Реферат тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуы Орындаған: Олжекеева А. С тексерген: Шайекенов Ж. Ж



Дата08.09.2022
өлшемі19,33 Kb.
#149004
түріРеферат
Байланысты:
Документ (1)


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуы

Орындаған:Олжекеева А.С


Тексерген:Шайекенов Ж.Ж

XX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі 1900-1950 жылдар аралығындағы мерзімді қамтыды. Бұл кезең жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті де түрлі ізденістер мен қайшылықтарға толы кезең болып табылады.Сондықтан да қазақ әдебиеті тарихын оқытудың күрделі мәселелері осы тұсқа жинақталған. Мұның басты үш себебі бар. Біріншіден, жазба әдебиеттің мейлінше өркен жайған дәуірі, екіншіден, әр түрлі әдеби ағымдар мен бағыттардың айқындалған кезеңі, үшіншіден, әдеби жанрдың ір саласында әдеби — көркемдік ізденістердің белең алған тұсы. Сондықтан да 1900-1940 жылдар аралығында әдеби – көркемшығармалар мен көрнекті ақын – жазушылардың шығармашылығын жан – жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрдің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің түрлі реңктерін айқындауға, бұрынғы – кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады. 1900-1940 жылдар әдебиетін шартты түрде іштей екі кезеңге бөлуге болады: 1900-1920 жылдар Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920-1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ ідебиетінің алғашқы кезеңі.


XX ғасырдың басындағы әдебиеттің келесі мәселелеріне арналған зерттеулер 1932 жылғы С. Мұқановтың «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінен бері үзбей жүргізіліп келеді. Бұл дәуірді зерттеуге ерекше еңбек сіңірген: Б. Кенжебаев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Дербісәлин, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев сынды ғалымдар.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы-Әдеби ағымдар өзара айқасқан,ақы-жазушының әр түрлі бағыт ұстаған,атқарар архиві,қарап оқыр кітабы,жарық көрген баспасөзі мол,қысқасы бейнеті белуардан келетін күрделі кезең.Осы тұстағы қазақ әдебиеті өзіне дейінгі ұлттық әдебиетіміздің бар асылын,үлгілі дәстүрін ала отыра,дәуірге сай жаңа көркемдік мүмкіндіктерді ашты.Әсіресе мұндағы Абай өнегесінің құнарлы болғанын атап айтқан абзал.Жаңа ғасыр табалдырығын шығармашылық талаппен аттаған жас ақын жазушылардың қай-қайсыда Абайды өзіне пір тұтты.



20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық
дастүрін жалғастыра отырып,
отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсіздікті аңсау идеясын ашық және батыл көтерді. Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып,қараңғылықта отырған күйін суреттеп, елді өнер-білімге үгіттеді.Жаңалыққа енжар,ұйқыда жатқан қазақтың бірі «Маса» боп құлағына ызыңдап,бірі «Оян, қазақ» деп, бар дауысымен жар салады
Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбірмен оянғандар еді. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетінен көркемдік-эстетикалық тұрғыдан байытып,жаңа жырлардың туып, жетілуіне үлес қосты.
Әдебиеттегі сыншылдық бағытты дамытып,ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрістетуге С.Дөнентаев,М.Сералин, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Ізтілеуов,Н.Орманбетұлы, Б.Күлеев т.б елеулі еңбек сіңірді.
Қазақ әдебиеті тарихының” төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығ ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі – ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды.ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. “Ақтабан шұбырынды” атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда “жаңа дәуір әдебиеті” деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.Социалистік реализм әдебиеті тұсында жазылса да ғылыми құндылығын жоғалтпаған, әдебиеттану тарихында маңызды орын алатын бірді-екілі еңбектерді ғылыми айналымға қосқанда, кезінде кеңестік идеология тұрғысынан айтылған байламдарды қайта қарап, тиісті жерінде ғылыми сипатына нұқсан келмейтіндей етіп редакциялап ұсынуға тура келді дейді еңбекті құрастырушылар.
Қазақ әдебиетінің қарастырылып отырған кезеңі туралы бұған дейін жарық көрген зерттеулер мен ғылыми еңбектердің маңызы өте жоғары. “Қазақ әдебиетінің тарихы” атты тарихи мәні тәлімді академиялық көптомдықтың (Алматы, 1960) бірінші томының кіріспесінде, әдебиет зерттеу саласындағы еңбектерге арнайы байсалды талдау жасалған сүбелі тарауларында қазақ әдебиетінің тарихын ежелгі дәуірлерден бері байыптап саралаған зерттеуші ғалымдар мен олардың кітаптары мен талдауларына кең көлемді шолу ұсынылып, лайықты баға берілген. Ол ғылыми мағлұматтар мен кітаптарды түгел тізіп қайталап жатудың реті жоқ деп ойлаймыз. Әрине, социалистік реализм әдісін ұстанған тұста жарияланған зерттеу жұмысының өзіндік саяси сипаты бар екендігі анық, әйтсе де қазақ әдебиетінің тарихына қатысты сараланған ерекше бай мұралар мен деректер, тұлғалы қаламгерлердің талантты толғамдары мен терең танымдық көзқарастары ұлттық әдебиеттану ғылымының қастерлі қазынасы. Өткенді мансұқтау өзектен үзілу. Сөз болып отырған “Қазақ әдебиетінің тарихы” атты академиялық көптомдық, басқа талантты еңбектер де әдебиеттану ғылымының айналымынан түспейтіні, әлі де талай зерттеу жұмыстарының өзегіне айналуы күмәнсіз. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде де әдебиет тарихы, оның ішінде ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті тарихы мен теориясы жайлы бірқатар іргелі зерттеу кітаптары жарық көрді. Олардың негізгілері қосымша бөлімде ұсынылып отырған қысқаша библиографиялық көрсеткіште берілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет