Реферат Тақырыбы: «Түркістан»



бет4/9
Дата31.01.2022
өлшемі271 Kb.
#116599
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Түркістан» леги-оны. М.Шоқай соғыс жылдарындағы әрекеті. Адаман Мерей 1505-10 Реферат
1513606772 (2), 1513606772 (2), 1513606772 (2), 4
Үшінші кезең - жасалған ғылыми-практикалық талдауға сүйене отырып шешім қабылдауға қатысты болды.

1941 жылғы тамыздың аяғында Шығыс министрлігінің арнайы комиссиясы өз жұмысын бастады, ол түрік әскери тұтқындарын (Поволжье, Орта Азия, Кавказ халықтарының өкілдерін) басқалардан бөлді. Іріктелген әскери тұтқындар Польшаның, Прибалтиканың, Белоруссия мен Украинаның оккупацияланған жерлеріндегі арнайы лагерлерге орналастырылды. Әскери қалыптастыру бойынша алғашқы эксперименттердің бірі түрік мұсылман халықтарына жасалды, олар немістердің пікірі бойынша кеңестік билікке қарсы еді. ОКН (Oberkommando des Heeres - құрлықтағы әскерлердің Жоғарғы командованиесі) 1941 жылы 15 қарашада «Оңтүстік» армияның әрбір дивизия тобын «түркістандық және кавказдық» әскери тұтқындардан құруға бұйрық береді, олар кейінірек Запорожье түбіндегі 444-ші дивизияға, Түркістан полкіне біріктірілді. Полктың базасында 444-ші түрік батальоны құрылды. Полк қорғаушы қызметте пайдаланылды. Алайда, бұл полк та, сол кезеңде майор Андрас Майер-Мадердің қол астындағы 450-ші түркістан жаяу әскер батальоны мен Теодор Оберлендердің қол астындағы «Бергман» («Горец») батальоны да 1942 жылдың басында құрылған Шығыс легионы құрамына енген жоқ және олар жеке-жеке әрекет етті .

OKW (Oberkommando der Wehrmacht - Герман әскери күштерінің Жоғарғы командованиесі) Түркістан легионын түркімен, өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ және тәжіктерден, ал кавказ - магометан легионын әзірбайжан, дағыстан, үңгіш, лезгин және шешендерден құру туралы 1941 жылғы 22 желтоқсанда бұйрық берді (166).

Польша территориясында Легиондарды құру 1942 жылғы жаз-күз айларында аяқталды (167).

Осы кезеңде, дәлірек айтқанда 1942 жылдың қаңтар айында өзбек эмигранты Вели Каюмды Шығыс министрлігі Түркістан Ұлттық Комитетінің президенті етіп тағайындайды, және оны қалыптастыруға белсене кіріседі. Неміс зерттеушісі Патрик фон цур Мюленнің мәліметтері бойынша, Түркістан легионының қатарында 110-нан 180 мыңға дейін түркістандықтар болды (168). Бұл сан Түркістан Ұлттық Комитетінің құрамында әскери министр болған Баймырза Хаит көрсеткен 181 402 түркістандыққа жуықтайды (169).

1944 жылғы 1 қаңтарда легионға жаңа қызметтер енгізумен және кейбір бұрынғы қызметтерді жоюмен байланысты құрылымдық өзгерістер жасалды (170). Арбайтсгемайншафт Түркістан Интитуты (Arbeitsgemeinschaft Turkestan) құрылды, ол Түркістан Ұлттық Комитеті мен Түркістан легионын бақылаушы орган болды. Аталған институтты құрғанға дейін оның қызметін РСХА-дағы Ваннзеес институты мен рейхтің басқа ведомствалары атқарды. Осылайша, құрылымдық кешен қалыптасты, оған төмендегілер енгізілді:

- Арбайтсгемайншафт Түркістан институты, бұл пантюркизмнің формальды түрде ұсынылған саяси Орталығы болды және СС басшылығына қойылды (171);

- Түркістан Ұлттық Комитеті;

- вермахтқа формальды бағынатын Түркістан легионы;

Барлық үш құрылым да біртұтас бүтіндікті көрсетті.

«Арбайтсгемайншафт Түркістан - Түркістан Ұлттық Комитеті – Түркістан легионы» құрылымдық кешені барлық түркістан легионерлерінің қызметін тотальдық бақылаумен қамтамасыз ету үшін ойластырылды. Арбайтсгемайншафт Түркістан бақылаушы орган ретінде Түркістан Ұлттық Комитеті арқылы әрекет етті. Түркістан Ұлттық Комитетіне уақытша түркістан үкіметінің рөлі тапсырылды, ал Түркістан легионына – Түркістанның болашақ армиясының рөлі тапсырылды

Түркістан легионын құрылу жөнінде Мәскеудегі бұрынғы одақтық қорғаныс министірлігінің және бас штабының архивтерінде де ешқандай мағлұматтар кезікпеді. Мұстафа Шоқайдың түркістан легионын өз белсендігімен “ұйымдастырғаны” жөнінде неміс, ағылшын, американ құжаттары да табылған жоқ. Олай болса, М. Шоқай осы уақытқа дейін Түркістан легионының белсенді ретінде айтылған пікірі негізсіз, дәлелсіз. Ол туралы Әбдуақап қара, Стамбулдағы Милар Сенан университеттің докторы шоқайтанушы былай дейді.

“Шоқайдың түркістан легионына қатысы жоқ, ол тіпті оған қарсы болған адам түркістан легионы 1942 ж наурызда құрылған болатын. Мұстафа болса 1941 жылы 27 желтоқсанда дүние салған болатын. Тек оны легион жұмысына тартқысы келгендер болды. Оның дәлелі мынау. М. Шоқай қайтыс болар алдында тұтқын лагерін аралаған кезде, нацистік Алмания басшылығына түркістандық жастарды соғыс шептеріне жіберудің орнына, оқуға жіберілуі көбірек тиімді болатын. Мұстафа өзі соғысқа қарсы жан еді. Ол сонымен қатар Гитлерге де оның наистік партиясымен фашистік идиологияға да қарсы болған адам. Оны Мұстафаның соғыс қарсаңында “Прометей” журналында жарық көрген мақалаларынан оны байқауға болады. Ол тұтқын лагерлерін аралап жүрген кездің өзінде, егер нацистер кеңес одағын жеңіп, Орталық Азияны қолға түсіретін болса, он большевиктерден де әрмен талан – таражға салатынын біліп жүргені байқалады ” /5/.

Ол түркістан легионы жобасынан бас тартып Парижге қайтар алдында, Берлинде дүние салды. Қорыта айтқанда, М. Шоқай түркістан легионы жобамен келіспей, нацистерге көмек беруден бас тартқаны үшін құрбан болды. Алайда ең өкініштісі осының бәріне қарамастан, кеңестік үгіт – насихат құралдары, оның фашистермен істскен сатқын ретінде көрсетуге тырысып жала жабумен болды емес пе?

Ұлы түрік ғалымы Абдуақап Қараның мұндай қорытындыға неге келгенін сөз етсек, бұған негізгі арқау болған түркістан легионында қызмет атқарып, артынан толық ақталған белгілі ақын Хамза Абдуллиннің “Мұстафамен Мағжан -тұран елінің дарындылары ” еңбегінде Мұстафа Шоқайды Шығыс министірі Розенбергтің бұйрығымен Уәли Қаған у беріп өлтірді деген құпия тарады.

Легион байрағының үстіңгі жағы қызыл, асты жасыл түсті матадан жасалды, онда ақ түсті садақ пен оның жебесі, ал ту сабының төменгі жерінде жарты ай мен жұлдыз бейнеленді.

Ерікті құраманы азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз ету неміс әскерінің нормасына сай белгіленді. Мысалы, Польшада (легионның құрылған жері) әрбір он күнде ақшалай үлес рота командиріне - 72, взвод командирі мен оның көмекшісіне - 45, бөлімше командиріне - 42, оның көмекшісіне - 36, легионерге - 15 бзлотых еріліп тұрды.

Күнделікті алатын азық-түлік мөлшері мынандай: 400 гр. нан (соғыс жағдайында 600 гр), бір литр тары немесе ет (өте сирек) сорпасы, 20-35 гр. шұжық, 20-25 гр. сары май, 3 сигарет. Кейде 50-100 гр. коньяк, әрбір үш күн сайын 5 конфегг берілетін.

Легионерлер бір-бірімен өзара тек ана тілінде түсінісетін, ал орысша сөйлесуге тиым салынды. Бұйрық тек немісше айтылады.

Мұрағат құжаттары легионерлердің моральдық-саяси жағдайы аса жоғары бола қойған жоқ деп баяндайды. Олардың біраз бөлігі бас сауғалап, тірі қалу үшін келгендер, дегенмен шын сырын тіс жарып сыртқа жая қойды дейсіз бе? Солай болған да шығар. Алайда, "елім, туған жерім" деп, егіліп, не де болса алаш жұртын большсвиктік бұғаудан босатуға шын жүрегімен, бар ынта-ықыласымен кіріскслдер аз болған жоқ.

Легион командирлерінің, "ТҰК" басшылығының және діни қызметкерлердің қатысуымен өткізілетін салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі "Құран Кәрім" алдындағы екі қылыш айқастырылған күйдегі Түркістан байрағы астында берілетін. Оның мазмұны мынандай: "Герман әскеріне қызметке кірген мен қолымдағы қаруыммен қасық қаным қалғанша большевиктермен және Қызыл Армиямен күресемін. Егер бұл антты бұзсам, мен Алла және герман командоваииесі алдында жауап беремін". Бұдан соң ол қолын кеудесіне ұстап, даусын қаттырақ шығарып, үш рет "олла-білля" ("Алланың атымен ант етемін") деп қайталайтын. Міне, осыдан кейін легионерге тиісті киім-кешегі берілетін.

Мұрағат құжаттарына қайта үңілейік. Ерікті құрамалардың сандық құрылымы, олардың әскери құралдармен жарақтануы, легионерлердің жай-күйіне назараударып көрейік.

1942 жылдың аяғына таман "Түркістан легионы" құрамына әрқайсысы 1100-1200 адамнан тұратын 9 батальон және "Түркістанның жеке СС ротасы" (270 адам) кірді. Бұдан басқа "Тимур атындағы Түркістан батальоны", "СС-ың шығыс мұсылман дивизиясы", "СС полкы", "СС-тің д ла ротасы", қазақтың "Алаш" отряды, түркі тектес халықтардың бригадасы сияқты ірілі-ұсақты құрылымдар да болған көрінеді.

Әскери бөлімшелер қалай жарақтанды десек, батальондардың бір-бірінен айырмашылығы болмаған. Олардың әрқайсысы 3 атқыш, 1 қару-жарақ ротасы және штаб ротасы бар яғни әрқайсысы шамамен 170-190 адамнан тұратын 5 ротадан тұрды. Әрбір атқыш ротасында 4 атқыштар зводы, танкігс қарсы қарулы топ, сонымен бірге 3 елу метрлік миномет бол-ды. Ауыр кару-жарақ (пулемет-миномет), штаб роталарын сөз етсек, олар тиісінше былай жарақтанды: “Максим” жүйесіндегі 10-12 станкілік пулемет пен 4-82 миллиметрлік миномет; 45 миллиметрлік 3-4 зеңбірек, 50 миллиметрлік миномет, байланыс взводы және сапер взводы. Мұнымен қатар әрбір батальонға радиостанция, 2-3 жүк машинасы, ал кейбіреулеріне бронемашина берілді.

Міне, осылай жарақтанған еріктілер әскери қимыл-әрекетке қатыспады десек, шындықтан алшақтап кеткен болар едік. Бірақ совет әскерлерімен болған қиян-кескі күрестс "Түркістан легионы" керемет бір шешуші күш бола қойған жоқ, әрине. Қайта, керісінше, олардың пайдасынан зияны көп болғандай. Мысалы, NN1, 3, 4, 6, 8 батальондар ретін тауып, Қызыл Армия жағына шықты, кейбіреулері қару-жарағын тастап, соғыс алаңынан қашып кеткен. Донбасс аймағында болған N5 батальон қорғаныстың екінші шебін салуға пайдаланылды; траншея қазып, сым қоршаулар жасады, екі арадағы соғыста түгелдей қырылды. Ал Варшава түбіндегі N 9 батальон темір жол торабын күзетті, тікелей әскери операцияларға қатысқан жоқ.

Фактілер көрсетіп отырғанындай, легионерлердің көпшілігі жат жұртқа қызмет көрсетуге онша ынта-ықыласы бола қойған жоқ. Шамалы мүмкіндік болса Қызыл Армия жағына өтіп, елге қалай да қайтуды қарастырғандар аз емес.

1944 жылдың тамыз айында Батыс Украинада «Түркістан легионының" қолында қару-жарағы бар 100-ден астам әскери қызметші бөлімшені тастайды да өздерін партизанбыз деп жариялап, неміс әскерлеріне қарсы шығады.

Осыған орай бір шетел ғалымының пікіріне назар аудара кетудің реті келген сияқты. Француз тарихшысы, профессор Клод Дельпла былай дейді: "Менің деректерім бойынша, Түркістан легионы құрамында кемінде 6 батальон болған, оның екеуі бізге көбірек танымал, себебі, олар Францияда Тулуза қаласының шүбіне орналасқан еді. Легионшшарға немістер көп сене бермейтін. Олардың неміс армиясында тек қарын тоқтығын іздеп, жанын сақтап қалу үшін жүрген адамдар екеніне немістердің көзі толық жеткен еді.

... Арьеж төңірегіндегі түркістандыктардыц француз партизан бөлімшелеріне қосылғандары жөнінде мен әзірше нақты мысал келтіре алмаймын, бірақ Гаронна өзенінің жоғарғы жағындағы аймақта партизандарға өткен түркістандықтардың саны одан да көп. Бұл бізге белгілі оқиға.

... Әрине, қазіргі жағдайда түркістандықтардың Францияда болған кезеңдері жөнінде баға беру керек екендігі сөзсіз. Олардың арасында фашистермен ауыз жаласкандары да болды. Бірақ олар аз. Елу шақты адам (сатқындар) әскери кылмыскерлермен бірге әскери трибуналға тартылып, сазайын тартты. Алайда, түркістандыктардың басым көпшілггі неміс армиясына өмірлерін сақтап қалу үшін ғана барған адамдар. Көп нәрсені түсінбегендіктен, оларға әрбір тыныш өткен күн Алланың сыйындай еді. Соғыс біткен соң түркістандықтар кеңес солдаттарының қатарына қайта қосылды. Өйтксені, Францияға оларды еліне кайтару үшін совет миссиясы келген еді.

Біз болсақ түркістандыктардың мәселесін жаңа ғана біліп отырмыз. Байкасақ, олардың тағдыры алдын ала шешіліп койған сияқты. Тұжырымдап айтқанда, Түркістан легионшыларын не сатқын, не қаһарман деп айтуға келмейді, себебі, бұл майдан олардың соғысы емес болатын.

Әрине, бұл пікірге келісе қоймайтынлар да бар. Дегенмен француз ғалымының ой-өрімдеріңде кейбіреулерге ұнай қоймайтын шындықтың жоқ еместігін естен шығармағанымыз дұрыс емес пе?

Жауласқан екі ел арасында қашанда болсын барлау, қарсы барлау істері өрістей түсетіндігі мәлім. Өйтксні қандайд да мәселені тиянақты шешу үшін жан-жақты хабар-ошар керек. Соның бір көзі - барлау ісі. Мұның легионға да қатысы болды, әрине. Вали Каюмханның тікелей араласуымсн 1942 жылдың сәуір айында немістің "Цеппелин" барлау органы Легиною деген жерде "СС-тің Түркістан ротасы" деген атпен жамылған арнайы мектебін ұйымдастырды. Мұнда бір мезгілде неғұрлым сауатты және денсаулығы жақсы деген 200-ге дейін легионерлер оқиды. Осындай арнаулы оқу орыңдары басқа аймақтарда, атап айтқанда, Люкенвальд пен Освитц (Герман ия), Воломино (Польша), Теппель (Чехословакия) және Тавель (Қырым) сияқты жерлерде де қоныс тепті.

" Үлкен Түркістан" мемлекетің құрудың жоспары жасалған. Мұрағат құжаттарында көрсетілгеніндей, бұл ұлан-ғайыр елге болашақта КСРО-дан бөлінеді деп есептелген Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан,Түрікменстан, Қарақалпақстан, Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кавказ, Әзірбайжан мен Қырым аймағы, сонымсн бірге Синьцзян (Солтүстік Қытай) Ауганстан мен Иранның солтүстік өңірі кіругс тиіс болатын.

Сөйтіп, шығыс батальондары соғысқа қатысты деген аты болмаса көпшілігі неміс әскери басшылығының үмітін ақтай алмады. Сондықтан да 1943 жылдың он бойы олар партиззандармен күресте, темір жолды, елді мекендерді қорғауда, кеден қызметін атқаруда, сол сияқты тылдағы басқа жұмыстарда көбірек қолданылды. Оларды осылайша пайдаланудың ауқымы тіпті молайып кетті.

Мысалы, 1943 жылдың көктем-жазында партизан қозғалысына қарсы жұмсалады деген ниетпен Украинаға бірнеше әзірбайжан, еділ татарлары, грузин және түркістан батальондары жіберілді. 1943 жылдың орта кезінде Львов аймағына шоғырланған шығыс легиондарының саны 31 мыңға жетті. Бірақ тәртіптің нашарлауы, соғысты жүргізуге ешқандай ынта-ықыластың көрсетілмеуі, легионерлердің партизандар жағына өтіп кетуінің жиілеуі, "жау насихатының" күшейе түсуі неміс басшыларын "сенімсіз" деген бөлімшелерді бұл жерден қуып, орнына басқаларды әкелугс мәжбүр етті. Алайда, жаңадан келгендер дс осындай "әдіске" көшті. Сондықтан да шығыс легиондары Украинадан біртіндеп түгелдей кетірілді.

1943 жылдың аяғында неміс саясаткерлері мен неміс әскерилерінің легион құру жөніндегі бұрынғы қуанышы түсінбеушілікке, тіпті түңілген жағдайға айналды. Мынандай сұрақ тікесінен қойылды: өздеріне жүктелген міндетті қызметін орындай алмаған құрылымдармен алдағы уақытта не істеу керек? Қызыл Армияның жеңісті шабуылы Шығыс легиондарының "әскери қабілетіне" едәуір әсер етгі, ал мұның өзі неміс басшылығын осы әскери және идеологиялық "қауіптен" шығыс легиондарын алыстату идеясына итермеледі. Ақырында жалтақ, бейтарап шешім өмірге келді легиондар Шығыста ештеңе бітіре алмады екен, олай болса оларды қашықтау жерге Атлантика толқыны деп аталған аймақты қорғауға - батыс соғыс театрына жіберу ұйғарылды. Сонда "большевиктермен күрес", "отанды азат ету" идеясы Шығыста жүзеге асырылмай, легионерлер үшін тек құрғақ қиял болғанда, сонау Батыста мұндай мақсат-міндет олардың "үш ұйықтаса түсіне ене қомайтындығын" осындаи ой-пікірдің авторлары түсініп-білді ме екен? Батыс майданда олар не үшін қан төгуі керек?

1943 жылдың 29 қыркүйегінде Гитлер барлық шығыстық еріктілерді Шығыстан Батысқа ауыстыру жөнінде жарлық шығарды. Бұл Шығыс легиондарды Польша территориясынан Францияға жіберіп, оны "Батыс" армия тобы қолбасшысының қарамағына аттандыру туралы герман бас шта-бының 1943 жылдың 2 қазанындағы бұйрығында көрініс тапты. Шығыс легиондарының басшылығы қараша айының соңында оңтүстікке, Мийо қаласына жетті, ал барлық алты легион (яғни олардың командирлері және негізгі лагерлер), офицерлер мектсбі және аудармашылар мектебі -бәрі 21 қарашадан бастап осында болатын.

Легионсрлерді тасымалдау өте асығыс қолға алынды. 1943 жылғы қарашаның бірінші жартысында қоныс аудару негізінен аяқталды: 1944жылдың 1 наурызына дейінгі ресми деректер бойынша "Батыс" армия тобының қарамағына 61439 шетелдік және шығыс еріктілері кірген.

Батыс Европаның әртүрлі елдері мен аудандарында айқасқан шығыс батальондары Атлантикалық толқынды қорғауға ғана емес, Шығыстағыдай партизаидармен де күресуі тиіс еді.

Франциядағы Шығыс легиондары бұрын Украинада көрсеткен іс-әрекетін тағы да байқатты: біреуін неміс басшылығы "тамаша, әскери қабілеті күшті құрамалар" (Шербурді одақтастар әскерінен қорғаудағы 795-ші грузин батальоны) деп атап етсе, екіншісі сснғысуға құлық көрсетнеді, партизандарға етті (мысалы, 797-ші грузин батальоны мүлде күйреді, Брест түбіндегі ұрыста 800-ші солтүстік кавказдық батальоннан 203 адам қашып кетті). Х.В. Нойленнің дерегі бойынша тек Францияның өзінде одақтастар әскері 30000-дай шығыс еріктілерін тұтқынға алған. 1945 жылдың 6 сәуірінде қолындағы қару-жарағымен одақтастар жағына шығамыз деп немістерге қарсы шыққан голландия жеріндегі Тексель аралыңдағы 822-ші грузин багальонының көтерілісі - елеулі оқиға. Осы ереуіл кезінде 565 грузин, 117 голландық азамат, 800-ге жуық неміс қаза тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет