Реферат Тақырыбы: Ертедегі шығыс филосиясы Орындаған: Жаксыбай Жандаулет Тобы: ис 20-1 Тексерген: Анламаслва Ы. Ж



бет6/7
Дата03.04.2022
өлшемі41,79 Kb.
#137728
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ертедегі шығыс философиясы
Известные ученые в области медицины -melimde.com, Документтт, 12-тақырып, Ob-utverzhdenii-kriteriev-otsenki-stepeni-riska-i-proverochnyh-listov-po-proverkam-za-sistemoj-obrazovaniya

Атомистер ілімі


Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Кар, т.б. жатады.
Бұл ойшылдардың шығармаларында, кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп (шамамен б.д.д. V ғ.) болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Левкиптің бұл пікірлері Демокрит ілімінің қалыптасуына зор әсер етті. Демокрит (шамамен б.д.д. 460-371 жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Табиғат туралы», «Адам табиғаты туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем құрылысы», «Кіші әлем құрылысы», т.б. Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Атомдар бос кеңістікте соқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды.
Платон (б.д.д. 427-347 жж.) Сократтан дәріс алған, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы, өзінің терең де мағыналық философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама-ойшыл. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең деген мағына береді), шын аты – Аристокл. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Заңдар», т.б. Платон пікірінше, шын болмыс-ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама – әлемдік рух, немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін қосып, байланыстырады. Платон мәдениет тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшыл. Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) болды. Ол философияның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуының негізін қалап, өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл-философ. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласында ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: «Категориялар», «Аналитика» (І-ІІ томдар), «Топика», «Физика», «Метафизика», «Этикалық трактаттар», «Саясат», «Риторика», «Поэтика», т.б. Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды да, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады, (түр-форма, мән, сапа, сан, материя, қозғалыс, уақыт, т.б.). Аристотельдің пікірінше, адамдар «қоғамдық жануарлар». Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет