Реферат тақырыбы: «Негізгі стандарттар. Осы стандарттарда белгіленген талаптар. Жіктеуіштер, ұсыныстар»



бет3/5
Дата02.03.2023
өлшемі34,4 Kb.
#170820
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
2срсп
тапсырма (1), ААқнұр (1)
1.Негізгі стандарттар

Стандарттау – бұл келісімді бағаға сәйкес сапалы тауарларды алушы тұтынушылар құқығын, сонымен бірге еңбек қауіпсіздігіне және ыңғайлығына деген құқықты қамтамасыз ететін талаптар, нормалар, ереже және сипаттамаларды әзірлеуге және бекітуге бағытталған қызмет. Шынайы ісжүзіндегі, жобаланатын немесе әлеуметті міндеттердің шешімі үшін қалыптасқан ереже, талап және нормаларын кең және көп ретте қолдану арқылы қызметтің сол немесе басқа облыстардағы тәртіпке келтіру дәрежесін оңтайландыруға жеткізу. Стандарттау – стандарттау объектісі және стандарттау облысы түсініктерімен байланысты.


Стандарттау объектісі – бұл өнім, процесс немесе қызмет үшін әзірленетін талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер және т.с.с. стандарттау жалпы объектіге немесе оның жеке құрастырушыларына қатысты болуы мүмкін.
Стандарттау облысы – бұл өзара байланысты стандарттау объектілерінің жиынтығы. Мысалы, машина жасау-стандарттау облысы, ал стандарттау объектісі ретінде машинаны жасаудағы технологиялық процестер, металды материалдар, қозғалтқыш түрлері және т.б.
Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымының (ИСО) және Халықаралық электротехникалық комитеттің (ХЭК) жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінде қабылданған келесі нормативті құжаттардың түрлері ұсынылады: стандарттар, техникалық шарттары бар құжаттар, ережелер жинағы, регламенттер (техникалық регламенттер).
Негіз құраушы стандарттар ғылым, техника және өндірістің әртүрлі салалары үшін ортақ болып қаралатын ұйымдастырушылық қағидаларды және жағдайларды, талаптарды, ережелер мен нормаларды регламенттейді. Негіз құраушы стандарттарға мысалы үшін Қазақстанның Мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдастырылуы бойынша нормативті құжаттары жатады – ҚР СТ 1.0-2000 «ҚР МСТ. Негізгі ережелер»; ҚР СТ 1.4-2000 «ҚР МСТ. Фирмалық стандарттар»; ҚР СТ 992-96 «ҚР МСТ. Қызмет көрсету стандарты. Негізгі ережелер».
Өнім (қызмет көрсету) стандарттары – әзірлеу, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, жөндеу және кәдеге жарату сияқты нақты жұмыстарға талаптар бекітеді
Стандарт санаттары
• Өңдеу
• Халықаралық стандарт — Халықаралық стандарттауды қараңыз
• Аймақтық стандарт — Аймақтық стандарттауды қараңыз
Мемлекеттік стандарт
• Ұйым стандарты
• Стандарттаудың белгілі бір жүйесінің ішінде стандарттар мына тақырыптарға бөлінеді:
• Сапа стандарты
• Әлеуметтік стандарт
Білім беру стандарты
• Техникалық талаптады орнататын стандарт
• Еңбек қауіпсіздігі стандарты • Құжаттарды дайындау стандарты
• Экологиялық стандарт және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет