Реферат тақырыбы: Ісікке қарсы иммунитет: туа біткен, жүре пайда болған



бет2/9
Дата30.04.2022
өлшемі71,19 Kb.
#141568
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А
Махаббат қызық мол жылдар 1, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
2.1. Ісікке қарсы иммунитет механизмі
Қатерлі трансформацияланған клеткалардың антигендік модификациясы мынаның нәтижесінде өтеді:
1) Канцерогенді заттардың әсерінен.
2) Клеткалардың онкогенді вирустармен инфицирлеуімен.
3) Беткей клеткалық белоктарды бақылайтын гендердің нүктелік мутацияларында.
4) Белгелі антигендердің синтезіне жауапты гендердің делециясында
5) Эмбрионалды белоктарды бақылайтын гендердің дерепрессиясында. 
Сау клеткалардың трансформациясы вирустармен индуцирлеуы мүмкін. Мысалы, В-клеткалық лимфомаларды Эпштейн-Бар вирусы индуцирлейді. Қатерлі ісіктерде бір қатар ісікті эмбрионалды антигендер анықталған: α-фетопротеин, ракты-эмбрионалды антиген. Ісіктердің жалпы антигені ретінде теломеразаның полипептидті компоненті болып табылады. Ісік клеткаларына иммунды реакция пайда болады. Бірақ, ісік клеткалары иммунокомпетентті клеткаларынан тез кобееді және
Ісікті зақымдайтын белсенді клеткаларға СД8 Т-клеткалар және СД4 Т-хелперлер жатады. Егер СД8 Т-клеткалары киллерлік қызметті атқарса, ал СД4 Тн1 клеткалар цитокиндер арқылы әсерін көрсетеді. Цитокиндердің ішінде маңызды, макрофагтармен НК-клеткаларды активтейтін, ИНФ-γ. Ісікке қарсы иммунитетке В-жүйесінің клеткаларының қатысуы бірнеше тәсілдермен орындалуы мүмкін:
1) Ісіктік клеткалардың бұзылуы, комплементті бекітіп белсендіретін антиденелер арқылы.
2) өздерінің бетінде цитофилдік антиденелері бар НК-клеткаларының жиналуымен. Антиденелер активтілігінің бұл формалары ин витро ғана көрсетілген, бірақ түсініксіз, ал ин виво орны белгісіз. Бірқатар үлкен ісіктерде арнайы антиденелер цитотоксикалық клеткалардың әсерін блоктайды.
Табиғи киллерлер (ТК). Трансформацияланған клеткаларды жоюына, иммунологиялық бақылауды іске асыратын клеткалардың басқа түріне табиғи киллерлер жатады.
Т-клеткалардың цитокиндерімен, бірінші кезекте интерлейкин-γ арқылы, активтілігі жоғарылайды.
Сонымен, ісікке қарсы иммунитетті белсендіретін клетканың екі типі бар: Т-лимфоцит және ТК. Бұл процестегі макрофагтар және антиденелердің ролін қосымша зерттеулер қажет етеді.
Ісікті клеткалардың иммунологиялық бақылаудан өтуі негізінде: бір жағынан иммунжүйесінің бұзылыстарымен (иммунжетіспеушіліктермен, жасқа қарай иммундық реактивтіліктің төмендеуімен), екінші жағынан қатерлі клеткалармен иммунды жауапты блоктау механизмдеріне байланысты.
Ісік клеткаларында МНС І және ІІ класс гендері делециясы болғанда арнайы ісікті антигендер иммуногенді түрде СД8 клеткаларға эеспрессерленбейді. Басқа иммунологиялық бақылауды дұрыс жүзеге асыру шектеу механизімі - костимулдеуші В7 және адгезивті (ICAM) молекулаларының ісіктерде болмауы.
Ісік клеткалары иммунологиялық шабуылға ұшырамауы антигеннің нейтрализациясына байланысты. Түзілген антиген-антидене-комплекс клеткамен жұтылады, нәтижесінде антигенсіз клеткалар іріктеліп, бірақ пролиферацияға қабілетін сақтайды. Кейбір қатерлі түзілістер өсу β-факторын секрециялап, өзін белсенді түрде “қорғайды”, немесе СД4 қабыну Т-клеткалардың активтілігін тежейді немесе Т-супрессорды активтейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет