Реферат Тақырыбы: Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі32,1 Kb.
#88344
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат

Бухгалтерлік есептің шығу тарихы

Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.


Қоғамның даму барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

  1. есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

  2. оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;

  3. шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерледің бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді. Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының себебі осында.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда болуының алғы шарты-адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.
Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Ежелгі дүние

  2. Ортағасырлық

  3. Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.

  4. Ғылымның пайда болуы. ХІХғ.екінші жартысы.

  5. ХХғ.- бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.

  6. Есеп және оның техникасы қашанда оның есептік регистірлерінің түрлеріне байланысыты.

Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200ж. Саз кестелерде (таблицаларда) тіркелді (бұл есептегі жүйелік тіркеуді алдын ала белгіледі). Ертедегі Мысырдағы (Египеттегі) Папирустар хранологиялық тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін тіл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте замандағы Үндістанда сапты аяқтар шот- регистр ретінде пайдаланылды, оларға уақ тастар- бастапқы құжаттар (картотека бейнесі тәрізді) салынатын. Греция мен Римде балауыз кестелер, мыс тақталар. Кенеп, пергамент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр қағаз), папирус пайдаланды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер қолданылды. Кейіннен кодекс кітаптар пайда болды.
Қытайда бухгалтерлік есепті жүргізудің елеулі ерекшеліктеріне 8000 жыл толды.
Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі – жалпы жер иеленушілер қауымынан мал бағушылырдың бөлініп шығуы – тұрақты сипатқа ие болған шын мәтіндегі экономикалық айырбастау тудырды.
Адамзат тарихындағы екінші ірі еңбек бөлінісі – айырбасты одан сайын дамытуға жағдай жасады. Өмірімнің біраз бөлігі ең алдымен айырбас үшін өндіріле бастады, яғни тауарға айналды. Мұның бәрі айырбастың баламалығы ұғымын қалыптастыруға және құн өлшемінің пайда болуына мүмкіндік берді.
Үшінші ірі еңбек бөлінісі – көпестер тобы бөлініп шыққанда болды. Сауда айқын қоғадық сипатқа ие болғандықтан, шаруашылық қызмет деректерін бейнелейтін бухгалтерлік теорияның пайда болуы мен дамуына жол ашты.
Бухгалтерлік есептің ғылыми ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. Көпес Бенедетто Котрульидің «Сауда және нағыз көпес туралы» деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің ғылым ретінде пайда болып, қалыптасуы қарастырылды. Тараулардың бірі «Сауда кітабының жүргізу тәртібі туралы» деп аталады. Ал 1494 ж. Итальандық белгілі математик, монах Луки Пачоли (1445-1517) жазған «Есептер мен жазбалар туралы трактат» атты бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда, Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшылық ретінде пайдаланылды. Екі жақты жазу тәсілі (мұның жәрдемі мен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа құндылықтарды сақтауға қойылған бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жоқ.
Луки Пачолиден кейінгі көрнекті автор – Жак Савари (1622-1690). Ол «Нағыз көпес туралы» жұмысын жариалады, шоттарды синтетикалық және аналетикалық деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді, мүліктік (өзіндік құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау) баланстырды жіктеді, соңғысына меншік несиемен жеке мүлкі де кіреді. Ол басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады.
Матье де ла Порт Саваридің мықты бәсекелесі болды. Оның еңбегі мынады, ол шоттарды үш топқа жіктеді:

  1. Меншік иесі — экономикалық қызмет атқарады (капитал қозғалысы);

  2. Мүліктік (материалдық) – арнайы шаруашылық қызметін орындайды (кәсіпорын ішіндегі ресурстарды басқару);

  3. Жеке (корреспондеттік) – заңдық қызмет атқарады (үшінші субъект үшін бөгде, тыс тұлғамен есеп айырысулар).

  4. Бухгалтерлік терминология әлі белгіленбесе де, ол өзінің кітабын бухгалтерлік терминдермен толықтырады.

1796 жылы Бристолда Эдварда Томастың «Есеп жүргізудің ағылшындық жүйесі» кітабын шығарады. Оның тек есептік регистрді ғана емес, алғаш рет бухгалтерлік есепті түгел қамтитын теориясын қарастыратын Дегранж жүйелеп баяндаған «америкалық үлгі» келді. Дегранж есептің екі мақсатын көздеді: уақыттың кез келген сәтінде еспетердің жағдайын айқындау және субъектінің меншікті капиталы мөлшерін анықтау. Бұл үшін ол бес есеп шотын пайдаланды: касса, тауар, алынуға тиісті құжаттар, төлемге алынған құжаттар, шығындар мен пайда. Ол барлық осы есепті бір регистр Басты Журналда біріктірді.
ХVII ғ. Ортасында Англияда өндірістік шығындарды есептеу жұйесі қалыптасты. Бухгалтерлік және өндірістің табиғи- құндық есеп техникасын жете баяндаған, математика мұғалімі Джеймс Додсон (1750) жаңа бағыттың негізін қалаушыға айналды. Дегенмен, оның есебінің мақсаты – дайындалған бұйымға кеткен шығындар емес, оны қай шебер дайындағанда қанша ақы табуға болатындығы жөніндегі қорытынды еді.
Әрбір бөліс бойынша нәтижелікті есептеуге назар аударғандардың бірі — философия профессоры Роберт Гамильтон (1788). Зығыр өндірісін жете зерттеген ол үш бөлісті: шіру, тоқу және ағартудың әрқайсысы бойынша пайда мен шығынды анықтауды бөліп көрсетті. Бұл өнеркәсіпті: бөлістің бар болғаны жөн бе, әлде сатып алатын жартылай өнімдерді пайдаланып, неғұрлым көп кіріс әкелетіндерін қалдырған дұрыс па деген шешімге жетелейді.
Ф.В.Кронхейльм (1818) өндірістік есептің алғашқы теоретигі болды. Ол есепті екіге бөлді: өндірістік және бухгалтерлік. Өндірістік есептер тек заттай ғана бейнеленді; ал бухгалтерлік қалыптасқан дәстүрлі жүйемен ұсынылды. «Өндіріс» есебіндегі дебет сальдосы әлі бітпеген өндірісті көрсетті. Алайда ол материалдар бірлігі калькуляциясы туралы ойға әлі келе қойған жоқ еді.
Алғаш алгоритм машинасын жасаушы, астроном және ұлы математик Чарльз Беббидж (1832) әрбір өндірістік процесс бойынша шыққан шығынды есептеуді, бұзылған жабдықты жөндеуге байланысты негізгі құрал-жабдықтың тозуы мен шығын сомасын анықтауды бірінші болып түсіндірп жазған болатын.
ХІХ ғ. ортасынан бастап Еуропаның әр түрлі елдерінде бухгалтерлік есеп тәжірибені қорытатын, сонымен бірге оны жетілдіретін ғылым ретінде дами түсті. Үш атақты итальян мектебі дүниеге келді.
Бірінші – ломбарттық мектепті құрушы Франческо Вилла (1801-1884) болды. Бұл бағыт, бухгалтерлік есепті техникалық тәртіпке жалғастыркуға болмайды деп санайды, өйткені ол экономикалық -әкімшілік ұғым кешені екендігі айтылады. Ол еспетер көмегі арқылы ұйымдастырылады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық процксімен шұғылданған тұлғаларды бақылау үшін әкімгерге (администратор) қажет. Ол басқа екі – тоскан және венеция мектебін құрушыларға үлкен ықпал етті.
Токсан мектебінің басшысы Джузеппе Чербони (1827-1917) еді. Ол Э.Дегранждің ісін жалғастырды. Д.Чербони үш бухгалтерлік есеп — әкімшілік міндет пен іс қимылдар ғылымы еді.
Д.Чербони ілімі логисмография (логос-ой, графия баяндау) деп аталады. Оның ізбасарлары көп (Джити, Боналуми, Беллини, Рива, Масса).
Винченцо Джитти (1856-1945) Д.Чербониді жақтаушысы болды, ол логисмографикалық жазбалардың талдаушылық мүмкіндіктері синтетикалық-аналитикалықтардан гөрі кеңірек екендігін көрсетті. Джити сметанның мәнін айқын ұғынды. Оның пікірінше, бұл- меншік иесінің әкімгерге ұсынатын өкілеттіктерінің шегі.
Итальян мектебінің орталығында әрқашан шаруашылық болды. Ф.А. Боналуми (1832-1904) бухгалтерияда мүдделер жиынтығы барын көре білді: бір жағынан қожайынның, екінші жағынан –үшінші тұлғалардың. Оның пікірінше, есептің мақсаты – орындалған шаруашылық операциаларының экономикалық және заңдық салдарын анықтау. К.Беллини (1852-1935) ағымдағы іс жағдайын көрсететін мүлік пен болашақты болжайтын смета арасындағы паралелльді жүргізді. Ол есепті басқару жөніндегі ғылым ретінде қарастырады. Мұндай көзқарасты Д.Масса: «Есептің мақсаты мен міндеті шаруашылық қызмет қорытындыларын шығару мен іс-әрекетті бақылау, сонымен бірге бақылаушы орган бухгалтерия әкімшілікпен тәуелсіз болуы тиіс», — деді.
Д.Масса Италияда отыз жыл бойы шығып тұрған бухгалтерлік журналды бірінші болып шығара бастады.
Венециандық мектептің көшбасшысы –Фабио Беста (1845-1923). Ол Чербонидің ілімін теріске шығарды. Ол үшін бағалау – есептің мақсаты. Құндылық – зат, бұйым, бухгалтерлік есеп – бақылау туралы ғылым. Оның пікірінше, бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет