Реферат Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Орындаған: Айдаулет Б. Е


Абай еңбектерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиедегі маңызы



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі28,2 Kb.
#84382
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат. Сыбайлас
без ответов, Есепке бағалау парағы, Есепке бағалау парағы, 3-топ
Абай еңбектерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиедегі маңызы.

Ұлы ойшыл Абай еңбекті өз игілігі үшін барлық әлеуметтік мәнінен айырылған еңбек ретінде қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету – адамның борышы: «өз пайдасы үшін еңбек ететін адам өзі үшін жайылып жүрген малмен тең; адамдық борышын орындай отырып, еңбек ететін адамды Құдай өзінің махаббатына бөлейді».
Халық адал еңбек идеясын адамға табиғаттың берген бағалы сыйы ретінде дәріптейді. Бұл ой халық даналығында көрініс табады:
«Іскерге – нан, жалқауға – ұйқы», «Ағаш жемісімен, адам ісімен жақсы», «тер төгіп еңбек етсең, дәмді тағам ішесің» (башқұрт мақалы);
«Адалдық пен еңбек сый-құрметке жетелейді, айла мен өтірік масқараға жеткізеді», «Жақсы еңбек етсең жаның да тыныш болады», «Жұмыста туғаның болмайды», «Адал еңбек игілікке әкеледі» (қазақ мақалдары);
«Жас кезіңде – еңбек, қартайғанда – зейнеті» (қырғыз мақалы);
«Еңбек етпесең қоянды да ұстай алмайсың» (татар мақалы);
«Өзенге суды көктем құяды, адамның бағасын еңбек арттырады» (өзбек мақалы);
«Еңбек етпесең зейнетін көрмейсің» (күрд мақалы);
«Ақ саусақ адам бөтеннің еңбегін жақсы көреді», «Шеберлік пен еңбек бәріне қол жеткізеді», «Пеш емес, кең дала тойдырады» (орыс мақалдары).

Білім мен ілім көп этносты қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтар жүйесінде ерекше орын алды. Білім аға ұрпақтан өскелең ұрпаққа халықтың тыныс-тіршілігі үшін қажетті тетік ретінде әлеуметтік тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, беріледі. Білім адам мен қоғамның табысты даму тәжірибесін көрсете отырып, маңызды ақпарат береді, ақырында оның дамуына белсенді ықпал етіп, қайтадан практикаға қайтып келеді.


Халық ділінде білім әл-ауқат пен байлықтың факторы ретінде ерекше орын алады. Білім мен еңбек ажырамайды: еңбекпен білімге қол жеткізіп, байытамыз, өз еңбегіміздің жемістілігін арттырамыз. Сондықтан Қазақстан этностарының дүниетанымында білім байлық, әлеуметтік капитал ретінде қабылданады:
«Білім байлықтан жақсы», «Алтынды іздеме, білім алуға тырыс» (қазақ мақалдары);
Парақорлықты, сатып алу, ұрлық жасау мен сатқындықты айыптау жазушылар мен ақындардың шығармаларынан табуға болады. Оның жарқын мысалы халық ақыны Абайдың «Қара сөздері» болып табылады.
Үшінші қара сөзінде Абай былай дейді: «... әрі-беріден соң сырты- мызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық».
Одан әрі бесінші сөзінде халықтың әрекетсіздігіне қынжылады: «Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен... Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? <...> Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен
Осындай кәдімгі сыбайлас жемқорлықтың себептерінің бірі ретінде ұлы ақын кедейшілік және пайдакүнемдік пен атақ құмарлықтан көреді.
Бұл жерде бір ғана жол бар – білім мен еңбек: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған
хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды» (оныншы сөз). Отыз жетінші сөзінде ол осы екі қасиеттің – еңбек пен білімнің қаншалықты жоғары бағалатынын нақты айқындап береді: «Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық;Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. Ашкөздік пен еңбексіз баюды айыптау, еңбек пен оқу- білімге шақыру алыс және көрші халықтардың батырлары туралы тарихты кеңінен тарату арқылы даладан далаға берілетін.
Өзінің басқа «Масғұт» поэмасында Абай былай дейді: «Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық, Ақылды ерге ар болар ондай қылық.»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементтерін халықтың өзі шығарған шығармаларда – халық ертегілерінен табуға болады. Ертегі – халықтың арманы, оның керемет қоғам туралы елесі. Ертегі- лердің көпшілігінде халыққа тән адамгершілік белгілері: отанына деген сүйіспеншілік және оның қорғау, батырлық, зұлымдықпен күресу, еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық, білім мен шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психо- логиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді.
«Сондай-ақ халық ертегілерінде басты персонаж ретінде жануар- лар – жылқылар, түйелер, ешкілер, қойлар, бүркіттер алынады, қоғам- ның материалдық өмір жағдайларына байланысты. Үй жануарлары образында әдеттегідей, адам сияқты сөйлейді, халық аллегориялық нысанда адамның кеселі мен кемістігін күлкі етеді және айыптайды».
Қасқыр персонажы көптеген ертегілерде дөрекі, қатал адаммен, қоян – қорқақ, аю – қолапайсыз, түлкі – айлакер және сараң адаммен ұқсастырады. Мысалы, «Қаңбақ шал мен түлкі» қазақ ертегісіндегі шалдан күн сайын балығын тартып алатын және біреудің еңбегімен күн көретін түлкі айлакерлік пен сараңдықты сипаттайды. Аралар мен құмырсқалар (кейбір ертегілерде есектер мен түйелер) еңбекқор адамның прототипі және оқырман немесе тыңдаушының нақты өмірде еңбекке және еңбекшілерге құрметін тәрбиелеп, жалқаулық, ақымақтық пен көргенсіздікті мазақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет