесінде егіншілік және мал шаруашылығы пайда болды. Қоғамның дамуы әлеуметтік теңсіздікке және еңбектің бөлінуіне әкеліп, әлеуметтік бөлінген топтар және мемлекеттер пайда болды. Құлиеленушілік пайда болды. Табиғи алмасу түрінде (бартер) бірте-бірте тауар айналымы дамытылды, бірақ ақшаның пайда болуымен ол сауда-саттыққа өзгертілді. Соған қарамастан Ежелгі әлем және Орта ғасыр қоғамдастығында натуралды шаруашылық басымды болды. Көптеген ежелгі мемлекеттерде сарайішілік экономика болып, натуралды шаруашылық пен жоспарланған шаруашылықтың ұштасуының негізінде жүргізілген. XV ғасыр аяғында Ұлы жағырапиялық ашылулар дәуірі басталып, әлем экономиасы құрылды, бастапқы жинау дәуірі басталды. XVIII ғасырдың аяғында өнеркәсіптік төңкеріс басталып, көптеген дамыған елдерде XIX ғасырдың аяғында халықтың көпшілігі ауыл шаруашылығында емес, өнеркәсіпте болды. Басыңқы экономикалық жүйе ретінде капитализм болды, дәстүрлі қоғамның заманауи қоғамға айналу үрдісі басталды, аграрлық қоғам индустриялық қоғамға өзгере бастады. XX ғасырда бірқатар елдерде әкімшілік- басқару социалистік экономикасы қалыптасты. Басқа елдерде капитализмнің өсуі байқалды. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық төңкеріліс болды. Соның нәтижесінде жақсы дамыған елдерде индустриялық қоғам постиндустриялық қоғамға айналды. Бірқатар елдерде, соның ішінде Ресейде, объективті және субъективті себептердің әсерінен постиндустриялық қоғамға айналуы тоқтатылып тұр.
Экономикалық потенциал - нақты тарихи кезеңде біртұтас халық шаруашлығы комплексінің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынуды жүзеге асыру және жеке адамның жан жақты дамуы мен жақсы тұрмыс құруына жағдай жасау мүмкіндіктерін сипаттайтын әлеуметтік экономикалық категория.
Экономикалық потенциал экономиканың ұдай өндіріс мүмкіндіктерін белгілейді, оның көлемі ұлттық байлықтың мөлшеріне, табиғи, материалдық, еңбек, өндірістік ресурстардың саны мен сапасына және оларды қаншалықты ұтымды, тиімді пайдалана білу дәрежесіне байланысты болады. Еліміздегі зерттелген пайдалы қазбалардың мол қорлары экономикалық потенциал құрылымының бастапқы элементіне жатады. Ал, жетекші элементіне еңбек ресурстары, олардың мамндандыру деңгейі және өндірістік мәдениет дәрежесі кіреді. Экономикалық ынталандыру қоры - коллективті және олардың мүшелерін аса маңызды өндірістік және финанстық тапсырмаларды орындағаны үшін материалдық ынталандыруға арналған ақшалай қаржылар. Кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктерде пайда есебінен материалдық көтермелеу, әлеуметтік мәдени шаралар мен тұрғын үй құрылысы, өндірісті дамыту қорлары жасалды. Тауар өнімі мен оны өткізу көлемінің өсуі, тиімділік және еңбек өнімділігінің артуы, қор қайтарымы, өзіндік құнның кемуі, белгіленген жоспарлы мерзімге сәйкес өндірістік қуаттарды игеру, өндірістің жалпы көлемінде жоғары категорияда өндірілегн өнімнің үлес салмағы, қор құрау көрсеткіштері төмен болып табылады. Еңбек коллективтерінің шаруашылықтағы инициативасының кең өріс беруі, олардың өндірістік қызметінің түпкі нәтижелерге жетуге деген ынталылығын күшейту үшін экономикалық ынталандыру қорының бесжылдықтың әр жылы бойынша сараланып, бекітілген тұрақты нормативтерге сәйкес жасалады.Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.

Жылы

Жалпы ішкі өнім

АҚШ долларының айырбас бағамы

Инфляция индексі
(2000=10)

Жан басына шаққандағы ЖІӨ
(АҚШ деңгейінің % үлесі)

1995

78,014,200

61.11 теңге

64

3.81

2000

102,599,902

142.26 теңге

100

3.53

2005

147,453,000

132.88 теңге

140

9.01

Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.
2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
Экономикалық өсудің міндеттері:
1. Посткризистік даму жағдайында мемлекеттің экономикаға араласу саясатын оңтайлы үйлесімділікпен жүргізу.
2. Экономикалық өсуге негізделген өңдеуші өнеркәсіп салалары-на шетел инвестицияларын көптеп тарту және тиімді инвести-циялық саясатты жүзеге асыру.
3. 2011-2014 және 2020 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық Стратегияны жүзеге асыру;
4. Отандық кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру және «Өнімділік – 2020» бағдарламасын орындау.
5. Отандық өндіріс салаларының бәсекелік қабілеттілігін көтеру және өндірістіәртараптандыру.
«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру.Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас мұрасы болып табылады, оны жауапты және ұтымды пайдалану қажет. Бұл жаһандық іс-шараның міндеті – энергия тұтынуды жоспарлау мен бақылау, сондай-ақ болашақ ұрпақтардың өмірі үшін қажетті тұрақты энергия көздері мен біздің ғаламшарымыздағы бүкіл жандыны сақтап қалу үшін халықаралық қоғамастықты жауапкершілік сезіміне шақыру.
Қазақстанның ЭКСПО-2017 өткізуге үміткерлігі Парижде 2014 жылы 24 сәуірде Халықаралық Көрмелер Бюросы атқарушы комитетінің отырысы шеңберінде мақұлданды. ХКБ 161 қатысушы-мүшесі өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында, Астананың өтінімін 103 қатысушы-елдер қолдаған, «қарсы» деп ХКБ 44 мүшесі дауыс берген. Қазақстандық астанамен қатар ЭКСПО-2017 өткізу құқығынан сондай-ақ бельгиялық Льеж қаласы да үміттенген. Өз өтінімінде Бельгия «Адамдарды біріктірумен» тақырыбын ұсынды.
Астана ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік аренада Қазақстанның танылуы мен туристік тартымдылығын арттыруға, біздің халқымыздың қонақжайлылығын көрсетуге бағытталған. Көрме өткізу, сонымен қатар елорданың, тұтастай еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша стимул болады.ЭКСПО өткізу орнында салынатын объектілер болашақта Қазақстан мен оның елордасын ірі халықаралық, көрмелік және ақпараттық- презентациялық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі


1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. — 464 б.
2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.
3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.
4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.
5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.
6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.
7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 .
8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.
9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.
10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. — Ақтөбе: А — Полиграфия, 2006. – 316 б.
11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.
12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.
13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.
14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.
15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан — 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы»

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет