Реферат тақырыбы: Қоғамдық тамақтандыру объектілерін орналастырауға қойылатын талаптар Орындаған: Шоқан Риза


Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар



бет3/5
Дата02.12.2022
өлшемі135,27 Kb.
#160932
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
шокан риза когам тамактану
3 курс (1) финансы 72 сагат, 18.04.22г.-история Казахстана-билеты Тулкиева Б.А., Документ Microsoft Word (3), Лек 3 рус ДОТ, Гост ЕТ (1), Презентация Қосылған құн салығы
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар

29. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің шығаратын өнімдерінің түр-түрі объектілердің типіне, қуатына, оған бөлінген үй-жайлардың жиынтығы мен оның мұздатқыштармен және технологиялық жабдықтармен жабдықталуына қарай қатаң сәйкестікте өңделеді. Қоғамдық тамақтандыру объектілері өздерінің өнімдерін шығаруын нормативті және технологиялық құжаттар негізінде қамтамасыз етеді.
30. Өндірістік үй-жайлар мен келушілерге арналған үй-жайлардағы микроклимат гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
31. Өндірістік, көмекші және санитарлық-тұрғын үй-жайлар қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес сорып-шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткіштермен жабдықталуы тиіс.
32. Қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі сору-шығару желдеткіштерін тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың желдеткіш жүйелерімен біріктіруге тиым салынады. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған қоғамдық тамақтандыру нысандарын механикалық жолмен жұмыс істейтін сору-шығару желдеткіштерімен жабдықтағанда шуға қарсы шаралар қарастырылуы керек.
33. Кондитерлік өнімдерді әзірлейтін үй-жайларға келетін желдету жүйесінің құрамына шаңсүзетін және бактерицидты сүзгі орындалуы тиіс. Желдету жүйелерінің тесіктері майда көзді полимерлі тормен жабылуы тиіс.
34. Қызмет жасауға арналған үй-жайлар керек кезінде ауаны сорып айдайтын желдеткіштің автономды жүйесімен жабдықталады.
35. Жүк тиелетін үй-жайлар, дәліздер жылу беретін шымылдықпен жабдықталуы тиіс.
36. Ылғал, жылу және газдардың бөлу көзі болып табылатын жабдықтар және жуатын ванналар жергілікті сорып айдайтын желдеткіш жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
37. Жұмыс орындарындағы өндірістік жабдықтардан бөлінетін жылу әсерінің қарқындылығы адам денесіне жылу әсер ететін 25-50% болғанда, оның шаршы метрге беретін жылуы 70 ваттан (бұдан әрі - Вт) аспауы тиіс. Жылудың адам организміне қолайсыз әсер еткенде: оны төмендететін секциялық-модульдық жабдықтарды қолдануы тиіс; электрпештерінің секциясын уақтылы өшіруі тиіс немесе олардың қуаттылығын азайтуы тиіс; плиталардың, пештердің, қыздыратын шкафтардың және басқа да қыздыратын жабдықтардың жанындағы жұмысшы орындарда салқындатын ауалық себезгіні қолдануы тиіс.
38. Өндірістік үй-жайлардағы ауаның зиянды заттарының қанықпасының құрамы осы санитарлық ережелерге 2 қосымшасында келтірілген қанықпаның рұқсат етілген шегінен аспауы тиіс.
39. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде жылыту жүйесі қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жылыту үшін қолданылатын барлық қыздыратын құралдар шаңнан тазалауға ыңғайлы болуы тиіс. Мұздататын жабдықтардың жанына қыздырғыш құралдарын орналастыруға болмайды.
40. Барлық өндірістік, әкімшілік-шаруашылық үй-жайлардағы табиғи және жасанды жарықтандыру қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен бірге табиғи жарықтандыру көзін көп қолданған дұрыс.
41. Салқын тағамдарды, дәмдерді, кремдерді және торттар мен пирожныйларды әзірлеу цехтарында солтүстік-батыс бағытын және күннің тікелей әсерінен қорғайтын құрылғыларды қолдану тиіс.
42. Өндірістік үй-жайларды және қоймаларды жарықтандыру үшін ылғал мен шаңнан қорғанышы бар шамдарды қолдану қарастыруы тиіс. Жұмыс орындарында жалтырауық орын болмауы тиіс. Шамдар пештердің, технологиялық жабдықтардың, турайтын үстелдердің үстінде орнатылмауы тиіс. Қажет болған жағдайда жұмысшы орындарында қосымша жарықтандыру көздері қарастырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет