Байланысты: CCиМ 19-11 Толегеова Мадина Реферат Футбол
3.2 Әлем құрлықтарының үздік құрамалары Осы күнге дейін Әлем Кубогын тек Еуропа мен Оңтүстік Америка құрлығының құрамалары жеңіп алды.
КОНКАКАФ аймағының әлем чемпионатындағы ең үлкен жетістігі 1930 жылы АҚШ құрамасы жартылай финалға шықты. Ал Солтүстік Американың ең үздік құрамасы саналатынМексика құрамасы, әзірге тек 1/4 финалға дейін жетті (1970пен 1986).
Азия құрлығынан жартылай финалға шыққан алғашқы құрама болып Оңтүстік Корея (2002) құрамасы саналады.
Африканың 3 құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жетті: Камерун 1990 жылы, Сенегал 2002 жылы және Гана 2010 жылы. Соның өзінде Камерун мен Сенегал құрамасы өз қарсыластарынан (Англия мен Түркия) қосымша уақытта жеңіліп қалса, Гана құрамасы Уругуайдан ойын соңындағы пенальтиден жеңілді.
Аралдар құрлығының құрлығы тек 4 рет финалдық турнирге қатысты. Олардың алғашқы 2 қатысуы топтық турнирде аяқталды (Аустралия 1974 жылы, Жаңа Зеландия 1982 жылы), Аустралия Аралдар аймағынан 3-ші рет финадық турнирге жолдама алып, тұңғыш рет 1/8 финалға шығып болашақ чемпион Италия құрамасынан жеңілді. Алайда Аустралия іріктеу кезеңінен бастап Азия Футбол Конфедерациясының сапынан қатысатын болып 2010 жылыда финалдық турнирге жолдама алды. Жаңа Зеландия 2010 жылы топтағы 3 кездесуіндеде тең түсіп (оның ішінде чемпион Италияда бар) осы әлем чемпионатында бірде-бір ойында жеңілмеген жалғыз құрама атанды. Бірақ бұл құраманың топтан шығуына көмектеспеді.