Реферат Тақырыбы: Акциздер



Дата15.12.2022
өлшемі59,7 Kb.
#162950
түріРеферат
Байланысты:
акциздер салык





Реферат

Тақырыбы:Акциздер


Дайындаған:Амангелдиева Г


Тексерген:Абдешов Д.Д
Акциздер — тауар бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жанама салықтың ежелгі формасының бірі болып табылады. Акциздер ресми түрде бұрынғы КСРО-да 30- шы жылдарға дейін қолданылып келді. 30- шы жылдардан бастап, акциздер, басқа салыық түрлері сияқты айналым салығына біріктірілген.
1991 жылдың 24 желтоқсанында “Акциз туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес спиртті ішімдікке, шарап- арақ бұйымдарына, сыраға, темекі бұйымдарына, салу тәртібі белгіленген.
Акциздерді сипаттай келіп, айталық, мемілекет олардың қалыптастыруын және төлеуін әртүрлі ныысанда жүргізеді.

  • шикізат бойынша- дайын өнім бір шикізаттан болғанда қолданылады;

  • дүмбілдер бойынша – технологиялық процестің дамуына байланысты қолданылады. Дайын өнімдер әртүрлі шикізаттан жасалғанда, шикізатқа емес дүмбілге салық салынады;

  • дайын өнідер бойынша- түрлі тауарлардың әрқайсысына бөлек салық белгіленеді (маталар, бағалы бұйымдар, аяқ киім және т.б)

  • жабдықтың қуаттылығы бойынша- акциз төлеудің прогрессивтік нысаны, өйткені салық қолданылатын жабдық қуатының есебіне байланысты;

Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесі мыналар:

  • спирттің барлық түрлері;

  • алкогольдік өнімдер;

  • темекі өнімдері;

  • құрамында темекі бар басқа өнімдер;

  • бензин (авиациялықты алып тастағанда), дизельдік отын;

  • жеңіл автокөліктер (арнайы мүгедектерге арналған қолмен жүргізетін автокөліктерді алып тастағанда);

  • конденсатын қоса, мұнай шикізаты;

Акцизделетін қызметтер түрлері болып саналады:

  • ойын бизнесі;

  • лотореялар ұйымдастыру және өткізу;

Заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде резиденттер емес, бөлімшелерді, өкілдіктерді, басқа ерекшеленген құрылымдық бөлімшелерді қосқанда,акциз төлеушілер болып табылады,олар:

  • Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарлар өндіретіндер;

  • Бензинді/авиациялықты алып тастағанда/,дизельдік отындарды көтерме және бөлшек саудада арқылы өткізетіндер;

  • Қазақстан Республика аумағына шеттен акцизделетін тауарлар әкелушілер;

  • Төмендегідей тауарларды сатумен айналысатындар:

  • Тәркіленген;

  • Иесіз қалған;

— Мұрагерлік құқығымен мемлекетке өткен және төлеусіз мемлекеттің жеке меншігіне берілген;

  • Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұрын төленбеген тауарлармен айналысатындар;

  • Қазақстан Республикасы көлемінде ойын бизнесі мен лоторея ұйымдастырып,өткізуін жүзеге асырады.

Акциздер салығы салынатын объектілер



Тауарлар /өнімдер/ түрлері бойынша

Салық салынатын объект

1

Отандық өндіріс тауарлары бойынша

Акцизге қосылмайтын, баға бойынша анықталатын құн, сол бойынша өндіруші тиісті тауарды жеткізу немесе дайын өнімнің нақты көлемі

2

Өңделме шикізаттан шығарылған өнім бойынша

Акцизге қосылмайтын баға бойынша, сол бойынша тапсырыс берушіге табыстау кезіндегі өндірушінің тиісті тауарды жеткізу немесе дайын өнімнің нақты көлемі

3

Меншікті өндірістен өндірілген және акциз салынатын шикізат бойынша

Осы шикізаттың құны немесе оның нақты көлемі

4

Ойын бизнесі бойынша /лотореядан басқа/

Ойын бизнесінен түсетін табыс

5

Алмасу операцияларда немесе тауарларды кепілдікке кепілзат иесі меншігіне беріп, өндіруші заттай төлеу ретінде сыйлық бергенде

Акцизге қосылмайтын, меншікті өндірістен өндірілген тауардың құны немесе дайын өнімнің нақты көлемі

6

Лоторея бойынша / түрлері мен тұрпаттарына қарамастан/

Лоторея өткізуден мәлімделген түсім

7

Электроэнергияны өндіру мен өткізуден

Есеп кезеңінде электроэнергияның өзін шығару үшін технологиялық процесте нақты пайдаланғанын алып тастағанда, элктроэнергия өнімдерімінің барлық көлемі

8

Барлығы акцизделетін шеттен әкелетін тауарлар бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің акциздік алымдарды маркалармен таңбалауды салу кезінде

— кедендік құны немесе көлемі заттай тұлғануы;
— әкелінген тауарлардың көлемі бойынша /жасауға арналған құнынан басқа/ акциздік алымдар маркалардың құнына

 Акциз салығын салуға жатпайтындар:

  • ТМД елдеріне экспортқа шығатын акцизделетін тауарлар, егер олармен халықаралық келісімшарттар және импортталған елде тауарлар ресімделген жүк кедендік мағлұмдамасының көшірмесі болғанда ;

  • өндірісі мен айналымын бақылайтын уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын квота шегіндегі этил спирті жіберілетін:

а)емдеу және фармацевтикалық препараттарды шығару үшін, егер тауар өндірушіде аталған өнімді өндіруге құқық беретін Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болғанда;
б) мемлекеттік медициналық мекемелерге ;
-/бальзамдардан басқа/ медицинаға арналған құрамында спирт бар, сыйымдылығы 0,1л. аспайтын ыдысқа құйылған және дәрі-дәрмек ретінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркелген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет