Реферат тақырыбы: «Контрацепция әдістері бойынша кеңес беру»


Лактациялық аменорея әдісі



бет4/4
Дата25.01.2022
өлшемі30,2 Kb.
#114734
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
РЕФЕРАТ тема 11

Лактациялық аменорея әдісі

Лактациялық аменорея – бұл әйелдің баланы емшек сүтімен бағып жүрген кездегі етеккірдің болмаған уақыты, осы кезде жыныс жұмыртқа жасушасының өсіп жетілуіне көмектесетін гармонның физиологиялық жолына емшекпен емізу құбылысының кері әсерінен болады.

Лактациялық аменорея күтпеген жүктіліктен сақтайтын ең тиімді әдіс болып есептеледі, егерде баланы тек қана емшек сүтімен ғана тамақтандыратын болса, және де емшекпен әр екі сағат сайын және міндетті түрде, түнде де емшек сүтімен емізіп тамақтандыратын болса.

Лактациялық аменорея әдісі әдетте, баланы туғаннан кейін, баланың тамақтануына қосымша тамақ қосылғанға дейінгі 6 ай уақытына ғана қолданылады.

v Ұтымдылығы:

Ø Eмшекпен тамақтандырудың дұрыс әдісі мен уақыт аралығын қатал сақтаған кезде ғана тиімді;

Ø Қосымша әсерлері жоқ;

Ø Қаражатты көп қажет етпейді.

v Жетіспеушілігі:

1. АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.

2. Етеккір келгенге дейін ғана тиімді әдіс немесе бала туылғаннан кейінгі 6 айдан артық уақытта пайдасы жоқ;

Жыныстық қатынастың үзілуі

Жыныстық қатынастың үзілуін қалай түсінуге болады, ол дегеніміз ер адам сперманы (ұрықбөліну) қынаптың сыртына және әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне шығаруды айтады. Жыныстық қатынастың толық үзілуі болу үшін, ер адам еркектік жыныс мүшесін қынаптан толығымен шығаруы керек.

v Ұтымдылығы:

Қаражатпен еш байланысы жоқ;

Ø Қосымша әсерлері жоқ;

Жетіспеушілігі:

1. Төмен сапалылығы (себебі ер адам сперманы бөлгенен кейін, оның бірнеше тамшысы қынапта қалып қалса, ол күтпеген жүктілікті тудыруды болдыруы мүмкін);

2. Кейбір ер адамдар сперма шығару уақытын бағындыра алмай қалуы мүмкін;

3. Екі жақтың да қанағаттанбай қалуы мүмкін;

4. АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.

Тосқауылдық әдіс

Контрацепцияның тосқауылдық әдістері мен спермицитдер.

Контрацепцияның тосқауылдық әдістері қынапқа немесе жатыр мойына химиялық немесе механикалық жолмен шәуеттің (сперма) түсуіне кедергі жасайды. Бұл әдіске ер және әйел адамдардың презервативтері, диафрагма ұрықтануға қарсы мойындық қақпағы спермецитті көбікпен супозиторилер, көбіктенетін дәрілер, пасталар, гельдер және губкалар жатады.

Қынапқа, одан ары жатыр мойнына және жатырға сперматозоидтарды өткізбейтін тосқауылдық әдісі арқылы жүктілікті болдырмау үшін механикалық зат қолданады және ол ұрықтануды болдырмайтын кедергі жасайды. Механикалық зат ретінде кедергі үшін кеңінен қолданып жүрген презервативті қолданады. Сонымен қатар цервикалдық қалпақты, диафрагманы және губканы қолдануға болады.

Презервативконтрацепциялық әдістің ең тиімдісі және сапалысы болып есептеледі, оны сперманың қынапқа кіріп кетпесі үшін қолданады. Презервативті эрекция кезінде (еркектік жыныс мүшесінің қозу кезі) еркектің жыныс мүшесіне толығымен тигізеді. Презервативті қолданған кезде есіңізде болсын, әр-бір жыныстық қатынас үшін жаңа презерватив кию керек. Презерватив АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардың таралуынан және жұғуынан сақтайды.

Әйел адамдарға арналған мүшеқап (презерватив).

20 ғасырдың 80 жылдары еркектер мүшеқабына ұқсас, бірақ ұзынырақ және кең әйел мүшеқаптары шықты. Оның нәтижелілігі контрацепцияның басқа тосқауылдық әдістері секілді жоғары, жанама әсерлермен аллергиялық реакцияларды тудыртпайды. Әйел мүшқабын қолдану ЖЖБА мен жоспарланбаған жүктіліктен қорғануда әйелдерді ер адамдардан тәуелсіз етеді.

Цервикалдық қалпақ - қалпаққа ұқсайтын сияқты, оны жатырдың мойнына кигізеді, сол кезде жатырдың мойнының сыртқы жағында немесе қынаптың жоғарғы жағында ұсталады да сол зарядты қысым тудырады. Сонымен цервикалдық қалпақ өзінің кедергі жасайтын дісімен сперматозойдтың жатыр ішіне өтіп кетпеуін қамтамасыз етеді.

Мойындық қалпақшалар ( шеечные калпачки ) Қазіргі кезде 3 түрі бар. Қуыстық қақпақша Vimule қақпақша және күнбез тәрізді қақпақша. Оларды латексті резина немесе металлдан жасайды. Дегенмен кең қолданысқа ие болған жоқ.

Цервикалдық қалпақшаны және диафрагма көп-рез қолданатын контрацепциялық заттардың қатарына жатады. Цервикалдық қалпақшаның немесе диафрагманың размерін дұрыс таңдау және оны қалай қолдану туралы кеңесті тек әйлдер кеңес беру мекемесінің маман дәрігері акушер-гиниколог қана бере алады.

Диафрагма – ол купол тәрізді жұмсақ доғалы резинке қалпақ, оны жыныстық қатынастың алдында қынапқа киеді, киген кезде артқы доғасы қынаптың артқы қуысына, ал алдыңғы доғасы шат сүйегіне мықты тақалады, ал куполы жатырдың мойнын жабады.

Диафрагма 17 ғасырдың 80 жылдары Германияда шыққан. Голландияда кең қолданысқа иеленгендіктен «Голландиялық қақпақша» деген атқа ие болған. Қазіргі таңда диафагмалар резина және латекстен жасалып, спермециттермен өңделіп, қорғаныс тәсіл ретінде кең қолданылады. Мед.қызметкерлер нақты әйелдердің анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып арнайы сақиналардың көмегімен қажетті өлшемін таңдап берілген жағдайда диафрагманы қолданудың нәтижелігі жоғары болады.

Губкалар

Табиғи теңіз губкалары көптен бері қолданысқа ие. 20 ғасырдың 70 жылдарынан спермецитпен өңделген синтетикалық губкалар қолданыла бастады. Губкалар мөлшері бірдейболып, рецепсіз сатылады. Қолданар алдында суға батырып, қынапқа терең енгізеді, енгізілген губка 24 сағат бойы қорғайды. Егерде жыныстық қатынас осы уақыт аралығында қайталанса басқа ешқандай қорғаныс қолданудың кажеті жоқ. 2 рет босанған әйелдерде губкалардың контрацептивтік нәтижелігі 70 пайызға тең болады.

Губка – спермицин сіңірілген, полиуретаннан жасалған жастық. Контрацептикалық губканың цервикальдық жағында шұңқыр бар, ол жатырдың қынабымен қозғалмайтындай болып жабысу үшін керек және жыныстық қатынас кезінде орнынан басқа жаққа жылжып кетуден сақтайды. Сонымен қатар екінші жағында қынаптан тез суырып алу жеңіл болуы үшін жасалынған торланған жібі бар.

Губканы қолданар алдында оны сумен жақсылап сулап алады да, қынаптың ішіне терең етіп кіргізеді. Қынаптың ішіне енген қынаптық губка 24 сағат бойы үздіксіз контрацептикалық әсер береді. Қолданысы біткен губканы лақтырып тастау керек.

Тосқауылдық әдіс жыныстық қатынасты қалыпты жағдайда, ылғи болатын адамдарға жүктіліктің болмауынан сақтайды.

Жатырішілік ұрықтануға қарсы заттар (ЖҰҚЗ)

ЖҰҚЗ – жүктіліктің алдын алатын, жатыр ішіне енгізетін кішкентай құрал. ЖҰҚЗ сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына қарай қозғалуына тосқауыл жасайды да ұрықтандыруды болдырмайды, сонымен қатар, егерде ұрықтану болып қалса, онда, жұмыртқа жасушасын жатыр қабырғасына жабыстырмайды.

ЖҰҚЗ екі түрі шығарылады: дәрілік және дәрілік емес. Дәрілік ЖҰҚЗ құрамында мыс, күміс, алтын, прогестерон және басқа да прогестиндер бар. Бұл заттардың ЖҰҚЗ қоспасының басты мақсаты – ЖҰҚЗ сапасын жақсарту және олардың әйелдің дене мүшелеріне зиянды әсерлерін төмендету.

ЖҰҚЗ жатыр ішінде акушер-гинекологтардың ғана көмегімен енгізіледі, және тек медициналық мақсатпен қолданылады. ЖҰҚЗ жатыр ішінде 5-10 жыл жатуы мүмкін, одан көп уақыт ұстауға болмайды, егерде қажет болса басқа жаңасын алмастырып салу керек. ЖҰҚЗ көбінесе бала туған әйелдерге ыңғайлы.

Ұтымдылығы:

1. Жоғары сапалы;

2. Ұзақ уақыт әсер береді.

Жетіспеушілігі:

1. Етеккір көп, ұзақ келуі мүмкін, кейде ауыратын болады;

2. Әйелдер спиралдің түсіп қалуын байқамайды, сондықтан ЖҰҚЗ мұртшасы бар ма, әлде жоқ па деп, әр-кезде тексеріп тұру керек. Бұның жағдайын спиралді салған дәрігерден сұрап білуіңізге болады;

3. АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;

4. Жыныс мүшелеріндегі бұрыннан бар ауруларда асқындырып жіберуі мүмкін. Сондықтан, ЖҰҚЗ ішкі жыныс мүшелерінде аурулары бар

Әсер етуі. Медикаментозды емес ЖІС. Контроцепциялық әсері жатырдағы бөтен дене қатысуымен жергілікті асептикалық реакцияның болуына байланысты. ЖІС бөтен дене ретінде миометридің жиырылуын шақырып, оны тездетеді. Бір уақытта жатыр түтіктерінің перистальтикасын жоғарлатады, сол себепті ұрықтанған жұмыртқа клеткасы фаллопиев түтігінен тез өтіп, жатыр қуысына имплантациялануына тез түседі, сондықтан бір жағынан жұмыртқа клеткасы әлі толық өсіп жетілмеген, бір жағынан эндометри әлі оны мплантациялауға дайын емес. в.

Зиянды әсері. Жатырдан қан кету. ЖІС негізгі алып тастау себебі , менструацияның тоқтамауы және менструация аралығындағы қан кетулер. Сол кезде міндетті түрде темір препараттарын ішу керек және психотерапия сеансын жүргізу тиіс. Көбінесе бөтен дене жатырға еніп бейімделгеннен кейін қан кетулер азаяды. Егер қан кетулер тоқтамаса жатыр ішілік сайманды алып тастау керек.

Жатыр түбінің перфорациясы. Бұл ЖІС – ді қолданғанда болатын ауыр асқынулардың бірі. ЖІС – ні енгізгенде біріншілік тесілу мысалы: 1000 процедура ішінде 1 жағдай кездеседі. Егер тексеру кезінде дәрігер жатыр мойнында бақыланатын жіпті көрмесе әйел ЖІС – нің түсуін байқамаса тез арада жатыр түбінің тесілуі деп қорытынды жасау керек. Дұрыс қойылған сайман әйелдің де, еркектің де жыныстық қарым қатынасына ешқандай кедергі жасамайды. ЖІС жатыр қуысына өсіп кетуі және жіптің қуысқа тартылып кетуі мүмкін.

Инфицирлену. Жатыр қуысына жатыр қуысына ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 24 сағат аралығында қалыпты жағдайда стерильді болып есептеледі. Осыдан кейін бактериялармен инфицирленеді , бірақ көп жағдайларда табиғи қорғаныс күштері бұл бактерияларды жойып жібереді. ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 2 аптада жамбас мүшелерінің инфицирлену жиелігі жоғары болады, уақыт өткен сайын біртіндеп төмендей бастайды.

г. Қарсы көрсеткіштер.

· Жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары;

· Жиі өршитін созылмалы қабыну аурулары;

· Инфекциялы – септикалық аурулар және әр – түрлі этиологиялы қызба;

· Жатыр ақауларының дамуы;

· Истмико – цервикальді жеткіліксіздік;

· Жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктері;

· Менструальді циклдің бұзылуы;

· Анықталған немесе мүмкін болатын жүктілік;

· Жүктілікке байланысты асқынуы.

Инъекциялық әдіс

Инъекциялық әдісті қолдау дегеніміз – бұлшық етке гормондық дәрі салу арқылы 8-12 апталық контрацептикалық әсер жасау арқылы және ол дәрінің біртіндеп дене мүшесіне таралуы арқылы жүктіліктің алдын алу, ондай дәрінің әсерінің ұзақтығы гормондық дәрінің түріне байланысты.

Инъекциялық әдістің құрамына бір ғана гормон кіреді, ол – гестаген гармоны әйелдің дене мүшесіндегі жұмыртқа жасушасының өсіп жетілу құбылысын тоқтатады немесе жояды.

Бұл дәріні қолдануды тоқтатқанан кейін, ұрықтану құбылысы бірнеше айдың ішінде қалпына келеді.

Ұтымдылығы:

1. Жоғары сапалы;

2. Ұзақ уақыт әсер береді.

Жетіспеушілігі:

1. Етеккір келуі бұзылуы мүмкін;

2. Ұрықтану құбылысы бірнеше айдың ішінде қалпына келеді.

3. Егерде қосымша әсерлері байқалса, оны дәрінің әсері аяқталмағанша қосымша әсерлеріді жоюға әрекет жасауға болмайды.

4. АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;

Хирургиялық әдіс

Бұл хирургиялық стерильдеу әдісін қолданғаннан кейін ешуақта жүктілік болмайды дегенді білдіреді. Өз еркімен хирургиялық стерильдену әдісі жүктіліктен сақтайды және ол әйелдер мен еркектерге бірдей тиімді.

Әйелдерді стерильдеу – ол жатыр түтікшелерінің қуысын бекіту үшін хирургиялық тосқауыл жасау, соның негізінде сперматозоидтар мен әйелдердің жұмыртқалық жасушалары бір-бірімен кеөдеспейді. Операция тек стационар жағдайында және де қатал түрде дәрігерлік ұсыныспен ғана жасалынады. Операциядан кейін әйелдің минструациясы болады, бірақ та балалы болмайды.

Еркектерді cтерильдеу (вазэктомия)-

тұқым әкелетін жолдарды тығындау арқылы сперманың жүруін тоқтату. Вазэктомия хирургиялық әдістердің ішіндегі жәй және жеңілі, сонымен қатар еркектер контрацепциясының ең тиімдісі.

Хирургиялық стерильдеу (ерлерге және әйелдерге) контрацепция әдістерінің ішіндегі функцияны қайта қалпына келтіруге болмайтын әдіс болып есептеледі. Сондықтан, бұл әдісті қолданғысы келген адамдар хирургиялық стерильдеу әдісінің соңы немен аяқталатынын жақсы түсініп барып қолдануға келісім берулері керек, әйтпесе хирургиялық стерильдеу әдісін қолданғаннан кейін ешуақта балалы болмайтын болып қалады.

Ұтымдылығы:

1. Сапасы 100% құрайды;

2. Потенция мен жыныстық қатынасқа деген ниетті бұзбайды.

Жетіспеушілігі:

1. Балалы болатын функцияны қалпына келтіруге болмайды;

2. Операциядан кейінгі асқынулар өте аз болады.

3. АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;

Шұғыл контрацепциясы (немесе шұғыл жағдайда қолданатын контраце пция)

Шұғыл жағдайда қолданатын контрацепция (посткоиталдық таблеткалар) – бұл әдісті қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін, жүктілікті болдырмас үшін қолданады. Презерватив бүтін болмағанда, диафрагма мен цервикалдық қалпақтар орнынан қозғалып кеткенде, жүктілікті болдырмайтын таблетканы қолдануды ұмытып кеткенде, немесе күтпеген жағдайда болып қалған жыныстық қатынастан кейін шұғыл контрацепциясын қолданады.

Қазіргі кезде күтпеген жағдайда болып қалған жыныстық қатынастардан жүктілікті болдырмау үшін құрамы әр-түрлі болатын таблеткаларды қолданады, оны дәрігердің белгілеуімен схема түрінде қолданады және ЖІС (жатыр іші спиралі) салуға болада.

Шұғыл жағдайда қолданатын контрацепцияда гармондық таблеткаларды қолдану міндетті түрде ылғи немесе тұрақты қолдануды қажет етпейді. Неге десеңіз посткоиталдық таблетакларда өте көп құрамда гармондар бар, сондықтан бір етеккір кезеңінде бір-ақ резден артық қолдануға рұқсат етілмейді.

Шұғыл контрацепция түрінде қолданылатын таблетканың бір түрі – постинор. Бұл таблетканы жыныстық қатынас болғаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей қолдану керек. Таблетканы 72 сағаттан ертерек қолданса соншалықты сапалы болады. 72 сағат өткеннен кейін екінші таблетканы қолдау керек.

Жүктілік болдыма немесе болмады ма соны және басқа контрацептикалық әдісті қолдау үшін 2-3 аптадан кейін дәрігер акушер-гинекологта тексеруден өткен жөн болады.

Шұғыл контрацепция мақсатында жатырдың ішіне ЖІС дәрігердің көмегімен қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 5 күннің ішінде салуға болады. Бұл әдіс тек әйелдерге ғана қолданылады, сонымен қатар гармондық таблетканы шұғыл контрацепция түрінде қолданғаннан кейін 72 сағат өтті, бірақта одан пайда болмады деген жағдайда ЖІС ұзақ уақытқа қолдануға жағдайы бар болғандықтан қолданылатын әдіс.

ЖІС салғаннан кейін 3-4 апта өткеннен соң етеккір болса да мейлі болмаса да міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек.

Бұл әдістің бір жағымсыздығы АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды.

Жедел контрацепция жиі қолданылмауы тиіс. Жедел контрацепция қолданатын әйелдерге міндетті түрде ретті контрацептивті әдісті қолдануды таңдауды ұсынып , түсіндіру керек. Жедел контрацепцияны қай кезде қолдануға болады:

a. қорғанусыз жыныстық қатынас кезінде ;

b. мүше қаптың бүтінгінің бұзылып, тайғанақтауы кезінде;

c. сексуальдық зорлауда;

d. фертильді күндері жыныстық қатынасқа түскенде;

e. егер әйел жүкті болудан қорықса (басқа әдістерді мысалы: таблетканы уақытынсында ішуді ұмытса т.б.).

Жедел контрацепцияға төмен фазалы КОК , таза прогестинді таблеткалар, мыс құрамды ЖІС жатады. Таза прогестинді таблеткалар левоноргестрел КОК сияқты нәтиже береді. Бірақ зиянды әсерлері аз.

1. Төмен мөлшерлі КОК құрамы эстраген сапасында 30 мкг этинилэстрадиол және 150 мкг левоноргестрел немесе 300 мкг норгестрел гестаген сапасында (регивидон, микрогинон т.б.) бар. Қолдану режимі: бірінші дозасын ( 4 таблетка) ертерек , қорғанусыз жыныстық қатынастан 72 сағат кеш емес кезде қолданады. Екінші дозасын ( 4 таблетка) бірінші дозадан 12 сағат өткеннен кейін қолдану керек.

2. Мини – пили құрамында 75 мкг норгестрел бар. Қолдану режимі: бірінші дозасы ( 20 таблетка) қорғанусыз жыныстық қатынастан 72 сағат кеш емес кезде қолданады. Екінші дозасын ( 20 таблетка) бірінші дозадан 12 сағат өткеннен кейін қолдану керек.

3. Егер әйелде препаратты қабылдағаннан 2 сағат өткеннен кейін құсу болса осы дозаны оған қайталау керек.-егер құсу қайталанса, онда таблеткаларды қынапқа енгізу керек.

-Әйел жүкті кезінде жедел контрацепция препараттарын қолданса, жатыр ішіндегі ұрыққа зияны тимейді.

-Бірақ, жүктілікті көтеру әйелдің жеке басына байланысты.

-Бұл контрацепция әдісін әйелдерге тұрақты және үнемі пайдануға болмайды. Таза прогестинді таблеткалар (постинор және мини – пили). Постинор құрамында 750 мкг левоноргестрел бар. Қолдану режимі: бірінші дозасы ( 1 таблетка) қорғанусыз жыныстық қатынастан 72 сағат кеш емес кезде қолданады. Екінші дозасын ( 1 таблетка) бірінші дозадан 12 сағат өткеннен кейін қолдану керек.Мыс құрамды ЖІС жедел контрацепцияға кері көрсеткіш жоқ болған жағдайда, қорғанусыз жыныстық қатынастан 5 күн кеш емес кезде қолданады

Ішетін контрацепциялар

Гармондық контрацепцияларды ойлап тапқан уақыттан бері күтпеген жүктілікті болдырмайтын ерекше бір жаңалық болып есептелді деуге болады. Өткен ғасырдың ортасында жүктілік кезінде фолликуланың өсуі мен жетілуі тоқтайтындығы анықталды және осы уақт жүктілікті болдырмайтын уақыт екендігі белгілі болды. Көптеген ғалымдар бір-біріне тәуелді емес ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Соның негізінде әйелдердің жыныс мүшелерінен бөлінетін контрацептикалық әсері бар эстроген мен прогестерон - гармондарын анықтады. Осы ғылыми жаңалықтардан кейін ғалымдар арасында контрацептикалық гармондық препараттарды зерттеулер кеңінен жүргізіле басталды.

Қазіргі кезде жүктілікті болдырмайтын эстрогендер мен прогестерондар құрамында бар көптеген таблеткалар бар, олардың ең басты жұмысы жұмыртқа жасушасының түзілуін бәсеңдетеді де контрацептикалық әсер береді.

Қазіргі уақытта жасалып жатқан контрацептикалық әсері бар препараттарды, егерде, дұрыс қолданса 100% күтпеген жүкітілктен сақтайтын қасиеті бар.

Гармондық дәрілерді цикл бойынша қабылдау керек. Оларды күнделікті бір ішу арқылы 21 күн үздіксіз қолдану керек те, содан кейін 7 күн үзіліс жасап, етеккірдің 1-ші немесе 5-ші күнінде қайта ішуді бастау керек, дәріні ішкенде белгілі бір уақытта ішетін болып дағдыланса сапасы дұрыс болады.

Гармондық дәрілердің контрацептикалық әсерімен қоса әйелдердің дене мүшелеріне жағымды әсері де барын ескерген жөн.

Жүктілікті болдырмайтын дәрілерді ішкен кезде етеккірдің көп келуі азаюмен қатар етеккір арасындағы (овулярлық) ауыртулар азаяды, етеккір ретті келумен қатар ұзақ және көп қан ағу да азаяды. Жүктілікті болдырмайтын іріктірілген дәрілерді ішу етеккір алдындағы синдромдарды азайтады және темір жетіспеушіліктен қанның құрамының қызыл түйіршіктерінің азайып кетуін жақсартады.

* Ішетін контрацептикалық дәрілерді қолдану ішкі жыныс мүшелерінде жедел қабыну ауруларының болуын төмендетеді де әйелдердің бала туа алмай қалатын жағдайлардан сақтайды.

* Ішетін контрацептикалық дәрілерді қолдану ішкі жыныс мүшелерінде аса қатерлі ісік ауруларынан сақтаумен қатар жұмыртқа және эндометрия қатерлі ісігін 50%-ға төмендететіндігі анықталды. Жұмыптқа және эндометрия қатерлі ісігінің болмауының ұзақтығы ішетін контрацептикалық дәрілерді қаншалықты ұзақ қолданса соншалықты болмауы мүмкін. Бұл құбылысты 12 ай бойына үзіліссіз ішетін контрацептикалық дәрілерді қолданған адамдарды зерттегенде анықталды, және дәріні ішуді тоқтатқаннан кейін де ұзақ уақыт аурудың болмағаны анықталды.

Ішетін контрацептикалық дәрілер овуляция құбылысын төмендетумен қатар, әйелдердің жұмыртқасындағы сулу ісіктің 90 %-ға төмендегені анықталды.

Контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде қатерлі ісіктердің дамуы азайады, соның ішінде емшек безінің ісігі фиброаденома мен сулы ісіктері тоқтайтындығы анықталды.

Әйелдер өлімінің ең басты себебі болатын жатыр сыртында пайда болатын жүктілікті овуляция құбылысын тежеу арқылы азайтады.

Гармондық жүктілікке қарсы дәрілерді қолдану көптеген тері ауруларын (әртүрлі бөрткендер)болдырмайды. Тері ауруларын болдырмау қасиеті барлық гармондық дәрілерге тиесілі, дегемен де, соңғы кезде өндіріліп жатқан құрамында аз мөлшерде эстроген бар дәрілер жақсы әсер беруде.

Ішетін контрацептикалық дәрілердің бір пайдасы, жыныстық қатынас кезінде керегі жоқ жүктілік болып қалады деп қорықпайсың, сонымен қатар жыныстық қатынастан қанағат алуға көмегі тиеді.

Әйел адам (алыс жолға шығатын болса, өте керекті кездесу болатын болса, жыныстық қатынаста ж.б.) контрацептикалық дәрілерді қосымша қолдану арқылы еттеккірін тежеуге немесе тездетуге де мүмкіндігі болады. Осы мақсатта бірфазалық дәріні де қолдануға болады.

Контрацептикалық дәрілердің сапалы жақтарымен қоса жағымсыз жақтары да бар, олар гармондық дәрілермен және де ол дәрілерді ұзақ уақыт қолдануға тура келетіндіктен. Қосымша жағымсыз әсерлері дәріні азайтқанда азайады да, дәріні ішуді мүлде тоқтатқаннан кейін 1-4 ай өткенде қосымша жағымсыз әсерлері толығымен жоғалып кетеді.

Бас айналу, құсқысы келу, құсу, емшек безінің тітіркенуі, тәбеттің жоғарылауы, салмақтың көбеюі және (кейбір жағдайда) теріде өзгерістердің болуы гармонның экзогендік әсеріне байланысты болады.

Кейде жүйке жүйесі бұзылады, бірақта дәріні қабылдауды тоқтатқанда ол өзгеріс бірден тоқтайды. Егерде жүйкенің бұзылуы эпилепсия сияқты белгілер берген болса гармондық дәрілерді қабылдауда өте сақтық қажет болды.

Контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде етеккір аралық қанау болуы мүмкін. Бұл жағдай эстрогеннің аз мөлшері бар дәрілерді қолданған кезде байқалады. Бұндай дәрі ішкен әйелдерде етеккір аралық қанау 2-3 ай өткеннен кейін тоқтайды. Егерде мұндай етеккір аралық қанау болса тез арада басқа дәріге ауысуға болмайды. Егерде етеккір аралық қанау бірнеше ай бойына тоқтамаса онда басқа дәріні қолдануға ауысу керек болады.Контрацептикалық дәрілер емшек сүтін азайтады, сондықтан олар біріктірілген жүктілікті болдырмайтын дәрілерді емес -мини-пили- (құрамында микромөлшердегі прогестин бар контрацептикалық дәрілер) қолданулары керек болады.

Темекі тартатын әйелдерде контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде жағымсыз қосымша әсерлері қөп болады. Темекі тартатын 35 жастан асқан әйелдерде онтрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде темекіні тартуды тоқтатуына тура келеді, немесе басқа дәріге ауысуына мәжбүр болады.

Жүктілік кезінде, бауыр ауруы болса, жүрек-қантамыр ауруларына, артериялық қысымы аса жоғары болса, сусамыр ауруында, қатерлі ісікте, май алмасуы бұзылғанда гармондық жүктілікті болдырмайтын дәрілерді қолдануға рұқсат етілмейді. Гармондық жүктілікті болдырмайтын дәрілерді қолдану алдында жоғарыда көрсетілген аурулары және басқа да аурулары бар адамдар міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Ұтымдылығы:

1. Сапасы өте жоғары

2. Эндометрия және жұмыртқа қатерлі ісігінің алын алауға болады;

3. Ауыртатын етеккірдің ауруын жеңілдетеді және қан ағуды азайтады;

4. Толығымен қайта қалпына келеді;

5. Қабылдауға жеңіл;

Жетіспеушілігі:

1. Қосымша әсерлері болуы мүмкін;

2. Күнделікті дәріні қабылдау керек;

3. Қаржы шығыны болады;

4. АИЖВ/ЖПБИЖС және жыныс қатынасынан жұғатын аурулардан сақтамайды;

Химиялық әдіс

Химиялық әдіс дегеніміз - химиялық заттары бар қынап ішілік спермицидтерді қолдану, ол әдіс сперматозоидтарды жатырдың ішіне кіргізбейді және олдарың қозғалуына тосқауыл жасайды.

Спермициттер. Үшеқап тәрізі ежелден қолданып келе жатқан контрацепция әдісі. Ежелгі адамдар лимон шырынын, уксус, каллий перманганаты секілді заттарды қолдана отырып Қынаптық рН өзгертіп сперматазойдтардың қозғалуын бөгеген. Қазіргі таңда спермециттер крем, желе, қынаптық суппозиторий түріндегі химиялық заттар. Оларды жыныстық қатынасқа дейін қолдану керек.

Қазіргі спермицидтерді кірем, таблеткі, қынаптық свечалар, тампондар түрінде шығарады. Олардың бір түрін қынап ішіне жыныстық қатынастың алдында 5-10 минут бұрын енгізіп қояды. Оның әсері тек қынап ішінде ғана болады.

Ұтымдылығы:

1. әсері тек қынап ішінде ғана болады;

2. жыныс қатынасынан жұғатын аурулардың алдын алады;

3. жыныстық қатынасы қалыпты жағдайда болмайтын әйелдерге де тиімді;

Жетіспеушілігі:

1. тек жыныстық қатынастың алдында енгізіп қояды;

2. аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Комбинирленген оральді контрацепция.

а. Құрамы. Оральді контрацепция, яғни ұрықтануға қарсы препарат комбинациясында эстроген және прогестина немесе прогестин бар. Бізге бір –, екі -, және үш- фазалы комбинерленген эстроген – гестагенда препараттар белгілі.

· Бір фазалыға: овулен, овидон, регевидон, диане — 35, микрогинон жатады;

· Екі фазалыға: антеовин, климин, дивин жатады.

· Үш фазалыға: триквилар, тризистон, трирегол, марвелон және т.б

Комбинерленген оральді таблеткалар құрамында эстрогегннің (этинилэстрадиол немесе местранол ) және прогестиннің құрамы әр түрлі мөлшерде болады. Бірақ, қазіргі кездегі препараттар құрамында төмен дозалы эстроген (бір таблеткада 20 – 50 мкг) болады. Оларда 21 күн ішінде цикл арасында апталық үзіліспен қабылдайды. Құрамында прогестині бар препараттарды үзіліссіз қабылдайды.

б. Әсер ету механизмі. Овулияцияны төмендету КОК — тың негізгі механизмдік әсері. Эстраегендер сияқты прогестиндер де гонатропин синтезін төмендетіп, овуляцияны тоқтатады. Жатыр мойны шырышы қоюланып, жабысқақтанады. Цервикальді өзекке сперматозоидтардың жылжуына кедергі жасайды. Прогестин әсерінен эндометрий активтілігін төмендетіп, сонымен бірге бластоцистаны имплантациялауға дайын болмайды.

в. Зиянды әсері. Төмен мөлшерлі препараттарды жиі қолданғанда қан кетулер немесе аменорея , дисменорея болады. Кейде жүрек айну, дене салмағы жоғарлауы және сүт бездерінің ауырсынуы болады. Бас ауру, ішінің ауруы, құсу басқа аурулармен байланысты болуы мүмкін. Таблеткаларды екі — үш рет қабылдағаннан кейін бұл көріністер жоғалып кетеді.

Г. Асқынуы.

1.Тромбоэмболия. Эстрагендер қан плазмасын ұйыту факторларына ( VІІ- фактор, шамалы бауырға ) әсер етуне байланысты оның концентрациясын көбейтеді. Оральді контрацепцияны қолданғанның алғашқы 10 күнінен кейін қан құрамында антитромбин ІІІ төмендейді. Сондықтан КОК – ты көп қолданғанда беткей және терең веналардың тромбозы болуы ғажап емес.

2.Жүрек – тамыр жүйесінің аурулары. Әйелдердің жүрек тамыр жүйесі немесе цереброваскулярлы аурулары кезінде КОК – ты қолдану өлім қаупін 4 – 5 рет жоғарлатады. КОК – ты ұзақ қолданғандықтан миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық аурулары т.б болады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларынан болатын сырқаттылықты және өлім қауіпін азайту үшін, құрамында 50 мкг эстрогені бар препаратты қолданады. Әйелдің жасы, шылым шегуі, алькогольді ішімдіктерге әуестенуі кезінде КОК — ты қолданғандықтан миокард инфарктісінен болатын өлім қаупін жоғарлатады.

3.Гипертензия. КОК құрамына кіретін гормон әсерінен АҚ жоғарылайды. Препаратты алғаш рет қолданғанда және басқа түрге ауыстырғанда АҚ — ны міндетті түрде өлшеу керек.

4.Аменорея. Бұл КОК – ты ұзақ уақыт қабылдағанда және оны тоқтатқанда болады. Ол 0,2 — 3,1 %. Әйелдерде КОК – ты қабылдауды тоқтатқан соң оның алдында менструальді цикл бұзылулары болса, аменорея 35 – 56 % құрайды. Егер аменорея КОК – тың әсерінен болмаса, гипофиз аденомасын жоққа шығармау керек. Бұл ісік 5 жыл немесе одан көп жылдар аралығын дамиды. Мұндай жағдай бір жылда жүз мың әйел ішінен үш әйелде кездеседі екен.д. Ұзақ уақыт қолдану. Әр екі – үш жыл өткен сайын препараттарға үзіліс жасап отыру тиіс. Мұндай үзілістер асқынулардың алдын алады. Бірақ, үзіліс кезінде орынсыз жүктілі болу жиілігі өте жоғары.ж.Эфективтілігі. Комбинирленген оральді контрацепция ­нәтижелігі жоғары, тиімді,қайтымды болатын әдіс. Дұрыс қолданса оның нәтижелігі 100 % жетеді.

д. Ұзақ уақыт қолдану. Әр екі – үш жыл өткен сайын препараттарға үзіліс жасап отыру тиіс. Мұндай үзілістер асқынулардың алдын алады. Бірақ, үзіліс кезінде орынсыз жүктілі болу жиілігі өте жоғары.ж.Эфективтілігі. Комбинирленген оральді контрацепция ­нәтижелігі жоғары, тиімді,қайтымды болатын әдіс. Дұрыс қолданса оның нәтижелігі 100 % жетеді.

КОНТРАЦЕПТИКАЛЫҚ ӘДІСТІ ТАҢДАУ

Контрацептикалық көптеген дәрілер мен әдістердің ішінде әйелдер өздерінің өмір сүрулеріне және әдеттеріне ыңғайлы бір ғана әдісті таңдап алулары керек болады.

Қандай әдісті таңдап алсам екен?

Тұтқиылдан және тұрақты емес жыныстық қатынас үшін венерикалық аурулардан сақтану үшін презервативті қолдану керек.

Жатырішіне салатын дәрі тек бала туған әйелдерге ғана сай келеді.

Жас және бала тумаған әйелдерге тек гармондық дәрілерді қолданған дұрыс болады.

Жыныс қатынасы үзілген кезде дәріні ылғи қолданудың қажеті болмайды, себебі одан үміт жоқ.

Физологиялық әдіске қосымша контрацептикалық әдісті қолдануға болады.

Контрацептикалық әдісті немесе дәріні дұрыс таңдап және оны дұрыс қолдануы үшін әйел адам әйелдерге кеңес беретін мекеменің дәрігерінен кеңес алуы керек. Сізге, тек тәжірибесі мол дәрігер ғана дұрыс әдісті және дәріні таңдап береді, жүктіліктен қалай сақтау керектігі туралы да дұрыс кеңес айта алады, басқа сырттан кеңес сұрауға болмайды, себебі ол сіздің денсаулығыңызға тиесілі болғандықтан, тек дәрігерге ғана жүгініңіз.

Артықшылықтары

Егер дәрігермен кеңесу мүмкін болмаса, ерлер презервативін қолданған жөн, оларға қазір еш тапшылығы жоқ. Пезервативтердің тағы бір артықшылығы олар жыныстық жолмен таралатын аурулардың алдын алуда маңызы зор. Контрацепция уақытша түрде ұрықтануды болдырмайтын әдістердің бірі болып табылады.

Кемшіліктері

Төмен мөлшерлі препараттарды жиі қолданғанда қан кетулер немесе аменорея , дисменорея болады. Кейде жүрек айну, дене салмағы жоғарлауы және сүт бездерінің ауырсынуы болады. Бас ауру, ішінің ауруы, құсу басқа аурулармен байланысты болуы мүмкін. Таблеткаларды екі — үш рет қабылдағаннан кейін бұл көріністер жоғалып кетеді.Гормоналды заттар да берік қорғаныс тудырады, бірақ кейбір әйелдерде пилюля не таблеткалар аллергия туғызуы мүмкін, ал бұл өте қауіпті.

Қолданылған әдебиеттер



Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)

1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Amenorrhoea. PRODIGY Guidance. www.prodigy.nhs.uk 2. Collaborative Centre for Women’s and Children’s Health. FERTILITY Assessment and Treatment for People with Fertility Problems. Clinical Guideline, 2004, p.216 3. Нарушение менструальной функции.- Ярославль.- 2002. с.35 4. AACE Medical Guidelines for Clinical Practice for Diagnosis and Treatment of Hyper androgenic Disorders. Endocr Pract.- 2001 Mar; 7(2):120-134

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет