Реферат Тақырыбы :«20-шы ғасырға дейінгі Қазақстандағы математика»


-ғасырға дейінгі Қазақстандағы математиканың дамуы



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі40,51 Kb.
#86461
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
20 ғасырға дейінгі Қазақстандағы математика Лекц 10 тапсырма 8 реферат

2.2. 20-ғасырға дейінгі Қазақстандағы математиканың дамуы.
Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізге Жетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда 6 – 8, 9 – 11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді. Бұл мәдениеттің иелері өз көркемөнерін, қолөнерін және жазуын жасаған жергілікті түркі тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар еді. Орта Азия мен Қазақстанның 8 – 11 ғасырларда араб халифатына кіруіне байланысты өлкеде ислам діні таралып, мәдени өмірде араб мәдениетінің ықпалы күшейе түсті. Батыс Еуропадағы латын тілі сияқты араб тілі халифат аумағында халықаралық әмбебап тілге айналды. Алайда жергілікті мәдениет пен тіл сақталып қалды. Араб мәдениетін жасауға және дамытуға халифаттың бір кездегі арабтар жаулап алған елдерінен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерінің базарларымен және қолөнершілерімен ғана емес, сонымен бірге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшілерімен, бай кітапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзіне мәлім болды.
Отырар кітапханасы қолжазба кітап қорының байлығы жағынан Египеттегі Александрия кітапханасынан кейінгі аса ірі кітап қоймасы болды. Отырарда ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келді. Ол аса зор ғылыми мұра – жүзден астам ірі еңбектер қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки (860 – 941) және басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бірге әйгілі астрономиялық кестелерді жасауға қатысқан астроном әрі математик – Ғаббас әл-Жәуһари (9 ғасырдың 1 жартысы), сондай-ақ, оның замандастары – Ысқақ әл-Фараби және 40 мың сөзден тұратын араб тілінің түсіндірме сөздігін жасаушы Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби танымал болды. Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің 9 – 11 ғасырлардағы дамуы туралы айта келіп, орыс шығыстанушысы Н.И. Конрад ғылыми тәжірибеге “Шығыстың дәуірлеуі” деген терминді енгізді. Бұл өлкенің Жоңғар және басқа сұрапыл шапқыншылықтарға ұшырауы оның жағдайын мүлде қиындата түсті.
17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың басынан бастап Ресейдің және Батыс Еуропаның бірқатар елдерінің ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетін, тұрмысы мен салтын зерттей бастады.

Ресей Федерациясының шалғайдағы отары – Қазақстан 20 ғасырдың басында бірте-бірте капиталистік қатынастар аясына тартыла бастады. Алайда патриархаттық-феодалдық қатынастардың үстемдігі, патша өкіметінің езілген халықтарды әдейі мешеулік пен қараңғылықта ұстаған отаршылдық саясаты, шын мәнінде, қазақтарды әлеуметтік және ұлттық прогреске жеткізетін жолды жауып тастады. 20 ғасырдың басында қазақ балаларының басым көпшілігі әрі дегенде тек ауыл медресесінде ғана оқи алды, мұндағы оқу балаларға діни аяттарды жаттатумен ғана шектелді . Қазақ жерінде 1916 жылдары қарсаңында небары бірнеше орыс және орыс-қазақ мектебі ғана болды. Оларда 19370 қазақ баласы оқыды.Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.


Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқандар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті
1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуір шек қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бірқатар әскери пәндерді оқып үйренуге жіберілмеді. Омбы кадет корпусын белгілі қазақ ғалымы, зерттеуші әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов бітіріп шықты.
1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі тікелей бақылауға алып, тексеріп жүрді.
Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына оқуға жіберіп отырды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни шіркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен еді. Мұғалімдердің басым көпшілігін шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен казактар құрады.
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен сауаттылық деңгейін қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер өте аз еді. Маман мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды.
Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды.
1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім және қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.
Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары білім алуына жол бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың Ұлттық сана-сезімі тезірек оянады деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерін ашудың басты идеологтарының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын: «Бізге тиімді болатын бір жағдай бар. Ол — бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып тұратын болуы. Ол — орысша жазғанда да аяқ алып жүргізгісіз қыруар қате жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет